admin

ТАҒАННЫҢ КӨЗІМЕН ҚОҒАМҒА, ҚОҒАМНЫҢ КӨЗІМЕН ТАҒАНҒА ҚАРАҒЫМ КЕЛЕДІ

Бақыт ТУШАЕВ,
Ғ.Мүсірепов
атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының актері, «Серпер» сыйлығының иегері:

– Өнер академиясы сияқты үлкен

шығармашылық ордасына оқуға түсу оңай емес. Өнер жолына кімнің ықпалымен келдіңіз?

– Мен Алматы облысы, бұрынғы Шелек, қазіргі Еңбекшіқазақ ауданы, Жаңа шаруа ауылында дүниеге келгенмін. Біздің балалық шақ – Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы елең-алаң кезеңге тура келді. Бұрынғы экономика тұралап, нарық енген жылдар. Ауылда жарық бірде бар, бірде жоқ. Елде жұмыссыздық белең алып, қиыншылық көбейген шақ. Бірде тоқ, бірде аш ауыл жұртының мәдени өмірі де жұтаң: бұрынғы клуб жабылып, мәдениет үйірмелері тарап, кино көрудің өзі арманға айналған. Жарық берілген үш-төрт сағатта теледидардан көретіндері «Тамаша» әзіл- сықақ театры. Соны халық медет тұтып, күні бойы әңгіме етеді. Мектепте мұғалімдерде бор жоқ, өздері сатып алады да, сол борын шыттарына орап, басқалар сұрамасын деп тығып жүреді. Бір күні мектепке жаңа келген жас мұғалімдер мен өнерге жақын оқушылар бірігіп, ақылдаса келіп «Ауыл тамашасы» атты топ құрдық. Ол кезде менің 7-8 сыныпта оқитын кезім. Сол топта белсенді болып, шағын рөлдерді ойнайтынмын. Мектепте қойған әзіл-сықақ кешімізге жұрт ағылып келетін болды. Көрерменіміз мол, сұранысымыз көп болған соң қойылымдарымызды ақылы етейік деп шештік. «Ауылымыздың талантты жастарынан құралған «Ауыл тамашасы» атты әзіл-сықақ театрының кешкі концертіне келіңіздер!» деп ауылдың ыңғайлы жерлеріне «афишалар» жапсырып, жарнама жасадық. Бағасы – 10 теңге. Ел көп келді. Ол кезде көпшілік жұрттың орташа айлығы 1000 теңгедей болатын. Біздің табысымыз 2-3 мыңды құрады. Алғашқы табысымызға Шелектің базарына барып, бор сатып алып, мұғалімдерге тараттық. Ұстаздарымыз мәз. Содан не керек, жақын ауылдарға «гастрольдерге» шыға бастадық. Шағын залдар көрермендерге толды. Ауылдағылар:

«Сен нағыз әртіссің, әртістікке тапсырып, Құдайберген Сұлтанбаевтай актер бол!» деп бата-тілек айтатын. Актер кім десе, біз үшін «Тамашадағылар» ғана болып елестейтін. Мектептің атынан аудандық, облыстық байқауларға қатысып, жүлделі орындар алдым.

– Сол күндерді сағынасыз ба?

– Ақын-жазушылар шығармаларында қызықты да бақытты балалық шағын жиі айтады. Шыны керек, мен балалық шағымды соншалықты сағынған емеспін. Сол күндер қайтып келмесе екен деймін. Шелек өңірі түгелдей темекі егетін. Жаз бойы атыз басында, темекінің маңында уақытымыз өтетін. Темекі екпеген отбасының жағдайы мүшкіл болатын. Өйткені ол негізгі табыс көзі болатын. Біз сонда каникул болмаса екен, мектеп демалмаса екен деп тілеуші едік. Ондай балалықты қалай сағынасың?!

– Мектеп бітіргеннен кейін бірден оқуға түсіп кеттіңіз бе?

– Менің Өнер академиясына түсуім ұзаққа созылды. Мектеп бітірген жылы қалаға келіп, оқуға тапсыруға отбасылық жағдайымыз жар бермеді. Қаражат болмады. Екінші жылы «бойың толмайды» деп қабылдамады. Үшінші жылы қатты ауырып, өнер түгілі жан қайғы болды. Ұзақ сырқаттан әрең айығып, аман қалдым. Тек төртінші жыл дегенде Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының «Эстрада миниатюра театрының» актері мамандығына оқуға түстім. Алғашқы ұстазымыз Жанат Ысқақовтың тобына қабылдандым. Бізді Жанат ағайымыз пен атақты Лидия Кәденова екеуі таңдап алды. Лидия апайымызды бір көру арманымыз еді ғой… Жанат ағамыз өмірден ерте өтті де, екінші курстан бастап Құдайберген Сұлтанбаев ағамыз қарамағына алды. Сол кісінің тобынан түлеп ұштық.

«Тамашаның тарланы –Құдайберген ағаларыңдай бол» деп тілек айтқан ауылдастарымның айтқаны келді.

– Сіздердің буын ерте танылды.

Бір топ группалас қыз-жігіттер театрға топтарыңызбен келдіңіздер.

Алдарыңыздағы бірнеше буынға қарағанда осы толқынның тегеуріні қатты болды. Мұның сыры неде деп ойлайсыз?

– Шындығында, бұл шақ еліміз экономикасын тіктеп, руханиятқа көңіл бөліне бастаған кез еді. Кино саласы қайта жанданып, театрлар қайта түлей бастаған уақыттарда өнер адамдары да сұранысқа ие бола бастады. Алдыңғы буынға қарағанда біздің жас буын телеарна бағдарламаларына, киноға түсуге жиі шақырту ала бастады. Мәдени өмірде сілкініс болды. Тобымызбен театрға кіруіміздің де театрға, өнерге көңіл бөлу басталған кезбен сәйкес келді. Әрине, тәлім алған ұстаздарымыздың берген білімі, төккен тері де бізге пайдасын тигізбей қойған жоқ.

– Театр актерлерінің құрамына ену бар да, сол ортадан ойып орын алу бар. Бұл ретте Бақыт Тушаевтың жолы болған секілді: негізгі рөлдерге тез ие болған

актерлердің бірісіз. Алғашқы рөліңіз қандай болды? Сол кездерді жиі еске аласыз ба?

– Біздің театрдың бір артықшылығы – балалар және жасөспірімдер театры болғандықтан, рөл алу, театрға тез бейімделу жағында

мүмкіндік мол. Күндіз балаларға арналған қойылымда ойнасақ, кешке ересектерге арналған спектакльдерде өнер көрсетеміз. Басқа театрлар 10 жылдап күтетін бейнелерді біз бірер жылда сомдауымыз мүмкін. Ең алғаш театрға келе салып, көп күтпей «Тазша бала» қойылымындағы Тазша бала образына ие болдым. Бұл маған берілген үлкен мүмкіндік еді. Жанымды салып ойнадым. Көрермен де, театр актерлері де жылы пікірін жиі айтатын. Көп өтпей Тахауи Ақтановтың «Күшік күйеу» қойылымындағы Бекболатты ойнадым. Бұл театрға жаңа келген жастардың бәріне бұйырмайтын

бақ еді. Осы күнге дейін қаншама рөлдерді сомдадым. Театрда үлкен-кіші деген рөл жоқ. Шағын эпизодтағы кейіпкердің кейде бас кейіпкерден артық әсері болса, ол актердің шеберлігі. Мен қай рөлді алсам да, жеріне жеткізе ойнауға тырысамын. Десе де, алғашқы рөлдерім – Тазша бала мен «Күшік күйеудегі» Бекболат бейнесі маған ыстық.

Осы күні Бекболатты жас актерлер сомдайды. Солардың ойынына қарап отырып, үш-төрт ай репетиция кезіндегі осы спектакльдің барлық қалтарыс-бұлтарысын еске аламын. Ондағы әр қимыл, әр өзгеріс маған таныс. Жастар буыны біз көрсеткен жол бойынша келе жатыр. Олардың Бекболаты біздікінен көп өзгешелігі жоқ Бекболат.

Бір қуанатыным, араға біраз жылдар салып барып, жақында ғана 5 мамыр күні осы рөлімді сахна төріне өзім қайта алып шықтым. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Тарлан» сыйлығының иегері, режиссер Жанат Хаджиев сахналаған спектакльдер апталығының соңғы күнінде

«Күшік күйеу» комедиясын көрермен назарына ұсындық.

Бұл рөлді өзім де сағынып қалыппын. Өзгеше шабытпен ойнап шықтым.

– Көп актерлер Гамлетті немесе Абайды ойнағысы келеді. Сол рөлдер бұйырмады деп өкінгендері де бар. Сізде «осы рөлді сомдасам-ау» дейтін ішкі арман бар ма?

– Гамлет рөлі бұйырмады деп қаншама актерлер өмірден баз кешкені тарихи деректерде өте көп. Абай бола алмағаны үшін қайғы шегіп, уайымы ішіне түсіп кеткен актерлер де бар… Мен өз өмірін белгілі бір образдар үшін өксітетіндер санатынан емеспін. Театрда өзіңе қандай рөл бұйырса да барыңды салып ойнау міндетің. Саған бұйырған әрбір рөл – сенің бақытың.

Оны бағалай білуің керек.

Мен белгілі режиссер Жанат Хаджив сахналаған қойылымдардың 70-80 пайызында негізгі рөлдерді сомдадым. Есімнен кетпейтін, өзіме етене жақын

«Қозы-Көрпеш – Баян сұлудағы» Жантық рөлі. Негізі, мен екі құрамда да болғам жоқ. Бірақ репитициядан қалмай, көрермен болып отырдым. Екі құрамның да ойынын көріп, Жантықтың орнына өзімді қойып, солармен бірге қиялымда сол рөлді сомдап жүрдім. Ақыры, режиссер мені үшінші Жантық етіп бекітті. Екі құрамдағы актерлер жоқ бола қалса, мен шығамын. Сөйтіп

жүріп Жантықпен бірге өзім де бір биікке көтерілдім. Бұл – өте күрделі образ. Жантық – ерте заманның емес, бүгіннің де кейіпкері.

Егер менде мүмкіндік болса, онда «Атау – кередегі» Тағанның рөлін сомдар едім. Таған

– біздің болмысымыз. Ол – қатал қоғамның кесірінен жолы болмаған, дәрменсіздік дертінен жапа шеккен, өзінің білетінін іске жаратуға мүмкіндік таппаған, бөгде мінезді жат ұрпақтың тепкісіне ұшыраған қаншама тағдырдың, керек болса, түркі тілдес талай халықтардың тағдырын айшықтайтын образ. Мұндай күрделі бейнені ашу үшін мықты режиссермен қатар, Тағанды жанымен түсінетін актер керек. Өз басым Оралхан Бөкеевті қазақ әдебиетінің теңдессіз классигі деп білемін. Мүмкін, алдағы уақытта өзім қаржысын шығарсам да,

«Атаукере» қойылымын қайта сахналатып, осы рөлді сомдармын. Қазір жасым да сол Тағанмен қарайлас. Уақыт күтпейді. Бар арманым – Тағанның көзімен қоғамға, қоғамның көзімен Тағанға қарап көру. Содан кейін психологиялық образдарды сомдағым келіп жүр. Өз жандүниемізді ашатын, адам болмысын тереңнен түсіндіретін образдарды сомдағым келеді.

– Арман, мақсаттарыңыздың тезірек орындалуына тілектеспіз.

Сізден сұрағым келіп отырғаны:

қазақ театрының қойылымдарында неге жаңалық аз, өзге ұлт театрлары қоятын эксперименттік қойылымдар неге бізде жоқ? Қырғызстанның «Меккеге қарай ұзақ жолын» мысалға алайық. Оларда сондай қойылымдар баршылық. Бізде театр репертуары тарихи дүниелермен толып тұр, көбінде ескі сарын, драматургиялық та, режиссерлік те ізденіс білінбейді.

– Әрине, бұл көптен бері қойылып жүрген, бізді де толғандыратын сұрақ. Бізді эксперименттік қойылымдар болса да, көрермен көрмей ме деп қорқамын. Бірер қойылым болды да, бірақ көрермені өте аз болды. Біздің көрермен терең дүниелерге бас қатырғысы келмейді, жеңіл, түсінікті дүниелерді ғана көргісі келеді. Олар

ондай күрделі, өзіне беймәлім қойылымға келгенше, «Алдараспан», «Базар жоқ» секілді арзан қойылымдарға әуес. Олардан ақшасын аямайды. Абай – түсінікті әлем бе, елдің бәрі түсінбейді екен деп, Абайдан қашамыз ба?

Өссек – Абаймен өсеміз. Сол секілді көрермен талғамын өсіретін дүниелерге көп көңіл бөлсек деймін. Көрермендер батыс елдері секілді театр мәдениетін толық түсінгенде ғана, біздің театрлар жаңа сатыға көтеріледі.

Екіншіден, театрға да ізденіс керек.

Қаржыландырып отырған мемлекет болған соң, жоғарының тапсырмасы, шеңбері де бар. Одан ұзап шыға алмаймыз. Бірақ мұның бәрі ақталу. Қалайда екі жақтың ортасынан шығар жол іздеу керек. Театр басшылығы қызметінде жүргендер кем дегенде жылына бір эксперименттік, абсурдтық жаңа қойылым қоюына мүмкіндіктері бар ғой деп ойлаймын. Ақталу – қашан да ең оңай тәсіл.

«Арт и шок» театры шағын залда тамаша дүниелер жасап жатыр. Біздің дәстүрлі классикалық театрларға да сондай ізденіс өрісі керек деген пікірмен келісемін.

– Театр мәдениетін қалай көтеруге болады?

– Германияның Штутгарт қаласындағы театрдың кіреберіс залының екі шетінде қолшатырлар толып тұрады. Қойылым аяқталған соң далада жаңбыр жауып

тұрса, көрермендер кез келген қолшатырды алады да, үйлеріне кете береді. Бірақ келер жолы міндетті түрде қолшатырды ала келеді. Міне, театрға құрмет. Бұл – адамның өзін сыйлауы.

Мен театр басшыларына бір ұсыныс айттым. Ол да Еуропа елдерінде бар тәсіл. Мысалы, соғыс туралы қойылым болды делік, бізде көрерменді қазақша

киінген қыздар күтіп алады. Үнемі солай. Өзгермейді. Неге сол қыздар әскери киім киіп, кіреберісте соғыс жылдарында әндер қойылып, керек болса залға сол шақты еске түсіретін суреттер ілініп, қару-жарақтар тізіліп тұрмайды. Бұл – көрерменді алдын ала қойылымға психологиялық дайындау ғой. Осылай жасауға ешкім кедергі болмас деймін. Театр – тірі организм. Ол толысып, заманға сай өзгеріп тұруы тиіс.

– Соңғы кездері телесериалдарға, киноларға жиі түсіп жүрсіз. Театр актері кинода ойнаса, театр сахнасында жүргендей болады деген сынды жиі естиміз. Бұған келісесіз бе?

– Жылына оншақты киноға түсуге шақырады. Соның екі-үшеуіне ғана түсемін. Біріншіден, киносценарийлеріне қараймын. Екіншіден, көбінің төлейтін «гонорары» мардымсыз. Көшеде жүрген әуесқойлармен бірдей ақша төлегісі келеді. Бұл – әділетсіздік. Кәсіби актерлер – киноның жаны. Соны түсіну көп режиссердің қолынан келмейді. Қазір әуесқой, әнші, әзілкештердің көбі режиссер болып кетті ғой… Олар актерлерге театрдағыдай ойнамаңдар деп жатады. Мен оларға: «Неге ойнамаңдар дейсің. Қайта ойнаңдар демейсің бе? Сонда барып олар өзін табады. Еркін ойнауға мүмкіндік бер» деймін. Дәл бүгінгі уақыт – әуесқой актерлер мен режиссерлердің уақыты болып тұр. Олар ақша үшін ойына келгенін істеп жатыр. Мұның басы бәсекелестік тудырады, өнер дамиды дегенге саяр, бірақ соңы немен тынады? Талғам-таразы қайда?.. Оны ойлайтын адам бар ма бізде?

– Әлеуметтік желіде өте белсендісіз. Кейбір өткір мәселелерге пікіріңізді ашық айтып тұрасыз…

Бұл өнер жолыңызда кедергі келтірмей ме?

– Біз осы қоғамның бір бөлшегіміз. Бізді құртса, немқұрайдылық құртады. Қоғамдағы кез келген келеңсіздікке бізде жауапкерміз. Мені біздің халықтың жауапкершіліктен қашатыны алаңдатады. Егер бәрі өз міндетін ойдағыдай орындаса, бізде халық бақытты, әділетсіздік аз болар еді. Мен әділетсіздікке төзбеймін. Бала кезімнен солай алыптасқам. Көре тұра көрмегенсіп, біле тұра білмегенсіп отыру – жат. Мұндай адамдарды қылмыскер санаймын.

– Ой бөлісіп, сұқбаттасқаныңызға рахмет! Шығармашылығыңыз өрлей берсін!


Сұхбаттасқан:
Бақтияр ҚАБАСОВ

Мәді күйлері – дала үні

Дәулескер күйші Мәді Шәутиевтің көзін көрген, төгілте шерткен ежелгі күй аңыздары мен қисса-дастандарды таспаға түсіріп алған, 1980 жылдары «Домбыра үйренейік» атты бағдарламада Мәді есімін көпшілікке паш етіп, дүйім жұрттың алдында көне күйді насихаттаған Әбділхамит Райымбергеновпен әңгіме күй мен күйші, дала үні мен домбыра күйі жайлы өрбитіні айдан анық еді. Ә.Райымбергеновты әдеттегідей «Көкіл» мектебінен таптық…

