ЖЕТІСУДЫҢ ЕЖЕЛГІ ҚАЛАЛАРЫ

«Орасан зор кеңістікті игере білген түркілер ұланғайыр далада көшпелі және отырықшы өркениеттің өзіндік өрнегін қалыптастырып, өнер мен ғылымның және әлемдік сауданың орталығына айналған ортағасырлық қалалардың гүлденуіне жол ашты»

Нұрсұлтан Назарбаев,
«Ұлы даланың жеті қыры» мақаласынан.

Біздің ежелгі ата-бабаларымыз Шу, Талас, Іле, Көксу, Ақсу, Тектек, Қаратал, Бурақожыр, Үсек, Шежін… т.б. өзендер маңына қоныстанып ғұмыр кешкен. Ғұндар, Қазақ даласындағы ежелгі Үйсіндер, одан бергі Түрік, Батыс Түрік, Түргеш, Қарлұқ қағанаттары, Шыңғыс ханның Еке Моғол ұлысының, оның баласы Шағатайдың ұрпағы Тоғылық Темір құрған Моғолстан мемлекетінің, сондай-ақ, Керей мен Жәнібек құрған Қазақ хандығының, қорыта айтсақ қазіргі Қазақ ұлтының ежелден бергі ата қонысы, қасиетті мекені. Сол мекенде, әсіресе, жерұйығы атанған Жетісу жерінде қалалық мәдениеттің сан түрлі белгісі сақталып қалды. Олардың қатарында ежелгі Қойлық, Қарамерген, Екіоғыз, Дүңгене, Талғар (Талхиз), Ағарту, Қос құдық, Шаржетім сияқты ерте орта ғасырлық ежелгі қалалар мен төрткүлдер, қола, сақ, үйсін кезеңдерінен бастау алатын Ащыбұлақ, Есік, Боралдай, Қарғалы, Мұзбұлақ, Талапты, Биғаш, Үйгентас қатарлы ежелгі қорғандар, Шолақ, Қаракүңгей, Лабасы, Шаған, Қаратау таулары мен тау аралық ойыстарда шоғырланған қысқы мал жайылымына қолайлы ерте орта ғасырлардан бастау алатын қазақ қыстаулары, түркі кезеңінің балбалтастары, ерте орта ғасырлардағы суармалы егіншіліктің орталығы болған Іленің ескі арналары Бақанас, Қаратал, Сарқан, Басқан, Ақсу, Тентек өзендерінен тартылған ежелгі суару каналдары мен бөгендері ата-бабалар тарихының олқы болмағанын аңғартып тұр.

Жетісуда 100-ге жуық қала болған

Б.з.б. VІІІ ғ.- б.з. ІІІ ғ. дейінгі уақытта даланың азия­лық бөлігінде, оның ішінде Іле аңғарында сақтар мен үйсіндердің мәдени қауымдастығы қалыптасып өмір сүрді. Осыған дейін зерттеуші ғалымдар ортасында «Сақтар көшпенді халық болды» деген көзқарас жылдар бойы басым болып келген еді. Бірақ археолог зерттеушілеріміздің бірталай сақ қоныстары мен қалаларына жүргізген зерттеу еңбектері бұл пікірді түбегейлі жоққа шығарды. Демек, ежелгі сақтар мал өсірумен, егіншілікпен қатар, қыштан ыдыс жасап, зергерлікпен де айналысты. Оған айғақ ретінде көшпенділер мен жартылай көшпелілер мәдениетінің археологиялық ескерткіштері Есік қорғаны мен Бесшатыр обалары және Үйсіндердің қыстақ тұрақтарына жүргізген қазба жұмыстары дәлел болады. Сол тарихи даму үрдісінде Тараз, Баласағұн, Мерке, Талхиз қатарлы көптеген кент пен қала пайда болды. Б.д. VІІ – ХІ ғасырларында қала мәдениеті Қазақ даласының барлық өңірінде де жоғары қарқынмен дамыды деп айтуға болады.

Жібек жолының дәурені жүрген шақта Жетісу жеріндегі қалалық өркениет тіптен өркендей түсті. Талғар, Лепсі, Қаскелең, Шілік, Көксу, тағы да басқа өзендеріне тән аймақтардан қалалық орталықтар, қоныс-қыстақтар сияқты елдімекендер пайда болады. Ғалымдарымыздың соңғы зерттеулерінің көрсеткіші бойынша Жетісудың оңтүстік-батысында 36 қала жұрты анықталса, ал солтүстік-шығысында 70 қаланың орны табылып отыр. Оған дәлел ретінде Алакөл ауданындағы Асусай, Көксу бойындағы Қойлық, Іле өзені алқабында Екіөгіз, Талғар қаласы маңындағы Тал­хиз, Ақсу бойындағы Баласаз, Баянжүректегі Қоянкөз, ежелгі Жаркент жерінде Ілебалық қалаларының бой көтеруін айтсақ та жетіп жатыр. Заман талабына сай осыншама қалалар санының артуы, олардың эко­номикалық әлеуетінің де көтерілгенін байқатады. Ерте орта ғасырларда негізі қаланып, кейін жазба де­рек­терге түскен, Х ғасырға жататын парсылық «Худуд әл – Әлем» еңбегіндегі – Талғар, ХІ ғасырлық
М.Қашқари шығармасындағы – Екіөгіз, ХІІІ ғасырға тән Г.Рубрук жазбасындағы – Қойлық т.б. сияқты ірі сауда орталығы болған қалалардың айтылуы тарихи шындық. Аталмыш шаҺарлардың бүкіл Еуропа мен Азияның саудагерлеріне, ғалымдары мен елшілеріне әйгілі болғандығы анық.
Әрине, ЮНЕСКОНЫҢ бүкіл әлемдік мұралар тізіміне енген Қойлық, Талғар (Талхиз), Қарамерген қалалары туралы жұрт біледі. Ол туралы баспасөздер мен оқулықтарда көптеген деректер жазылды, зер­деленді, зерттелді. Десе де, Жетісу жеріндегі 100-ге жуық қаланың орналасу реті, оның тарихи маңы­зы, ерекшелігі туралы біле жүрудің ешқандай артық­шылығы жоқ. Сондықтан осы орайда, кейінгі кездері анықталып, ел игілігіне асырыла бастаған біраз қалалар туралы қысқаша ақпарат беріп, оған пайымымызды қоса кеткеннің артықтығы жоқ деп ойладым.

Қызылаңғар қаласы

Жетісу жеріндегі ең ежелгі қала ретінде Үйсін патшалығының астанасы болған Шие (Шығу, Чекук) қаласын атауға болады. Қазірге дейін Шие қаласының орны туралы екі түрлі талас-тартыс бар. Бірі қала Текес өзенінің бойында десе, енді бірі Нарын өзенінің аңғарына ірге тепкен дейді. Олардың да өз дәлел-дәйегі бар. Осы қала туралы үшінші деректі тарихшы Молот Сұлтанов ұсынып отыр. Оның «Ескерусіз жатқан елеусіз ескерткіштер немесе кейбір атауларды жаңаша пайымдау» атты еңбегінде Шығу (Қызылаңғар) қаласы туралы: «Меніңше, Үйсіндердің Қызылаңғар қаласы, ел-жұрт ежелден-ақ мыңдаған жылдан бері мекендеп келе жатқан көне қоныстың орнында бой көтерген қала. Чигу, Чигучень, Қызылаңғар – атаулы қалалардың орны Жаркент аймағындағы Қорғас өзенінің тау аңғарынан шығып орта тұсында орналасқан Басғұншы ауылының маңайы», – деп жазады. Әрі оны дәлелдеуге тырысып, жеті түрлі дәйек ұсынады. Тіпті Басғұншы ауылынан 20 шақырымдай жердегі Шежін атауын Хань әулетінің билеушісі үйсін күнбиі Елжауға ұзатқан Жанду Уаңның қызы Шижұң ханшаның есімімен сабақтастырады. Басқұншы сөзінің өзі де байыптап қарасақ, біраз сырды аңғартады. Мұндағы «Бас» сөзі – бас, бастаушы, басты адам, ал «құн» күн, ғұн – сөздері ғұн тайпасын меңзейді, «шы», «шақ» – сөздері ел, жұрт деген ұғымды білдіреді. (Ежелгі дәуір әдебиеті, Алматы 1991 ж. 13-14 беттер, Қ. Салғараұлы Көмбе. Алматы 1989 ж. 20-бет).

Менің пайымымша, Шие қаласының орны Те­кес өзенінің оңтүстік жағасы немесе Нарын өзе­ні­нің шығысында жатқан жоқ. Тарихшы Молот Сұлтановтың қала орны Жаркент өңірінде жатыр деген дәлеліне қосыламын. Қытайдың ескі жазбаларындағы «Ханнама. Батыс өңір баяны», «Ханнама. Шин Таңның өмір баяны», бертінгі тарихшылар жазған «Цин Жияң Ту Жы», Хуаң Уын Би зерттеген «Мұңғолкүре, Шапшал аудандарындағы көне обалар» және қазақстандық ғалымдардың зерттеу еңбектерін салыстыра зерделеу арқылы осындай қорытындығы келдім. Әрине, бұл тақырып өз алдына арнайы жазылатын ауқымды дүние болғандықтан, ол дәлелдің бәрін осы жазбада көрсетуді жөн көрмедім. Бірақ осы ретте Жетісу жеріндегі ең ежелгі қала Үйсін патшалығының астанасы Шие қаласы екенін баса айтқым келеді. Әрі Жетісу жеріндегі қалалық мәдениетті танудың ең алғашқы өркенін осы қаладан бастау керегін ұсынамын.

Гаган, Қойлық, Талхиз…

Х-ХІІ ғғ. тарихқа қала мәдениетінің өркендеуімен енді. Ұлы Жібек жолының бір тармағының Іле алқабы арқылы өтуі осы кезеңде сауда-саттықтың маңы­­­зын арттырды. Бүгінгі күні облыс аумағында 87 ортағасырлық қала орны анықталған. Аса ірілері: Талхиз, Екі Оғыз, Қойлық, Дүнгене т.б. Музей экс­по­зициясындағы түрлі қыш құмыралар, хумдар, ыдыстар, су құбырының бөліктері, шикі кірпіш – Жетісу ортағасырлық қалалары мәдениетінің өркендегенін дәлелдейді.

Терістік-шығыс Жетісуда орта ғасырларда әлемге белгілі 6 қала болған. Бұл қалалардың ұзындығы
100 метрден 1 шақырымға дейін созылған. Солардың бірі Алакөл бойында орналасқан Гаган (Көктұма) деген қала. Оның куәсі қыштардан, тастардан жасалған ыдыстар мен бұйымдар. Сондай-ақ, палеолит кезеңінің пышақ, қырғыш сияқты еңбек құралдары, Темір дәуірінің бұйымдары, Қола дәуірінде пайдаланған мыс қазан мен ортағасырлық қыш ыдыстар, мыс теңгелер т.б. жәдігерлер сол дәуірден сыр шертіп тұр.

Қазақ даласындағы қала мәдениетінен сыр шер­тетін Қойлық қалашығы – VIII-XIV ғасырлардағы Же­тісудағы көне ортағасырлық қала. 1253 жылы Қой­лық (Қаялық) қаласы үстімен жүрген Вильгельм Руб­руктың мәлімдеуіне қарағанда, бұл қаланың аумағы өте үлкен. Онда негізінен түркі тектес халықтар тұр­ған. Үлкен мешіті бар ірі мәдениет орталық бол­ған­дығы да айтылған. Биіктігі 3 жарымнан 5 метрге дейін жететін қала қорғанының әр 30-45 метр же­рін­де биік мұнаралар орнатылған. Қалада будда, христиан храмдары мен мұсылман мешіттері қатар бой түзеген. Қойлық қаласының орны мен үйіндісі қазіргі Сарқан ауданы, Қойлық (Антоновка) ауылының шығыс шетінде, Ащыбұлақ өзенінің жағалауында, Талдықорған қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 190 км жерге орналасқан.
Қойлықтан кейінгі қала өркениетінің тағы бір жетістігі ежелгі Талхиз қаласы. Жазба деректер бойын­ша Х ғасырдан белгілі. Бұл – Ұлы Жібек жолының бойын­дағы ірі мәдени, қолөнер және сауда орталығы болыпты.

Қала аумағы 28 га қамтыған. Х – ХІІ ғасырларда Талхиз – Жібек жолының бойындағы керуен-сарай қызметін атқарып қана қоймай, Жетісу өңірінің көшпелі және отырықшы халқының шаруашылық, саяси және мәдени-діни байланыстарын нығайтуға елеулі үлес қосқан. Қалада экономика, сауда мен колөнердің дамуына Іле арқылы Қытайға, Жапонияға, Орта Азияға, Иран мен Византияға апаратын Ұлы Жібек жолы үлкен рөл атқарды. Талхизде көп жыл бойына қазба жұмыстарын жүргізген археолог
И.Копылов қаланың жоғары қабаттарынан алынған мәліметтерге сүйене отырып, бұл тамаша қаланы ХІІІ ғасырдың бас кезінде найман билеушісі Күшлік әскері қиратты деген болжам бар.