– Қазақтың дәулескер күйшісі Қазанғап шығармашы­лығын жан-жақты зерттеп, көптеген еңбектер жаздыңыз. Сіздің орындауыңызда Қазанғап күйлері Қазақ теледидары мен радиосының қорына жазылып алынғаны белгілі. Күйші Мәдінің де бірталай шығармашылығы сіздің түсіруіңізбен тас­па­ланғаны белгілі. Мәді Шәутиев туралы бұрыннан хаба­рыңыз бар ма еді?
– 1983 жылы, Құрманғазы атындағы Консерваторияны тә­мамдап, жас маман ретінде, фольклор экспедициясы құрамында Жамбыл облысын араладым. Кез келген жаққа шығардың алдында ол жақта қандай өнерпаздар бар, қай өңірді аралаймын деп, жобалап маршрут сызасың ғой. Мен де солай із салып, жол жасадым. Кімдердің бар екенін сұрастырдым, кімдерден күй, кімдерден ән жазып алуға болатынын зерттедім. Қазір Тараз деп атап жүрміз ғой, сол шаһардың дәл өзінде тұратын Тұраш Абуов дейтін ағамызды кездестіргенім үлкен олжа болды. Жақсылық Сәдібеков дейтін ақын бар екен. Мен келді дегенді естіп, телефон арқылы тауып алып, Тұраш ағамыздың үйіне алып барды. Тұраш ағамыз – отставкадағы полковник, Ұлы Отан соғысын бастан өткізген, Мәншүк, Әлия, Рамазан Елебаевтарды көрген, Әзілхан Нұршайықовпен бірге от кешкен. Өнерден құралақан емес. Домбыра тартады екен. Өзінің шығарған күйлері де бар. «Осы күйлерім қалай екен» деп, тартып берді. Сол сапарымда Тұраш ағамыздың күйлерін нотаға түсірдім. «Арнау», «Қазақстан комсомолы» деген күйлерін тартты. «Ұлы Отан соғысында Қазақстан жастарының танкі бригадасы қырылып қалды, соған бір жоқтауым» деп жүрек сыздатар күйін тартты. Сол күйдің бір ұшығын, ара-тұра құлағым шалып қалады. Оранжировка жасап қойған, ұшақтарда музыкалық фон ретінде беріп жатқанын да естіп қалдым…
Осылайша, ән мен күйді таңдап, талғап таспаға түсіру қызметін бастау үшін ел аралап кеттік. Аудан-аудандарға шық­тық. Өнерге деген қызығушылығымыз бір орында байыз тапқызбайды. Қай жерде, қандай домбырашы, күй­ші бар деп елеңдеп тұрамыз. Байқадам жақта керемет өнер­паздар бар дегенді естідік. Ол жақта Қабыл және Дабыл Ажықаев деген ағайынды күйшілер бар екен. Негізгі мамандықтары басқа, біреуі – бухгалтер, екіншісі – халық бақылауында істейді. Олар туралы «Күй қайнары» деген бағдарлама жазып, күйлерін нотаға түсірдім.
Ал Мәді ақсақал туралы жоба-маршрутымды сызғанда ес­тіген болатынмын. Мәді дейтін зағип өнерпаз бар, елден-елге бір кішкене бала жетектеп жүреді, күй тартады, ән айтады деген әңгімелерді құлағым шалған. Бірақ бұрын-соңды көрген емеспін. Таразға келе сала, Мәді күйші жайлы сұрастырдым. «Бар, жүретін» еді дейді көпшілігі. Содан не керек, облыстық Мәдениет бөліміне қолқа салдым. «Соқыр шалды қайтесің, жазсаң, мыналарды жаз» деп, екі жігітті әкелді. Олар маған екі дауысты ән айтып тұр. Облыстағы шенді-шекпенділерден сұрастырып, діттеген адамына жете алмайтынымды түсіндім.
«Байқадамның ар жағында Коммунар дейтін совхоз бар, күйші сол жақта тұрады екен» деген хабар жетегімен сол жаққа тарттым. Ол уақытта жеке көлік жоқ. «Сатурн» деген күй жазатын құрылғымыз зілдей ауыр. Одан бө­лек, үлкен-үлкен кассеталар бар. Ол кассеталар көпке жет­пейді, сондықтан, бір дорбасын арқалап аласың. Арты­нып-тартынып «Коммунар» жаққа жолға шықтық. Бал­табай Дәуірбаев дейтін жігіт бар екен. Өнерге адал. Аспап жасайды. Әртүрлі кеселерді қойып, бекітіп, клавиш жасап, ұрған кезде неше түрлі үн шығарады. Өте өнерпаз жігіт. Соның үйіне түстік. Мәді ақсақалды сұрадым. Тауып алып келді. Бұл, 1983 жылдары, ақсақал шамамен сексенге жақын­дап қалған кезі екен.
Мәді күйші үйге кіріп келгенде қайран қалдым. Сырттан бас­қа дәуір кіріп келгендей. Не болмаса біз өткен ғасырға өтіп кеткендейміз. Атамыздың басында – түлкі тымақ. Үстін­де – шекпен. Шекпен болғанда да, сырып тігілген, ға­жап. Аяғында – мәсі. Кітаптарда жазатындай, киіз қапқа сал­ған домбырасын бір иығына, тағы да киіз қапқа салған гар­монын келесі иығына асып алған. Бір бала қолынан же­тектеп әкелді. Ақсақал асықпай жайғасып отырып, бізді өткен ғасырдың қойнауына жетелеп әкете жөнелді…
Балтабайдың үйіне отырып, Мәді күйшінің шығарма­ларын магнитофонға түсірдік. Бұрын-соңды көп орындала бермейтін, аңыз күйлер деген болады. Ақсақал сондай аңыз күйлердің оншақтысын тартып берді. Көне аңыздарды айтып отырып, іле күйін тартып әкетіп, жалғастырып аңы­зын айтып отырды. Еш жерде жазылмаған, естімеген «Ақсақ қыз», «Бозайғыр», т.б. күйлерді шертіп отырып, «Мынау – аттың кісінегені» дейді де, аттың кісінегенін шертеді, «Мынау – шауып келе жатқаны» дейді де, аттың шауып келе жатқан дыбысын орындайды, «Мынау – көк өгіздің мөңіреп тұрғаны» дейді де, домбыра көк өгіз болып мөңірей жө­неледі, «Мынау – айдалада қалып қойып, кемпірдің жы­лағаны» деп, кемпір болып жылайды…
– Ол кездің домбыралары да басқашалау шығар?
– Әрине. Домбырасы – қолдан шабылған. Қақпағын – шегемен жапқан, көне домбыра. Пернелерінің өзі жылжып отырады. Тура ХІХ ғасыр ақсақалдарындай, күйі де, сыйы да бөлек. Әңгімесі де ерекше. Сүгірді көргенін айтты. «Сүгірден естіп қалған күйім» деп сазы ерек күй тартты. Қызып алғаннан кейін сырнайын алып, арасында өлеңдер шығарып қояды екен, соны орындап берді. Одан кейін ескі қисса-дастандарға көшті. Кәдімгі «бір актердің театры», бір өзі бір театр, бір өзі бір әлем.
«Домбыра үйренейік» деген бағдарламам бар еді, Алматыға келе сала, сол хабарда Мәді туралы айтып, көрсетіп, бір бала жетектеп жүрген, өнерді кие тұтқан, зағип болғанымен көкірегі ояу, жүрек көзі ашық осындай ғажап адамның өз арамызда жүргенін көпшілікке жеткіздім.
Бағдарлама шыққан соң, сол жақта басшылық қызмет атқаратын бір тұлға Мәді атамызға колхоздың атынан үй салып, күйшіні сол үйге кіргізіп, қасына шәйін қойып беретін адамдарды белгілеп беріп, қамқорлық көрсеткені бар. Жақсылық жасаған адамға сол жақсылық қайта айналып келеді емес пе, қамқорлық көрсеткен ағамызға да жақсылықтар үйіліп-төгіліп, қызметтік лауазымы да жоғарылағанын да естідік.
– Мәді Шәутиевті көрген 1983 жылдардан бері көп заман ауысты. Ол кісінің көзін көргендер де сиреп қалған болар?
– Дұрыс айтасың. 1983 жылдардан бері уақыт қана емес, тұтас қоғам алмасты. Ол кезде біздер жаспыз. Жас маманбыз. Айналамызда, әсіресе елге шыққанда, көненің күйін қозғайтын ақсақалдарымыз көп еді. Олардың барлығы сол қалпында жүре беретін сияқты болып көрінетін. Мәді, Қабыл мен Дабыл, Сиқымбай дейтін ақса­қалды іздеп бардық. Халықтық аспаптарды жасай алатын шеберлерді көрдік. Қолын алдық, сөзін тыңдадық. Жамбыл облысына шеккен бір ғана сапар барысында көптеген әнші-күйшілермен таныстық, шығармаларын жазып алдық. Сол үлкендердің көзін көрген, әні мен күйін тыңдаған, әңгі­месін естігендердің өзі қазір сиреп барады. Олардың да естеліктерін жазып, хаттап, құжаттайтындар табылса, болашақ үшін сауап іс жасаған болар еді.
– Мәді Шәутиевтің өзі тартқан күйлері қай мектепке жатады деп есептейсіз?
– Қаратау өңірінде үлкен мектеп бар. Қаратау өңірінің шерт­пе күй мектебі деп аталады. Бәлкім, Жетісу мектебі десе де болар. Жалпы, ол кезде күйшілер шекараға бөлін­бейді, руымен айтатын. Тамалардың, қоңыраттың, үйсіннің күйшісі дейтін. Сондықтан, ол уақыттың күйшілерін, байырғы адамдар айтқан атымен де атай берген дұрыс шығар деген ойдамын.
– Мәді Шәутиевтің күйшілік ерекшелігі неде?
– Мәді ақсақалдың әсіресе көне күйлерді тартуы мен үшін үлкен жаңалық болды. Бұндай қалпында, күйлерді аңызымен, әңгімесімен айта және шерте алу – үлкен өнер.
– Мәді күйшінің пернелерді жылжытып күй шертетіні жайлы айттыңыз. Пернелерді ауыстырып күй шерту әр күйшілік мектептің өз сарыны ерекшелігін білдіре ме?               Жалпы, музыка тілінде жарты тон деген болады. Ал, ауыстырған пернелер жарты тонның тағы жартысын береді. Қазір домбыраны он тоғыз пернеге алып бардық. Пер­не­нің барлығын байлап тастадық, ол енді өзгермейді. Қай мектептің де күйін бір домбырамен тарта беруге мүмкіндік бар. Ол кезде олай емес, кейбір күйлерді жеті, кейбірін тоғыз пернемен, енді келесілерін он үш пернемен тартты. Сейтек перне, сарыарқа перне, қашаған перне деген бар. Оны жас­тардың көбі біле бермейді. Ол кездегі домбыраларда әр перне бөлек байлаулы болады. Сол байлауын шешіп, жыл­жытып отыратын.
Дәулескер күйші туралы: «Күйші пышақпен пернені ті­ліп жіберіп, бар перне сөгіліп түскен кезде пернесіз күй тө­гілтті» десіп жатады. Бұл – күйшінің мықтылығын көр­сетеді. Мәді күйші де пернелерді солай сөгіп жіберіп, жыл­жытып тастап төгілтіп шертетін.
Көне күйлердің көпшілігі теріс бұраумен тартылады. Күй­дің формасының әлі дамымағандығының, яғни көне­лігінің белгісі. Онда диапазон, бәрі шектеулі. Көне күйлер­дің барлығын Мәді Шәутиев теріс бұраумен тартты. «Ерке атанды» да, «Бозайғырды» да, «Жауқарғаны» да барлығын да теріс бұраумен төгілтті. Әңгімесін айтып отырады да, ара­сында тоқтап, «Міне, атпен шауып келеді», «міне ат кісінеп жатыр», «міне, қалай күн көреміз деп, қызы жылап жатыр» деп, әр оқиғаны айта отырып, күйін төгілтеді.
Жалпы, аңыз күйлер неліктен фольклортанушылардың назарынан тыс қалды деп ойлайсыз?
– Себебі, аңыз күйлері сахналарға лайықты емес де­ген көзқарас бар. Кез келген шығарма музыкалық фор­­­ма­да болу керек. Өзі шағын ғана күйлерді сахнада қа­лай ойнайсың? Көне күйлердің көбі эпизодтық түрде орындалады. Сондықтан олардың көбі жазылмады, фольклортанушылардың назарынан тысқары қалып кетті. Олардың көбі таптырмайтын құнды деректер еді. Кешегі қобыз күйлерімен, бақсы сарындарымен үндесіп жататын…
– Мәді Шәутиев шығармашылығын арнайы зерттеген мамандар бар ма?
Жалпы, менің негізгі зерттеу нысанам – Қазанғап күйші ғой. Сондықтан, көбіне батыс өңірін араладым. Үсіртке, Түркіменстанға, Қарақалпақ жаққа шығып кетіп, сол жақтың ақсақалдарымен көбірек әңгімелестім. Жетісуды да солай егжей-тегжей зерттеген мамандар бар. Ербол Сенбаев дейтін шәкіртіміз Жетісу күйшілік мектебі туралы диссертация жазды. Мәді күйшіге арнайы барып жолығып, қасында қона жатып әңгімесін тыңдады, күйін жазып алды. Уәли Бекенов ағамыз да Мәді күйші жайлы терең зерттеулер жасады…
– Мәді Шәутиевтің өзі шығарған әндері бар дедіңіз. Олар не жайлы болатын?
– Мәді ақсақал үйге кіріп келгенде он тоғызыншы ға­сыр келгендей болды дедім ғой, оның әндерінен де, күйі­нің сазынан да байырғы дала үні сезілетін. Тыңдар құлақ болса, ол ән мен күйді тыңдауға болады. Себебі, Мәді Шәутиевтің айтқаны мен шерткенін түгел таспаға бастырып, Консерваторияның фольклор кабинетіне өткізіп, хаттап берген болатынмын. Студенттер тақырып алып, ғылыми дүние жазғысы келсе, үнтаспасын тыңдап, керегін алып пайдаланады…
– Ол құжаттар әлі де қорда сақтаулы тұр ма?
– Сақтаулы тұруы керек. Қазір өнер құнсызданды ғой. Тү­сін­беген адамға, әрине. Түсінген адам оны қадірлеп, қастерлеп, сандық қалыпқа түсіріп, бабалар үнін сақтау үшін барлық жағдайды жасауы керек. Ең өкініштісі, қазір дәстүрлі ән мен күйді тек жобалар барысында ғана іздейді. Сол уақытта ғана, үлкен орындарға есеп тапсыру үшін өнерімізге көз тастаған кейіп танытамыз.
– Мәді Шәутиев күйлері «Қазақтың мың күйіне» енді ме?
– Енген болар, нақтысын айта алмаймын.
– Мәді тартқан болсын, басқаларының жанынан шыққан болсын, байырғы күй, ән тілінен, табиғатынан айрылып қалу қаншалықты қауіпті?
– Ол үлкен трагедия. Қазақтың музыкасы мен қазақтың тілі – біте қайнасып тұрған дүние. Осы күні қазақтың кейбір әндерін тыңдап отырғанда, әннің фонетикалық құрылысы мен музыкалық құрылымы бір-бірімен үндеспейтінін байқайсыз. Жалпы, ұлттық музыкалық интонация деген болады. Мысалы, жапоннның музыкасы бар, дың-дыыың дейді, өздері рахаттанып тыңдайды. Оны алып тастаңыз, жапон – жапон болмайды. Кәрісте де, әр ұлттың әрқайсысында ұлттық музыкалық интонациясы бар. Жапондардың қаласының қақ ортасында Кабуки деген театры тұр. Мемлекет қорғауға алған. Жағдай жасаған. Ішіне кірсеңіз, сізге қалай әсер етті, сіз түсініп жатырсыз ба – ешкімнің шаруасы жоқ. Себебі, олар ұлттық өнерді өздері үшін деп біледі. Біз болсақ, шетел түсінбей қалады, анау ұқпай тұр деп қуыстанамыз.
Біз көнеден жеткен күй күмбірі мен ән сазының тұтас қа­зақы дүниетанымды құрайтынын ұмытпауымыз керек.
– Әңгімеңізге рахмет!

Әңгімелескен
Қарагөз СІМӘДІЛ.

ОРБҰЛАҚ ӨНЕГЕСІ

2008 жылы 15 желтоқсанда Тәуелсіздік мерекесіне арналған салтанатты жиналыста сөйлеген сөзінде Елбасы Н.Ә.Назарбаев: «Орбұлақ пен Аңырақайдағы тарихи маңызды жойқын жеңістер де Азаттықтың ақ туы астында желбіреді», – деп бұл бақытты күнге сол жеңістердің арқасында жеткенімізді айрықша атап өткен еді. Еліміздің тарихындағы ұлы жеңістер мен сан алуан оқиғаларды санамалап қарасақ, солардың өткен кезі мен болған жері бізге нүктесіне дейін белгілі боп жеткені Орбұлақ жеңісі, Ордабасы жиыны, Аңырақай шайқасы, Ойрантөбе оқиғасы, Ереуілтөбе бәтуәсі секілді бірен-сараны ғана. Сондықтан оларды біз ата-бабамыз қалдырған тарихи жәдігер санаймыз әрі мұны ұмытпаңдар деген аманаты деп бағалаймыз.

Бұлардың ішінде Орбұлақ жеңісі – қазақ халқының ерекше тарихи мақтанышы. Орбұлақ дегенде, ең әуелі есімізге түсетіні – ол жеңістің еш теңдесі жоқ екені. Жаудың 50 мың қолын 600-700 жауынгермен ғана тоқтату, шынында да, теңдесі жоқ ержүректік. Орыс деректерінде қазақ қолы 600 делінсе, Қазыбек бектің «Түп-тұқияннан өзіме шейін» кітабында 700 адам деп айтылады. Бұл соғыс жайында тұңғыш дерек беруші Тобылдың әскери қызметкерлері Гришка Ильин мен татар Кучембердейко Кучеев қалмақ қонтайшысы Батырдың қысқы ордасы тұрған Қара Айғыр (Қара Адзегир) деген жерге келгенде, ол 50 мың қолмен қазаққа қарсы аттанып кеткен екен. Екеуі оның оралуын трт ай күтеді. Батыр қонтайшы жорықтан тек Илья күнінен соң, яғни 20 шілдеден кейін ғана оралады. Демек, қонтайшы жорыққа наурыз айының соңына таман аттанған. Екі қызметкер қонтайшының қасында тағы екі ай болады. Қазіргі Орбұлақ жерінде өткен шайқастың мән-жайын екеуі сонда біледі. Қалмақ қонтайшысы Батыр (шын аты – Қотақотсын) 1643 жылы қазақ пен қырғызға қарсы неге 50 мың қолмен және неге көктемге салым аттанған? Мұны ешбір орыс дерегі ашып айтпайды. Сірә, қазақ-қалмақ арақатынасын ол кезде әлі аз зерттегендіктерінен болар. Ал Қазыбек бек Тауасарұлы жоғарыда аталған кітабында: «1021 – қой жылы ( 1643 – Б.Н.) Алтын ханның ұлы Омбы, ойраттың білікті нояндары қазаққа қайта лап қойды. Оның басында әкесінің қолға түсіп қорлық көргенін ұмыта алмай жүрген Батыр қонтайшы болды. Бұл соғысқа ол 50 мыңдай қолмен келді», – дейді (Алматы, 1993). Батыр қонтайшының әкесі қай кезде қазақ қолына тұтқын болғанын орыс пен қазақ тарихы айтпайды. Алайда осы бір ғана себеппен қазаққа қалмақ шабуылға шықты деудің дәлелі аз секілді. Қазыбек бек Батырдың осы соғысы жайында:
«Әйтеуір, қазақ қолындағы кіші қатынын босатып алуға ғана шамасы жетті», дейді. Бұған қарағанда, оның әйелі қазақтардың тұтқынына түсіп және оны қазақтар осы төңіректе ұстаған ғой. Бірақ бұл әйелдің аты-жөні, Батыр екеуінің бір-біріне қаншалық қымбат екені, өкінішке қарай, еш тарихи деректе айтылмайды. Алайда соңынан келіп құтқарып әкеткеніне қарағанда, оны Батыр қатты жақсы көрген болар деп шамалауға ғана болады. Қазаққа деген Батырдың ашуын арттыратын, әрине, бұл да үстеме себеп, алайда соншалық 50 мың қолмен аттанатындай оның да салмағы жоқ секілді. Ал енді Батырдың бұл тоқалы қазақ тұтқынына қалай, қашан түсіп жүр? 1635 жылы Талай, Құжы, Торғаш деген қалмақ тайшылары бірігіп, қазақты шабады. Есім ханның ұлы Жәңгірді сол соғыста байлап әкетеді. Бұл жайында орыс тарихшылары да жазады, алайда Жәңгірдің ол тұтқыннан қалай құтылғанын анықтап айта алмайды, өйткені білмейді және білмейтіндіктерін ашық мойындайды. Оның шындығын тек Қазыбек бек қана өзінің Матай атасының шежіресі бойынша баяндайды. Ол былай. Жәңгір тұтқында бір жылға жуық жатады. 1636 жылдың жазында Батыр қазіргі Нарынқол, Текес маңайын жайлайды. Қарасай мен Ағынтай батыр ол кезде Сапы-Саты, қазір Саты деп қана аталатын жерде Жәңгірді қалай құтқару жнінде жоспар құрады. Есім ханды алдымызға келтіріп, бас игіземіз деп күткен қалмақтар Жәңгірді қинамай, аяғына кісен салып қана жеке үйде ұстапты. Соның бәрін алдын ала біліп алған Қарасай тобы Жәңгір жатқан үйге түн іші жақындай бергенде, үйлердің бірінен әлдекім шыға келген. Оның кім екенін білмеген Қарасай күре тамырын баса қойып, талдыра салады. Содан кейін күзетшіні де талдырып тастап, екі жігіт үйдің іргесін ктеріп жіберіп, ішінен Жәңгір сұлтанды шығарып алған. Сол арада Ағынтай батыр үйден шыға келген бір сұлуды қалмақ қызы деп ойлап, аузын баса қойып олжалап әкетеді. Кейін білсе, Қарасай есік алдында талдырып тастаған адам Батыр қонтайшының зі болып шығады, ал Ағынтай ктеріп әкеткен сұлу далаға шығуға кеткен күйеуін іздей шыққан тоқалы екен. …зін талдырып, әйелі мен ханзаданы дәл иегінің астынан қазақтардың масқаралап алып кетуі, сз жоқ, Батыр үшін аса үлкен намыс еді. Тарихшы И.Я.Златкиннің зерттеуінше, 1630 жылы ғана дербес мемлекет құрып, оған тұңғыш қонтайшы болған адамға бұл жағдай беделден жұрдай қылатын оқиға еді. Міне, осының бәрін жинақтай қарағанда ғана Батырдың қазаққа неге соншама қаһарланғанын түсінуге болады. кесінің қазақ тұтқынында болып қайтқаны ескі кек болса, зін масқаралап, әйелі мен тұтқынын тартып әкеткені ел намысына да, з намысына да тиетін жаңа кек еді. 50 мың қолмен аттанып, қазақты жер бетінен біржола құртып жібермек болғанына бұл себептер сендіреді. Ал енді қалмақтар неге қырғызды шапты, олардың жазығы не дегенге жауап беру біршама қиын. Ол жайында жазба дерек жоқ. Алайда ауызша тарих саналатын қазақ шежіресі бұл арада, меніңше, біршама кмек жасай алады. Қарасай батыр Жәңгірді қалай құтқарудың жоспарын құрғанда, меніңше, ол алдын ала қалмақ ішіне жансыздар жіберген болу керек. Оған қазақтарды жұмсау әрі күдікті, әрі мүмкін болмағандықтан, сз жоқ, оған крші ағайын қырғыз адамдарын тартқан шығар деп шамалауға болады. Ал сол жазда қырғыздың қай атақты адамдары з ордасына келіп кеткенін Батыр қонтайшы те жақсы білсе керек, сондықтан қазаққа барлаушы болған қырғыздардан кек алуды ол – басты мақсат еткен, оларды сол үшін шапқан деп ойлаймыз. Орбұлақ шайқасы ткен ңірді ежелден қазақтың суан деген тайпасы мекендейді. Көп жауды аз қолмен бгеуге қолайлы жерді Жәңгірге тауып берген Елтінді сол суан тайпасының батыры. Суанда Елтінді батырдың замандасы әрі досы Ұзынмұрт Ұзақ батыр деген болған. Елтінді …сек зенінің шығыс бетін жайласа, Ұзақ батыс жағын жайлаған. Ұзақ батыр жайында шежіре: «Сол батырдың әйелі қырғыздың Бурайке деген байының қызы болса керек. Ауылы Ыстықклдің маңы. Бір жазда қалмақтар Ыстықклдің маңындағы қырғыздарды шабады. Ұзынмұрт Ұзақтың қайнатасы Бурайкені ауыл-аймағымен қырып, алты жасар баласы Назарды байлап әкетеді», дейді де, кейін Назардың қол бастаған қазақ батыры болғанын айтады (Сұлтанбек Ешмұқанбетов. «Суан шежіре». Алматы. 1993). Бұл шежірені зерттей қарасақ, қырғыздарды қалмақ шапқан жыл Орбұлақ шайқасы ткен 1643 жылға меңзейді. Орбұлақ шайқасына қатысқан Қарасай және Елтінді батырлардың қазір 11-ұрпағы мір сүріп жатса, Ұзақ батырдың да 11-ұрпағы мір сүріп жатыр екен. Ұзақ батырдың Орбұлақ шайқасына қатысқанына қайынатасы Бурайкені қалмақтардың «ауылаймағымен қырғаны», әрине, жанама дәлел. Батыр адамның ондайда намысқа, кекке шаппауы мүмкін емес. Алайда бұған қосымша тағы дәлел бар. Орбұлақ шайқасы ткен жердің күнгей жақ бетінде Түлкілі дейтін тау, сол таудың іргесінде Найзатапқан атты арасан бар. Ата-бабасы сол Түлкілінің баурайын мекен еткен, зі ұзақ жыл сол арада болыс болған, кейін Кеңес кіметі тәркілеп, Жайық бойына жер аударған, ол арадан қашып келіп, отбасының соңынан зі де Қытай тіп кетіп, сол жақта қаза болған, кезінде Метербай болыс атанған атақты адам болған. Со кісінің ұлы Орынбай ағамыз әкесінің албан Құлманбет пен суан Шаншар ақынның айтысына зі қатысып, тыңдағанын және оны жатқа білгенін тамсана айтушы еді. Елтінді мен Ұзынмұрт Ұзақ батырдың ажырамас дос болғанын да әкесінен естіпті. Белжайлауда болған бір соғыста Ұзақ аяғынан жараланып, арасанға емделуге келеді. Досының кңілін сұрай келген Елтінді арасанның құдығында шомылып жатқан досын шығарып алайын десе, созған қолы жетпейді. Таяқ жалғайын десе, ағаш таба алмайды. Сонан соң сол арада ат байлап қойған қазықты ырғап-ырғап суырып алса, әлгісі найзаның ұшы болып шығады. Содан ел «Елтінді найза тауып алған арасан» деп жүріп, арасан Найзатапқан аталып кетіпті. Бұл әңгімені тарихпен салыстырсақ, Ұзақ батыр Белжайлаудағы Орбұлақ шайқасында жараланған болып шығады. Досы Елтінді қатысқан соғысқа Ұзақтың қатыспай қалуы мүмкін бе? рине, мүмкін емес. …стіп тарих пен шежіре бірін бірі толықтырып отырады. Ал енді қырғыз Бурайке қазақтың белгілі батырының қайынатасы болса, оның солай екенін Елтіндіден, не басқадан естіген болса, сенімді кісі деп, Қарасай батыр қонтайшының ордасына неге оны жұмсамасқа?! Тарих пен шежірені жүйелей келгенде, Батыр қонтайшының қырғызға қатты шүйлігуінің және «Бурайкені ауыл-аймағымен қырып» кету сыры стіп ашыла түседі. Ал Батыр қонтайшының қазақ пен қырғызға қарсы жорыққа 1643 жылдың кктемінде шығуы – мал баққан елдің бас ктеруге ең мұршасы жоқ кезін жақсы білгендігі. Малы тлдейді, әрі күйі қашады, ел арасындағы қатынас қиындайды, байланыс нашарлайды, йткені лайсаң болып, жол бұзылады. Тұрақты әскер ұстамаған кшпелі елдің бір-бірімен араласа, хабарласа қоймайтын кезі – осы кез. рі мініс аттың ең жүдеу тартар шағы да осы шақ. Сірә, қонтайшы осының бәрін есепке алған болар. …йткені, 1723 жылы басталған «Ақтабан шұбырынды, Алқакл сұламада» да олар осындай жағдайларды ескеріп, қазақты осы мезгілде шапқан. Ендігі бір ескеретін жәйт, 50 мың – қазақ пен қырғызға аттанған қалмақтың жалпы саны емес, тек әскерінің ғана саны. Тобыл әскербасы Г.С.Куракиннің мәлімдемесінде: «С ними воинских людей 50 тысяч», деп анық-қанық жазылған. Соған қарағанда, 50 мыңның сыртында бақташы, күтуші, аспазшы секілді қосалқы адам да аз болмаса керек. «1018 жылы (1640 – Б.Н.) қазақты Есімнің ұлы Жәңгір сұрай бастады. …йткені Есім хан науқас болды», дейді Қазыбек бек (сонда). Бұл жайды қалмақтар да білген болар, сірә. Алайда Есімнің мықты әскербасы және оның ержүрек батыры мол екеніне әлденеше мәрте кздері жеткен, оның үстіне тұтқындарында болған Жәңгір сұлтанның здеріне кекті екенін білген қалмақтардың қалайда қазақтардан сескенбеуі мүмкін емес. Сондықтан аз қолмен аттануға олардың тәуекелі жетпеген де шығар. Оның үстіне, Қарасай мен Ағынтай әбден масқара қылып кеткен Батыр қонтайшы осы жолы жеңетініне нық сенімді болу үшін де кп қол жинауы мүмкін. 1643 жылғы соғыс қазақ қазақ болғалы оқпана ор қазып соғысқан алғашқы соғыс. Және жердің ыңғайлылығын пайдалана білсе, азғантай қолдың зінен әлдеқайда кп күшке тосқауыл жасай алатынын іс жүзінде дәлелдеген соғыс. Елдің мүддесі мен халықтың амандығы үшін бастарын лімге тіккен бабаларымыз бірліктен асар күш болмайтынын, қорықпай, ықпай соғыссаң, ақыл мен айла жеңіске жеткізетініне кз жеткізіп кеткен соғыс. Орбұлақ жеңісі – ұйымдастырудың күшімен қоса бауырмалдық пен сенімділіктің де құдіретін крсетіп берген тәлімді соғыс. Ал енді қазақ қолы бұл соғыста неге аз болған? Мұның мәнін түсіндіретін жазба дерек жоқ. рине, әртүрлі жорамал жасауға болады. Мәселен, Есім хан ауру болса, оның ел басқаруға тікелей араласып, тікелей басшылық жасауға, сз жоқ, мүмкіндігі шектеулі болады. Сондықтан әскери тәртіп біраз босаңсиды. Ал Жәңгір сұлтан қаншалық ержүрек болғанымен, қолында нақты билік жоқтықтан, тез арада қажетті қолды жасақтауға әмірі жетпеген де шығар, кім біледі. Егер қазақтың з ішінен тез арада әскер жинау мүмкіндігі бар болса, онда Жәңгір сонау Самарқандағы Жалаңтске жаушы шаптырар ма еді? Бәлкім, Есім ханның ауру екенін естіген соң, ол лсе, орнына кім болады деген алауыздық трелер арасында ршіп тұруы да мүмкін. Жазба дерек қалмаған соң, оны кесіп айту – қиын, алайда білқайыр, білмәмбет тұсындағы бақталастық пен тақталастықты еске ала отырып, ол кезде де солай болуы мүмкін екенін жоққа шығара алмаймыз. Қалай болғанда да, з ішімізден әскер жинау мүмкіндігі аса қиын болған соң ғана алыстағы Жалаңтске жаушы жіберілген деп ойлаудың жні басымдау. Орбұлақ шайқасының аса маңызды бір тәлімі мен негесі осы аз қазақтың кп қалмаққа қарсы тұруынан шығады. Қалмақ қолының ұзын саны 50 мың екенін, әрине, қазақтар алдын ала білді.

Соны біле тұра 600-700 ғана адамның жау жолына бекінуі – ақылға сыя бермейтін ерлік. Ерліктен бұрын жанкештілік. «Еркек тоқты – құрбандық», дейтін қасиетті сздің нақпа-нақ жүзеге асуы. …лімге бас тігудің дәл мұндай мысалын кәрі тарих кп біле бермейді. Туған ел мен туған жердің тағдыры таразыға түскен шақта «мынандай кп жауға шамамыз келеді, келмейді» дегенді мүлде ұмытып, «ліспей беріспейміз» деген ғана шешімге келген ата-баба ержүректігі тек сүйсінтеді. «Біз қорғамасақ, ел мен жерді енді кім қорғайды?» деген перзенттік парыздан зге оларда ешбір үрейлі ой болмаған. «Ел үшін, туған жер үшін лмегенде, не үшін леміз?» деген қасиетті ұғым ғана оларды осындай адам нанғысыз батырлыққа бел будырған. Орбұлақтың бұл негесі – ұрпақ ұмытпайтын аса қасиетті неге. 50 мың қолдың бетін 700 жауынгер екі мәрте қайтарып, жаудың он-он бір мыңын қырғаннан кейінгі жағдайды Қазыбек бек былай аңғартады: «Бәлкім, енді арттан жиырма үш мың қолмен Алшын лімұлы Жалаңтс батыр келмегенде, қазақтар жеңіліп қалар да еді». Бұл сздің астарында кп сыр жатыр. Себебі, 50 мыңның аты 50 мың. Кп кптігін істемей қоймайды. Соғыс тіп жатқан жер тар кезең, қазақ үшін те оңтайлы жер болғанмен, тау ішінен айналма жолды тауып ту, шындығында уақыттың ғана шаруасы. Бұған қарағанда, Жалаңтс батырдың бұл соғысқа дер кезінде жетіп үлгеруі – шешуші жағдай. Оған ешкім дауласа қоймас. Ал ендігі басы ашық емес бір жағдай: Жалаңтс бұл соғысқа тек үлгеріп қана қойған ба, әлде соғысқа араласқан ба? Бұл жайында орыс, қазақ, моңғол деректері нақты ештеңе айтпайды. Бірақ мұны қазақтың ауызша тарихы тағы толықтырады. Орбұлақ Белжайлаудың батысында. Оның шығысы – екі таудың ортасын алып жатқан алып астаудай жазық. Ол жазық Аяқсаз деген жерге келгенде тұйықталады. Сол арадан Белдің суы тіке оңтүстікке бұрылып, Ілеге қарай құлдырайды. Ал Белжайлаудың шығысы жота-жоталарға ұласып, Кіші …сек, Үлкен …сек зендерін кесіп ткен соң, қайтадан жазық тепсең, Сартау жайлауына ұласады. Осы Сартау жайлауының терістік батыс жақ желкесінде …сек зені мен Сартау суының қосылып жатқан сағасы бар. Сол екі судың ортасында оңтүстіктен солтүстікке қарай созылып жатқан биік қылта жота бар. Оны жұрт Қаша-маның асуы дейді. Ертедегі бір жылдары қалмақ қолын қазақ қолы қуып келіп, осы араға қамайды. Қараңғы түсіп кеткендіктен, қазақ пен қалмақ қолы дамылдайды. Тұйыққа қамалған қалмақтың шығып кетер жолы жоқ екенін қазақтар жақсы білген. Бірақ ертесі бүкіл қалмақтың ұштыкүйлі жоқ боп кеткенін бір-ақ креді. Сйтсе, қалмақтар түні бойы қыр жотаның жартасын қашап, жалғызаяқ жол ашады да, таң ата сол қашап салған жол арқылы қашып кетеді. Ол асу содан бері Қашама аталған екен. Бұл – ата-бабамыздан қалған, ауызша тараған әңгіме. Туған жер тарихына қатысты айтылғандықтан, жұрт жадында сақталып қалған. Оның үстіне, асудағы тастардың қолмен қашалғаны күні-бүгінге дейін тұрқынан крініп тұрғандықтан, ешкім бұл әңгімеге күмән келтірмейді. Орбұлақ ңірі – ежелден қазақ пен қалмақ қақтығысы жиі болып тұрған ңір. 1643 жылғы әйгілі Орбұлақ шайқасының, 1653 жылы Сесеннің ұлы Қалдама (қазақтар Қалдан дейді – Б.Н.) Салқам Жәңгірмен жекпе-жекке шығып, Жәңгір опат болатын соғыстың да осы арада туі, Жәңгірдің әуелде Үйгентастың белі, кейін Белжайлау аталған сол мекенге жерленуі де бұл айтқанымызға толық дәлел бола алады. Алайда қазақ қолының қалмақтарды қатты тықсырып, оларды тұйыққа қамап қырып жібере жаздаған кезі, сз жоқ, тарихта бір-ақ рет болған оқиға. Егер жергілікті батырлардың қалмақпен соғысы осында ұласқан болса, онда жергілікті адамдар оған қатысқан з бабаларының атын қосақтап, «Бұл арада Елтінді бабамыз қалмақтарды қамапты» немесе «Ұзынмұрт Ұзақ батыр қамапты» деген болар еді. Ал олай айтылмаған, себебі бұл соғыс қалмақтар мен жергілікті қазақтардың ғана қақтығысы емес, бүкіл қазақ батырлары қатысқан үлкен соғыс болу керек. Ал ондай соғыс, сз жоқ, Орбұлақ шайқасы. Орбұлақ пен Қашаманың арасы шамамен 60-65 шақырымдай. Ал енді Қашаманың Орбұлақ шайқасына қандай қатысы болуы мүмкін? Қашама асуымен қалмақтардың қашып құтылуы тікелей Жалаңтс батырдың оларды кшелей қууына қатысты деп ойлаймын. Тобыл әскербасы
Куракиннің жазбасында: «Дәл сол кезде бұл ұрысқа Жәңгір сұлтанға кмекке Жалаңтс келеді, ал онымен бірге 20 мың жауынгер болады. Қонтайшы ол жауынгерлерді крген соң, кейін шегінеді, ал Жәңгірдің қолға түскен адамдарын қонтайшы зімен бірге алып кетеді», делінген («Орбұлақ шайқасы», 2003). Алайда Қонтайшының қалай шегінгені, қай жолмен шегінгені Куракиннің жазбасында айтылмайды, себебі оны оған мәлімет беруші Ильиннің зі де білмейді. Оны білетіндер – тек қана сол араның жергілікті тұрғындары. Ал олар Қашаманың қалай жол болғанын естеріне сақтап, з ұрпақтарына айтып отырған. Біздің ойымызша, кмекке келе жатқан қолды кріп қонтайшы шегінген соң, оны Жалаңтс қолы қуған. Тұтқындарын тастай қашпағанына қарағанда, Батыр қолы соғыса отырып шегінсе керек. Олар, меніңше, сол тұтқындарын бермеу үшін де соғысқан болуы керек. …йткені, қазақтардан оңбай жеңілген Батырдың ел-жұрты алдында зін-зі ақтайтын жалғыз ісі де сол кп тұтқын алып қайтуы ғана еді. Қалмақтарды қуа соғысқан Жалаңтс қолы оларды …сек зеніне әкеп тықсырғанда, қараңғы түсіп кетіп, екі жақ сол арада таң атуын күтсе керек-ті. Берекесі қашқан қалмақтар Жалаңтстің даңқынан да, тың әскерінен де қаймығып, түгелдей қырылып кетуі мүмкін ертеңгі соғыстан қалайда қашып құтылуға жанталасқан. Ақырында қашап, жол ашып қашқан. Батыр қонтайшының: «Он бір мың бес жүз адамымнан айырылдым, енді болмаса бәріміз қырылатын едік», – деуінің сыры да осында болуы керек (Қазыбек бек кітабы). Ел есінде сақталған Қашамаға қатысты әңгіме осы оқиғадан туған демеске тіпті қайла жоқ. Ел аузындағы осы әңгімеге сүйеніп, марқұм Тұрсынғазы лпейісов алғаш рет «Жас Алаштың» бетінде осы пікірді айтқан еді. Мен соған толық қосылам. Себебі, осылай дегенде ғана Орбұлақ шайқасының бас-аяғы анық аңғарылады. Орбұлақ жеңісі – қазақтың ғажап бауырмалдығының жемісі. Қазыбек бек аталмыш кітабында осы соғысқа басшылық жасаған Салқам Жәңгірдің қатарында шапырашты Қарасай, арғын Ағынтай, алшын Жиенбет, дулат Жақсығұл, қаңлы Сарбұқа, найман Кксерек, суан Елтінді, арғын Тоқан баласы Қомпай болғанын жазады. Кейінгі зерттеулер қазақ қолының ішінде дулат Сырымбет, Найман Бдес және суан Ұзақ батырдың да болғанын дәлелдейді. Бұлардың ішінде әйгілі Жиенбет жырауға айрықша тоқталуға тура келеді. Жыраудың мірі мен шығармашылығын арнайы зерттеген ғалым Ханғали Сүйіншәлиев: «Жиенбеттің мір сүрген кезі ХVІІ ғасырдың екінші жартысы, Есім ханның тұсы. Кіші жүз, он екі ата Байұлының бір атасынан… Жиенбет – кезінде Есім ханмен жағаласып ткен адам. Есім оны қатты жазалап, тұтқындау амалын да қарастырған», – дейді («Қазақ әдебиетінің қалыптасу кезеңдері». Алматы. 1967). Оның Есім ханмен араз болғанын мына леңі де дәлелдейді: «Еңсегей бойлы ер Есім, Есім, сені есірткен Есіл де менің кеңесім… Қайратым қанша қайтса да, Мұныңа, ханым, шыдаман! Арқаға қарай кшермін, Алашыма ұран десермін, Ат құйрығын кесермін» («Бес ғасыр жырлайды».1989). Есім ханмен осылай араз бола тұрып, сол Есімнің баласы Жәңгірмен бірге з халқы үшін те қауіпті, здерінен 70 еседен астам кп жаудың жолын кесуге аттануы – Жиенбеттің халқы үшін жанын қиюға қашанда әзір екенін крсететін оқиға. Мұндай үлгі-неге крсеткен батыр – айрықша батыр. Ондай батыр қазақтан басқада болған ба, жоқ па – ол арасын білмеймін. Жиенбеттің арғы тегін Қазыбек бек Сүйіншәлиев құсап анықтап айтпай, алшын дей салады. …йткені Жетісу қарияларының жалпы Кіші жүзді Алшын, Ұлы жүзді Үйсін дей салатын әдеті ежелден бар. Ал Жиенбет жыраудың ісі – отансүйгіштіктің әрі дара, әрі сирек үлгісі. «Арқаға қарай кшермін», дегеніне қарағанда, ол сол кезде Қарасай мен Ағынтайдың қасында жүрген болуы керек. Ханға деген ыза-кегін ұмытып, Орбұлақ шайқасына қатысуы – оның халық мүддесін қастерлеген қаһармандығы. Қысқасы, халықтық мүдде үшін қашанда бас қоса кететін қазақ мәрттігін Орбұлақ ұрпаққа шпес үлгі етіп кетті. Ол кез үшін жер түбі саналатын Самарқаннан алшын Жалаңтс батырдың 23 мың қолмен кмекке келуі – қазақ бауырмалдығының мақтаныш ететін теңдесі жоқ крінісі. Ал қырғыз батырлары Ктен мен Табайдың бұл соғысқа қатысуы – екі елдің бауырмалдығы ежелден екеніне тарихи дәлел. Тағы бір тарқататын түйін – тоқалын Батыр қонтайшының қай жерде, қалай құтқарып әкеткені және Жәңгір адамдарының қай соғыста тұтқынға алынуы. Біздің ойымызша, қазақтарды тұтқынға алған соғыста қонтайшы «кіші қатынын» құтқарып әкеткен. Ал оның тоқалын қазақтар қайда ұстаған? Оны, әрине, қырғыз жеріне апарып тығып қойған жоқ. Оған себеп те жоқ. Қырғыздан қайтар жолда да қонтайшының әйелін тығып ұстайтындай орынның еш лайығы крінбейді. Сондықтан мұны да шежіре деректеріне сүйеніп анықтауымызға тура келеді. Қалмақ қолы, ә дегенде-ақ, Алатау және Тоқ-мақ қырғыздарына тиіскенін орыс, қазақ тарихшылары түгел жазады. Ал ол араға қалмақтар, әрине, тікұшақпен түскен жоқ, жермен жүріп барды. Орыстың екі әскери қызметкері барған Қара Айғырдағы қонтайшы ордасы Еміл зенінің аңғарында болса, онда 50 мың қол, сз жоқ, ол кезде Арқас Аңқайы, қазір Жоңғар қақпасы аталып кеткен тауткелден теді. Ол арамен ткен қол Ақсу мен Қапалды баса тіп, Тоқмаққа ттелеп, Ілеге қарай жол тартады. Бұл арада жолдың екі нұсқасы бар: бірі қазіргі Қоғалы арқылы, екіншісі Мұқыры арқылы туі мүмкін. Мен Қоғалы арқылы ткен болар деп шамалаймын. …йткені… Атты әскерге ең керегі шп пен су. Ал шп те, су да тек тау алқабында мол болады, сондықтан қалың әскер алдымен тау сағалаған жолды таңдайды. Қоғалы жақтың шбі де шүйгін, суы да мол, Қапал жақтан келе жатқан қолға әрі қолайлы, әрі жақынырақ. Сонан соң, Қазыбек бек кітабында Жәңгір мен Батыр қолы алғаш қақтығысқан жер Лабас тауы деп аталады. Жетісу жерінде екі Лабас, екі Матай тауы бар екені белгілі: бір Лабас Текестің басында, Райымбек ауданының жерінде; екіншісі Қоғалы маңында, СарызекТалдықорған жолы бойындағы Алғабас ауылының шығыс жақ тұсында. «Алаңсыз Лабастағы Доңыз тауға кіріп келе жатқан қалмақты Жәңгір адамдары атып, көп адамын өлтірді», – дейді Қазыбек бек. Орбұлақта өткен соғыс ыңғайына қарасақ жәңгір қолы Текес жаққа бармаған. Және оның аз қолмен 50 мың қалмақты артынан қуып барып, ашық шайқас іздеуі сендірмейді де. Оның үстіне, бұл арадағы шайқасты Қазыбек бек Орбұлақ шайқасымен шатастырып жазған. Оның себебі, атасы Матайдың шежіресінен не өзі қате жазып алған, не кейінгілер өзінен қате көшірген. Өйткенмен, оқиға мен жол ыңғайына қарағанда, Қазыбек бектің айтып отырғаны Қоғалы жақтағы Лабас екені аңғарылады. Қалай болғанда да, осы Лабас маңында кішігірім бір шайқастың болғаны анық болса керек. Өйткені қалмақ қолы бүкіл қазақ жерін еш қарсылықсыз басып өтіп, бірден қырғызға келіп тиіскені ақылға сыя қоймайды және де Лабас арқылы Алтынемел, Қоянкөзге келіп, одан ары Ілеге түсіп, одан өтіп Тоқмаққа келмесе, қалмақ қолы басқа қай жолмен жүреді? Осы пікірімізді қуаттайтын тағы бір дерекке жүгінейік. Орыс зерттеушісі П.П.Румянцев 1913 жылы Петербургте шыққан «Верненский уезд» кітабында: «Ерте кезде қарасай руы қазіргі Ақмола облысының төңірегінде өмір сүрген; әріден келе жатқан әңгіме бойынша, Қарасайдың бейіті Көкшетау үйезінің Айыртау деген жерінде. Қарасайлар бұл арадан Қапал үйезінің Жоңқа (орысшасы «Джонке» – Б.Н.) деген жеріне көшіп барған (Арасан ауылына жақын жерде); осы соңғы арадан Верный үйезіне, ертеден бері отырған қазіргі мекеніне көшіп келген: бір нұсқа бойынша, шапыраштының бұл тобын Қастекке Ұлы жүздің атақты батыры Қарасайдың ұрпағы (5-буыны) Қорам батыр алып келген; басқа нұсқа бойынша, Қорам осы жерде туған (Қорамның моласы Отар пошта стансасының маңындағы Көлқамыс деген жерде)», – дейді («Уезды Джетысу» Алматы. 2000). Ал Қазыбек бек Қарасай батыр жайында: «Сондықтан өзінің қанды көйлек досы Ағынтай батыр еліне қоныс аударып, бір жылдай тұрып, хижраның 1049 доңыз жылы (1671 – Б.Н.) тамыз айында дүниеден өтті. Сүйегі Арқада, Айыртау деген жерге қойылды. Келесі жылы асын берді. Одан бір жылдан соң Қарасай ұрпағы Іленің оң жағасындағы Матай төңірегіне – атақонысы Алтынемелге қайта ауып келді», – дейді (сонда). Бұған қарағанда, Қарасай мен Ағынтай бірбірін бала кезінен білетін Арқада өскен достар болып шығады. Әрі Орбұлақ шайқасы болған уақытта шапыраштылардың Ақсу, Қапал, Алтынемел, Қоянкөз маңын жайлағаны рас. Өйткені Алтынемелдің батысындағы Матай тауы – Қазыбек бектің «Ата шежірені» жазып қалдырған атасы Матайдың атымен аталған. Олай болса, Қарасай мен Ағынтай қонтайшының тоқалын сол шапыраштылардың ауылында ұстамағанда, қайда ұстайды? Ал солай болған болса, Батыр қонтайшы алдымен жолында жатқан шапыраштыларды шаппағанда, кімді шабады? Ал азғантай шапыраштылар, қанша батыр болса да, елу мың қалмаққа қалай қарсы тұрады? Қонтайшының тоқалын қорғап Қарасай, Ағынтайлар қанға бөккенше, оны ауылға тастап, өздері қол жинауға кіріспей ме? Бәлкім, Лабас тауының маңында, сол кезде Доңызтау аталған жерде кішігірім қақтығыс болған да шығар, қазақ қолы аз болғандықтан жеңілген де шығар, «жеңілдік» дегенді айтқысы келмейтін қазақ оны жасырған да шығар, әйтеуір, ол жағын бізге жеткізуші жоқ. Бірақ Батыр қонтайшы «кіші қатынын» дәл осы кезде, осы жолда құтқарып алған шығар деуіміз және біраз қазақты сол соғыста тұтқындаған да болар деуіміз орынды секілді және жөні де солай тәрізді. Ендігі бір өнегелі жайт, екі таудың арасын кесе-көлденең алып жатқан екі шақырымнан асатын оқпананы сол 700 жауынгер өздері қазған ба, әлде оларға жергілікті қазақтар көмектескен бе? Біздің ойымызша, батырлар бес қаруын асынып келгенмен, жер қазатын қару әкелмеген. Өйткені олар о баста ор қазамыз деп жоспарламаған ғой. Оның үстіне, ор қазып титықтаған ерлердің жауға қарсы шығуы да қиындамай ма?! Сондықтан оқпананы қазуға сол араның халқы жаппай жұмылған шығар деп жорамалдаймын. Орбұлақ шайқасының жалпыхалықтық мәнін бұл жағдай арттыра түседі деп ойлаймын. Өйткені туған жерді қорғауға жауынгерлер ғана емес, қара халық та жаппай қатысқан. Осындай өнегелі оқиғаның куәсі мен дәлелі болған қасиетті жерде өмір сүріп жатқан халық батыр бабалардың ерлігі мен бірлігі ұрпағымызға мәңгі үлгі болып, осы төңіректен Орбұлақ ауданы құрылса деген арманмен өмір сүріп жатыр. Оны осы араның қазағы ғана емес, ұйғыры мен орысы да, кәрісі мен дүңгені де – бәрі күтуде. Жақсылықты күту де жақсы өнеге!