Асусай мен Жайпақ қаласы

Осы қатарға Асусай ерте орта ғасырлық қалашығын қосуға болады. Аталған қала орны Алакөлдің оңтүстігі мен Жоңғар Алатауының солтүстігінде, бүгінгі Үшарал қаласының шығысында 65 шақырым жерде, Алакөлдің бойындағы Ақши ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 10 шақырым жердегі Асусай шатқалының маңында орналасқан. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, тарих, археология және этнология факультеті, археология, этнология және музеология кафедрасының профессоры, тарих ғылымдарының докторы Әбдеш Төлеубаев және тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Дөкей Әбдікерімұлы Талеев бастаған археолог мамандар арнайы далалық барлау жұмыстары мен қазба жұмыстарын жүргізді. Аталған зерттеу жұмысы «Жер-Су» корпорациясының президенті Бауыржан Кеңесбекұлы Оспановтың демеушілігімен іске асып жатқанын атап айта кету керек.
Археологиялық әдебиеттер мәліметтеріне қарағанда солтүстік-шығыс жетісуға сырлы ыдыстар ХІІ-ХІІІ ғғ. ғана тарала бастаса керек. Осындай мәліметті негізге алар болсақ, Асусай қалашығындағы тіршілік ХІ-ХІІ ғасырлардың арасындағы 50-60 жылды ғана қамтыған. Тағы айтатын нәрсе, бұл қалашықтың ешқандай шекаралық бекетке немесе сауда керуеніне қатысы жоқ, қарапайым егіншілердің маусымдық (уақытша) мекені болғаны анық. Қалашықтың айналасында сақталған суғару жүйелері мен шағын егін алқаптары, қазбадан табылған тас диірмендердің түрлі көлемдегі бөліктері осындай болжам жасауға негіз береді.

Жайпақ қаласы Алакөл ауданы, Жайпақ ауылынан оңтүстік батысқа қарай 6 шақырым жерде орналасқан. Жайпақ қаласының сыртқы қоршау қабырғасының орналасу реті мен ерекшеліктері, нақтырақ айтсақ, батыс қабырғаның орта тұсы сыртына қарай сүйірлене шығып барып, ауызы ашық күйінде қалуына қарап, қала қақпасы батысқа қарауы мүмкін деп болжауға болады. Сыртқы дуалының құландысының биіктігі 1,5-2 метр шамасында. Құлаған қабырғасының жайылған топырағы 8-9 метрден бастап, кей жерлерінде 22 метрге дейін жайылған. Сыртқы дуалының оңтүстік және шығыс бөлігін тау шатқалдарына шығатын маусымдық ағын сулар шайған. Осы тұста айта кетер мәселе, қаланың сумен қамтамасыз етілуі де осы таудан келетін ағын сулармен тікелей байланысты болуы мүмкін. Себебі, таудан ағатын судың орындары бүгінге дейін терең ор болып сақталып қалған әрі су жүретін ірі жылға қаланың оңтүстігінен келіп, шығыс қабырғаны сыртынан бойлай отырып, солтүстігіне қарай жайылып жоғалады. Мұндай жүйе оңтүстік өлкелердегі қалаларда жиі байқалады. Мәселен, ортағасырлық Аспара қаласының да сырты тура Жайпақ секілді арнайы су ағатын ормен қоршалып, ағын суды қала іргесінен өткізген. Жайпақ қаласы тек қала ішінде құрылыстармен шектеліп қалмайды. Қаланың сыртын айнала бірнеше жүздеген метрге дейінгі аймақта үйілген төмпешіктер, қаланың оңтүстік батысында шамамен 200-250 метр жерде көп мөлшерде жерлеу орыны (сақталғандары 180-200 шамасында), сонымен қатар қаланың шығысында үлкен көлемдегі, іргесі ірі тастармен қаланған кесе­нелер орналасқан.

Қарамерген кереметі

Іле өзенінің ескі арнасы Орта Бақанастың бойындағы VIII – XIV ғасырлар аралығында Ұлы Жібек жолының Балқаш ойысын Сарыарқамен, Сібірмен байланыстыратын солтүстік тармағының бойындағы Көктам, Бояулы, Ақтам, Ағашаяқ, Қарамерген қалаларының қалыптасуы мен өркендеуіне, жойылуына әсер етті. Осы тұста Іле өзенінің орта және төменгі ағысында ерте орта ғасырларда Ұлы жібек жолының тармақтары өтетін күре жолдардың бойында Ілебалық, Алмалық (Әлімата), Бояулы, Ағашаяқ Қарамерген сияқты сауда-экономикалық және саяси-әкімшілік маңызы бар ірі және шағын қалалық қоныстар бой көтерді.

Солардың ішіндегі бірегейі қазіргі Балқаш ауданындағы Қарой ауылдық округінің аумағында Іле өзенінің оң жақ саласы болған, құрғап қалған ескі арнасы Ортақсудың бойында орналасқан Қарамерген қалашығы. 2012 жылдан бастап ЮНЕСКО-ның бүкіл дүниежүзілік мұралар тізіміне енуіне орай Алматы облысы әкімдігінің ұсынысына сәйкес 2013 жылдың 28 маусымындағы Алматы облыстық мәслихатының №18-181 шешіміне сәйкес «Қарамерген қалашығы» археологиялық кешенінің қорғау аймақтарының шекаралары бекітілген. Шешімге сәйкес тарихи- мәдени мұра нысаны болып табылатын қарамерген қалашығының жалпы ауданы 10 гектар, оның ішіндегі қорғалатыны 7,1 гектар, құрылысы реттелетін аумақ 18,9 гектар, қорғалатын табиғи ландшафттардың ауданы 25,3 гектар, жалпы ауданы 62 гектар деп тұрақтанды.

Қараойдың тораңғылы тоғайлары мен Балқаш жа­ғалауының сулы-батпақты алқаптарында ХХ ғасырдың 30 жылдарына дейін Тұран жолбарысы мекендеген. Біздің ойымызша, қалашықтың Қарамерген аталуына осы аумақта аң-құстың көп болуы, әлі күнге дейін аң шаруашылығының дамуы әсер етті. Жазба деректерге сүйенсек, аталған қалашық ХІІІ ғасырдағы моңғол-татар шапқыншылығы кезеңінде бұзылды.

Екіоғызды білесің бе?

Жетiсудағы ерте орта ғасырлардағы қала жұрттары «төрткөл» аталатын үлгiге жатады. Төрткөлдер Іле өзені аңғарында ғана емес, сонымен қатар оңтүстік-шығыс Жетiсуда, Тянь-Шаньда, Орталық Қазақстанда, Тува мен Моңғолияда таралған. Солтүстік Жетiсуда төрткөлдерi үш топқа бөлiнедi. Бiрiншiсiне Көксу өзені аңғарындағы, Дүнгене, Жарлыөзек, екiншiсiне Талғар, Сүмбе, Ақмола енгiзiлген. Үшiншiсiне Алматы, Лавар, Бояулы, Ақтам, Арасан жатқызылады.
Ерте орта ғасырда гүлденген саяси-әкімшілік әрі ірі сауда орталығы болған қалалардың бірі – қазіргі Көксу мен Қаратал өзендерінің бір-біріне құяр сағасында орналасқан Екіоғыз (Эквиус) қаласы. Ол түркі тілінен аударғанда «қос өзен» деген мағынаны білдіреді. Атау Қаратал мен Көксу өзендерінің сағасына жақын орналасуына байланысты қойылған деген қорытынды шығаруға болады. Суармалы егіншіліктің қарқынды дамуына байланысты қазір орны тегістеліп, қызылша плантацияларына айналдырылғандықтан нашар сақталған. Қала сырты қорғандарының іздері жал түрінде көкжиектің негізгі бағыттарына бағыттас созылып жатыр. Қала үйлері мен әлеуметтік маңызы бар ғимараттарда егіс алқаптарының арасынан анда-санда кездесетін ортасы шұңқыр, ірілі-ұсақты төбешіктер түрінде кездестіруге болады. Карл Байпақовтың еңбектеріндегі деректерге сәйкес, Ұлы Жібек жолының бойында XІІІ ғасырдың жартысы мен XІV ғасырдың басында Орта Азиядан Жетісу арқылы Алтай мен Моңғолияның орталық бөлігін байланыстыратын сауда жолы Көксу өңіріндегі қалалардың сауда-экономикалық маңызын арттырып, одан әрі гүлденуіне өз әсерін тигізді. Жетісу өңірінен шыққан қазақтың белгілі инженері әрі тарихшы ғалымы М.Тынышбаевтың «Қазақ халқының тарихы» атты еңбегінде Қазақстан аумағындағы Ұлы Жібек жолының бойындағы гүлденген қалаларға тоқтала келіп, Көксу ауданындағы Екіоғыз, Дүнгене қалаларының көшелері мен маңызды ғимараттары анық көрініп жатқаны, жергілікті халық қала орнынан мыстан жасалған қазандар мен қыш құмыралар тапқанын және ауызсумен қамтамасыз ету үшін тау бөктеріндегі бастаулардан тартылған қыш құбырлар болғаны жөнінде де жазады. Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылым академиясы Әлкей Марғұлан атындағы археология институтының ғылыми қызметкері М.Нүрпейісовтің пікірінше, Екіоғыз, Дүнгене сияқты қалаларда 1000-5000 тарта адам тұрған. ІX-XІІІ ғасырларда қала құрылысы мен сәулет өнерінің, сауданың жақсы дамығанын Иранда, Қытай мен Монғолияда жасалған шыңылтырланған жасыл түсті қыш ыдыстар мен су құбырлары болғаны туралы деректер айғақтайды. Қазір олар Мәмбет, Мұсабек, Амангелді ауылдарындағы орта мектептеріндегі тарихи-өлкетану мұражайларында сақталуда.

Жарлыөзек пен Ағарту

Көксу ауданы аумағындағы Жарлыөзек қала­шығының маңызы да ерекше. 32 400 шаршы метр аумақты алып жатқан қалашықтың сыртқы қор­ғаны жақсы сақталған. Төрткүлдің ұзындығы мен ені шамамен 190-200 метрге жететін трапеция тә­різді, сырты қалыңдығы – 2-3, биіктігі – 5-6 метрге же­тетін қорғандармен қоршалған. Бірнеше жүз жыл бойы сыртқы күштердің әсерінен бұзылуына байланысты қазір оның биіктігі бір метрден аспайды. Төртбұрышында бақылау мұнараларының ізі сақталған. Сарқан ауданындағы Қарабөгет ауылының солтүстігінде 12 шақырым қашықтықта Лепсі өзенінің сол жақ жағалауында орналасқан. Қорған қалашығының жалпы ауданы 120 000 шаршы метр. Ескерткіштің жалпы ауданы шамамен 6 га, оның бір бөлігін өзен суы шайып кеткен. Сыртын ұзындығы 1,4 шақырым болатын қорған қоршап тұр. Сыртында төрт қабырғасын бойлай қазылған, ені 3-4 метрге жететін терең ордың ізі сақталған. Қалашықтың шы­ғыс бөлігінде пішіні трапеция тәрізді қамал орны бар.
Қорған – Жетісу қақпасы арқылы Қытайдан шыққан сауда керуені аялдайтын Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан бекет, әскери бекініс қызметін атқарған. Құрылысының басқа шағын қалашық төрткүлдерден басты айырмашылығы – қорған ішінде тұрғын үйлердің орнының сақталуы. Болашақта археологиялық қазба жұмыстарын жүргізіп, ежелгі өркениеттің орталығы болғанын айғақтайтын нысандарды анықтау қажет.
Сарқан-Бақалы тас жолы кесіп өтетін Ағарту қа­ла­шығы. Ол Көкиірім өзенінің оң жақ жағалауындағы биік жарқабақтың бойында орналасқан, аумағы 180х200 метр. Бұрыштары кеңістіктің төрт тұсына қараған. Қазір биіктігі 2,3-3м жететін сыртқы қор­ғанының қабырғалары жалға айналған. Төрт бұрышында бақылау мұнараларының мұнара орны байқалады. Қорғанға кіру қақпасы – шығыс және батыс қабырғаларының ортасында. Қойлық қаласы мен Қорған қалашығынан айырмашылығы аталған төрткүлдің сыртқы қорғанының ішінде үйінді түрінде сақталған төмпешіктердің орны жоқ. Тарихи жазба деректер мен жергілікті тұрғындарда сақталған аңыз әңгімелерге сүйенсек, сыртын биік әрі қалың қор­ғандармен қоршалған бұл төрткүлді жаудан қор­ғанатын бекініс, сауда бекеті ретінде ХІХ ғасырдың ба­с­ына дейін пайдаланған. Кейіннен қараусыз қалған. Орнына шөп өспеген әрі қаланған кірпіштерінің орны анық байқалатын ашық жатқан қабырғалары сақталған.