Бексұлтан НҰРЖЕКЕҰЛЫ,

жазушы, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері.

«ҚАЗАҚТЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АРЕНАДА БӘСІ БИІК»

Ерлан АРЫН, Әлеуметтікэкономикалық жобалар және сараптама ғылымизерттеу институтының директоры.

– Ерлан Мұхтарұлы, сұхбатымызды сіз бас­қа­рып отырған «Рухани жаңғыру» орталығының жай-жапсарынан бастасақ дейміз. Елбасының бағ­дарламалық мақаласында көзделген жайттардың жү­зеге асуы мен қоғам өміріне дендеп енуі үшін «Ру­хани жаңғыру» институты қандай тың қадам жа­сап отыр?
– Біз сараптамалық, ғылыми-зерттеу инс­ти­туты ретінде жұмысымызды бастап кеттік. Одан бөлек, экономика тақырыбын қаузайтын аналитикалық бастамалар шығарып жатырмыз. Әуел бастан жұ­мысымызды рухани жаңғыру орталығы ретінде бас­тап, Елбасының бағдарламалық мақаласында көр­сетілген салалардың әрқайсысы бойынша атқарылар қадамдар жасап келеміз. Жарты жыл ішінде орталық сараптама кеңесінің жұмыстарын жасау ісі тапсырылды. Сондықтан тек қана ру­хани мәселе емес, экономикалық мәселелерді де шешуге тырыстық, әлі де тырысатын боламыз. Ономастикалық талдау жұмыстарын жүргіздік. Ру­хани жаңғыру бағдарламасы аймақтарда, об­лыстарда, мектептерде талданып, талқылана бастағалы бір жылдан аса уақыт өтті. Сол уақыт ара­лығында біршама нәтижелі жетістіктерге қол жеткіздік. Мәселен, «Жүз жаңа оқулықтың» он сегізінің тұсауы кесілді. Сол кітаптарға баға бердік. Келешекте мұндай оқулықтар қалай, қандай бағытта, қандай аталыммен жарық көруі керек – елеп-екшеп, таразыға салдық. Алда да атқарар жұмыс көп дегім келеді.
– Рухани жаңғыру бағдарламасы – Қазақстан халқының рухани толыққан, мәдени байыған, береке-бірлігі артқан ұлт болып қалыптасуы жо­лын­дағы бағдарламалық құжат. Ол Елбасының осы­ған дейінгі жобаларының заңды жалғасы іс­пет­ті дүние. Десек те, бұл бағдарламаның өзге бағдарламалардан басты ерекшелігі не деп ой­лайсыз?
– Өте жақсы сұрақ. Меніңше, «Рухани жаң­ғыру» бағдарламасы осыған дейін жасалған, жүзеге асқан бағдарламалардың заңды жалғасы іспетті. «Мәдени мұра», «Тарих толқынында» атты бағдарламалар көпшіліктің есінде болар. Бұл екі бағдарлама да, рухани, мәдени, тарихи санамызды толықтырып, үлкен серпін әкелген жобалар болды. Ал, «Рухани жаңғыру» бағдарла­ма­сының аясына бірнеше сала бірікті. Бұл бағдарламаның бірнеше жаңалықтары бар деп есептеймін. Бірінші, осы күні ағылшыншаға су­дай ағып тұрған ұрпақ қалыптасып келе жатқа­нын мойындау керек. Олардың қажеттілігін түсіну, оларға керек кітаптармен, оқулықтармен қам­тамасыз ету жағын жан-жақты ойластыру ке­рек. «Рухани жаңғыру» – тек байырғы текке ға­на оралу ғана емес, жаңалықтарды енгізу деп те білемін. Яғни, Қазақстан қоғамының бүгініне қа­жет құндылықтарды өмірімізге енгізу керек. Бұл «Рухани жаңғыру» бағдарламасының бірінші қыры.
Екіншіден, байырғыдан қалыптасқан құнды­лық­тар, дәстүрлер бар. Қазір бүкіл әлем өзгерген. Осыған байланысты жаңа әлеуметтік дәстүрлер қалыптастыра білген дұрыс. Жаңа әлеуметтік дәстүр дегеніміз не? Елбасымыз мақаласында бі­лім саласының жаңа кадрларын даярлауды тап­сырды. Сандық технология, үштұғырлы білім – жаңа заманға қажет дәстүр. Халқымыздың түп-тамыры мәдени құндылықтарымыз болса, оның жайқалған жапырағы – жаңа дәстүрлер дер едім. Сол жаңа дәстүрлер осы күні қоғам өмі­ріне дендеп еніп келеді. Басқасын айтпаған күннің өзінде, тәуелсіздік алған жылдардан бері қосылған жаңа мерекелерді мысалға алайықшы. Конституция күні, Бірінші Президент күні, Алғыс айту күні…
Мақалада модернизация сөзі көп кездеседі. Қо­ғамдық ой-сана тарихи-әлеуметтік құрылыс үшін керек. Елбасымыз «Қасиетті Қазақстан» деген мәселені көтеріп жатыр. Ұлттық код дей­міз, «Рухани жаңғыру» деген – ұлттық кодтың бірі. Мұны да ескерген жөн. «Жүз жаңа есім», «Жүз жаңа оқулық» сипатты ұғымдар Қазақстан қоғамы үшін айтулы жаңалықтар. Бұл жаңа ұғым айналасы бір жылдың ішінде қоғамымызға сіңісті болып кетті. Енді сол ұғымды дамыту мәселесін қолға алайық.
Біз ғаламдық өркениетті қалай түсінсек, тари­хи оқиғалар, тарихи тұлғалар, жер-су аттары, уникалды өркендену деген терминдерді толық түсі­нетін боламыз.
Осы бағдарлама арқылы бала санасын толық­тырамыз. Бағдарламада тарихқа қатысты тың дүниелер көп. Тарихты білу бір басқа, қандай та­ри­хи оқиғаларды терең талдап, тануымыз керек – мәселе осында. Бала болсын, үлкен болсын, тіпті оның мамандығына қарамай, білуіміз тиіс тарихи да­талар мен оқиғалар бар. Міне, осы оқиғаларды маржанды жіпке тізгендей жинақтай алсақ, бізде қоғамдық ой-сана қалыптасады.

«Қасиетті Қазақстан» ұғымына байланысты да айтар дүние көп. «Қасиетті Қазақстан» әр өңір­ге ғана тиесілі болып қалмауы керек. Иә, бізде әкім­шілік-территориялық бөлініс бар. Одан бө­лек, ол ұғымнан да ауқымды сөздер жетерлік. Мә­се­лен, Жетісу, Өр Алтай, Көкше, Сарыарқа, т.б. атауларды да айналымға кеңінен енгізсек. Оған қосымша, әрбір қазақстандық қай жерде дүниеге келгеніне қарамастан, Қазақстанның әр аймағындағы «Қасиетті Қазақстан» бағдарламасына енгізілген нысанды жатқа білуі керек. Осы ұғымдарды жүре­гімізге бірдей сіңіруіміз қажет. Сонда біз бір­тұтас ұлт боламыз. Осындай жаңа тәрбие, көз­қарас, ұғымдарды талдап, талқылау – бұл бағ­дарламаның ерекшелігі дер едім.
– «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Жүз жаңа есім», «Жүз жаңа оқулық», «Қасиетті Қа­зақстан», «Туған жер» жобалары жемісін беріп жат­қаны анық. Бұл жобалар ұлттық мәдени-рухани өмір­де қандай өзгерістер əкелуі мүмкін?
– Бізде республикалық және аймақтық сак­ральді ұғымдар бар. Республкиалық, аймақтық және әкімшілік ұлттық құндылықтарға тұтас Қазақстандық деп қарауды үйренгеніміз жөн. Сакральді ұғымдар тек нысандарға қарата қол­данылмайды. Ол адамдарға да қатысты ұғым. Мәселен, Абай – Семейдікі, Жамбыл – Жетісудікі, Солтанмахмұт – Солтүстіктікі деп қарау дұрыс емесі белгілі ғой. Олар баршамызға ортақ тұлға­лар. Керекуде отырған баланың Алматыдағы сакральді нысан жүрегіндегі мақтаныш сезімін оя­та білуі тиіс. Тұтас Қазақстанды былай қой­ған­да, шетелдерде де біршама қасиетті жерлер бар. Ташкентте – Төле би бабамыз, Сирияда – Бейбарыс сұлтан жатыр. Тұтас қазақты біріктіретін қандай қасиетті ұғымдар шетелдерде бар? Оны да жинақтау парыз. Осының бәрін ті­зім­ге салып, ұлттық құндылықтарымыз деп жи­нақтай білсек, нұр үстіне нұр болмай ма? «Жүз жаңа оқулық» болашақта мың оқулыққа айналар бағдарлама деп білемін. Бүгінгі Қазақстан әсіресе гуманитарлық білімге қатысты кітаптарға мұқтаж. Сол үшін бізге түпнұсқадан аударылған кітаптар өте қажет. Техникалық мамандықтар, медицина, ауылшаруашылығына қатысты оқулықтар да заманауи білім жүйесіндегі айналымға түсуі тиіс деп есептеймін.
– «Туған жер» бағдарламасы аясында өзіңіз де туған топыраққа тағзым етіп келгеніңізден х­а­бар­дармыз. Мұхтар Арын – халқымыз үшін қа­дірлі тұлғалар қатарында аталады. Елі-жұрты тұл­ғаға жасалған перзенттерінің құрметін қалай қа­былдады?
– Құдайға шүкір, қазір ел бар. Тұлғаның қаді­рін ұғатын халқы бар. «Ерім дейтін елі болмаса, елім дейтін ері қайдан шығар?» дей ме? Ерім дей­тін елі-жұрты бар әр азамат бақытты дер едім. Әкемнің еңбегін елеп-ескеріп, үлкен ауқымда конференция ұйымдастырып, алыс пен жақыннан зиялы қауым өкілдерін шақырып, халықаралық конференция өткізді. Бәріне мұрындық болған – Алматы облысының әкімшілігі және Сарқан ауданының азаматтары. Конференцияда мүйізі қарағайдай академиктер сөйледі. Мұхтар Арынның қоғамдық-сәяси өмірі мен қызметін талдап, баяндамалар жасады. Жетпіс адамнан құралған ұлттық оркестр үлкен концерт қойды. Әкем кезінде «Бес анық» деген кітап жазған. Қазақ болам десең, бес нәрсені міндетті түрде білуің керек дейтін. Ол: діл, дін, дәстүр, тарих және атамекен. Осы бес құндылықты көздің қарашығындай сақтап, бойтұмары еткен болашақ ұрпақ бабалар аманатынан адаспайды дейді. Иә, қазақ халқы өте күрделі кезеңдерді бастан кешті. Әкеміз – бізге әке ғана емес, ұлтқа тұлға болған азамат екенін бала кезден біліп өстік дегенмен де, осы конференция арқылы ұлты да тұлғасын алақанында әлпештей алатынына көңіліміз марқайғанын несіне жасырайық?
– Елдің қоғамдық-ағартушылық өмірінде сіздің де қалдырған ізіңіз айрықша. Бүгінгі күн биігінен қарағанда Қазақстанның рухани әлеміне қандай баға бересіз?
– Ондай дәрежеге жеткен жоқпын. Елдің рухан әлемін талдап бере алмаймын. Алайда, мені қуантатын, шүкіршілік еткізетін екі жайтты айтайын. Біріншісі, өте бай қазақ тілінің жағдайы. Қазақ тілі – дүниежүзіндегі тілдер қатарында өз орны бар, айрықша тілдер қатарында деп ауыз толтырып айта алатын деңгейдеміз. Әр елдің өз ерекшелігін білдіретін – тілі десек, қазақ тілі де қазақ дүниетанымынан терең хабар береді. Тек қана қазаққа тән, қазақтың рухын, ділін сипаттайтын сөздер бар. Шаңырақ, атамекен, бауырсақ сияқты, мәселен. Одан бөлек, қазақ жүріп өткен жолды, тарихи кезеңдерді көрсететін сөздер тізбегі бар. «Ақтабан шұбырынды», «Алқакөл сұлама» дегендей. Осындай сөздерді тауып, жинақтап, рет-ретімен қалпына келтіріп, түсіндірмесін жазып, арнайы сөздіктер шықса деп армандаймын. Жапон тіліндегі отыз пайыздан аса сөз күрішке байланысты айтылады екен. Күріш – жапонның экономикалық этнонимі десек қателеспейміз. Ал, қазақ тілінде, Құдай біледі, сөздің елу пайызы мал шаруашылығына қатысты болар: «құлыншағым», «ботақаным» деген еркелету сөздерінен бастап, әр салада жеке-жеке талдай беруге болар. Осындай бай тілдің көкжиегін одан әрі кеңейтіп, жаңа әрі заманауи сөздіктер қорын шығарсақ, ұлттық рухани әлемін байыта түсеріміз анық.
Екінші, қазақтың халықаралық аренада бәсі биік. Бұл – қазақ халқының үлкен бақыты дер едім.

– Әңгімеңізге рахмет!

Әңгімелескен
Қарагөз Сімәділ

Орбұлақ: ұлт жеңісі, ұрпақ мақтаны

Өзбекстанға Қазығұрт ауданы арқылы өтетін халықаралық күре жолдың бойындағы жотадан бабалар рухы асқақтап қарсы алады. «Бабалар рухына тағзым» кешені, Ұлы Отан соғысына қатысушылар ескерткіші тұрғызылып, Жастар саябағы ашылғаны кешегінің оқиғасы десек, ендігі таңда осы маңда Салқам Жәңгір хан мен Жалаңтөс баһадүрдің айбынды бейнесі менмұндалап тұр. Үлкен кешен ішіндегі бір белгі мен екінші белгіні жалғайтын жолдың өне бойына Абайдың қара сөздері тасқа қашалған. Сәл төменірек түссеңіз, қазақ руханиятындағы беделді тұлғалар отырғызған ағаштар сап түзейді. Кемеңгер Әбіш Кекілбайұлы тіккен самырсын біздің көзге оттай басылды. Еңселі, айбынды. Кешегі таудай бабаларымыз бен бүгінгі биік даналарымыздың бірі беріп, екіншісі туын жықпаған дәстүр жалғастығы деп осындайда айтса керек. 1993 жылы, Орбұлақ шайқасының 350 жылдығын Панфилов аумағы ауданында күллі қазақ жұртшылығы бөркін аспанға атып тойлап жатқан тұста, дәл осы Әбіш абыз келелі баяндама жасап, тәуелсіздігін енді-енді сезініп жатқан жұрттың еңсесін тіктеген, тарихын түгендеген аталы сөз айтқан болатын. Енді міне, сол шайқастың қос қаһарманы тұғырға қонған мекенде де Әбіш ақсақалдың ағашы Орбұлақ батырларына тағзым жасағандай, өзге жұртқа «айбынымыз осылар ғой» деген сөзді үнсіз ұқтырып тұрғандай…

Рухани ұстын – ұлт өзегі
Шымкент шаһарына ат басын тіреген дүйім жұрт – арнайы делегация ең алдымен өңір басшысы тізгінін ұстаған келелі жиын­ға қатысып, аймақта атқарылып жат­қан іс-шаралар легімен танысты. Облыс басшысы Жансейіт Түймебаев: «Елбасымыз рухани жаңғырудағы ұлттық сананың рөліне баса назар ауда-рып, аса маңызды бірнеше мін­деттерді айқындап берді. Оның ең не­гізгісі – ұлттың терең тарихынан бас­тау алатын рухани ұстынды сақтап қалу. Та­­­рихтың белестерінен сүрінбей өткен құндылықтарымыз бен озық дәстүрімізді табысты жаңғырудың ал­ғышартына айналдыра білу», – дейді ға­лымдар, қаламгерлер, зиялы қауым өкілдері қатысқан басқосуда. Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағ-дарламасының бір жылдығына орай өткен бұл есеп беру жиында Елбасы бағдарламасын іске асыру бойынша Оңтүстік Қазақстан облысында арнайы өңірлік комиссия мен Сарапшылар кеңесі құрылғанын білдік. Және бағдарламада атап көрсетілген барлық міндеттер бойынша оңтүстік аумағындағы іс-шаралардың жай-жапсарымен таныстық. Елбасы бағдарламасын басшылыққа ала отырып, Ж.Түймебаев облыста бір жылдың ішінде атқарылған әлеуметтік-мәдени ауқымды іс-шараларға нақты деректер келтіріп өтті. Оның барлығын тәптіштеп көрсетіп отыруға га­зет көлемі көтермейтін болғандықтан, негізгі бар­ған шара­мыз – «Қазақстанның киелі жерлері» ар­найы жобасы жайлы айтқан әкім сөзіне арнайы тоқ­талып өткіміз келеді: «Облыстағы 104 қасиетті, киелі жер­дің тізімі «Қа­сиетті Қазақстан» ғылыми-зерттеу ор­талығына ұсы­нылып, 24 нысан Оңтүстік Қазақстан облысынан рес­публикалық тізімге енді. Қалған 80 тарихи-мәдени ес­керткіштеріміз жергілікті маңызы бар, қасиетті, кие­лі жерлердің тізіміне кірді. Оңтүстік Қазақстан облысындағы киелі орындарды дамыту мақсатында 2017 жылы жергілікті бюджеттен 314,6 млн теңге қаржы қаралып, толығымен игерілді», – дейді Жансейіт Қансейітұлы. Одан өзге, ЮНЕСКО-ның «Ұлы Жібек жолы ескерткіштері» ата-лымы бойынша әлемдік мәдени мұралар тізіміне енген ортағасырлық 8 ескерткіш туралы тұңғыш рет деректі фильм түсіріліпті. Сайрам ауданындағы «Хан­қорған» археологиялық қалашығына археологиялық қазба, реставрация және консервация жұмыстары жүргізіліп, ашық аспан астындағы музейі де ашылатын күн жақын.
Жиынға қатысқан өзге қонақтар да «ру­хани жаң­ғыру» төңірегінде сөз қозғап, ұсыныс-пікірлерін білдірді. Белгілі жазушы, драматург Мархабат Байғұт: «Әдебиетті жүйелі насихаттауға жаңаша мазмұн беруі­міз керек. Ұлттық кодты жаңғыртудың негізгі қайнар көзі, рухани жаңғырудың басты мәйегі – әдебиет. Оны естен шығаруға болмайды. Туған жердің қасиетті то­пырағының киесі секілді, әдебиеттің де киесін ту етіп ұстауымыз керек. Әлеуметтік желінің әлеуетті жақ­тары аз емес. Алайда әулекі, әсіреңкі жақтары әде­биетті желпілдетіп, жүдетіп-жадатып барады. Әуезовтің «Әдебиет – мәдениеттің атасы» деген қа­нат­ты сөзі бар. Мәдениетті болайық», – десе, қа­ламгер, публицист Нұртөре Жүсіп оңтүстікті туризм Меккесіне айналдырудың жай-жапсарына тоқталды: «Киелі Қазақстан» жобасы бойынша ең көп нысан осы Оңтүстік Қазақстан облысынан ілініп отыр. Әрине, әр облыстың дамығаны жақсы. Бірақ табиғаты, тарихы, қызмет көрсету сапасы да ерекше өңірлердің бірі – Оңтүстік Қазақстан. Жыл он екі ай қонақ үзілмейді. Сондықтан, туризмді дамытамыз десек, осы аймаққа айрықша көңіл бөлген дұрыс», – деген пікірін ортаға салды. Академик Дихан Қамзабекұлы: «Оңтүстік Қа­зақ­стан – бүкіл Қазақстанның моделі. Мұнда біздің бабаларымыздың сүйегі жатыр. Түркістандағы Қожа Ахмет Иассауи кесенесінде қазақ хандары жерленгенін дү­ниежүзі біледі. Оңтүстікте қасиетті Қазығұрт тұр. Мұ­ның бәрі – миф, фольклор емес, бүгінгі күннің шын­ды­ғы», – дейді.

Ұлт тарихындағы Орбұлақ шайқасы
Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімдігі, Мәдениет және спорт министрлігі, Шоқан Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты, Мұхтар Әуезов атын­дағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті мен «Жеті жарғы және Қожаберген жырау» халықаралық қоғамдық қайырымдылық қорының ұйымдастыруымен «Ұлт тарихындағы Орбұлақ шайқасы: ұлы жеңістің ақи­қаты және маңызы» атты халықаралық ғылыми-тео­риялық конференция ерекше екпінмен өтті. Кон­ференцияны ұйымдастырушы «Жеті жарғы жә­не Қожаберген жырау» халықаралық қоғамдық қайы­рымдылық қорының төрағасы, заң ғылымының док­торы, профессор, Қазақстанның Еңбек сіңірген қай­раткері Бекет Тұрғараев құттықтау сөзімен ашты. «Конференция Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласының жарияланғанына бір жыл толуына орай шақырылып отыр. «Рухани жаңғыру» идеясын бүкіл халық қолдап, оны жүзеге асыруға белсенді атсалысып келеді. Бүгінгі алқалы жиынның ұйымдастырылуы да, ата-бабаларға кешенді мемориалдық ескерткіш орнату да осының дәлелі болса керек. Жалпы өткен бір жылда қыруар жұ-мыстар атқарылды. Мұнымен тоқтап қалмайтынымыз анық», – деді Б.Тұрғараұлы құттықтау сөзінде.
ҚР Ғылым академиясының академигі, химия ғылы­мының докторы М.Жұрынов, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің жауапты хатшысы, заң ғылымының докторы, профессор Қуатжан Уәлиев, Ш.Уәлиханов атын­дағы Тарих және этнология институтының ди­рек­торы Зиябек Қабылдинов, И.Арабаев атындағы Қыр­ғыз мемлекеттік университетінің ректоры, та­рих ғылымының докторы, профессор Толобек Аб­ды­рах­манов, Қазақстан Елтаңбасының авторы, сәу­лет өнерінің профессоры, Қазақстанға Еңбек сіңір­ген қайраткер Жандарбек Мәлібеков, ҚР Парламенті Сенатының депутаты, «Ауыл» халықтық демократиялық-патриоттық партиясының төрағасы, экономика ғылымының кандидаты әли Бектаев жи­налған қауымды құттықтап, конференция жұмысына сәттілік тіледі.
Орбұлақ шайқасы туралы жіті зерттеп жүрген бел­гілі жазушы Бексұлтан Нұржекеұлы: «…Біздің бүгінгі жиынымыз «Рухани жаңғырудың» аясында өтіп жатыр. Жаңғыру деген өткенге оралу ғой. Осы отырған бәріміз Арыс деген бабаның ұрпақтарымыз. Қазақ ол кісінің шын аты Ан-Арыс дейді.
Ал Геродот Анахарсис дейді. Үлкен ауылды Ақ Арыс, орта ауылды Жан Арыс, кіші ауылды Бек Арыс дей­ді. Сол кісінің алты баласынан тараймыз. Екі баласы өмірден өткеннен кейін төрт баласының ұрпақтары тіршілік жасап жүрміз. Сол дәуірден жеткен бір ұлағатты сөз бар. «Алтау ала болса, ауыздағы кетеді, Төртеу түгел бол­са, төбедегі келеді». Мұның түбі – бірлік. Одан бер­гі Түрік қағанатының заманында «Түрік халқы үшін ащы терімді төктім. Қызыл қанымды төктім. Күн ұйқтамадым, түн ұйқтамадым», – дейді Күлтегін. Не үшін? Арыс ұрпағының бірлігін сақтау үшін. Шың­ғыс хан: «Біздің халықтың жауы, жердің үстінде жүр­геннен гөрі жердің астында жатқаны жақсы. Біздің төңірегімізде, бізге қауіп келтіретін ешқандай мемлекет болмауы керек. Біз сол үшін ел қорғауымыз керек», – дейді. Мақсаты не? Халықты, бірлігін сақтау. Одан беріде «Қасым ханның қасқа жолы» бар. Ол не қылған жол? «Ұл – әкесін, қыз – шешесін сыйлауы керек. Кіші – үлкенді сыйлауы керек. Қара – ханын, Ханы – хал­қын сыйлауы керек. Сонда біздің елде бірлік бо­лады», – дейді. Демек, мемлекет бірлігі отбасынан бас­талатынын меңзеп отыр. «Есім ханның ескі жолы» дей­ді. Ол неге ескі жол? Ол ата-бабаның әлімсақтан келе жатқан жолын сабақтастыру болып табылады. «Біз сапалы халық болуымыз керек.

Жеті атаға дейін ұрпақ біріне бірі үйленбейтіні со­дан қалған. Бұл туыстықтың белгісі». Бұл бұрыннан бар әдеп-ғұрыпты Тәукенің Жарғымен бекітуінің мә­ні сонда. Кешегі Алашорда арыстары мемлекеттік бір­лікті алға қойды. Бірақ жүзеге асыра алмады. Соны жү­зеге асыратын ұрпақ біз болып отырмыз. Сондықтан жаң­ғыру деген ата-бабамыздың тегіне келу деген сөз. Ал енді осы ұлы бірлікке үлгі болған Орбұлақ шайқасы қай­дан шықты? Бұрын білмеуші едік қой. Мұның үш түп дерегі бар. Басқалары соған негізделген. Олар­дың ішінде аңызы да бар. Аңыз деген тарих емес, ол тарихқа құрмет, соны дәріптеу. Ең бірінші дерек 1644 жылы ақпан айында Тобыл әскер басы Куракинге Ор­бұлақ шайқасын баяндаған орыстың екі елшісі Гавриил Ильин мен татар Кучембердиевтерден қалған. Екеуі 1643 жылы наурыз айының аяғында Батыр қоңтайшының Еділ бойындағы Қарайғыр деген жердегі ордасына жылдық жалақысын беруге барады. Қайдағы жалақы? Көрдіңіздер ме, орыс патшасы Ба­тыр қонтайшыға жалақы беріп жіберген. Демек бұл – ымыра. Олар: «Біз жеткенде қоңтайшы 50 мың әс­керімен Жәңгір хан мен Жалаңтөске қарсы аттанып кетіп­ті», – дейді. Соғыс әлі біткен жоқ. Бірақ елшілер оның кіммен соғысатынын біліп отыр. Демек бұл әріден дайындалған. Елу мың қолды елу күнде жинай алмайсың. Қалмақтар 1640 жылы бірігу құрылтайын өткізген. Сол әскер бірігу құрылтайының жемісі. Қоң­тайшы үш жылдан кейін қазақтан кек алу керек де­ген. Елшілер: «Біз төрт ай күттік. Олар Илья күнінде орал­ды», – дейді. Орыстардың күнтізбесі бойынша Илья күні шілденің жиырмасы болады. «Содан кейін біз оның қасында екі ай болдық. Сөйтіп Тобылға он бір айда зорға жеттік», – дейді.
Орбұлақ шайқасы болған жерді 1975 жылы көр­дім. Сол жерде туып-өскен адаммын. Бұл жер бұрын­нан Ордың бұлағы деп аталып келді. Неге Ордың бұ­ла­ғы? Ордың қасында үш-төрт бұлақ бар. Орбұлақ шай­қасының 350 жылдығы мерекесіне сол кездегі Премьер-министр Терещенко өзі барып, қазақша сөйлеп ашты ғой. Сол кездегі Үкімет қаулысында «Орбұлақ шайқасы» деп беріліпті. Содан бастап Орбұлақ шайқасы деген атқа ие болып, тарихи айналымға түскен…», – деген пікірін ортаға салды.
Жиында алғашқы болып сөз алған Оңтүстік Қа­зақ­стан облысы әкімі Жансейіт Түймебаев: «Бұл конференция Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: ру­хани жаңғыру» бағдарламасының бір жылдығы аясында Орбұлақ шайқасына 375 жыл толуына орай өткізіліп отыр. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев: «Та­рих­ты танып, зерделеу керек. Тарихты таразылау қажет. Сон­да тағдырыңды, бүгінгі тұрпатыңды танисың, ке­ле­шегіңді бағдарлайсың» деп шегелеп айтқан еді. Біз өткенімізге құрметпен қарап, болашағымызға сенім­мен көз тіккен халықпыз. Осындай тарихта ерекше іс қалдырған қазақ халқы үшін азаттық жолындағы тари­хи жеңістердің бірі – Орбұлақ шайқасы. Орбұлақ шайқасы – ұлттық тарихтың жауынгерлік даңқ шежі­ресінде ерлік пен қаһармандықтың өнегесі болып ай­шық­талып қалды. Бұл – қазақ жасақтарының ойрат бас­қыншыларына қарсы ымыралықпен тоқсауыл бер­ген шайқастарының бірі. Сондықтан шайқастың ел тарихындағы маңызы ерекше. Қазақ жауынгерлері ойраттардың әскерін Орбұлақ тұсында тоқтатып, оның бір бөлігін жойған. Бұл оқиға бірлік пен ынтымақ бар жерде алынбайтын қамалдың жоқ екендігін дәлелдеп отыр», – дейді.
Мәдениет және спорт министрлігінің жауапты хатшысы Қуатжан Уәлиев: «Қазақ даласының қай жері де киелі. Ата-бабаларымыз қарыстай жер үшін қасық қаны қалғанша шайқасқан. Солардың арманы болған тәуелсіздік жаңа мүмкіндіктерге кеңінен жол ашып берді. Алтайдан – Атырауға, Арқадан – Алатауға дейін ұшса құс қанаты, шапса тұлпардың тұяғы талатын сайын даласы, сағымды сахарасы қайта түлеп жатыр. Сондықтан өткен тарихты мұқият зерделеу арқылы кемел болашаққа көз тігіп отырған жері шұрайлы, тарихы шырайлы Шымкент жерінде мұндай басқосудың өтіп отырғаны заңды құбылыс деп бағалауымыз керек. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың осыдан бір жыл бұрын жарияланған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы еліміздің өміріне жаңаша серпін, тың мазмұн берді. Елбасы ХХ ғасырдағы батыстық жаңғыру үлгісінің бүгінгі заманауи болмысына сай келмеуінің сырын ашып көрсетті. Әлемнің басқа елдерінің тәжірибесін зерделей келе әр қоғамның өз тамыры, тарихының тереңінен бастау алатын рухани коды болады деген тұжырым жасады», – дей келе, Орбұлақ шайқасының мән-маңызына да арнайы тоқталып, «Мәдени мұра» бағдарламасын да тілге тиек етті.
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің профессоры, философия ғылымының докторы Амангелді Айталы: «Батыр бабаларымыздың ұрпағы – біз, қазақтар, бүгін кімбіз? Біздің болмысымыз қандай деген сұрақ туындайды. Сол батырлық қасиет сабақтасып, күні бүгінге дейін келді ме? Орбұлақ шайқасы бізді бүгін әртүрлі ойға жетелейді. Біріншіден, тарихи оқиғаның болғаны ешқандай күдік туғызбайды. Екіншіден, тарихи оқиға әртүрлі деректерде, мәтіндерде мойындалып, елдің тарихи жадында сақталған. Үшінші, оқиғаның тарихи негізінде ғылыми айналымға түсуі, әдеби шығармаларға арқау болуы, халық санасының арқауы болуы керек. Орбұлақ шайқасын саралағанда, Лев Гумилевтің теориясы еске түседі. Бұл теория бойынша ұлттың пайда болуы ұлт этногенез теориясы бірнеше кезеңнен өтеді. Бірінші кезеңді материалдық және рухани күш жинау кезеңі немесе императив дейді. Бұл кезең қазақ халқының хандыққа дейінгі кезеңі болса керек. Екінші кезең, осы пассионарлық кезең. Бұл – ұлттың тарихи сахнаға шығуы. Тағы да бір табыс, тағы да бір жеңіс, тағы да бір ғимарат деп, табыстан – табысқа, жеңістен – жеңіске жетеді. Бірақ ұлт осы бір пассионарлық құлшынысты әр уақытта ұстап тұра алмайды. Сондықтан үшінші кезең басталады. Оны сұйылу кезеңі дейді. Бұл тұста ұлт өткенін ұмыта бастайды. Ұлттың болашағын ойламайды. Оны білгісі келмейтін ұрпақ келеді. Олар өздері үшін ғана өмір сүріп, қарабастарының қамын ғана ойлайды. Тоғышарлық психология күш алып, бұрынғы ұлттық мұра шашырай береді. Төртінші кезең – футиризм. Бұл кезеңде ұлт тарихын ұмытады. Сондықтан бұрынғы арман бұлдырай бастайды. Бесінші кезеңде ұлт, тіл, дін, қоныс өзгере бастайды. Бұрынғы ұлы далада тұрған қазақ қалаға шоғырланады. Бірте-бірте басқа ұлтқа айнала бастайды. Енді осы бес кезеңді айтқанда бүгін біз қай кезеңдеміз деген сұрақ өзінен-өзі туады. Бұл – Гумилев теориясы. Сондықтан, өте қиын сұрақ. Қазақ халқының бойындағы мінез, қасиеттер Салқам Жәңгір заманындағыдай пассионарлық шабыт, өскелең биік рух бірте-бірте әлсіреген. Бұл – тек қазақ халқының ғана емес көптеген халықтардың басында бар жағдай. Ұлтқа дем беріп, рухтандырушы Салқам Жәңгір секілді, Әлихан Бөкейхан секілді пассионарлақ тұлғалар көрінбейді. Қазақ талай қасірет шегіп, талай рет тауы шағылды. Тәуелсіздік келді. Біз қазір тарихи жауапкершілік алдында тұрмыз. Бүгінгі қазақ – бұрынғы қазақ емес. Біреу өте бай, біреу бай. Біреу орта, біреу ортадан төмен, біреу кедей, біреу өте кедей. Солай күн көріп жатырмыз.
Ел шетіне жау келсе, Салқам Жәңгір секілді, Жалаңтөс секілді батырлар шыға ма қазақтың арасынан? Иншалла, шықсын. Бірақ миллиардтарын шетелде ұстайтын топтың ойы бөлек. АҚШ президенті Томас Джефферсон: «Коммерсанттың отаны жоқ» деп айтқан екен. Елдің басым көпшілігі даурықпай отбасын бағып, Үкіметке қол жаймай еңбек етіп жатыр. Міне, пат­риоттар – солар. Жерді, елді, тілді қорғайтын да осы­лар. Байлардың барлығы Бекет Тұрғараев секілді меценат емес қой. Ақшалы адамдар да ел шетіне жау келсе, олар да елді қорғай біледі. Сол сияқты қарапайым халықтың ішінен де сатқындар шығар. Өйткені ондайлар жоңғарлармен соғыс заманында да болған. Ең басты мақсат – мына жаһандану заманында халықтың рухын сақтап қалу. Сондықтан рухани жаңғыру дегеніміз – бүгінгі заманда елдің тұтастығы, елдің бірлігі. Қазақты елге, жерге бөлуге болмайды. Кейінгі ұрпақтан пассионарлық тұлғалар шығатынына сенімім мол. Неміс философы «Тарихта адамдар көр­мей­­тін бір жіптер болады. Ол жіп – сабақтастық. Ол – алтын жіп», – деген екен. Орбұлақ заманы мен бүгін­гі заманды жалғастыратын алтын жіп бар, ол – рух. Ол – біздің тарих. Сондықтан алтын жібіміз мықты болсын. Еліміздің рухы өсе берсін», – деп, баяндамасын аяқ­тады.
Ғалым, мемлекет және қоғам қайраткері Өмірзақ Озғанбаев өз сөзінде Орбұлақ шайқасының деректері мен зерттелу мәселесіне тоқталды. «…Қоңтайшының қазақтарға қарсы жорығы 1643 жылдың қысында басталып, 1644 жылдың жазының ортасына дейін созылады. Жоңғарлар Тянь-Шань қырғыздары мен Жетісу елінің қазақтарына қырғидай тиіп, қырғынға ұшыратады. Мыңдаған тұтқын Жоңғарияға жөнелтіледі. Жорықтың алғашқы кезеңіндегі жеңіске масайған қоңтайшы қазақ жеріне ентелеп, дендеп кіре бастайды. Дәл осы кезде Жәңгір хан жауды Орбұлақта қарсы алуға кіріседі. Ол жоңғар әскерінің саны, бағыт-бағдары мен жоспары жөнінде үнемі хабардар болып отырады. Мұны Жәңгірдің Хунделен тайшымен достығының нәтижесі деуімізге де болар. Жәңгір сұлтан барлау мәліметтерін ұтымды пайдаланып, жауға қарсы тұратын ыңғайлы, ұрымтал жерді де көрегендікпен талдайды. Жауды шырғалап, тар қысаңға кіргізеді. Әртүрлі амалдармен тосқауылдар қойып, олардың әлсіз тұстарын дәл табады. Бірнеше апта бойы тар жерге кептеліп, қамалған жаудың қалың қолын қазақ сарбаздары үздіксіз шабуылмен титықтатып, орасан зор шығынға ұшыратады. Жәңгір бастаған қазақ қолы Орбұлақтың қия беткейіндегі 600 қойтасты паналап, ор қазып алып, жауын улы жебемен қарсы алады. Сонымен қатар Сасықтекенің түтінін де пайдаланады. Улы жебемен жауын сеспей қатырса, сасықтеке деген гүлді суға қайнатып, оған шүберек малып кептіреді де, от тұтатып, жел жақтан улы түтін жібереді. Соғыс өнері хақында А.Левшин: «Ол ашық шайқастан қашып, аздаған адамдарының бір бөлігін екі таудың арасымен сайға орналастырды. Олар жерді терең етіп қазып, биік қорған дуалын жасады, ал жауынгерлердің екінші бөлігі таудың арғы жағында тығылып отырды. Жоңғарлар қорғанға таяп келіп, оған шабуыл жасады. Көп адамынан айырылған соң, оларды қоршап алуға алаңның тарлығы мүмкіндік бермеді. Сол кезде Жәңгір олардың ту сыртынан шабуылдады. Ойламаған жерден болған соққының әрі жауынгерлердің батылдығының арқасында, мылтықтарының өте сапалы болуынан Батыр қоңтайшыға қатты соққы берді», – деп жазған еді. 1643 жылғы Орбұлақ шайқасында қалың қолмен жеңіліс тауып, абыройдан айырылған Батыр қоңтайшы 1652 жылғы жорықта қалай болса да Жәңгір ханды өлтіріп, кек алмақшы болады. Сол үшін де ол арнайы мерген-садақшылардан адамдар даярлап, оларға ұрыстың қызған кезінде қазақ ханының жанына мүмкіндігінше жақын барып, өлтіруге тапсырма береді. Осылайша, ерлігімен, ақылымен, еліне деген шексіз адалдығымен артына өшпес із қалдырған, халқы үшін жауларымен алысып, арпалысып өткен қазақ ханы – Жәңгір хан нағыз ерлерше, хас батырлардай қан майданда шаһид болады.
Орбұлақ шайқасында қазақ хандығының әскери өне­рінің тарихында тұңғыш рет оқпана (окоп) қазып соғысу сын­ды әдіс-тәсіл қолданылды. Қазақ шежірелерінде жә­не халық аңыздарында соғыс Қосқолаң тауының ете­гінде Орбұлақ өзенінің бойында болған. Мұндағы со­ғыс өнері ежелгі Грекиядағы 300 спартандықтардың жау­ды жеңу техникасына сай келеді.