Жаркент пен Ілебалық

Сақ дәуірінен жеткен ұлы мұра – Жаркент қаласы. В.Бартольдтың, Н.Бичуриннің, П.Румянцевтің жә­не отандық тарихшы К.Ақышевтың, тағы басқа зерт­теу­шілердің ғылыми дәлелдері бойынша «…қазіргі Же­тісуды, оның құрамындағы Жаркент өңірін б.з.д. VІІ – ІІІ ғасырларда сақ тайпалары мекен еткен» деген тұ­жырымдары бар. Одан бергі дәуірлерде жоғарыда ай­тып өткеніміздей бұл өлкеде үйсіндер өмір сүрді. В.Бартольдтың «Жетісу тарихының очерктері» атты ғы­лыми еңбегіне қосымша көмекші құрал ретінде жасалған «Орта ғасырлар картасына» көз жүгіртсек, сол дәуірдің өзінде қазіргі Жаркенттің орнында қала бол­ғандығы белгіленген екен. Танымал жазушы Б.Нұржекеев өзінің «Өзендер өрнектеген өлке» кіта­бын­да «…қазіргі Жаркент қаласын, ежелгі Үйсін мем­лекетінің астанасы болған – Шығу қаласының орны емес пе екен?» деген, өзіндік жорамалын да ұсынған. 1856 жылы отандасымыз ғалым әрі саяхатшы Ш.Уә­лихановтың Құлжаға сапарындағы 3 тамыз күнгі ес­те­лігінде «Бүкіл жол бойы біз тоғайлар ішімен, арық­тардың бойымен жүріп отырдық. …Яркенд, Тышқан қа­лаларын оң жағымызда қалдырып, Ақкентке тура тар­тып кеттік» деп, жазып картаға түсіріп кетті.
Панфилов ауданының Үшарал ауылының солтүстік жа­ғында 1.5 – 2 км қашықтықтағы Жаркент-Сарөзек тас жолының бойындағы Түрген қорғаны да ескі қала жұртының орны екендігі белгілі. Күре жол қорғанның оң­түстік – батыс жағының біраз жерін ала тіке кесіп өте­ді. Шамалап алсақ, Түрген қорғанының 95% бөлігі үлкен тас жолдың үстіңгі (солтүстік) жағын алып жатыр. Жалпы аумағы шамамен 15-20 га жерді құрайды. Тағы бір айта кететін жағдай, қорғанның сыртқы, ішкі қабырғалардан бір де бір шикі немесе күйген кірпіш қолданылмаған. Тек топырақ, ағаш, қамыс қана пайдаланылған. Шығыс және солтүстік жағы бір-біріне жалғасқан обаларға толы. Обалардың биіктігі – 4-6м, ені 10-12м болып келеді.
Академик В.Бартольдтің қысқа ғана осы Түрген қорғаны туралы: «…Іле өзенінен өткеннен кейінгі бірінші бекет Почтавой станица 15 верстах, екінші бекет 25 верст қашықтықта орналасқан. Сол маңдағы Бурақожыр өзенінің бойында Көкталдан кейінгі жерде қираған қаланың орны бар, қаланды үйлерден, қорғаннан бірнеше заттар табылған, бірақ нақты зерттелмеген» деп айтқан анықтамасы бар.
Ілебалық – өз атауы хабар беріп тұрғандай Іле алқабында орын тепкен Талхиз (Талғар), Қойлық, Дүнгене, Алмалық, Көктұма сияқты ірі қалаларының біріне жатады. Дегенмен зерттеуші ғалымдар арасында бұл қаланың нақты орны туралы жүйелі пікір әлі қалыптаса қойған жоқ. Мысалы, А.Бернштам мен В.Бартольд – М.Қашқари мен В.Рубруктың жаз­баларына сүйеніп, Ілебалықты Шеңгелді бекінісінің орнындағы «Екіөгіз» қаласы – деп көрсетсе, академик Ә.Марғұлан М.Дулатидің деректерін алға тарта оты­рып, «Ілебалық өз алдына жеке қала болған» деп тұжырымдайды. Ежелгі Қойлық қаласының ор­нын қазу кезінде үш мәдени қабаттың бар екендігі анық­талған. Олар – қарлұқ дәуірі; Қарахан және Моңғол кезеңдері. Ілебалықты да зерттеу барысында осындай мәдени қабаттар кездесуі әбден мүмкін. Ілебалық қаласының атауы 1254 жылы Жетісуды көктей тіліп өтіп, моңғолдардың астанасына барған армян патшасы І Гетумның (Гайтон) күнделігінде бар. Онда қала «Иланбалах» – деп жазылған, яғни, бұл сөз «Іле өзені өңіріндегі қала» деген ұғымға саяды. Бұл қаланың ел игілігіне қызмет етіп өмір сүрген уақыты шамамен ХІ-ХІV ғасырлар аралығын қамтиды.
Жетісу жерінде тағы бір басы ашылмай, зерт­теу­ші­лердің назарына ілінбей келе жатқан қала – Баласаз қа­ласы. Жетісу Алатауының Қаратау және Баянжүрек тау­ларының аралығын бөліп жатқан Күреңбел ойы­сындағы Бүйен өзенінің аңғары да орналасқан. Бала­саз көне қаланың тарихи атауы емес. Өткен жылы Баянжүрек тауларына жасаған экспедиция барысында сол қала орнына барып қайттым. Сонымен бірге, сол маңда зерделеуге тиісті ұланғайыр дүниелердің бар екенін де сезіндім. Сол қала орнына жақын жерде ежелгі абсерватория және рәсімдіқ орын қызметін атқарған «Шеңбер тас (Қалақай)» ескерткіші тұр. Одан он шақырым жердегі Ашыбұлақ ауылының іргесінде тағы бір көне қала орны бар. Француз королі IX Людовиктің бұйрығымен Қарақорым қаласына жолға шыққан саяхатшы Гильом Рубрук Екіоғыз қаласынан өткеннен кейін Сарқанға қарай бет алады. Қазіргі көзбен қарағанда Екіоғыз, Дүңгене қалашығы орналасқан Көксу мен Қаратал өзенінің бойынан Қойлыққа жететін екі бағыт бар. Бірі Сағабүйен, Қызылағашты басып өтетін жол. Осы бағытта, яғни, Сағабүйен ауылының іргесінде зерттеушілерді қызықтырмаған тағы бір көне қала орны жатыр. Енді бірі Қапал ауылын басып өтіп, Баянжүрек арқылы Баласаз, Ашыбұлақ арқылы Қойлыққа же­тетін жол. Рубурктың жазбаларын зерделеп көргенде ол екінші бағытпен жүрген деп айтуға әбден болады. Себебі, Рубуркті «Шеңбер тас (қалақай)» абсерваториясын көру қызықтырмай қоймады. Тіпті, оның жазбаларында Баласаз қаласына келгені туралы деректер де осы ойымызды нақтылай түседі.

 

Демек, біз осыған дейін қазақ баласы тек көшпенділікпен өмір сүрді деп есептеп келдік. Біз қанша жерден малшаруашылығы қазақтың ата кәсібі, көшпенділік қанына сіңген деп өзімізді сендіргіміз келсе де, туып өскен өлкеміздегі қала мәдениеті және ол туралы тарихи дәйектер осы бір қатып қалған көзқарасты өзгертуге қарай жетелей береді. Осының бәрін зерделей келіп, Қазақ жерінің бір бөлшегі болған Жетісу жері қалалық өркениеттің де тал бесігі екендігіне көзімізді жеткіземіз. Әрине, қазіргі Жетісу жерінде анықталған 86 қаланың барлық сипатын осы мақала арқылы толық көрсетуге болар еді. Оның көбі баспасөз бен зерттеу еңбектерінде жазылып жүр. Біз соның ішінде жұртқа толық жете қоймаған әрі өңір өмірімен етене жақындарын таңдап алдық. Сондай-ақ, Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласына орай туындаған жаңа жобамыз әлі де жазылады. Сол жазбаларда қалып қалған қалалық өркениеттер туралы айтамыз.

Қажет АНДАС

Қасиет қонған құт мекен

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Солтүстік Қазақстан жұртшылығы мәдени және тарихи құндылықтары бар нысандарды сақтауды қолға алды.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы алты бағыттан тұрады – «Туған жер», Қазақтанның киелі жерлерінің геог­рафиясы, қазіргі қазақстандық мәдениет, 100 үз­дік оқулықты аудару, 100 жаңа тұлға және латын әліп­биіне көшу. Қай бағытты алып қарасақ та, Солтүстік Қа­зақстан облысы үдеден шығу үшін барын салып жатыр.

«Қазақстанның киелі жерлері» арнайы жобасын іс­ке асыру мақсатында жалпыұлттық маңыздағы ті­зім­ге өңірдің 6 және жергілікті маңыздағы 13 нысан ен­ді. Солтүстік өңірдегі энеолит дәуірінің ескерткіші − «Ботай қонысы» құнды жәдігер. 2018 жылғы 31 наурыздағы Үкiмет қаулысымен «Ботай қонысы» не­гізгі республикалық тарихи-қорықтардың үштігіне енді. Қоныс маңын туристік нысан ретінде дамыту жос­парда тұр. Өңiрде халықаралық деңгейдегi туризм саласын дамытуға да баса назар аударылуда. Петропавл қаласын абаттандыру жұмыстары жалғасып жатыр.

Бағдарлама аясында тұрғындар жыл бойы өңірдегі бар­лық мұражайға тегін кірді. Бұл туристерге де, қала тұр­ғындарына да мәдени демалыс болды. Өңiрдiң басшылығы «Заман таспасы» жобасын қабылдады. Жо­ба туристерге гаджеттің көмегiмен қаланың тари­хи ескерткiштерiмен танысуға мүмкiндiк бередi. Ескерт­кіштер жайында мағлұмат беретін қосымшасы да бар.

Солтүстік Қазақстан облысы жыл бойы еліміздің мә­дениетін шетелде танытуға күш салды. Өңірдегі мә­дени орталықтар халықаралық фестивальдер мен кон­ференцияларға қатысып жатыр. Бүгінге дейін өнер­паздар Германия, Бiрiккен Араб Әмiрлiктерi, Ита­лия, Испания, Болгария, Қытай, Беларусь пен Ре­сейде болып, қазақ өнерінің әлемге танылуына үлес қосты. Сонымен қатар Петропавл қаласында Сә­бит Мұқанов атындағы қазақ сазды-драма театры жұ­мыс істейді. Бұған қоса биыл қалада жаңа «Жас Өр­кен» шағынауданында 500 орынды жаңа театрдың құрылысы басталмақ.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын iс­ке асыру мақ­са­тында Қызылжар ауданы мек­теп­­терiнде «Алтын қазы­на» атты сәндiк-қол­­таңбалы шығармашылық көрмесi ұйым­дас­тырылды. 2017 жылы жер­гiлiктi ақын И.Пет­ровтың мерейтойына арнал­ған, «Свой край родной в стихах мы славим» шығар­ма­шылық кешi аудандық кiтапханада өттi. Осы iс-ша­раны мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмi ұйым­дас­тырды.
Сондай-ақ 2017 жылы Қызылжар ау­да­­нында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы ая­сын­­да Солтүстiк Қазақстан облысы iскер әйел­дер ассо­циа­циясының бастамасымен «Бiз бо­лашағымызды таң­даймыз» атты І ауылдық әйел­дер форумы өтті. Форумға Қы­зылжар ауда­нының iскер әйелдерi, депутаттар, қо­ғамдық ұйым­дардың мүшелерi, кәсiпкер әйелдер жә­не БАҚ өкілдері қатысты.

Облыста Президенттің латын графикасына қатысты тап­сырмасы аясында біраз шаралар атқарылды. Халық ара­сында түсіндіру жұмыстары бойынша 500-ге жуық ша­ра өтті. Солтүстік Қазақстанның 65 пайызын өз­ге ұлт өкілдері құрайды. Дегенмен атқарылған ша­ра­лардың арқасында барлығы латын графикасына кө­шуді қолдады. 2017 жылдың қараша айында облыстық кі­тапxанада латын графикасына үйрететін арнайы орталық ашылған. Бүгінде орталық нәтижелі жұмыс іс­теп жатыр.
«100 жаңа оқулық» жобасы аясында облысқа 18 оқу­лық жеткізілді. Аталған шығармалар алдымен кол­ледж бен университет студенттеріне таратылды. Бұл жас­тардың сапалы білім алуына, шетел кітаптарын қа­зақ тілінде оқуға мүмкіндік берді.

«Туған жерге тағзым» жобасы аясында 2018 жылы об­лыста туған өлкенi дамытуға, қолдауға жекелей кә­сіп­керлер тарапынан жалпы сомасы 1 млрд. 300 мың тең­геге қаржылай көмек көр­сетілді. Кәсіпкерлер туып-өс­кен ауыл-ай­ма­ғын­дағы ауызсу, мәдени, денсаулық сақ­тау, білім салаларындағы кейбір түйіндердің ше­шімін табуға жәрдемдесті. Өңірдегі қалталы азаматтар қашан да жолдарды жөндеуге, баспанаға мұқтаж жан­дарға үй салып беруге, көпбалалы отбасыларына қол­дау көрсетуге ниетті.

Айзат БОЛАТҚЫЗЫ,
Солтүстік Қазақстан облысы.

МЕН ЖҮРГЕН ЖОЛДАР

2008 жылдың шілде айы. Жұмысқа жаңадан кіріп, әріптестеріммен танысып, айналамдағы өмірге ақырындап етім үйрене бастаған кез. «Еңбекке жаңадан араласқан адам елпілдек болады» деуші еді әкем. Жұмыстағылардың елпек қолғанаты – менмін. Жасы үлкені де, кіші де, еркегі де, әйелі де кез келген жұмысқа жұмсай салады. Олардың тапсырмасын бұлжытпай орындауға тырысамын. Шетке қаққаны емес, үйренсің деген пейілі екені белгілі. Журналистің жазуға бейімделуі де жауапкершілігі ауыр екенін кейіндеп сезініп жүрміз ғой. Ауқымды жиналыстарға баруға, іссапарларға шығуға құлшынасың. Бірақ көбіне жібере бермейді. Ондай да бұртия қалатының бар. Сондай күндердің бірінде бөлім басшысы сырқаттанып қалды да, тізгін менің қолыма тиді. Тәңертең жұмысқа келген бетім еді. Сол тұстағы «Жетісу» газетінің жауапты хатшы Нүсіпбай Абдырахым кабинетіне шақырып:

– Абай кӨшесі №128 үйге барасың, сондағы шараны жазып қайтасың? – деп тапсырма берді.