Бірақ Жәңгір бас­таған қазақ қолының ерлігі спартан­дықтардан да асып түскен. Тарихта атақты Леонидтің 300 әскермен пар­сының 120 мың қолмен шайқасқаны жайлы дерек бар. Аталмыш шайқаста да Жәңгір хан­ның әдіс-тәсілі бойынша жауды тау ортасындағы сай­ға тығып ойсырату амалы пайдаланылған екен. Ен­ді қазіргі таңда бұл шайқастағы ерлік аңызға ай­налып, бүкіл әлемге әйгілі бо­лып отыр. Голливуд бұл жөнінде 3 циклді фильм де түсір­ген. Бұл да ұлы ерлікті насихаттауға қосылған үлес. Қазақ тарихындағы Орбұлақ шайқасының өзіндік орны да ерекше. 1993 жылы, яғни осыдан 25 жыл бұрын осы тақырып ел көлемінде еске алынып, Үкіметтің арнайы шешімімен Орбұлақ шайқасының 350 жылдығы аталып өткен болатын. Содан бері 25 жыл өтті, тәуелсіздіктің 25 жылынан да астық. Осы жылдар ішінде туып, есейіп, түлеген буынның өзі 25-26 жасқа келді. Олай бол­са, тәуелсіздік тағылымын ерлікпен жетілдіріп, ұр­пақ санасына сіңірудің мән-мағынасы төтенше те­рең. «Орбұлақ шайқасының» 375 жылдығын атап өту жайын­да Үкімет биыл да арнайы шешім қабылдады.
Дәл бүгінгі күні Орбұлақ шайқасының 375 жылдығы ар­қылы – конференциялар ұйымдастыру, кітаптар ш­ығару, жиналыстар өткізу, елдімекендер мен көшелерге аттар беру, ескерткіштер қою сынды әртүрлі шаралардың атқарылып жатқаны бізді қуантады. Осы бір тарихи оқиға мен ондағы ірі тұлғалар бейнесін мәңгілікке есте сақтау үшін Салқам Жәңгір мен Жалаңтөс баһадүрдің ескерткіштері мен «Талдықорған өңірінің тарихи-киелі орындарының» қатарына енетін Алматы облысындағы «Орбұлақ шайқасы» болған орынның ескерткішін де Елбасы бастаған «киелі жер» ұғымына байланысты «Қазақстанның қасиетті жерлері» тізіміне кіргізіп, арнайы қорғауға алу лазым. Сонда ғана ол елдіктің еңселі ескерткіштерінің бірі ретінде мәңгілікке қала береді», – дейді Өмірзақ Озғанбаев. Өзбекстан республикасы Самарқанд мемлекеттік университетінің профессоры, тарих ғылымының кандидаты Эркин Мусурманов «Самарқанд – Регистан әлемдік өркениеттің алтын қазынасы, Жалаңтөс баһадүрдің ерлік еңбегінің тарихи маңызы» атты баяндама оқып: «…Баяндамам шығыстық түркі ғажайып ғимараттарын салушы, Самарқанның басшысы Жалаңтөс баһадүрге арналған. Тарихта Самарқанд туралы аз айтылып жүрген жоқ. Соның негізгісін айтсам, Өзбекстанды әлемге танытатын Регистанды салдырған Жалаңтөс туралы материалдар бізде аз. Өзбекстан бейнесін көрсеткен кез келген фотосуретте Ре­гистан бар. Суреттер БҰҰ-ның штаб пәтерінде де ілулі тұр. Ал оны тұрғызған Жалаңтөс баһадүр тура­лы бізде жазыла да, айтыла да бермейді. Ол туралы ақпарат мүлдем аз десек те болады. Жалаңтөс баһадүр туралы бізде материалдар аз болғанымен қазақ бауырларымызда ол туралы ғылыми деректер көп екен. Және оны халыққа танытуда үлкен жұмыстар істелінгені көрініп тұр. Оған бүгінгі конференция да дәлел бола алады. Қазақстанда Жалаңтөс атында елді мекендер бар, Қызылорда облысында ескерткіші қойылған, Самарқандта, Семейде, Павлодарда оның атына көше беріліпті. «Жалаңтөс баһадүр – тарихи тұлға» атты жинақты қарап шықтым. Сол кітаптан Жалаңтөс туралы көптеген қызықты материалдарды көріп, біразымен таныстым. Самарқандқа барған соң осы кітаптағы деректер бойынша студенттерге бірнеше тақырыпта диплом жұмыстарын жазуға беремін», – дейді.

Бабалар рухына тағзым
Іс-шараға жиналған зиялы қауым өкілдері, Қазақстанның әр өңірінен келген арнайы делегация, жалпы тілекші қауым Салқам Жәңгір хан мен Жалаңтөс баһадүрдің ескерткішін салтанатты түрде ашты. Шара барысында сөз алған қоғам қайраткері Қуаныш Айтаханов: «Бүгін біз ерекше оқиғаның куәсі болып тұрмыз. Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласындағы міндеттерді орындау жолында игі­лікті істің көп атқарылғанын көзіміз көрді. Жаңғыру – жаңару деген сөз. Жаңғыру болған жерде рухани жаңара­мыз. Біз грек тарихын, рим тарихын, орыс тарихын көп оқыдық. Ірі көтерілістерін де жаттап өстік. Бірақ қазақ халқының тарихынан ешқандай ха­бар болмады. Тарих оқулықтарына да қазақ тарихы ен­гізілген жоқ. Бұл – тоталитарлық саясаттың жемісі еді. Тәуелсіздіктің арқасында өз тарихымызға терең үңі­ліп, ақтаңдақтардың бетін аштық. Рухани жаңғыру бағ­дарламасы – елге үлкен серпіліс әкелді. Еліміздің үлкен азаматының бірі, меценат, ғалым, тарихшы Бекет Тұрғараев осыған ерекше мән беріп жүр екен. Сол себептен, Бекетке рақмет айтқым келеді. Ары-бері өт­кен жұрттың бәрі екі қаһарманның ескерткішіне көз тоқтатпай өте алмайды. Күре жолдың бойында орын тепкен еңселі ескерткіш ел рухын асқақтатып, мәр­тебесін биіктете түседі. Бұл тарих – бәрімізге үлгі, бә­рімізге сабақ болуы тиіс», – деді.
Айта кету керек, Қазақстан Республикасының Мем­лекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықованың тапсырмасы бойынша Ұлы Жеңісті тойлау ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің бұйрығымен бекітілген «2016-2018 жылдары өткізілетін мерейтойлар мен атаулы күндердің тізіміне» енгізілген. Тарихи маңызы зор шайқастың бары мен жоғын түгендеу ісі осылай бас­талып та кетті…

Қарагөз Сімәділ.

Олжас өнегесі

Адамзаттың ақыны дәрежесіне көтеріліп, Қазақ Елін дүниежүзіне танылған мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақстанның Еңбек Ері, «Әлем Азаматы» көрнекті ақын, Халық жазушысы Олжас Сүлейменовтің шынайы да шымыр шығармалары әлемдік әдебиетте үлкен құбылыс ретінде жоғары бағаланып, мағынасы рухы биік
өлең-жырлары бірнеше буынды тәрбиелеп келеді.

Олжас Омарұлының гуманист ақын ретінде «Невада-Семей» халықаралық антиядролық қозға­лысына басшылық жасаған қызметі де жұртшылыққа жақсы мәлім. Ақынның әркездегі қоғамдағы тұрақтылық пен ұлтаралық татулықты, бейбітшілік пен достықты қадірлеуге үндейтін ой-пікірлері баршамыз үшін өте құнды.
Қазақ ұлттық аграрлық университетінде тәрбие жұмысының тиімділігін арттыру мақсатында 2004 жылдан бері «Олжас Сүлейменов атындағы Әлеуметтік-гуманитарлық білім беру және тәрбие инс­титуты» жұмыс істейді. Қайраткер тұлға осында оқи­тын ауылдан шыққан студенттермен жиі кез­десіп, әртүрлі мәдени-көпшілік, спорттық ша­раларға қатысып тұрады.
Студенттермен кездесулерде көрнекті ақын әде­биет пен мәдениет, ұлттық патриотизм мен бей­бітшілік мәселесі, еліміздің экологиялық проб­лемалары және жоғары оқу орындарының ха­лықаралық білім кеңістігіне кіруі туралы пайымдауларымен пікір алмасып отырады.
Биыл да Олжас Омарұлы туған күні қарсаңында өзінің атымен аталатын институтқа келіп, университеттегі әр ұлттың жастарынан құралған студенттік «Достық» ассамблеясы мүшелерімен кездесіп, руханият тақырыбында әңгіме өрбітіп, пікір алмасты. Өнерлі жастар Олжекеңнің өлеңдерін әр ұлттың тілінде оқып, шығармаларынан композициялық көріністер ұсынып, көрнекті ақынның батасын алды.
Шығармашылық кездесуден кейін университет­тің Спорт кешенінде дәстүрлі «Олжас Сүлейменов жүлдесі» үшін волейболдан ардагер командалар арасында ХII Халықаралық турнир тартысты өтті. Турнирді ұйымдастырушы – университет ректоры, академик Тілектес Есполов.
Олжекеңнің қол добы – волейбол ойынына құмарлығын дүйім жұрт жақсы біледі. Ақын студент­тер арасында салауатты өмір салтының үлгісі де болуда. Оның бастауымен университетте ардагерлердің командасы құрылып, басқа оқу орындары мен мекемелердің командаларымен кездесулер өткізу дәстүрге айналған. Биылғы турнирге Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан елдері командаларымен қатар, Қазақстанның Тараз, Талдықорған, Шымкент, Қарағанды, Семей, Қызылорда қалаларының және Қазақ ұлттық аграрлық университетінің 2 ардагер волейболшылар командалары қатысуда. Қалыптасқан дәстүрді бұзбай, бұл жарыстарға 82 жасты еңсерген Олжекеңнің өзі де қатысып, шебер ойын көрсетті. Үш күнге жоспарланған турнирдің қорытындысы бойынша Олжас Омарұлы ойнайтын Қазақ ұлттық аграрлық университетінің командасы бірінші орынды, Жамбыл облысынан келген «Ардагер» екінші, талдықорғандық «Жетісу» үшінші, Ресейлік «Ангара» төртінші орынды иеленді.
Алдағы уақытта да университет жанындағы О.Сүлейменов атындағы әлеуметтік-гуманитарлық білім беру және тәрбие институты көрнекті ақынның шығармашылық еңбектері мен азаматтығын студент жастарға кеңінен насихаттап, олардың интеллектуалды түрғыдан қалыптасып, жетілдіру бағытындағы жемісті жұмыстарын жүйелі түрде жалғастыра бермек. Бұл ретте жастарды патриоттық рухта тәрбиелеу аса маңызды. Бүгінгі күні зерттеу университетіне трансформациялануға қадам басып келе жатқан оқу орнымыз тәрбие жұмысын заманауи тұрғыдан ұлттық бағытта ұйымдастыруды қолға алды. Заман талаптарына сай, қазіргі уақытта университеттегі тәрбие жұмыстары Ұлт Көшбасшысы – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мазмұны терең, ұлттық мүддеміз бен рухани құндылықтарымызды жандандыруға бағытталған мақаласында айтылған ұлттық идеологиялық басым бағыттарды негізге ала отырып қайта түзілді. Біздің міндетіміз – рухани жаңғыру идеясы арқылы қазақстандықтардың мемлекетшіл, патриот жаңа буынын қалыптастыру.

Есенгелді МЕДЕУОВ,
ҚазҰАУ жанындағы О.Сүлейменов атындағы әлеуметтік-гуманитарлық білім беру және тәрбие институтының директоры.
Суреттерді түсірген М.Ботабеков.

Халықтың рухани көсемі

Тәуелсіз Қазақстан ұлттар әдебиетінің мәдениетін дамытып отырған қасиетті, киелі Отан. Бүгін ұйғыр әдебиетінде, құдайға шүкір, хас шебер, талантты алтын қалам иегері бар. Ұйғыр қаламгерлерінің қаламынан туған дүниелердің арасында ел мәртебесіне лайық, озық туындылар жетерлік. Әдебиетіміз түркі жұртына белгілі әдебиеттер қатарында мақталып та жүр… Ұйғыр ұлтының өзіне ғана тән ерекшелігі болғаны секілді, оның әдебиеті де өзіндік қасиетке ие. Біздің әдебиетіміз әлемдегі танымал көркем әдебиеттердің біріне айналды. Қазақстанда ұйғыр жазушылары көп. Жас толқынмен байланыс мықты. Ұйғыр жазушыларын халқымыз алақанына салып ардақтайды. Біздің қаламгерлер өткен заманды, бүгінгі күнді, болашақты терең түсінетін, озық ойлы зиялылар. Олар Қазақстандағы барлық ұлт өкілдерімен, жазушы, зиялылармен тығыз байланысты, жарасымды қарым-қатынаспен бірге өмір сүріп келе жатыр. Қазақ ғалымдары ұйғыр жазушыларының повесть,романдарын оқып, спектакльдерді көріп, оң бағасын беріп, газет-журналдарға жазып келеді. Ш.Елеукенов,
У. Қалижан, Н. Ақыш, Г. Орда, С.Ананьевааларды ерекше атағым келеді. Ұйғыр қаламгерлерінің Отан алдында жүзі жарық, оқырман алдында ары таза. Шайырлар, жазушы-драматургтер, қоғам қайраткерлері Һ. Абдуллин, Ж.Босақов, З.Самади, М. Зулпиқар,
Қ. Һосанов, И. Саттаров, Х.Һәмраев,
И. Бахтия, Һ.Искендеров сияқты мәшһүр жазушыларымызды рухани қазынамыз деп мақтанамыз… Арамызда тірі жүр деп айтып жүреміз…