Қайта-қайта айнаға қарап, галстугымды түзеп, аяқк иімді жарқыратып майлап, иіс суды шашып жолға шықтым. Айтылған адреске жұмыстың көлігі жеткізіп салды. Үлкен темір қақпаны итеріп ашып, ішке ендім. Айналасы биік дуалмен қоршалған ауладағы жалғыз жүк көлігіне үлкен-үлкен сумкаларын тиеп бір топ жігіт қарбаластанып жүр. Жиналысқа келген адам сияқты емес, киім киістері де бөлек. Қалтасы көп шалбар-шапандарына ілгек темірлер қыстырап алған. Жақын барып мән-жай ұғыспақ едім, біреуі де қазақша, мен орысша білмеймін. Қолымдағы баспасөз парағын нұсқап, ымдап «Осы ма?» деп қоямын. Оларда осы екенін ымдап түсіндірген болады. «Мүмкін, жиналысқа осы көлікпен баратын шығармыз?» деп ойладым. Бір кезде олар жүктерін тиеп болды да маған «көлікке шық» деп ымдады. Қарғып шықтым. Сырты темірмен қапталған көліктің іші толған адам. Бәрі 20-25-тің аралығындағы жас жігіттер мен қыздар. Тойға бара жатқандай көңілдері көтеріңкі.

Бір қуысты тауып, мен де жайғастым. Жабық көл іктен сыртты көру мүмкін емес. Бір сағаттай жол жүріп көлік тоқтады. Бәріміз жамырап сыртқа шықтық. Сонда ғана Текеліден өтіп, Қора шатқалына кіретін жол айрығына жеткенімізді білдім. Осы жерде Салтанат деген қазақтың қызы күтіп тұр екен. Қазақшасы тым жұтаң болса да, қазақша түсінетін адамды кездестіргеніме қатты қуандым. Салтанаттың үзіп-үзіп айтқандарынан альпинистерге еріп, Текелінің тауына кетіп бара жатқанымды білдім. Олар менің түріме қарап, жымыңдап бір нәрсе айтқан болады. Тілін түсінбеген соң, шамданған жоқпын. Міне, осылай Астана, Қарағанды, Шымкент, Көкшетау мен Алматы облысының альпинистер мен тауға шығушыларына еріп, «Жоңғария – 2008» туриадасының қатысушысы болып, Қора шатқалына аттандым. Сол сапар болмаса, Жетісу өлкесінің сансыз құпиясына кенелетін кезең тумас па еді, кім білсін!

ЖОҢҒАРИЯ ТРИАДАСЫ

Қора шатқалы табиғатты сүйетіндер, экстремалдар, өлкетанушылар, натуралистер, альпинистер үшін табылмайтын таңғажайып жер. Қора шатқалына демалуға келген туристер Будда артефактісін, «Бұрханбұлақ» сарқырамасын, үлкен қас иетті тасты, таңғажайып ертегілік жайылымды көріп таза табиғаттан тыныстап қайтады. Осы арада керемет бір тыныштық, әсемдік пен үйлесімділік орнаған. Таулар алысқа қол созып, алып ағаштар сапқа тұрған, жайылымның көк шалғын шөбі жайқалып тұр. Қора шатқалындағы көркем жерлерінің біріне «Таубұлақ» лагері ірге жайған. Тау басындағы алғашқы түнді осы лагерьде өткіздік.

Қора шатқалындағы демалыс лагерінде ең ерте тұратын адам – басқарушы Владимир Молдцов. Әрине, мұнда отызға тарта адам жұмыс істейді. Өзіндік міндеттері де бар. Дей тұрғанмен, жастар емес пе? Бір күндік міндетін өтесе болды, қыдырып кетеді. Одан басқа да жұмыс жетіп жатыр – жол көліктері сапарға дайын ба? Ұқыппен тексеріп шығу керек. Демалуға келген қонақтардың көңіл күйі қалай? Оларға жылыжүз танытуды да ескермесе болмайды. Бір күндік шығынды есептеу, су тартатын насос, ток шығаратын генератор дұрыс жұмыс істеп тұр ма? Осы ортаның келер кездегі көркем келбетін бір сәтке көз алдына келтіріп, соған сай жоспар жасап отыру да Молдцовтың шаруасы деп есептеледі. Тіпті, ол Қора шатқалы туралы көп нәрсені білетін болып шықты. Түнімен ұйқы бермей, қазақшаны бұзып сөйлейтін Молдцовтан Қора шатқалы туралы білетіндерін жазып алуға тырыстық.

Жетісудың жеті өзенінің бірі – Қаратал өзені бастауын Қора, Шажа, Ойсаз, Текелі, Теректі өзендерінен алады. Қараталға таудан сарқырай, арқырай құлайтын Қора өзенінің жағалауы мен қос қапталы бірден биік жоталарға ұласа өрлеп, төбесі ақшулан бұлттар қонақтаған алып таулармен керіліп, көркем табиғатқа, ғажайып көрініске ұштасады. Қора өзенінің шатқалына орналасқан. Бұр анбұлақ – Жетісу жеріндегі ең биік сарқырама. Ол – 125 метр адам аяғы баспайтын құз басынан құлақ тұндыра күркіреп, тонналаған мұздай суы құлай ағып жатқан жұмбақ құбылыс. Қарақошқыл гран итке ұқсас жартастан мөлдір моншақтай құбыла төгілген су, көк жасыл мүк басқан, көкке өрмелеген алып тастан сырғанай аққан сарқыраманың бүкіл бойында кемпірқосақтың барлық түсімен құлпыра ойнап тұрады. Ғажап көрініс. Мұны тек көзбен ғана бағамдау керек.

Молдцовтың әр сөзі маған қызық, құпия болып сезілді. Осылай әңгімелесіп жатып, қай уақытта ұйқыға кеткенімді білмеймін. Таң ата орнымнан тұра сала айналаны аралап келейік деп, тағы да Молдцовты мазасын алдым. Ол да өтінішімді жауапсыз қалдырған жоқ. Иығына түсетін шашын төбетайлап түйді де, қалпағын әдемілеп киіп, аса таяғын алып бастай жөнелді.

Бір байқағаным, Қора шыны қора іспеттес екен. Өзеннің жазыққа қарай шығар аңғарының (өзеннің ағысымен айтсақ) оң жақ жағалауында үлкен, бойына тарих белгісін жинаған алып қара тас алғашқы болып көзге түті. Таста бейнеленген дүниелер Будда дініне қатысты-ау деп пайымдауға әбден болады. Жалпы, Буддизм Қазақстанда ІХ-ХІ ғасырларда пайда болғаны белгілі. Тастағы таңбаны орта ғасырдан қалған жәдігер деп есептедім. Үлкен тастың жылтыр, өзенге қараған бетінде ескіден қалған сызбалардың ізі әлі де көзге көрініп тұр. Тастың биік төбесінде су қағы тұратындай қазан шұңқырға үнемі су толып тұрады. Жыл он екі айда құрғамайды. Тастың үстіне шыға алатын адамдар емге ішеді екен. Қанша тырыссам да тастың үстіне шыға алмадым. Табаны жылтыр бәтіңкем кедергі болды. Бәтіңкемді шешіп тастап, өрмелеп көріп едім, таңғы шықпен суланып тұрған тас бетінен табаным тайғанақтап тоқтамай қойды.

Биік тас бетінде индиялық табынушы бейнесіне ұқсас әйелдің суреті бейнеленген. Тастың төменгі бө-лігінде әлдебір мифологиялық хайуанның кескін-сүлдесі салыныпты. Мұндай ескерткіштер басқа жер-ден кездеспейді. Алайда, кейбір скульптура мен кескіндерде стилистикалық ұқсастықтары болатыны даусыз. Мысалы, Ұлы Шива шіркеуіндегі сызықтар осыған ұқсас сияқты. Хайуанның басы айдаһар сияқты да, денесі арыстанға ұқсайды. Кезінде Қытайда жүргенде географ, ботаник, этнограф Василий Сапожниковтың қытай тіліне аударылған «Жетісу очеріктері» атты еңбегінде 1903 жылы Қапалдан атпен шығып, Қора өзенінің жағалауын аралап, көрген-білгенін хатқа түсіре келіп: «…өзен бойын бес сағат бойы жағалап жүргенімізде, алып тасқа кездестік. Қалың қарағайдың ішіне орналасқан. Мұны жергілікті қырғыздар «Әулие тас» дейді екен. Таспен қатарлас өскен ағашқа түрлі-түсті шүберектер бай-лапты.

Осыдан жоғары өрлегенде, алдыңыздан ғажайып сарқырама көрінеді» дегенін оқыған едім. Сол Сапожниковтің кітабында сарқыраманы Бұрқанбұлақ деп атағаны есіме түсті.

– Бұл әулие тас, анау Бұрқанбұлақ, – деп айғай салыппын.

– Әрине, бұл туралы халық арасында неше-түрлі аңыз-әңгіме бар, – деді Молдцов менің тебіренген көңіл күйімді түсіргісі келмей.

Сондай аңыздың бірі былай өріледі. Бұрқан – анасының жалғыз ұлы екен. Осы баласын тым жақсы кө- ретін шешесі күндердің күнінде Бұрқан жүзінен иманы төгілген инабатты да тіл алғыш келін түсірсе деп арман етіпті. Алайда ұлы тәкаппар әрі бірбеткей Қора сұлуға ғашық болады. Бұл таңдау көңілінен шық- паған ана екі ынтызар жүректің бірігуіне жол бергісі келмей, орасан зор тас қамал соғады да баласын қамап тастайды. Әйтсе де, Бұрқанның махаббаты бәрінен басым түсіп, қамалдан асып төгілген көз жасы Қора сұлудың өзеніне қосылады. Міне, содан бері екеуі тел ағысқа айналып, телегей теңіз өзен болыпты. Баласынан айырылып қалған ананың көз жасы да әлі тыйылмапты. Бұрқанбұлақ сарқырамасымен қатарлас жылай ағатын кішкентай жылға осы «Ананың көз жасы» дейді.

Сарқырамаған жақындасаң су астындағы әр түсті тастар анық көрінеді. Шашыраған су жаңбыр тәріздес, ыстық ауа мен судың шашырап қосылған тұсы кәдімгі оазис. Жаныңды рақатқа бөлейді. Суды кешіп, сарқыраманың астына бару қауіпті. Судың күшімен мұжылып жатқан жақпар тастың ұш қындары, көлемі торғайдың жұмыртқасына жете қабыл, ұшып түсіп жатыр. Денеңе тисе, шымыр еткізеді. Сарқырама астына барсаң, одан да үлкені болуы мүмкін. Судың сарыны, шуылы бүкіл денеңді билеп алып кетеді, сондай бір бойыңа жан тыныштығын орнатады. Ойыңнан барлық күдік сейіліп кеткендей. Тек табиғаттың тартылыс күші бойыңды меңгереді.

Көрікті ағаш пен иісі жұпар аңқыған шөп Қораның ажарын кіргізсе, аңы мен құсы өз алдына бір жыр. Өткен ғасырда талай ғалымдар мен оқымыстылар бұл маңайда болып, зерттеу жұмысын жүргізген. Орыстың белгілі биологі В.Шитников 1908 жылы осы жерден әлемнің еш жерінде кездеспейтін бақа-балықты (тритонды) Ой саз жайлауындағы Талды өзенінен тапқан. Бұл балықтың емдік қасиеті ерекше. Оның кептірілген ұнтағы сыныққа мың да бір ем болып табылады. Бір ақ біз өзен жағалап біраз жерге барсақта В. Шитников тапқан балықты кездестіре алмадық. Қолға ілінген бірнеше ұсақ шабақты місе тұттық. Есесіне, өзен бойындағы түрлі құстардың дауысы құлақтың құрышын қандырады. Молдцовтың айтуынша, Қора шатқалында құстардың 465-470 түрі, сүт қоректілердің 115-120 түрі жасайды екен. Бұл туралы арнайы зерттеу жұмысын жүргізгендер бар. Тіпті, сол туралы кітапта жазылыпты. Бірақ Молд-цов зерттушілер мен кітапты есіне түсіре алмады.

Өзеннен балық қуалап жүріп, сарқырамадан біраз ұзап кеткенімізді байқамай қалыппыз. Алдымыздан алып қара тас көлденеңдей қалды. Бұрқанбұлақ сарқырамасына 1 шақырым жетпей «Киелі тас» орналасқан. Бұл шатқалда оны байқамай өту мүмкін емес. Орасан зор, аппақ тас көзге бірден шалынады. Жергілікті халық киелі тас деп атайды. Келген адам тағзым етіп, шүберек байлайды. Келіп-кетушілер тастың жанына тастан үйіп ошақ жасап қойыпты. Жанында балықты шаншып пісіретін істіктері де дайын екен. Біз де отыра қалып, өзеннен ұстап алған шабақтарымызды істікке қадап, отқа қақтай бастадық. Бір қызығы, сол маңнан ондай үлкен тасты кездестірмейсің.

Ол жайлы халық арасында қызық аңыз сақталған. Баяғыда осы жерде, өзен жағасында ауыл болыпты. Көк майсалы құнарлы мал жайылымында малдары семіріп, адамдары тыныш өмір сүріпті. Кенет жер сілкініп, адамдардың үрейі ұшып кетіпті. Тау жарыла құлап үлкен тастар жолындағы мың жылдық шыршаларды қопара ауылға қарай жақындап келе жатыпты. Осы мезгілде бір киіз үйде әйел босанып жатады. Дүниеге жаңа келген сәбидің шыңғырған үні шатқалдың ішін жаңғыртып кетіпті де, бір керемет болыпты! Домалап келе жатқан таудай тас киіз үйге бірнеше сантиметр қалғанда кілт тоқтапты. Содан бері бұл тасты жергілікті жұрт «Киелі тас» деп атап кетіпті.

Біз әңгіме қызығына түсіп кеткенде, айналамызға біраз адам жиналып қалыпты. Тілімізді түсінбесек те, жүрегімізбен сөйлесіп тұратын шетелдік әріптесім, француз журналисі Мичель мырзаны алғаш рет осы жерде кездестірдім.

– Әлемнің талай елінде болдым. Қора шатқалы экологиялық бүліншілікке ұшырамай, табиғи қалпымен өзіне баурап алды. Экологияның көркемдігін сезінемін деушілерге табылмайтын жер, – деп өз сөзін түйіндеді. Менің экология саласындағы біраз жетістігіме осы Мичель мырзаның ықпал еткенін бүгінде көп адам білмейді. Мүмкін, «Киелі тастың» қасиеті біздің арамызға үзілместей сыйластық берген шығар.

Шынында да мұндай ауа, мұндай су, мұндай жер, мұндай көрікті, әсем жайлау ешбір жерде жоқ. Соны ел кәдесіне жарата алсақ, кәне.

Біз түнде келген соң, көп жағдайдан бейхабар екенбіз. Бұрқанбұлақ сарқырамасының айналасына тігіл- ген көп шатырды көріп таң-тамаша болдық. Олар туризм саласының жанашыры, ұзақ жылдық биология пәнінің мұғалімі Светлана Федорованың оқушылары болып шықты.

– Бұл жер мектеп қабырғасындағы балалар үшін табылмайтын орта. Жыл сайын оқушыларымды осын-да ертіп келіп демалып қайтамын. Осы барыста экологияны қалай қорғау керек екенін түсіндіремін, әрі балалар өз алдына өмір сүруге жаттығады. Себебі, бұл күндері олар тамақты өздері жасайды, тауға шығады, дәрі-шөп теріп әкеліп, дәмді сусындар жасайды, – дейді Светлана.

Біздің қатарымыз міне, осылай мектеп оқушыларымен толықты. Қасиетті тасқа барып тілек тіледік. Аңызда айтылғандай тасқа қос алақаныңды тигізіп тұрып тілек етсең қабыл болады дейтін сенім бар. Сосын тастың дәл түбінен өсіп шыққан қарағайға шыт байлауың керек. «Әулиебастаудан» су ішпей кетуге болмайтынын ескерте кетейін. Оның суы түрлі асқазан және көз ауруына шипа болады. Қаз- қатар тізілген қарағайлы алқап пен көкорай шалғынға аунап таза ауамен тыныс алып, сарайың ашыла-ды. Қаланың шуын мүлдем ұмытып өзіңді сергек көңіл күйде сезінесің.

– Енді, таңғы асқа барайық, – деді Молодцов.

Біз келгенде сапарластарым таңғы асын ішіп, бізді күтіп тұр екен. Шай үстінде ресми киінген тілшіні ерту, ертпеу мәселесі біраз талқыға түскен көрінеді. Бірақ, ұйымдастырушылар аттай қалап алған жалғыз журналисті тастап кеткісі келмепті. Мичель мырза мен қазақша білетін Молдцовпен осы жерде қоштасып, қазақша білмейтіндерге еріп, тағы да жолға шықтым. Ендігі бағытымыз – тау жолымен жаяу 20 шақырым жүріп, Асылбай мұздығына жетіп, альпинистер мен тауға өрмелеушілердің тәжірибесін сынақтан өткізу.

Демалыс үйінен көп ұзамай бәтіңкемнің тігісі сөгіле бастады. Костюмді бұта-бүрген талап, тамтығын ұшырып келеді. Қысқасы, осыдан былайғы екі күн қиындық пен қызыққа толы болды. Егер демалыс үйінде қалғанда Қора, Шажа, Ойсаз, Текелі, Теректі, Шегірбұлақ, Қасқабұлақ, Асылбай өзендерін кешіп өту бақыты бұйырмай, Жаманкөл және Мыңжылқы тауларын көріп, Төле би бабамыздың Абылай ханды қалай құтқарып қалғаны жайлы әңгімені жазып алмас едім.

Қажет Андас,

Әлқисса, Алматы облысы.

Тарихын тасқа — жасырған…

ҚР Президенті Н. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы және Елбасының биылғы Жолдауын іске асыру аясында туризмді дамыту мәселелері бойынша келелі кеңес Тараз өңіріндегі Ақыртас тарихи кешенінде өтті. Жиын барысында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметов, «Қазақстан темір жолы» ҰҚ «Жүктасымалы» АҚ президенті Оралхан Құлақов үш жақты Меморандумға қол қойды. Меморандум «Ежелгі Тараз» қалашығы республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау, сонымен қатар ғылыми жоб аларды және археологиялық зерттеу, консервация, реставрация жұмыстарын қарқынды жүргізу саласындағы бірқатар бағыттар бойынша ынтымақтастықты жалғастыруды көздейді…

Ең әуелі Ақыртас жайлы… Бұл тарихи кешен – күрделі құпияға толы алып нысан. Ақыртас сарайы аумағы 2,5 гектар жерді алып жатыр. «Оның 70-ке жуық бөлмесі болған», – дейді зерттеушілер. Жалқын қызыл тастары анандайдан менмұндалайтын көне мекеннің ішіне бүккен сырына қаныға түсіп, құмартқан жандар арғы-бергі заманда аз болмапты. Ақыртас кешені туралы XIII ғасырдың басында осы өңірге келген қытай саяхатшысы Чан-Чунь мынандай мәлімет қалдырған екен: «Жол бойында тастан тұрғызған қалаға тап болдық. Қызыл түсті тастан қаланыпты. Ежелгі әскери қоныс мекенінің белгілері байқалады…». Чан-Чуньның алғашқы жазбасынан кейін бұл алып құрылыс туралы ешқандай дерек айтылмайды. Сол уақыттың өзінде-ақ бұл ғажайып құрылыс  тоқтап қалыпты. Неліктен? Ол жағы біз үшін әлі де құпия. Ресей империясы Қазақстанның оңтүстігін жаулап алғаннан кейінгі уақытта орыс суретшісі М.С.Знаменский көне кешеннің орнына келіп, Ақыртас қабырғаларының сызбасын жасап, суретін салады. Зерттеуші П.И.Лерх: «Ақыртас – салынып бітпеген будда ғибадатханасы», – десе, академик В.В.Бартольд: «Несториан ғибадатханасы», – деген болжам айтады. Ал археолог Т.К.Басеновтың жазуына қарағанда «Ақыртас – салынып бітпей қалған ірі бек сарайының іргесі» екен. Қазақстан Тәуелсіздік алғаннан кейін академик К.М.Байпақов бастаған ғылыми топ кең көлемді археологиялық жұмыстарды француз ғалымдарымен бірлесіп жүргізе бастайды. Соның нәтижесінде түбегейлі жүргізілген ғылыми-зерттеулер «Ақыртас – бабалар мұра қылып қалдырып кеткен ежелгі сарай-кешен» екенін дәлелдеп берді.

Ғалымдардың пікірінше, «Ақыртастың астында өте үлкен қуыс бар». Ол жерде табиғи газдардың мол қоры жатыр. Жердің астындағы осынау геотектоникалық процестер адамның бойындағы қарым-қабілетін ашуға көмектеседі екен. Сол себепті, бұл маңға келушілер Ақыртасты тек тарихи кешен деп қана емес, киелі орын деп те санайды. Ол сөзімізге дәлел – кешен аумағында шүберек байланған бірнеше бұталарды кезіктірдік. Одан бөлек, тақ секілді тастың үстінде отырып тілеген тілегің қате кетпейді деген сенім бар екен. Ауруына медет тілеп, жүрек түкпіріндегі арыз-арманын арқалап келетіндер қарасы көптеу көрінді… Жалпы, бұл жердің ерекше киелі мекен екеніне сенетін жандардың айтуынша, Ақыртас адам ағзасындағы «ұйықтап жатқан» жасушаларды оятатын табиғи генератор іспеттес. Әрине, анығын Алла білер. Жалпы, ЮНЕСКО тізіміне енген бұл археологиялық ескерткіштің құпиялары бүгінгі күнге дейін толық анықталмаған.

Мамандар Ақыртастың балбал тастары Түріксіб теміржолын салу кезінде құрылыс материалдары ретінде пайдаланылғанын айтады. Сол уақытта кешенді бұзып, дайын тастарды теміржол астына төсеп, бекеттердің іргетасын қалаған көрінеді. Осы жоғалған дүниелерді қалыпқа келтіру мақсатында үшжақты меморандум негізінде үлкен жұмыстар қолға алынбақ… Үшжақты басқосу нәтижесінде осы мәселелер кеңінен талқыланды. БАҚ өкілдері, Қазақстандағы ірі тарихи-археологиялық музей басшылары, туризм саласы өкілдері қатысқан бұл жиын қорытындысында Қазақстандағы туризмнің бары мен жоғын елеп-екшеуіне мысқалдай болса да үлес қосылса игі деген көңілді байқадық.

«Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында: «Біз халықтың санасына жалпыұлттық қасиетті орындар ұғымын сіңіруіміз керек. Қазақстанның қасиетті жерлерінің мәдени-географиялық белдеуі – бізді кез келген рухани жұтаңдықтан сақтап қалатын символдық қалқанымыз, ұлттық мақтанышымыздың қайнар бұлағы және бірегейлік негіздерінің басты элементтерінің бірі», – деген болатын. Осыған орай, Мәдениет және спорт министрлігі 2017 жылдан «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы аясында ауқымды шараларды жүзеге асырып келеді. Жамбыл облысы өңірінің тарихи-мәдени мұраларын қорғау, туризмін дамыту мақсатында өңірдегі нысандарды тиімді пайдалануымыз керек. Әсіресе, осы облыстағы ЮНЕСКО-ның тізіміне енген Ақыртас, Ақтөбе-Баласағұн, Құлан, Өрнек, Қостөбе ескерткіштеріне де үлкен маңыз берген жөн. Тек осы өңірдегі емес, Қазақстан, қала берді, Орталық Азия елдерінде кездеспейтін, бірегей кешен болып табылатын Ақыртас ескерткішінің туристер үшін өзіндік тартымдылығы бар. Өткен жылы «Ежелгі Тараз ескерткіштері» музей-қорығына қарасты «Көне Тараз» археологиялық паркіне, Айша бибі, Қарахан кесенелеріне және «Ақыртас» кешеніне келушілердің саны 215 мыңды құраған. Соның ішінде Ақыртасқа келушілердің саны 25-30 мыңнан аспаған. Сондықтан отандық және шетелдік туристерді осы нысанға көптеп тарту – Мәдениет және спорт министрлігінің, Жамбыл облысы әкімдігінің, Туристік қауымдастықтың және
зге де мүдделі тараптардың ортақ мақсаты. Осы ретте, бүгін Мәдениет және спорт министрлігі мен Жамбыл облысы әкімдігі екіжақты меморандумға қол қойып отыр», – дейді ҚР Мәдениет және спорт министрі А.Мұхамедиұлы.

Жамбыл облысы әкімі Асқар Мырзахметов өңірде 3400-ден аса тарихи-мәдени ескерткіш барын айтып, алдағы уақытта Ақыртас кешенінде қазақы этноауылдар туристер үшін қызмет ететінін, онда ұлттық құндылығымызды дәріптейтін дүниелердің болатынын атап өтті:

– Халықаралық нарықта туризм индустриясы өте көп қаражат тартатын сегменттердің бірі. Бізде туристер қызығатын нысандар жеткілікті. «Ұлы Жібек жолы» бойындағы Жамбыл облысы бөлігінің мәдени-тарихи ресурстары мен туристік әлуетінің негізі деп есептеймін. Бүгінгі кездесуіміздің түпкі мақсаты – Ақыртас кешенінің қазіргі жағдайына зерделеу жұмыстарын жасап, қалпына келтіру мәселелерінің шешімін тауып, қазақстандық және шетелдік туристерді қызықтыра алатын қасиетті орынға айналдыру. Кеңесіміздің осы Ақыртас сарай кешені орналасқан жерде
туінің мәні мен мақсаты осында. Ақыртас кешені күрделі құпияға толы нысан ретінде Мысыр кереметтері, Афины акропольдары, Рим Коллизейі, Перудағы Майя пирамидалары және антикалық аңыздармен деңгейлес жатқан алып құрылыс деңгейінде бағалануда, – дейді Асқар Исабекұлы.

Ақыртас сарай кешені маңында салынған заманауи ғимаратта өткен баспасөз мәслихатына «Ана тілі» газетінің Бас редакторы Самат Ибраим, «Мәдени мұра» журналының редакторы Қуаныш Жиенбай, «Қазақ үні» газетінің Бас редакторы Қазыбек Иса, «Айқын» газеті Бас редакторының бірінші орынбасары Серікбол Хасан, «Қазақстан Заманы» газеті Бас редакторының бірінші орынбасары Бауыржан Карипов, «Адырна» Ұлттық этнографиялық порталының жетекшісі Арман Әубәкір, «Қазақ» газетінің қызметкері Қали Қамбаров, т.б. журналистер қатысты.