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» аясында, біздің қаламгерлер кіндік қаны тамған жеріне, өскен ауылына сапарға шығып, публицистикалық мақалалар, өлеңдер жазып халық құрметіне ие болуда. Кәсіпкер Ахметжан Шарденовтың еңбек жолын И.Баратов жазды. Закир Кузиев сияқты кәсіпкер жайында мақалалар жазылды. Ахметжан Ашири Қазақстан халық артисі Мурат Ахмадиев сияқты тұлғаны «Көркемөнер және депутат» көркем очеркімен таныстырды. Ұлт мақтанышы, бүгінгі ұйғыр замандастарымыздың еңбек жетістіктерімен үлгі болатын Қазақстан мемлекеттік сыйлығының лауреаты «Агконур» ЖШС төрағасы Кәрім Құдайбергеновтың көп жылдық қажырлы еңбегін үйреніп, «Жер академигі» атты роман эссе жазды.
Қ.Қожамияров атындағы республикалық ұйғыр музыкалық комедия театры дүние жүзіндегі жалғыз ұйғыр театры. Қазақстан президенті Н.Ә.Назарбаевтың адами-инсани саясатының арқасында ұйғыр театрына академиялық театр деген жоғары мәртебелі атақ берді. Елбасы ұйғыр театрын күрделі жөндеуге қыруар ақша бөлді. Жазушылардың қуанышы шексіз. Бұл өте үлкен қамқорлық еді. «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру»аясында ұйғыр театрының Түркия,Өзбекстан, Қырғызстан мемлекеттеріне гастрольді сапарға шығуға ақ жол ашылды…
Астананы көшірудің негізгі идеясы Елбасынікі екенін біз, жазушылар жақсы білеміз. Елорданы Отанымыздың орталық бөлігіне көшірудің аса маңызды стратегиялық, саяси-әлеуметтік, қоғамдық руханияттық маңызы дау туғызбайтын шындық еді. Ахметжан Ашири «Астана» қойылымында Астанадай қала-шаһар салудағы Елбасының қаһармандығы, Елбасы образы хас шеберлікпен қойылды. Бұл спектакль Елбасының туған күніне, астананың 20 жылдық жалпыхалықтың мерей тойына арналады. Бұл қойылым қазақ елінің басшысына Қазақстандық ұйғыр өнерпаздарының риза көңілінің ізет-құрметінің, сүйіспеншілігінің дәлелі.
2 маусым күні Қазақстан республикасының Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, Қазақстанның еңбек ері, Асанәлі Әшімов мырзалар қойылымды көріп жылы жүрекпен театр актерлар ұжымына ризашылығын білдірді. Көрермендер де қуанды…
Мен Н.Ә.Назарбавтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» өте маңызды мақаласын Алматы облысы Ұйғыр, Панфилов аудандары халқымен кездесіп, жан-жақты түсіндіріп қайттым. Сондай-ақ Ақордада өткен «Түркістан», Евразия Жазушылар қауымдастығы ұйымдастырған Қорқыт ата атындағы халықаралық драматургтер байқауында менің туған жер туралы жазған «Шарбақ» пьесам бірінші орынды иеленді. Бұл әрине, «рухани жаңғыруға» қосқан үлесім, жетістігім…
Өмірлік тәжірибесі мол, көрген-білгені көп, ой-өрісі өрнекті, кісілік келбеті көптің өнеге­сіне айналған мақтаныш етерлік қаламгеріміз Акрам Ахметовтың, «Махмұт Қашқариі» Дүрнәм Машурованың «Рухани жаңғыру» аясында жазылған «Тағдыр қисмити» «Махмұт Қашқари» қойылымы көрермен көзайымына айналды. Сондай-ақ, әлем таныған драматург Д. Исабековтың «Мұрагерлер» пьесасын түпнұсқа бойынша мемлекеттік тілде қойылды. Театр ұжымының бұл ізденісі мемлекеттік игілікте деген құрметтің, ұлы достықтың айқын көрінісі болып отыр. Шайра Хуршидә Шахунова «Туған жерде анамның исі бар» деген сыры терең, сыны бөлек кітабын оқырманға сыйлапты. Бұл кітапты шынайы ықыласпен оқып шыққан оқырман әділеттің тас таразысын, байлық пен бақыттың ара жігін ажырата білетін талғамды қанағат пен ашкөздіктің тайталасын оқырмандарыда көркем жырдың кестесімен безендіреніне көз жеткізер еді.
Илия Бахтия атындағы әдеби сыйлықтың иегері, көрнекті жанр Жәмши Розахуновтың «Ізгілік жолы», «Үмітпен өмір сүремін» атты баллада, рубайы, ғазалдар жинағы автордың білімі биік екенін көрсетті. Парасатқа толы пайым, адамгершілікке тұнып тұрған сұлу жыр соқанның философиялық иірімдерін онан сайын аша түскен.
Ақын һәм белгілі жазушы Тельман Нурахуновтың осы заман тақырыбына жазылған « Бейитики дозақ» романы жаңалығымен қоғам назарына аударған құнды кітап қатарынан орын алды. Оның ерекшелігі ақыл-ой еңбегінің көркемдігінде. Соңғы жылдардағы ұйғыр әдебиетіндегі ең салмақты, мазмұны терең, тартымды көркем шығарма болып бағалануда.
Ұлттық әдебиетті жанымен сүйетін жоғары білімді-білікті тәуелсіз Қазақстанның ұйғыр шығармашылық жастары қазақ, орыс, өзбек қаламдас жастарымен байланысы терең тамыр тартып келеді. Біз бұған өте қуанамыз. Олар М.Тохтахунов, А. Азнабақиев, А. Сабиров, Ш. Баратова, В. Молотов, Д. Разиева, З.Исидуллаевалар. бұл жас қаламгерлердің өлеңдер жинағы оқырманға әбден таныс құрметті есімдер… А.Баудуновтың
«Айқай дүние» романы өзіміз өмір сүріп отырған қоғамның ащы шындығын, шырғалаңы мен шытырманы көп тіршіліктің түйінін шешуге талпынған туынды. Әңгіме жазудың хас шеберіне айналған Г.Хошаеваның «Жүректен төгілген бір тамшы жас», «Көндім-ау саған тағдырым» түрік тілінде басылып шығып, туысқан түркі жұртына дауысы жетті.
Ешқашан адастырмайтын, ешқашан қателес­пейтін, әр қашан абыройға бөлейтін ой еңбегі мен шығармашылық еңбектен Аллам айырмасын! Халқымызды рухани кедейліктен сақтайтын әде­биетіміз аман болсын!

Ахметжан Ашири,
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері,
жазушы-драматург.

Рухани жаңғырған жыл

Астанада мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты мақаласының бір жылдығы қорытындыланды. Жоба жетекшілері 12 ай ішінде атқарылған жұмыстардың жай-жапсарын айтып, алдағы жоспарларымен бөлісті.

Айта кетейік, мемлекет басшысының ауқымды жо­­­басы осыдан тура бір жыл бұрын жарияланған. Бағ­дарламаны жүзеге асыру барысында «Туған жер», «Қа­зақстанның қасиетті жерлерінің географиясы», «Қа­зақстанның 100 жаңа есімі» секілді 6 бағыт ай­қын­далды. «Сокралды Қазақстан» ғылыми-зерттеу ор­талығының басшысы Алматыда тарихтағы киелі ке­зең­дерді қамтитын орындардың анықталғанын айтты.
Шараның тізгінін ұстаған ҚР Президенті әкім­ші­­лігінің ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі Аида Ба­лаева мемлекет басшысы мақаласының маңызына ерек­ше тоқталып, бағдарлама аясында қолға алынған жо­баларға әр азамат белсенді қатысқанда ғана оның нәтижесі болатынын атап айтты.
– Осынау шараның мақсаты да осы. «Рухани жаң­ғыру» бағдарламасын одан әрі қалай жетілдіруге бо­латынын ақылдасу, ойласу. Бағдарламаға еліміздің әр аза­маты қатысса ғана оның нәтижесі тиімді болады. Осы­ны Елбасы да үнемі айтып отырады. Сондықтан ал­да әлі жұмыс көп. Бағдарламаны барынша қызықты ету керек. Ең бастысы, үлкен нәтиже бар. Енді осының бәрін әрі қарай елге жеткізу – сіз бен біздің басты мақсатымыз. «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағ­дарламалық мақаласының әр жобасы бөлек-бөлек мем­лекеттік бағдарламаға тең. Соның бәріне xалық бел­сенді атсалысып келеді, – дейді А.Балаева.
Жиында «Аймақтардағы «Туған жер» арнайы жо­­­­басының іске асырылуы туралы» есеп берген ҚР Президенті әкімшілігінің мемлекеттік бақылау жә­не ұйымдастыру-аумақтық жұмыстары жөніндегі бө­­­лімінің меңгерушісі Мақсат Мұханов «Рухани жаң­ғыру» бағдарламасының бір жылдың ішінде нағыз ха­лықтық бағдарламаға айналғанын жеткізді.
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: ру­хани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы жа­рияланған бір жыл ішінде бағдарламадағы іргелі жо­балар бойынша ауқымды жұмыстар атқарылды. Бағ­дарламаларда атап көрсетілген жобаларды іске асыру барысында әлеуметтік инфрақұрылым дамып, мәдениет ескерткіштер қалпына келтірілді. Жалпы, «Ту­ған жер» жобасы аясында атымтай жомарттардың қол­дауымен 51 млрд теңге сомасындағы 700-ге жуық ны­сан бой көтеріп, қайта қалпына келтіріліпті. «1700-ден аса меценат осы жұмысқа қатынасты. 2018 жыл­ғы бірінші тоқсанда меценаттардан тартылған со­ма 4 млрд теңгеге жуықтады. Жалпы, биыл 61 млрд теңге сомасындағы 450 нысан салу мен жөндеу жос­пар­лану­да», – дейді М.Мұханов.
«Қазақстанның қасиетті географиясы» арнайы жо­басы екені белгілі. Жоба Қазақстанда бар киелі нысандарды жүйелеу мен терең ғылыми-зерттеуді бастауға мүмкіндік береді. «Қасиетті Қазақстан» ғы­лыми-зерттеу орталығының басшысы Берік Әб­діға­лиұлы егжей-тегжейлі талдап берген бұл бастамаға қа­тысты қызығушылық танытқан сауалдар да көп қойыл­ды.
Берік Әбдіғалиұлы, «Сакралды Қазақстан» ғы­лы­ми-зерттеу орталығының басшысы:
– «Тәуелсіздік монуметі», «Желтоқсан ескерткіші» секілді тарихи орындардың бәрін қамтуға тырыстық. Со­сын елге еңбегі сіңген «Кеңсай» зиратында жатқан ұлы тұлғаларды да қостық. Олардың арасында Райым­бек батыр бабамыз да бар. Осындай тарихта өз орны бар дегендердің бәрін де назардан тыс қалдырмадық. «Ме­деу», «Көктөбе» секілді заманауи орындарды турис­тік саланы дамыту мақсатында да қолға алып, жөн­деу жұмыстарын жүргіземіз.
Жоба аясында биыл «Боралдай сақ қорғаны» ар­хео­логиялық саябағы салынып, жыл соңына дейін пай­далануға беріледі. Және Қазақстанның киелі орын­дарына арналған 4 фильм түсіріліп, 4-еуі де 5 тіл­ге аударылмақ.
Киелі нысандар тізімі Ә. Х. Марғұлан атындағы Археология институты, Ш. Ш.Уалиханов атындағы Та­рих және этнология институты, Мемлекеттік тарих инс­титуты ғылыми ұжымының алқалық іріктеу жүргізу жо­лымен жасалған. 2017 жылы Қазақстанның киелі орын­дарының бастапқы тізіміне 574 нысан алынып, же­ке-жеке зерттеліп жатыр.
Қазақ халқының өткен өмірін бейнелейтін та­рих және мәдениет ескерткіштері мен табиғат нысан­дары­ның көптігіне байланысты ғылыми ұжым өз жұмысын әрі қарай жалғастыра бермек. Яғни археолог, тарихшы, этнолог, филолог, шығыстанушы және өлкетанушы ғалымдар жұмыла күш жұмсап, елбасы бағдарламасын жүзеге асыру жолында қажырлы еңбек етуге білек сыбанып отыр.
Жалпы, жүргізілген жұмыстар барысында жалпыұлттық және өңірлік маңыздағы нысандардың тізімі жасалды. Жалпыұлттық маңыздағы 185 қасиетті нысан және жергілікті маңыздағы 463 қасиетті нысан анықталды. Мәдениет және спорт министрлігінің ұсынысымен арнайы үш мемлекеттік қорық ашылайын деп жатыр. Президент Әкімшілігі қолдауымен Үкімет қаулысы шықты. Бұл – Елбасының тікелей тапсырмасы. Бірінші қорық ол – Астананың маңайындағы Бозоқ. Оны көбі біле бермейді. Бірақ Астана бұл жерде кездейсоқ салынған жоқ. Ол – қазақ тариxында елеулі оқиғалар өткен жер. Бозоқ соның бір дәлелі болса керек. Болашақта сол жерде үлкен музей мен визит-орталық ашылады. Мұндай санаттағы екінші қорық – Ботай. Ол жерде адамзат баласы тұңғыш рет жылқыны қолға үйретті. Оны әлем ғалымдары да мойындап отыр. Үшіншісі – Сарайшық. Былтырдан бері Атырау облыстық әкімдігінің бастамасымен үлкен жөндеу жұмыстары атқарылып жатыр. Кезінде Қасым xандар елдің астанасын Ұлытаудан сол жерге апарған. Сөйтіп Алтын Орданың мұрагері біз екенін көрсетті. Сондықтан Сарайшық біз үшін үлкен геосаяси құндылық. Соны насиxаттап, жеткізе білуіміз керек.
Жиында айтылған ауқымды жобалардың бірі «Жаһандық әлемдегі заманауи қазақстандық мәдениет» жобасы болды. Шетелде қазақстандық мәдениетті дәріптеу – «Рухани жаңғырудың» негізгі бағыттарының бірі. Ол жұмыстардың басында 2017 жылғы маңызды оқиғалардың бірі 17-19 қазанда Париж қаласында беделді халықаралық деңгей саналатын UNESCO штаб-пәтерінде «Рухани жаңғыру» ұлттық бағдарламасының таныстырылымын атап өтуге болады. Таныстырылым аясында қазақстандық мәдениеттің түрлі бағыттарын шетелдік аудиторияға көрсететін бірқатар іс-шаралар өткен еді. Мәдениет және спорт вице-министрі Ақтоты Райымқұлова ол жоба негізінде қазақстандық мәдениеттің жетістіктерін дәріптеу, үздік музыкалық шығармаларға цифрлы форматта жедел қолжетімділік жасау мақсатында Dalatunes жобасы іске асырылғанын атап өтті. «2017 жыл бойынша 13 мың музыкалық шығарма, 1,2 мың нота және 1,7 мың аккорд жүктелді. Өнер шығармаларын, сондай-ақ музейлік қорларды цифрландыру бойынша жүйелі жұмыстар басталды. Сонымен қатар Ә.Қастеев атындағы мемлекеттік өнер музейінде жалпы музейлік қордан 24813 бірлік 13700 бірлікке цифрландырылды. Орталық мемлекеттік музейде 39 602 бірлік цифрландырылды», – дейді А.Рахметоллақызы. Вице-министр өз кезегінде «Қазақстанның 100 жаңа есімі» арнайы жобасын да тілге тиек етті.

Көрмеге қатысушылар назарын Ақтоты ха­ным жүзден жүйрік өнер тарландарының бірі «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасына енген өнер қайраткерлері – Медет Шотабаевқа аударды. Ол бүгінде «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрының жетекші солисі болып қызмет етеді. Талай халықаралық байқауларда топ жарып, бірқатар шетелдің үлкен сахнасында өнерімен көрерменнің зор сүйіспеншілігіне бөленген опера әншісі бірнеше күн бұрын Италияның «Италия Жұлдызы» орденімен марапатталғанын айтып, сүйінші сұрады. «Рухани жаңғыру» атты көрменің тағы бір елеулі сәті бағдарламалық мақала аясында аталған ірі жобаның барлық тармақтары бойынша жүзеге асып жатқан мәдени іс-шараларды насихаттайтын, энциклопедиялық қызмет көрсететін «Мәдениет порталы» интернет ресурсының тұсаукесер рәсімі
өтті.
Портал болашақта еліміздің мәдени мұрасын заңды түрде бір жерге жинақтайтын және тұрақты түрде көрсететін ағартушылық бағыттағы қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі ең ірі мәдени платформа болмақ. Қазірдің өзінде портал мұрағатында 5324 автордың жеке парақшалары ашылып, оларға қатысты ақпараттық материалдар, электронды кітаптар, аудиокітаптар, әндер, күйлер және сирек фотосуреттер жинақталып үлгерген. Сондай-ақ «Рухани жаңғыру» бағдарламасы негізінде ұйымдастырылған «Рух» бірінші халықаралық әдеби байқауы да заманауи авторларға өңірлердің әлеуеті мен туған ел тарихын дәріптеуге бағытталған шығармалардың туып, көпшілік арасына кеңінен насихатталуына мол мүмкіндік берген әдебиет әлеміндегі бірегей жобаға айналып үлгерді. «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» бағдарламасы аясында жүзеге асырылған ауқымды шаралардың және бір парасы «Театр зертханасы» жобасының айналасына келіп тоқайласады. Бұл жобаның негізгі мақсаты – еліміздің түкпір-түкпірінде: облыстар мен аймақтарда өнер көрсетіп жүрген талантты да дарынды актерлерді анықтап, оларды бір орталыққа бағындыратын ортақ алаң қалыптастыру. Бір труппаға біріктірілген үздік өңірлік актерлер әлемдік белгілі режиссерлер мен қоюшылардың басшылығымен сахналық өнер көрсету шеберлігінің деңгейін арттыруға мүмкіндік алады. Соның нәтижесінде қазақ өнерінің жаһандық деңгейде насихатталып, танылуына кең жол ашылмақ. Жоба алғашқы нәтижелеріне де қол жеткізіп үлгерді. Бұл жөнінде Мәдениет және спорт вице-министрі А.Райымқұлова: «Жаһандану кезеңінде ұлттық мәдениетімізді жоғалтып алмай, оны сақтап қалу маңызды. Мәдениет және спорт министрлігі тарапынан театр ұжымдары мен жеке орындаушыларды гастрольдік сапарларға шығару үшін ауқымды жұмыстар атқарылып жатыр. Қазірдің өзінде Қазақстанның әлемдік аренадағы жетістіктерімен мақтануға толықтай негіз бар. Ең үздік солистерден құралған ұжымдарымыз гастрольдік сапарлармен 50-ге жуық елді аралап, шетелдік көрермендердің ыстық ықыласына бөленіп қайтты», – деді. Вице-министрдің айтуынша, аталмыш бағдарлама аясында тек опера мен балет театрлары ғана емес, республикалық, облыстық драма театрлар да өз өнерін шетелдік көрермендер назарына ұсынуға мүмкіндік алған. Атап айтар болсақ, жоба негізінде М. Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры мен республикалық корей музыкалық драма театры жазушы-драматург Дулат Исабековтің 75 жылдығына орай Лондонда өткен Халықаралық театр фестиваліне қатысып, жоғары деңгейде өнер көрсетсе, 2017 жылдың желтоқсан айында М.Әуезов атындағы академиялық драма театр ұжымы Жапонияның Токио қаласына гастрольдік сапармен барып, драматург Мәдина Омарованың «Ақтастағы Ахико» қойылымы (режиссері – Асхат Маемиров) мен «Ұлы дала елі» атты концерттік бағдарламасы күншығыс елі көрермендерінің қошеметіне бөленіп қайтты. Бұл да – «Рухани жаңғыру» бағдарламасы мүмкіндік берген қазақ өнері мен мәдениетін жаһанға танытудың жарқын үлгісі.
«Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» бағдарламасының келесі бағыты – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2017 жылдың желтоқсан айындағы Беларусь Республикасына ресми сапары аясында Беларусь Республикасының Ұлттық бейнелеу өнері музейінде Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күніне арналып тұсауы кесілген «Алтын адамның әлем музейлеріне шеруі» жобасы шеңберіндегі «Ұлы даладағы көшпенділер тарихы» атты көрмесімен жалғасты. Жиһанкез көрме одан әрі Мәскеу асып, 2018 жылдың 4 сәуірінде Мәскеудің Бүкілресейлік халық өнері мен декоративті-қолданбалы өнер музейінде қазақтың мәдени құндылықтары Ресей халқына кең ауқымда таныстырылды. «Мәдени шара алдағы уақытта да жұмысын тоқтатпай, Әзербайжанның ұлттық тарих музейінде, Қытай Халық Республикасы Шэньси провинциясының тарих музейінде, Кореяның Ұлттық музейінде әрі қарай өз жалғасын табады деп жоспарлануда. «Алтын адамның әлем музейлеріне шеруі» жобасы, сонымен қатар 2019 жылы Жапония, Грузия, Ұлыбритания, Испания және Түркияның музейлерінде, 2020 жылы АҚШ, Италия, Аустрия, Франция, Германия музейлерінде таныстырылатын болады», – деп вице-министр А.Рахметоллақызы сөзін қорытындылады.
Шараның келесі ауқымды бөлімі – әлеуметтік-гуманитарлық саладағы білікті, бәсекеге қабілетті кадрларды дайындауға, гуманитарлық білімдегі үздік әлемдік үлгілерді зерттеуге бағытталған «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы. Аталмыш жобаны іске асыру аясында 2018 жылдың 12 сәуірінде философия, социология, антропология, психология және мәдениеттану саласында 18 іргелі еңбектің таныстырылымы өтті. Әлеуметтік жобаның жетекшісі Рауан Кенжеханұлының айтуынша, жобаны іске асыру үшін үздік оқулықтарды аудару мен басып шығару құқығын алуға жетекші шетелдік баспалармен арнайы келісімшарттар жасалыпты. «Зерттеу мен аударма жұмыстарына 90-нан аса маман: Қазақстан Республикасы Президенті «Болашақ» халықаралық стипендиясының магистранттары, PhD докторлар, ғылым докторлары мен кандидаттары тартылды. Тізім нақты бекітілген жоқ. Көпшіліктің ұсыныстары мен кеңесіне құлақ аса отырып, әлі де бірқатар өз­геріс­тер енгізуге дайынбыз», – деді жоба жетешісі. «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының нәтижесінде мыңдаған сту­дент пен магистранттарға әлемдік гуманитарлық ой­лардың үздік үлгілерімен ана тілінде танысуға кең жол ашылмақ. Бұл да жастардың білімге, жаһандық мәдениет пен әдебиетті, ғылымды тануына жаңа мүмкіндіктер сыйлап, білімге деген құштарлығын арт­тыра түсетіні сөзсіз.
Айта кетейік, «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ ті­лін­дегі 100 жаңа оқулық» жобасы бойынша аударылған алғашқы 18 кітап Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен көпшілікке бір күн бұрын таныстырылды. Жиынға белгілі қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері, жоғары оқу орындарының бас­шылары мен жас ғалымдар, депутаттар мен министрлер қатысты. Шараны Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев жүргізді. Е.Сағадиев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасының негізінде көптеген жүйелі жұмыстар атқарылғанын, соның ішінде ең маңызды жобаларының бірі – «Жаңа гуманитарлық бі­лім. 100 жаңа оқулық» аясында 18 кітаптың жа­рық­қа шыққанын баяндады. Ұлттық аударма бюросының ди­ректоры Рауан Кенжеханұлы жобаны жүзеге асыру­дың жай-жапсарына кеңінен тоқталды. Ша­рада Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ ректоры Ерлан Сыдықов, «Қазақстан» РТРК» АҚ басқарма төрағасы Ерлан Қарин, І.Жансүгіров атындағы Жетісу мем­ле­кеттік университетінің шет тілдері мен аударма ка­федрасының меңгерушісі Айымжан Рыскиева, «Қазақстан-2050» жалпыұлттық қозғалысы кеңесінің төрағасы Мұхтар Манкеев сөз сөйледі. Жиынды Елбасы өзі қорытындылап, «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақала қазақстандықтар тарапынан кең қолдауға ие болғанын айтып, оның жекелеген бағыттары бойынша атқарылған жұ­мыстардың нәтижелеріне тоқталды. «Барлық өңір «Туған жер», «Киелі жерлердің географиясы» және «100 жаңа есім» жобаларына атсалысып жатыр. Бір жыл ішінде меценаттар қаражаты есебінен әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға ондаған миллиард теңге бөлінді. 700-ден астам мәдениет ескерткіштері жөн­деліп, қайта қалпына келтірілді. Жүздеген ғы­лыми экспедициялар ұйымдастырылды» – деді Президент. Нұрсұлтан Назарбаев қазақ тілінің жаңа әліпбиін талқылау үдерісі біртұтас қоғамымыздың кемелденгенін танытатын тарихи қадамға айналғанын атап өтті. Мемлекет басшысы рухани жаңғыру аясындағы жұмыстардың маңыздылығына тоқталып, «100 жаңа оқулық» жобасының жас ұрпаққа білім беру ісіндегі рөлі зор екенін айтты. Қазақстан Пре­зиденті еліміз бен қоғамымыздың бәсекеге қабі­леттілігін арттыру факторының маңыздылығы жө­нінде айтты. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы жас­тарымыздың болашағы үшін іске асырылуда. Осы орайда, өскелең ұрпақтың оны жүзеге асыруға бел­сенді түрде атсалысқаны аса маңызды. Біз бүгін тәуелсіздік жылдары қалыптасқан ғылыми-кадрлық әлеуе­тіміздің зор екеніне тағы да көз жеткіздік», – деді Мем­лекет басшысы.
Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақала­сының бір жылдығына арналған есеп беру жиынының ресми бөлігі аяқталған соң, қазақ өнерін әлем сах­на­­ларында әйгілеп жүрген үздік опера әншілері – Майра Мұхамедқызы, Сүндет Байғожин, Медет Шотабаев бастаған талантты өнерпаздар Ұлттық музей фойесінде жаһандық классика жауһарларынан ариялар орындады.
Көпшілік назарына ұсынылған көрмеде бағдарлама аясында еліміздің барлық өңірлерінде атқарылған жұмыс нәтижелері қорытындыланды. Өңірлердегі «Рухани жаңғыру» жобалық кеңселерінің өкілдері, ғалымдар, мәдениет қайраткерлері, «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпаздары қатысқан игі шараға Президент Әкімшілігі Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі Аида Балаева келіп, көрмені ашып берді. Оның айтуынша, Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында айтылған қоғамдық сананы жаңғыртудың бағыттары өткізілген іс-шара­лардың өзекті элементі болды. Осыған дейінгі жұмыс­ты әрі қарай тиімді жалғастыру қажет. Ол үшін бағ­дарламаны халық арасында кеңінен насихаттау керек. Жалпы, «Рухани жаңғыру» бағдарламасының бір жылдығына арналған көрмеге әр аймақ, әр облыс өз жетістігін алып келіп, зиялы қауымның назарына ұсынды.
«Біз республикалық көрмеге өңірімізде жүзеге асы­рылған ең үздік жобаларды алып келдік. Тек өткен жылы ғана шағын және орта бизнестің қолдауымен «Туған жер» жобасы шеңберінде 929 жоба іске асырылды», — дейді «Рухани жаңғыру» жобасының аймақтағы офисінің жетекшісі Ольга Шабалина.
Көрменің алдында өткен кішігірім мәжілісте бір­қатар жұмыстар жайы талқыланды.
Рухани жаңғыру бағдарламасы – өткенді екшеп, болашаққа бағдар беретін ауқымды жоспар. Ұлтық комиссия Астанада «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында іске асқан жобаларды талдап, өткен жылды қорытындылады. Айта кетейік, бағдарламаның жүзеге асырылуы Нұрсұлтан Назарбаевтың жіті бақылауында.