Жиында ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне және Қазақстанның жалпыұлттық маңызы бар киелі жерлерінің тізіміне енген «Ақыртас» кешенін және осы өңірдегі өзге де тарихи-мәдени мұра нысандарын туристік орталыққа айналдыру мәселелері жан-жақты талқыланды. Шара барысында Қуаныш Жиенбайдың: «Тарихи жерлердің көшірме кәде-сыйларын жасау жұмыстары қолға алынса, туристерді тарту мәселесі де біршама алға жылжитын еді», – деген пікіріне облыс басшысы Асқар Мырзахметов бұл орынды ұсынысты қолға алар кәсіпкерлерге жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екенін мәлімдеді. «Ана тілі» газетінің Бас редакторы Самат Ибраим алдағы уақытта бұл жұмыстар басқа облыстарда қалай жүргізілмек екенін және ішкі туризмді дамытуда министрліктер, жергілікті әкімдіктер қандай жоспарлар жасап отырғанын сұрады. Арыстанбек Мұхамедиұлы өзге
ңірлердегі тарихи кешендерді дамыту назардан тыс қалмайтынын, республикалық дәрежеде шаралар
ткізілетінін айтты. Астананың 20 жылдығы аясында Бозоқ қалашығында да үлкен республикалық орталық ашу қажеттілігін жеткізді. «Ішкі туризмді дамытуға байланысты Білім және ғылым министрлігімен бірігіп жаз кезінде оқушыларды, студенттерді әртүрлі бағдарлама бойынша тарихи орындарды таныстыруды қолға алдық.  Жаз айларында жергілікті университеттердің студенттерін тарихи кешендерге алып келіп, ұлттық жәдігерлерімізбен таныстыру жұмыстарын жүргізетін боламыз. Бірнеше студенттік топтарды археологиялық жұмыс тобына бағыттау шаралары да жүзеге асырылады», – дейді А.Мұхамедиұлы. Ішкі туризм мәселелеріне қатысты қойылған сауалға облыс әкімі А.Мырзахметов былайша жауап берді: «Қазіргі уақытта ішкі туризмді дамытуға қатысты облыстың жоспарын түзеп жатырмыз. Біріншіден, осыған қатысты арнайы Басқарма жақында ғана құрылды. Бүгінгі таңда интерактивті сабақтар арқылы оқушылардың тарихи орындармен танысуына мүмкіндік жасаймыз», – деді. Аймақ басшысы ішкі туризмді дамыту үшін тиісті инфрақұрылым керектігін тілге тиек етті. Қазіргі кезде ең бірінші кезекте көңіл бөлетін нысандар анықталып жатқанын баса айтты. «Қазақ үні» газетінің Бас редакторы Қазыбек Иса Үржар өңірінен табылған Сақ ханшайымының қазіргі жағдайы және Сарайшық тарихи кешенінің бүгінгі тыныс-тіршілігі жайында сауал қойды. Министр Сақ ханшайымына реставрация жасалып, Сарайшық кешеніне қазба жұмыстары жүргізіліп жатқанын, сапар орталығын құру жоспарда бар екенін жеткізді. Осы орайда, Отырар мен Тамғалыда да сапар орталықтары құрылмақ. Арман Әбубәкір: «Туризмді дамыту үшін иммидждік видеороликтер мен халықаралық ауқымдағы жобалар жасау мәселесі қалай?», – деген сұрағын ортаға тастады. Мәдениет және Спорт министрі А.Мұхамедиұлы Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Қасиетті Қазақстан» орталығы ашылып, оны басқаратын Берік Әбдіғалиұлының бастамасымен еліміздегі киелі жерлер туралы кітаптар 3D электронды форматта жарық көріп, мұндай жұмыстар алдағы уақытта жалғасатынын айтты. 2017 жылы Халықара-лық ЭКСПО көрмесі аясында этноауыл ашылып, сол ауылд ағы ипподр омда бірінші рет Дүниежүзілік чемпионат өткенін мысалға алды. Ал, Жамбыл облысы әкімі Асқар Мырзахметов мамыр айында «Қымыз мұрындық» фестивалі өткелі жатқанын тілге тиек етіп, туризмді дамыту мақсатында мұндай ауқымды жобаларды өңір бойынша алғаш бастап отырғанын жеткізді.

Шара барысында журналистер сұрағына жауап бере отырып сөз алған Арыстанбек Мұхамедиұлы көне ескерткіштерді реставрациялау, туризмді насихаттау туралы да кеңінен тоқталып өтті: «Әрине, қазір археологиялық жұмыстарға реставрация керек. Деректі фильмдер шығаруымыз керек. Сонымен бірге үш тілде бүкіл Дүниежүзіне кеңінен тарайтын кітаптар немесе мағлұматтар жасауды қолға алу қажет. Ақыртасты дамытсақ, туристер келіп жатса, сол туристен түскен пайда осы Ақыртасты әрі қарай дамытуға жұмсалады. Бір жыл бұрын жұмбағы көп нысанды «Қазақстанның Киелі жерлері картасына» енгіздік, енді көне қаланы жан-жақты зерттеу мәселесін көтеріп отырмыз. Бұл ретте, бізге көмек қолын созып, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізіп жатқан археолог ғалым К.Байпақовқа айтар алғысымыз шексіз», – дейді.

 

Министрдің сөзінше, орта ғасырлық «Ақыртас» сарай кешені толық зерттеліп, туристік тартымдылығы артпақ. Ол үшін елімізге белгілі академик, археологтармен қатар, шетелдік ғалымдар да тартылатын болады…

Иә, қазақ даласының әр тасын аударып қарасаң – байырғының әнін айтады. Ежелгі Тараз маңындағы, шаһардың өзіндегі тарихи-мәдени ескерткіштердің әрқайсысының да айтар сыры, жыры, мұңы бөлек. Тек оны тыңдар құлақ, құрметтер ұрпақ болса деңіз…

Қарагөз СІМӘДІЛ

ОРБҰЛАҚ ӨНЕГЕСІ

2008 жылы 15 желтоқсанда Тәуелсіздік мерекесіне арналған салтанатты жиналыста сөйлеген сөзінде Елбасы Н.Ә.Назарбаев: «Орбұлақ пен Аңырақайдағы тарихи маңызды жойқын жеңістер де Азаттықтың ақ туы астында желбіреді», – деп бұл бақытты күнге сол жеңістердің арқасында жеткенімізді айрықша атап өткен еді. Еліміздің тарихындағы ұлы жеңістер мен сан алуан оқиғаларды санамалап қарасақ, солардың өткен кезі мен болған жері бізге нүктесіне дейін белгілі боп жеткені Орбұлақ жеңісі, Ордабасы жиыны, Аңырақай шайқасы, Ойрантөбе оқиғасы, Ереуілтөбе бәтуәсі секілді бірен-сараны ғана. Сондықтан оларды біз ата-бабамыз қалдырған тарихи жәдігер санаймыз әрі мұны ұмытпаңдар деген аманаты деп бағалаймыз.