Бақтияр ҚАБАСОВ.
АЛМАТЫ–АСТАНА–АЛМАТЫ

Бахадүр бабалар бейіті

Өткенін бағаламаған елдің болашағы да баянды болмасын, тарихын білмеген ұлттың мемлекет ретінде қалыптасуы да неғайбыл екендігін түсінген Елбасымыз Н.Назарбаев қазақ руханиятының, Қазақстан халқының көмейінде жүрген бірталай тақырыптарды түртіп өткен соңғы мақаласында ұлан-ғайыр даламыздың түкпір-түкпірінен орнын тапқан киелі жерлердің картасын жасап, түбегейлі аралап, зерттеуді тапсырған болатын. Күллі Алаш баласы «Жер жәннаты» деген атақ таққан, жерұйық мекен Жетісу атырабында да бұндай орындар жетерлік.

Солардың бірі ретінде асау толқыны тулаған, асқар таулары аспан сүйген айдынды Алакөл ауданының аумағында орналасқан «Борша төбені» атауға болады.
Ғасырлар қойнауына зер салып, зерделейтін болсақ бұл киелі мекеннің қазақ тарихында алатын орны ерек. Бахадүр бабаларымыздың қайсарлығы, батылдығы мен батырлығы тоң топыраққа тоғытылған жер. Өздерінен отыз есе көп қалмақ қолына жалғыз ат, жалаң қылышпен қарсы шапқан қазақ қаһармандарының ажалмен арпалысқан төбесі.
Тарих беттерін парақтайтын болсақ осыдан екі жарым ғасыр бұрын өмір сүрген Қаракерей Қақал әулие бастаған ел Жоңғар Алатауын бөктерлей мал қамын күйттеп, көктеуде жатқанда тұтқиылдан шабуылдаған қалмақ қонтайшысы қапысыз отырған халықтың төрт түлігін айдап, қыз-келіншегін байлап әкетеді. Намысымен нар сүйреген баһадүр бабамыз осы мезетте қару көтере алатын үш жүз жігіттің басын қосып, он мыңнан астам жаудың жолын бөгеуге аттанады. Ескі дала заңына сай алғашқы екі күн қос қанаттың батырларының жекпе-жегімен өтеді. Бірнеше қайталап айқасқа шықса да аттан құламаған азаматтарымыз ерліктің ерен үлгісін көрсетіп, қалың қолдың дегбірін қашырады. Осал қарсылас жолықпағанын сезген қоңтайшы құйтырқы әрекетке барып, сайқал тәсілге көшеді. Сардарларымен ақылдаса келіп, күшпен алмасын түсінген ол айламен жеңуді ойлайды. Сөйтіп соғыстың үшінші күні садақ оғын қарша боратып, оғландарымызды қоғадай жапырған қалмақтардың айласы асады. Он мың адырнадан атылған көбе бұзар жебелер үш жүз жігіттің сауытын сөгіп, кеудесінен өтсе де жер құшуға асықпаған батырлар ақтық демдерін іштеріне тартып, соңғы шайқастарында көрсеткен ерліктері аңызға бергісіз оқиға. «Ер сүрінсе еңкеймес жығылар тік» демекші тізелері бүгілмеген, бастары иілмеген қазақтардың мәйітінен де сескенген қоңтайшы олардың денелерін бөлшектеп, боршалап, жан-жаққа сүйреп апаруды бұйырады. Содан ол жер «Борша төбе» деп аталып кеткен көрінеді. Бұл қырғыннан «Ақбоздара» атының арқасында аман қалған Қақал әулие түнімен жау ордасын аралап, онсыз да құты кеткен қалмақтарды шетінен бауыздап, жеңіске масаттанған елді дүрліктіреді. Бастан аяқ қанға боялған батырды көргендер оны аруақ, пері деп ойлап, асып-сасады. Тіпті кейбір жүзбасылар, мыңбасылар жеке-дара қашып кетуге де тырысып, қалың қол бөліне бастайды. Бұны естіген қоңтайшы бүкіл даланы от жақтыртып, алау тұтатып аластатады. Сол сәтте адал арғымағына мінген Қақал әулие төбе ұшынан қарап тұрған деседі. Содан бері ел басына зауал төнсе «Борша төбеден» Ақбоздара кісінейді деген сенім қалған.
1909 жылға дейін қазіргі Қабанбай ауылы да «Борша» деп аталған. Аталмыш ауылға кіреберісте орналасқан төбенің тарихы осындай. Елінің азаттығы, жерінің бостандығы, қызының ертеңі, ұлының болашағы үшін қайтпас сапарға аттанған бабаларымыздың ерлігі ұрпаққа өнеге екендігі шындық. Осындай қаһармандарымыздың қанымен жазылған өткенімізді ұмытпау басты парызымыз. Ұлт дегенде ұлағатты сөз айтуға ұмтылатын Елбасымыздың арқасында тарихымыз қайта түгенделіп, ұмытуға болмайтын ұлы тұлғалардың есімі жаңғыруда. Дәл осындай тағылымды оқиғалардан дәм алып өскен жастар ұлағатты, ұлықты, ұлтжанды болып ержететіндеріне сенімім кәміл.

Алмат Есенбеков,
Алматы облысы.

Алаштың ақ ордасы

Жуырда бір отырыста болдым. Жеңіс мерекесінің қарсаңы болатын. Әңгімеміз Ұлы Отан соғысы жайында өрбіді. Әрине, көзімізбен көрмесек те, көңілге түйгенімізді, аталардан естігенімізді, тарихта жазылғандар бойынша, бүгінгі жастардың сондай уақыт бола қалса, әп-сәтте бордай езіліп қалуы мүмкін-ау деген қорқыныш үрейдің бар екенін айтып жаттық. Тәуелсіздіктің арқасында ешбір қиыншылықтың жоқ екеніне де тәубе дестік. Жеткен жетістігіміздің шаш етектен екенін де сөз еттік. Арқа төсіндегі айшықты Астанамыздың күн санап көркейіп отырғанын мақтаныш сезімі кеудемізді керней отырып айттық. Аз уақыттың ішінде көркіне көз тояр келбетіне сүйсіндік. Бір кезде ортамыздағы бір азамат «Тәуелсіздік алып, шалқып отырғанымыз шамалы ғой. Одан да Германияның құрамында болғанда бүгінде немістермен бірге байыыыып отырар едік» дегені. Төбеден жай түскендей әсер етті. Құдай-ау, тәуелсіздіктің қадірін, мәртебесін, қасиетін бағаламайтын жан да болады екен-ау…

Жер бетінде қасіреттің қанын тоқтаусыз ішкен екі ел болса, соның бірі қазақ. Бір жұрт болса, ол да қазақ-ау шамасы. Тарихта аты аталғаннан ат үстінен түспеген, азулымен айқасып, қарулымен шайқасқан, ғасырлар бойы азап шеккен еліміз ертеңі үшін еңсе түсірмеді. Ұрпағы үшін ұрыстан қашпады. Ұлан ғайыр даланы аманаттау үшін арып ашып күн кешті. Сонау ХV ғасырда Жетісу өлкесінде құрылған қазақ хандығының да басынан қара бұлт үйірілуден жалықпады. Бірақ сол кездегі бабалардың ерлігі ел мәртебесін асқақ етіп, төрт күл дүниеге ҚАЗАҚ деген атты әйгілей түсті. Тари­хын танытып, тасқа қашады. Үлкен және кіші сұлтандар бірлесіп Қозыбасы тауының маңынан Шар қаласын салдырды. Қала Шу өзенінің жоғарғы жағында қазіргі Қырғызстан жерінде орналасқан болатын. Осылайша қазақ хандығы орта Азиядағы алғашқы ұлттық мемлекет болды. Сол себепті Шар қаласы қазақ хандығының алғашқы табан тіреп, толыққанды мемлекет болып қалыптасуына негіз болған бірінші мекен, яғни бас ордасы, қазіргі тілмен айтқанда астанасы еді.
Жаңа құрылып қалыптаса бастаған мемлекетке алғашқы уақытта іргесін тіктеп алу мақсатында қажет болған Шар қаласы уақытша мекен болып құпия сақталды. Әбден ірге бекітіп елдік құрылымға кө­терілген соң Керей мен Жәнібек хандар «Қазақ» мемлекетін құрып, Астанасын «Созақ» деп жариялады. Осыдан соң қазақ хандығы іргесін бе­кемдеп, біртұтас мемлекетке айнала бастады. Дегенмен әр қапталдан көз алартып, айылын жимаған азулы елдер әлсін-әлсін шабуылдармен ес жидырмай отырды. Тарихта қалған сол шайқастар тек еліміздің бірлігі мен тұтастығының арқасында ғана ойрандалып отырды. Орыстың отары болғанда да озбырлықтан ада болмады. Ана тілінен, ата дінінен, мәуелі мәдениетінен, әуезді әні мен әде­биетінен, дәстүрі мен салтынан айырылудың шақ алдында қалды. Алаш арыстары аттандап, қазақтың ұйқысын ашқанша, аждаһа оларды аранына алып ұрды. Одан соң Отан үшін тағы да оғландар оққа ұшты. Желтоқсанда да жалынды жастар жасындай жарқылдады. Қазақтың намысын, өршілдігін, бойында қайсарлықтың табы бар, қазақ деген рухты елдің қаны бар екенін аңғартты.
Осындай құрбандықтар, бәйгеге тігілген бастар­мен келді тәуелсіздік. Қан боп аққан жастармен келді. Ендеше сол азаттықтың құнын көк тиынға та­тытпау, арсыздықтың нышаны болса керек. Өйткені тарих қатпарларында талай ғасырды ақтаратын қазақ даласының ашылмаған сырлары көп. Біз білетін тарихта дархан даланың төсінде қырандай еркін қалықтап, тұлпардай тұяқ тоздырған, ұрпаққа алып даланы аманаттау үшін жағадан шапқан жаумен шайқасып, уақыт оздырған бабалардың ерлігі кезең-кезеңімен өсіп келе жатқан ұрпақтардың құлағына жетері анық. Сол аманат қып қалдырған даламыздың әр мекені жайындағы тарих деректері бүгінімізге, болашағымызға азық боларлықтай. Соның ішінде бас қаламыздың орны ерекше.
Біздің дәуіріміздің ХІ-ХІІІ ғасырларында Арқада қыпшақ тайпалары көшіп-қонып жүргендігі белгілі. Осылайша өткен ғасырда археологтар Ақмола жерінен көне қаланың орнын тапты. Қалашық өз заманында гүлденіп, Жібек жолы бойындағы сауда орталықтарының біріне айналғандығы белгілі болды. Бозақ деп аталатын бұл мекен сонау қыпшақ билеушілерінің елордасы болған дейді зерттеушілер. Демек Елбасымыздың Астана орнын Арқа төсіне таңдауы кездейсоқтық емес. Қойнауы тарихқа толы қазақ даласының тарихын болжап, болашақты түйген көрегендікпен таңдау осы мекенге түсіп отыр. Сонау 1996 жылы Ақмола қаласын астана жасай­мыз дегенде қоғамның басым бөлігі күмәнмен қара­ғандығы жасырын емес. Алматыдан тым ескі қаланы қайтадан қалыпқа келтіруді дүйім жұрт тіптен де көз алдына елестете алмағандығы да мәлім. Алайда 1998 жылы тәуелсіз Қазақстан жаңа әрі жас қала – Астананың атын бүкіл әлемге паш етті. Етек жеңін қамтып, енді ғана ес жиып келе жатқан егемен елдің бірегей ұлдары Қазақ елінің ертеңі үшін аянбай тер төгіп, барын шаша еңбек етті.

Халық аузында «Басы қатты болғанмен аяғы тәт­ті» деген сөздің тектен тек айтылмағаны осы тұс­та дәлелге ие болды. Жыл, ай, күн тіпті сағаттар сыр­ғып өткен сайын бас қала ажарына кіріп, көркіне кө­рік қоса бастады. Ешкімнің ойына кірмеген ғи­мараттар бой көтеріп, айбынды Астана жарық жұл­дыздай жарқырады. Астанамыз әр күні жылға тати­тын, әр жылы ғасырға тең қарқынмен дамудың даң­ғыл жолына түсті. Шет мемлекеттен келетіндер ған­а емес, қазақстандықтардың өзі тамашалап тауы­са алмайтын көркі көз тартар орындар бой кө­терді. Тамашалаушылар ертегі әлеміне кіргендей күй кешті.
«Тәуекел түбі жел қайық, өтерсің де кетерсің» де­ген­дей Елбасының батыл қадамы мен сарабдал саясатының арқасында абыройы асқақтаған бас қаламыздың дәрежесі бүгінгі таңда дүниежүзіндегі астаналармен тең десек артық айтпаймыз. Жаңа әрі озық үлгідегі тамаша тұрғын үй кешендері, ең­селі әкімшілік ғимараты, гүлзарлары мен су­бұр­қақтары, әсем монументтері, ескерткіштері бар Есіл жағасындағы еңселі қала бейне бір қауыз жарып келе жатқан өсімдік тәрізді. «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінде бой көтерген шағын қалашықты айтсаңызшы. Ол қауыз жарған өсім­діктің Сарыарқа төсіндегі жеке дара жап-жасыл жа­зи­расындай. Жыл сайын құлпырып, түрленіп тұратын Астананың сәулет ажарында ұдайы жаңа өр­нектердің пайда болып тұратындығы тағы бар. Әрдайым өзгеше бір тың бояулармен көркемделуде. Сол сияқты жас қалаға жапырағын жайып, бас қаланың басты символына айналған «Бәйтерек», ес­кіден сыр шертетін «Хан Шатыр», Ұлы Жібек жо­лын еске салатын «Керуен» сарайы Астананың сәнін келтірген інжу-маржан, Есілдің жағалауына әр берген гауһар моншақ іспетті. Ал мұндай көрікті қа­ла­ның дамыған мемлекеттер Германияның ас­танасы Берлиннен, Ұлыбританияның астанасы Лон­доннан, Американың астанасы Вашингтоннан, тіп­ті көрші жатқан Қытайдың астанасы Пекиннен, Ре­сейдің астанасы Мәскеуден қай жері кем? Ке­рісінше артықшылығын таппасаңыз, кемшілігін із­дей алмайсыз. Францияның астанасы Парижде тұр­ған «Эйфель» мұнарасының бас қаламыздағы Бәйтеректен асқан тарихы жоқ шығар, сірә. Сон­дық­тан да дүние жүзіне зиялылық нұрын төгетін Аста­на тоғыз жолдың торабындағы Еуразияның, әлем­нің сәулетті қаласына айналып отырған ға­жайып шаһар. Тәуелсіз еліміз ширек ғасырдың ішін­де-ақ әлемнің үздік елдерінің қатарына қосылса, Астанамыз 20 жылдың ішінде таңғаларлықтай көрсеткіш көрсетіп, әлемге Қазақстанның қандай мықты мемлекет екендігін дәлелдеді. Әлемде бір ғана қаласымен бір мемлекетті танытқан Қазақ­стандай ел жоқ.
Аққу қанат елордамыз ежелгі Есіл бойында қана­тын кеңге жайып, сәулетті де сәнді ордаға айналуы тектен тек емес. «Елу жылда ел жаңа» дегендей іргетасы қаланғанына елу жыл емес, жиырмаға енді аяқ басып отырған тәуелсіз еліміздің жүрегі са­на­латын бағаналы ордамыз әлем назарында. Жан-жағымыздағы бауырлас елдермен қатар, өзіміз қазіргі уақытта тереземізді теңестірген «мүйізі қарағайдай» ірі мемлекеттер де астанамызға көз тігуде. Мұндай қуатты мемлекеттерді назарға қарату жас Отанымыз үшін зор жетістік. Кішкентай қаладан алып арман қалаға айналған шаһарымызды әлем мойындамаса да, мойындаса да қазақ халқының тарихының жаңа парағы, рухани дүниесінің есігі ол – Астана.Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев айт­қандай ерке Есіл жағасында бой көтерген, ерекше сәулеттік ландшафты бар, бірегей мүсіндік нышандары сап түзеген, жоғары технологиялы болашаққа ұмтылған, өзгені сыйлап, өзінің жаңа астанасымен өз елін шексіз мақтан тұтатын көп ұлтты және көп дінді халқы бар әсем де мейірлі аста­­­­­­намыз, міне, осындай…

Бақтияр Қабасов