Бұлардың ішінде Орбұлақ жеңісі – қазақ халқының ерекше тарихи мақтанышы. Орбұлақ дегенде, ең әуелі есімізге түсетіні – ол жеңістің еш теңдесі жоқ екені. Жаудың 50 мың қолын 600-700 жауынгермен ғана тоқтату, шынында да, теңдесі жоқ ержүректік. Орыс деректерінде қазақ қолы 600 делінсе, Қазыбек бектің «Түп-тұқияннан өзіме шейін» кітабында 700 адам деп айтылады. Бұл соғыс жайында тұңғыш дерек беруші Тобылдың әскери қызметкерлері Гришка Ильин мен татар Кучембердейко Кучеев қалмақ қонтайшысы Батырдың қысқы ордасы тұрған Қара Айғыр (Қара Адзегир) деген жерге келгенде, ол 50 мың қолмен қазаққа қарсы аттанып кеткен екен. Екеуі оның оралуын трт ай күтеді. Батыр қонтайшы жорықтан тек Илья күнінен соң, яғни 20 шілдеден кейін ғана оралады. Демек, қонтайшы жорыққа наурыз айының соңына таман аттанған. Екі қызметкер қонтайшының қасында тағы екі ай болады. Қазіргі Орбұлақ жерінде өткен шайқастың мән-жайын екеуі сонда біледі. Қалмақ қонтайшысы Батыр (шын аты – Қотақотсын) 1643 жылы қазақ пен қырғызға қарсы неге 50 мың қолмен және неге көктемге салым аттанған? Мұны ешбір орыс дерегі ашып айтпайды. Сірә, қазақ-қалмақ арақатынасын ол кезде әлі аз зерттегендіктерінен болар. Ал Қазыбек бек Тауасарұлы жоғарыда аталған кітабында: «1021 – қой жылы ( 1643 – Б.Н.) Алтын ханның ұлы Омбы, ойраттың білікті нояндары қазаққа қайта лап қойды. Оның басында әкесінің қолға түсіп қорлық көргенін ұмыта алмай жүрген Батыр қонтайшы болды. Бұл соғысқа ол 50 мыңдай қолмен келді», – дейді (Алматы, 1993). Батыр қонтайшының әкесі қай кезде қазақ қолына тұтқын болғанын орыс пен қазақ тарихы айтпайды. Алайда осы бір ғана себеппен қазаққа қалмақ шабуылға шықты деудің дәлелі аз секілді. Қазыбек бек Батырдың осы соғысы жайында:
«Әйтеуір, қазақ қолындағы кіші қатынын босатып алуға ғана шамасы жетті», дейді. Бұған қарағанда, оның әйелі қазақтардың тұтқынына түсіп және оны қазақтар осы төңіректе ұстаған ғой. Бірақ бұл әйелдің аты-жөні, Батыр екеуінің бір-біріне қаншалық қымбат екені, өкінішке қарай, еш тарихи деректе айтылмайды. Алайда соңынан келіп құтқарып әкеткеніне қарағанда, оны Батыр қатты жақсы көрген болар деп шамалауға ғана болады. Қазаққа деген Батырдың ашуын арттыратын, әрине, бұл да үстеме себеп, алайда соншалық 50 мың қолмен аттанатындай оның да салмағы жоқ секілді. Ал енді Батырдың бұл тоқалы қазақ тұтқынына қалай, қашан түсіп жүр? 1635 жылы Талай, Құжы, Торғаш деген қалмақ тайшылары бірігіп, қазақты шабады. Есім ханның ұлы Жәңгірді сол соғыста байлап әкетеді. Бұл жайында орыс тарихшылары да жазады, алайда Жәңгірдің ол тұтқыннан қалай құтылғанын анықтап айта алмайды, өйткені білмейді және білмейтіндіктерін ашық мойындайды. Оның шындығын тек Қазыбек бек қана өзінің Матай атасының шежіресі бойынша баяндайды. Ол былай. Жәңгір тұтқында бір жылға жуық жатады. 1636 жылдың жазында Батыр қазіргі Нарынқол, Текес маңайын жайлайды. Қарасай мен Ағынтай батыр ол кезде Сапы-Саты, қазір Саты деп қана аталатын жерде Жәңгірді қалай құтқару жнінде жоспар құрады. Есім ханды алдымызға келтіріп, бас игіземіз деп күткен қалмақтар Жәңгірді қинамай, аяғына кісен салып қана жеке үйде ұстапты. Соның бәрін алдын ала біліп алған Қарасай тобы Жәңгір жатқан үйге түн іші жақындай бергенде, үйлердің бірінен әлдекім шыға келген. Оның кім екенін білмеген Қарасай күре тамырын баса қойып, талдыра салады. Содан кейін күзетшіні де талдырып тастап, екі жігіт үйдің іргесін ктеріп жіберіп, ішінен Жәңгір сұлтанды шығарып алған. Сол арада Ағынтай батыр үйден шыға келген бір сұлуды қалмақ қызы деп ойлап, аузын баса қойып олжалап әкетеді. Кейін білсе, Қарасай есік алдында талдырып тастаған адам Батыр қонтайшының зі болып шығады, ал Ағынтай ктеріп әкеткен сұлу далаға шығуға кеткен күйеуін іздей шыққан тоқалы екен. …зін талдырып, әйелі мен ханзаданы дәл иегінің астынан қазақтардың масқаралап алып кетуі, сз жоқ, Батыр үшін аса үлкен намыс еді. Тарихшы И.Я.Златкиннің зерттеуінше, 1630 жылы ғана дербес мемлекет құрып, оған тұңғыш қонтайшы болған адамға бұл жағдай беделден жұрдай қылатын оқиға еді. Міне, осының бәрін жинақтай қарағанда ғана Батырдың қазаққа неге соншама қаһарланғанын түсінуге болады. кесінің қазақ тұтқынында болып қайтқаны ескі кек болса, зін масқаралап, әйелі мен тұтқынын тартып әкеткені ел намысына да, з намысына да тиетін жаңа кек еді. 50 мың қолмен аттанып, қазақты жер бетінен біржола құртып жібермек болғанына бұл себептер сендіреді. Ал енді қалмақтар неге қырғызды шапты, олардың жазығы не дегенге жауап беру біршама қиын. Ол жайында жазба дерек жоқ. Алайда ауызша тарих саналатын қазақ шежіресі бұл арада, меніңше, біршама кмек жасай алады. Қарасай батыр Жәңгірді қалай құтқарудың жоспарын құрғанда, меніңше, ол алдын ала қалмақ ішіне жансыздар жіберген болу керек. Оған қазақтарды жұмсау әрі күдікті, әрі мүмкін болмағандықтан, сз жоқ, оған крші ағайын қырғыз адамдарын тартқан шығар деп шамалауға болады. Ал сол жазда қырғыздың қай атақты адамдары з ордасына келіп кеткенін Батыр қонтайшы те жақсы білсе керек, сондықтан қазаққа барлаушы болған қырғыздардан кек алуды ол – басты мақсат еткен, оларды сол үшін шапқан деп ойлаймыз. Орбұлақ шайқасы ткен ңірді ежелден қазақтың суан деген тайпасы мекендейді. Көп жауды аз қолмен бгеуге қолайлы жерді Жәңгірге тауып берген Елтінді сол суан тайпасының батыры. Суанда Елтінді батырдың замандасы әрі досы Ұзынмұрт Ұзақ батыр деген болған. Елтінді …сек зенінің шығыс бетін жайласа, Ұзақ батыс жағын жайлаған. Ұзақ батыр жайында шежіре: «Сол батырдың әйелі қырғыздың Бурайке деген байының қызы болса керек. Ауылы Ыстықклдің маңы. Бір жазда қалмақтар Ыстықклдің маңындағы қырғыздарды шабады. Ұзынмұрт Ұзақтың қайнатасы Бурайкені ауыл-аймағымен қырып, алты жасар баласы Назарды байлап әкетеді», дейді де, кейін Назардың қол бастаған қазақ батыры болғанын айтады (Сұлтанбек Ешмұқанбетов. «Суан шежіре». Алматы. 1993). Бұл шежірені зерттей қарасақ, қырғыздарды қалмақ шапқан жыл Орбұлақ шайқасы ткен 1643 жылға меңзейді. Орбұлақ шайқасына қатысқан Қарасай және Елтінді батырлардың қазір 11-ұрпағы мір сүріп жатса, Ұзақ батырдың да 11-ұрпағы мір сүріп жатыр екен. Ұзақ батырдың Орбұлақ шайқасына қатысқанына қайынатасы Бурайкені қалмақтардың «ауылаймағымен қырғаны», әрине, жанама дәлел. Батыр адамның ондайда намысқа, кекке шаппауы мүмкін емес. Алайда бұған қосымша тағы дәлел бар. Орбұлақ шайқасы ткен жердің күнгей жақ бетінде Түлкілі дейтін тау, сол таудың іргесінде Найзатапқан атты арасан бар. Ата-бабасы сол Түлкілінің баурайын мекен еткен, зі ұзақ жыл сол арада болыс болған, кейін Кеңес кіметі тәркілеп, Жайық бойына жер аударған, ол арадан қашып келіп, отбасының соңынан зі де Қытай тіп кетіп, сол жақта қаза болған, кезінде Метербай болыс атанған атақты адам болған. Со кісінің ұлы Орынбай ағамыз әкесінің албан Құлманбет пен суан Шаншар ақынның айтысына зі қатысып, тыңдағанын және оны жатқа білгенін тамсана айтушы еді. Елтінді мен Ұзынмұрт Ұзақ батырдың ажырамас дос болғанын да әкесінен естіпті. Белжайлауда болған бір соғыста Ұзақ аяғынан жараланып, арасанға емделуге келеді. Досының кңілін сұрай келген Елтінді арасанның құдығында шомылып жатқан досын шығарып алайын десе, созған қолы жетпейді. Таяқ жалғайын десе, ағаш таба алмайды. Сонан соң сол арада ат байлап қойған қазықты ырғап-ырғап суырып алса, әлгісі найзаның ұшы болып шығады. Содан ел «Елтінді найза тауып алған арасан» деп жүріп, арасан Найзатапқан аталып кетіпті. Бұл әңгімені тарихпен салыстырсақ, Ұзақ батыр Белжайлаудағы Орбұлақ шайқасында жараланған болып шығады. Досы Елтінді қатысқан соғысқа Ұзақтың қатыспай қалуы мүмкін бе? рине, мүмкін емес. …стіп тарих пен шежіре бірін бірі толықтырып отырады. Ал енді қырғыз Бурайке қазақтың белгілі батырының қайынатасы болса, оның солай екенін Елтіндіден, не басқадан естіген болса, сенімді кісі деп, Қарасай батыр қонтайшының ордасына неге оны жұмсамасқа?! Тарих пен шежірені жүйелей келгенде, Батыр қонтайшының қырғызға қатты шүйлігуінің және «Бурайкені ауыл-аймағымен қырып» кету сыры стіп ашыла түседі. Ал Батыр қонтайшының қазақ пен қырғызға қарсы жорыққа 1643 жылдың кктемінде шығуы – мал баққан елдің бас ктеруге ең мұршасы жоқ кезін жақсы білгендігі. Малы тлдейді, әрі күйі қашады, ел арасындағы қатынас қиындайды, байланыс нашарлайды, йткені лайсаң болып, жол бұзылады. Тұрақты әскер ұстамаған кшпелі елдің бір-бірімен араласа, хабарласа қоймайтын кезі – осы кез. рі мініс аттың ең жүдеу тартар шағы да осы шақ. Сірә, қонтайшы осының бәрін есепке алған болар. …йткені, 1723 жылы басталған «Ақтабан шұбырынды, Алқакл сұламада» да олар осындай жағдайларды ескеріп, қазақты осы мезгілде шапқан. Ендігі бір ескеретін жәйт, 50 мың – қазақ пен қырғызға аттанған қалмақтың жалпы саны емес, тек әскерінің ғана саны. Тобыл әскербасы Г.С.Куракиннің мәлімдемесінде: «С ними воинских людей 50 тысяч», деп анық-қанық жазылған. Соған қарағанда, 50 мыңның сыртында бақташы, күтуші, аспазшы секілді қосалқы адам да аз болмаса керек. «1018 жылы (1640 – Б.Н.) қазақты Есімнің ұлы Жәңгір сұрай бастады. …йткені Есім хан науқас болды», дейді Қазыбек бек (сонда). Бұл жайды қалмақтар да білген болар, сірә. Алайда Есімнің мықты әскербасы және оның ержүрек батыры мол екеніне әлденеше мәрте кздері жеткен, оның үстіне тұтқындарында болған Жәңгір сұлтанның здеріне кекті екенін білген қалмақтардың қалайда қазақтардан сескенбеуі мүмкін емес. Сондықтан аз қолмен аттануға олардың тәуекелі жетпеген де шығар. Оның үстіне, Қарасай мен Ағынтай әбден масқара қылып кеткен Батыр қонтайшы осы жолы жеңетініне нық сенімді болу үшін де кп қол жинауы мүмкін. 1643 жылғы соғыс қазақ қазақ болғалы оқпана ор қазып соғысқан алғашқы соғыс. Және жердің ыңғайлылығын пайдалана білсе, азғантай қолдың зінен әлдеқайда кп күшке тосқауыл жасай алатынын іс жүзінде дәлелдеген соғыс. Елдің мүддесі мен халықтың амандығы үшін бастарын лімге тіккен бабаларымыз бірліктен асар күш болмайтынын, қорықпай, ықпай соғыссаң, ақыл мен айла жеңіске жеткізетініне кз жеткізіп кеткен соғыс. Орбұлақ жеңісі – ұйымдастырудың күшімен қоса бауырмалдық пен сенімділіктің де құдіретін крсетіп берген тәлімді соғыс. Ал енді қазақ қолы бұл соғыста неге аз болған? Мұның мәнін түсіндіретін жазба дерек жоқ. рине, әртүрлі жорамал жасауға болады. Мәселен, Есім хан ауру болса, оның ел басқаруға тікелей араласып, тікелей басшылық жасауға, сз жоқ, мүмкіндігі шектеулі болады. Сондықтан әскери тәртіп біраз босаңсиды. Ал Жәңгір сұлтан қаншалық ержүрек болғанымен, қолында нақты билік жоқтықтан, тез арада қажетті қолды жасақтауға әмірі жетпеген де шығар, кім біледі. Егер қазақтың з ішінен тез арада әскер жинау мүмкіндігі бар болса, онда Жәңгір сонау Самарқандағы Жалаңтске жаушы шаптырар ма еді? Бәлкім, Есім ханның ауру екенін естіген соң, ол лсе, орнына кім болады деген алауыздық трелер арасында ршіп тұруы да мүмкін. Жазба дерек қалмаған соң, оны кесіп айту – қиын, алайда білқайыр, білмәмбет тұсындағы бақталастық пен тақталастықты еске ала отырып, ол кезде де солай болуы мүмкін екенін жоққа шығара алмаймыз. Қалай болғанда да, з ішімізден әскер жинау мүмкіндігі аса қиын болған соң ғана алыстағы Жалаңтске жаушы жіберілген деп ойлаудың жні басымдау. Орбұлақ шайқасының аса маңызды бір тәлімі мен негесі осы аз қазақтың кп қалмаққа қарсы тұруынан шығады. Қалмақ қолының ұзын саны 50 мың екенін, әрине, қазақтар алдын ала білді.

Соны біле тұра 600-700 ғана адамның жау жолына бекінуі – ақылға сыя бермейтін ерлік. Ерліктен бұрын жанкештілік. «Еркек тоқты – құрбандық», дейтін қасиетті сздің нақпа-нақ жүзеге асуы. …лімге бас тігудің дәл мұндай мысалын кәрі тарих кп біле бермейді. Туған ел мен туған жердің тағдыры таразыға түскен шақта «мынандай кп жауға шамамыз келеді, келмейді» дегенді мүлде ұмытып, «ліспей беріспейміз» деген ғана шешімге келген ата-баба ержүректігі тек сүйсінтеді. «Біз қорғамасақ, ел мен жерді енді кім қорғайды?» деген перзенттік парыздан зге оларда ешбір үрейлі ой болмаған. «Ел үшін, туған жер үшін лмегенде, не үшін леміз?» деген қасиетті ұғым ғана оларды осындай адам нанғысыз батырлыққа бел будырған. Орбұлақтың бұл негесі – ұрпақ ұмытпайтын аса қасиетті неге. 50 мың қолдың бетін 700 жауынгер екі мәрте қайтарып, жаудың он-он бір мыңын қырғаннан кейінгі жағдайды Қазыбек бек былай аңғартады: «Бәлкім, енді арттан жиырма үш мың қолмен Алшын лімұлы Жалаңтс батыр келмегенде, қазақтар жеңіліп қалар да еді». Бұл сздің астарында кп сыр жатыр. Себебі, 50 мыңның аты 50 мың. Кп кптігін істемей қоймайды. Соғыс тіп жатқан жер тар кезең, қазақ үшін те оңтайлы жер болғанмен, тау ішінен айналма жолды тауып ту, шындығында уақыттың ғана шаруасы. Бұған қарағанда, Жалаңтс батырдың бұл соғысқа дер кезінде жетіп үлгеруі – шешуші жағдай. Оған ешкім дауласа қоймас. Ал ендігі басы ашық емес бір жағдай: Жалаңтс бұл соғысқа тек үлгеріп қана қойған ба, әлде соғысқа араласқан ба? Бұл жайында орыс, қазақ, моңғол деректері нақты ештеңе айтпайды. Бірақ мұны қазақтың ауызша тарихы тағы толықтырады. Орбұлақ Белжайлаудың батысында. Оның шығысы – екі таудың ортасын алып жатқан алып астаудай жазық. Ол жазық Аяқсаз деген жерге келгенде тұйықталады. Сол арадан Белдің суы тіке оңтүстікке бұрылып, Ілеге қарай құлдырайды. Ал Белжайлаудың шығысы жота-жоталарға ұласып, Кіші …сек, Үлкен …сек зендерін кесіп ткен соң, қайтадан жазық тепсең, Сартау жайлауына ұласады. Осы Сартау жайлауының терістік батыс жақ желкесінде …сек зені мен Сартау суының қосылып жатқан сағасы бар. Сол екі судың ортасында оңтүстіктен солтүстікке қарай созылып жатқан биік қылта жота бар. Оны жұрт Қаша-маның асуы дейді. Ертедегі бір жылдары қалмақ қолын қазақ қолы қуып келіп, осы араға қамайды. Қараңғы түсіп кеткендіктен, қазақ пен қалмақ қолы дамылдайды. Тұйыққа қамалған қалмақтың шығып кетер жолы жоқ екенін қазақтар жақсы білген. Бірақ ертесі бүкіл қалмақтың ұштыкүйлі жоқ боп кеткенін бір-ақ креді. Сйтсе, қалмақтар түні бойы қыр жотаның жартасын қашап, жалғызаяқ жол ашады да, таң ата сол қашап салған жол арқылы қашып кетеді. Ол асу содан бері Қашама аталған екен. Бұл – ата-бабамыздан қалған, ауызша тараған әңгіме. Туған жер тарихына қатысты айтылғандықтан, жұрт жадында сақталып қалған. Оның үстіне, асудағы тастардың қолмен қашалғаны күні-бүгінге дейін тұрқынан крініп тұрғандықтан, ешкім бұл әңгімеге күмән келтірмейді. Орбұлақ ңірі – ежелден қазақ пен қалмақ қақтығысы жиі болып тұрған ңір. 1643 жылғы әйгілі Орбұлақ шайқасының, 1653 жылы Сесеннің ұлы Қалдама (қазақтар Қалдан дейді – Б.Н.) Салқам Жәңгірмен жекпе-жекке шығып, Жәңгір опат болатын соғыстың да осы арада туі, Жәңгірдің әуелде Үйгентастың белі, кейін Белжайлау аталған сол мекенге жерленуі де бұл айтқанымызға толық дәлел бола алады. Алайда қазақ қолының қалмақтарды қатты тықсырып, оларды тұйыққа қамап қырып жібере жаздаған кезі, сз жоқ, тарихта бір-ақ рет болған оқиға. Егер жергілікті батырлардың қалмақпен соғысы осында ұласқан болса, онда жергілікті адамдар оған қатысқан з бабаларының атын қосақтап, «Бұл арада Елтінді бабамыз қалмақтарды қамапты» немесе «Ұзынмұрт Ұзақ батыр қамапты» деген болар еді. Ал олай айтылмаған, себебі бұл соғыс қалмақтар мен жергілікті қазақтардың ғана қақтығысы емес, бүкіл қазақ батырлары қатысқан үлкен соғыс болу керек. Ал ондай соғыс, сз жоқ, Орбұлақ шайқасы. Орбұлақ пен Қашаманың арасы шамамен 60-65 шақырымдай. Ал енді Қашаманың Орбұлақ шайқасына қандай қатысы болуы мүмкін? Қашама асуымен қалмақтардың қашып құтылуы тікелей Жалаңтс батырдың оларды кшелей қууына қатысты деп ойлаймын. Тобыл әскербасы
Куракиннің жазбасында: «Дәл сол кезде бұл ұрысқа Жәңгір сұлтанға кмекке Жалаңтс келеді, ал онымен бірге 20 мың жауынгер болады. Қонтайшы ол жауынгерлерді крген соң, кейін шегінеді, ал Жәңгірдің қолға түскен адамдарын қонтайшы зімен бірге алып кетеді», делінген («Орбұлақ шайқасы», 2003). Алайда Қонтайшының қалай шегінгені, қай жолмен шегінгені Куракиннің жазбасында айтылмайды, себебі оны оған мәлімет беруші Ильиннің зі де білмейді. Оны білетіндер – тек қана сол араның жергілікті тұрғындары. Ал олар Қашаманың қалай жол болғанын естеріне сақтап, з ұрпақтарына айтып отырған. Біздің ойымызша, кмекке келе жатқан қолды кріп қонтайшы шегінген соң, оны Жалаңтс қолы қуған. Тұтқындарын тастай қашпағанына қарағанда, Батыр қолы соғыса отырып шегінсе керек. Олар, меніңше, сол тұтқындарын бермеу үшін де соғысқан болуы керек. …йткені, қазақтардан оңбай жеңілген Батырдың ел-жұрты алдында зін-зі ақтайтын жалғыз ісі де сол кп тұтқын алып қайтуы ғана еді. Қалмақтарды қуа соғысқан Жалаңтс қолы оларды …сек зеніне әкеп тықсырғанда, қараңғы түсіп кетіп, екі жақ сол арада таң атуын күтсе керек-ті. Берекесі қашқан қалмақтар Жалаңтстің даңқынан да, тың әскерінен де қаймығып, түгелдей қырылып кетуі мүмкін ертеңгі соғыстан қалайда қашып құтылуға жанталасқан. Ақырында қашап, жол ашып қашқан. Батыр қонтайшының: «Он бір мың бес жүз адамымнан айырылдым, енді болмаса бәріміз қырылатын едік», – деуінің сыры да осында болуы керек (Қазыбек бек кітабы). Ел есінде сақталған Қашамаға қатысты әңгіме осы оқиғадан туған демеске тіпті қайла жоқ. Ел аузындағы осы әңгімеге сүйеніп, марқұм Тұрсынғазы лпейісов алғаш рет «Жас Алаштың» бетінде осы пікірді айтқан еді. Мен соған толық қосылам. Себебі, осылай дегенде ғана Орбұлақ шайқасының бас-аяғы анық аңғарылады. Орбұлақ жеңісі – қазақтың ғажап бауырмалдығының жемісі. Қазыбек бек аталмыш кітабында осы соғысқа басшылық жасаған Салқам Жәңгірдің қатарында шапырашты Қарасай, арғын Ағынтай, алшын Жиенбет, дулат Жақсығұл, қаңлы Сарбұқа, найман Кксерек, суан Елтінді, арғын Тоқан баласы Қомпай болғанын жазады. Кейінгі зерттеулер қазақ қолының ішінде дулат Сырымбет, Найман Бдес және суан Ұзақ батырдың да болғанын дәлелдейді. Бұлардың ішінде әйгілі Жиенбет жырауға айрықша тоқталуға тура келеді. Жыраудың мірі мен шығармашылығын арнайы зерттеген ғалым Ханғали Сүйіншәлиев: «Жиенбеттің мір сүрген кезі ХVІІ ғасырдың екінші жартысы, Есім ханның тұсы. Кіші жүз, он екі ата Байұлының бір атасынан… Жиенбет – кезінде Есім ханмен жағаласып ткен адам. Есім оны қатты жазалап, тұтқындау амалын да қарастырған», – дейді («Қазақ әдебиетінің қалыптасу кезеңдері». Алматы. 1967). Оның Есім ханмен араз болғанын мына леңі де дәлелдейді: «Еңсегей бойлы ер Есім, Есім, сені есірткен Есіл де менің кеңесім… Қайратым қанша қайтса да, Мұныңа, ханым, шыдаман! Арқаға қарай кшермін, Алашыма ұран десермін, Ат құйрығын кесермін» («Бес ғасыр жырлайды».1989). Есім ханмен осылай араз бола тұрып, сол Есімнің баласы Жәңгірмен бірге з халқы үшін те қауіпті, здерінен 70 еседен астам кп жаудың жолын кесуге аттануы – Жиенбеттің халқы үшін жанын қиюға қашанда әзір екенін крсететін оқиға. Мұндай үлгі-неге крсеткен батыр – айрықша батыр. Ондай батыр қазақтан басқада болған ба, жоқ па – ол арасын білмеймін. Жиенбеттің арғы тегін Қазыбек бек Сүйіншәлиев құсап анықтап айтпай, алшын дей салады. …йткені Жетісу қарияларының жалпы Кіші жүзді Алшын, Ұлы жүзді Үйсін дей салатын әдеті ежелден бар. Ал Жиенбет жыраудың ісі – отансүйгіштіктің әрі дара, әрі сирек үлгісі. «Арқаға қарай кшермін», дегеніне қарағанда, ол сол кезде Қарасай мен Ағынтайдың қасында жүрген болуы керек. Ханға деген ыза-кегін ұмытып, Орбұлақ шайқасына қатысуы – оның халық мүддесін қастерлеген қаһармандығы. Қысқасы, халықтық мүдде үшін қашанда бас қоса кететін қазақ мәрттігін Орбұлақ ұрпаққа шпес үлгі етіп кетті. Ол кез үшін жер түбі саналатын Самарқаннан алшын Жалаңтс батырдың 23 мың қолмен кмекке келуі – қазақ бауырмалдығының мақтаныш ететін теңдесі жоқ крінісі. Ал қырғыз батырлары Ктен мен Табайдың бұл соғысқа қатысуы – екі елдің бауырмалдығы ежелден екеніне тарихи дәлел. Тағы бір тарқататын түйін – тоқалын Батыр қонтайшының қай жерде, қалай құтқарып әкеткені және Жәңгір адамдарының қай соғыста тұтқынға алынуы. Біздің ойымызша, қазақтарды тұтқынға алған соғыста қонтайшы «кіші қатынын» құтқарып әкеткен. Ал оның тоқалын қазақтар қайда ұстаған? Оны, әрине, қырғыз жеріне апарып тығып қойған жоқ. Оған себеп те жоқ. Қырғыздан қайтар жолда да қонтайшының әйелін тығып ұстайтындай орынның еш лайығы крінбейді. Сондықтан мұны да шежіре деректеріне сүйеніп анықтауымызға тура келеді. Қалмақ қолы, ә дегенде-ақ, Алатау және Тоқ-мақ қырғыздарына тиіскенін орыс, қазақ тарихшылары түгел жазады. Ал ол араға қалмақтар, әрине, тікұшақпен түскен жоқ, жермен жүріп барды. Орыстың екі әскери қызметкері барған Қара Айғырдағы қонтайшы ордасы Еміл зенінің аңғарында болса, онда 50 мың қол, сз жоқ, ол кезде Арқас Аңқайы, қазір Жоңғар қақпасы аталып кеткен тауткелден теді. Ол арамен ткен қол Ақсу мен Қапалды баса тіп, Тоқмаққа ттелеп, Ілеге қарай жол тартады. Бұл арада жолдың екі нұсқасы бар: бірі қазіргі Қоғалы арқылы, екіншісі Мұқыры арқылы туі мүмкін. Мен Қоғалы арқылы ткен болар деп шамалаймын. …йткені… Атты әскерге ең керегі шп пен су. Ал шп те, су да тек тау алқабында мол болады, сондықтан қалың әскер алдымен тау сағалаған жолды таңдайды. Қоғалы жақтың шбі де шүйгін, суы да мол, Қапал жақтан келе жатқан қолға әрі қолайлы, әрі жақынырақ. Сонан соң, Қазыбек бек кітабында Жәңгір мен Батыр қолы алғаш қақтығысқан жер Лабас тауы деп аталады. Жетісу жерінде екі Лабас, екі Матай тауы бар екені белгілі: бір Лабас Текестің басында, Райымбек ауданының жерінде; екіншісі Қоғалы маңында, СарызекТалдықорған жолы бойындағы Алғабас ауылының шығыс жақ тұсында. «Алаңсыз Лабастағы Доңыз тауға кіріп келе жатқан қалмақты Жәңгір адамдары атып, көп адамын өлтірді», – дейді Қазыбек бек. Орбұлақта өткен соғыс ыңғайына қарасақ жәңгір қолы Текес жаққа бармаған. Және оның аз қолмен 50 мың қалмақты артынан қуып барып, ашық шайқас іздеуі сендірмейді де. Оның үстіне, бұл арадағы шайқасты Қазыбек бек Орбұлақ шайқасымен шатастырып жазған. Оның себебі, атасы Матайдың шежіресінен не өзі қате жазып алған, не кейінгілер өзінен қате көшірген. Өйткенмен, оқиға мен жол ыңғайына қарағанда, Қазыбек бектің айтып отырғаны Қоғалы жақтағы Лабас екені аңғарылады. Қалай болғанда да, осы Лабас маңында кішігірім бір шайқастың болғаны анық болса керек. Өйткені қалмақ қолы бүкіл қазақ жерін еш қарсылықсыз басып өтіп, бірден қырғызға келіп тиіскені ақылға сыя қоймайды және де Лабас арқылы Алтынемел, Қоянкөзге келіп, одан ары Ілеге түсіп, одан өтіп Тоқмаққа келмесе, қалмақ қолы басқа қай жолмен жүреді? Осы пікірімізді қуаттайтын тағы бір дерекке жүгінейік. Орыс зерттеушісі П.П.Румянцев 1913 жылы Петербургте шыққан «Верненский уезд» кітабында: «Ерте кезде қарасай руы қазіргі Ақмола облысының төңірегінде өмір сүрген; әріден келе жатқан әңгіме бойынша, Қарасайдың бейіті Көкшетау үйезінің Айыртау деген жерінде. Қарасайлар бұл арадан Қапал үйезінің Жоңқа (орысшасы «Джонке» – Б.Н.) деген жеріне көшіп барған (Арасан ауылына жақын жерде); осы соңғы арадан Верный үйезіне, ертеден бері отырған қазіргі мекеніне көшіп келген: бір нұсқа бойынша, шапыраштының бұл тобын Қастекке Ұлы жүздің атақты батыры Қарасайдың ұрпағы (5-буыны) Қорам батыр алып келген; басқа нұсқа бойынша, Қорам осы жерде туған (Қорамның моласы Отар пошта стансасының маңындағы Көлқамыс деген жерде)», – дейді («Уезды Джетысу» Алматы. 2000). Ал Қазыбек бек Қарасай батыр жайында: «Сондықтан өзінің қанды көйлек досы Ағынтай батыр еліне қоныс аударып, бір жылдай тұрып, хижраның 1049 доңыз жылы (1671 – Б.Н.) тамыз айында дүниеден өтті. Сүйегі Арқада, Айыртау деген жерге қойылды. Келесі жылы асын берді. Одан бір жылдан соң Қарасай ұрпағы Іленің оң жағасындағы Матай төңірегіне – атақонысы Алтынемелге қайта ауып келді», – дейді (сонда). Бұған қарағанда, Қарасай мен Ағынтай бірбірін бала кезінен білетін Арқада өскен достар болып шығады. Әрі Орбұлақ шайқасы болған уақытта шапыраштылардың Ақсу, Қапал, Алтынемел, Қоянкөз маңын жайлағаны рас. Өйткені Алтынемелдің батысындағы Матай тауы – Қазыбек бектің «Ата шежірені» жазып қалдырған атасы Матайдың атымен аталған. Олай болса, Қарасай мен Ағынтай қонтайшының тоқалын сол шапыраштылардың ауылында ұстамағанда, қайда ұстайды? Ал солай болған болса, Батыр қонтайшы алдымен жолында жатқан шапыраштыларды шаппағанда, кімді шабады? Ал азғантай шапыраштылар, қанша батыр болса да, елу мың қалмаққа қалай қарсы тұрады? Қонтайшының тоқалын қорғап Қарасай, Ағынтайлар қанға бөккенше, оны ауылға тастап, өздері қол жинауға кіріспей ме? Бәлкім, Лабас тауының маңында, сол кезде Доңызтау аталған жерде кішігірім қақтығыс болған да шығар, қазақ қолы аз болғандықтан жеңілген де шығар, «жеңілдік» дегенді айтқысы келмейтін қазақ оны жасырған да шығар, әйтеуір, ол жағын бізге жеткізуші жоқ. Бірақ Батыр қонтайшы «кіші қатынын» дәл осы кезде, осы жолда құтқарып алған шығар деуіміз және біраз қазақты сол соғыста тұтқындаған да болар деуіміз орынды секілді және жөні де солай тәрізді. Ендігі бір өнегелі жайт, екі таудың арасын кесе-көлденең алып жатқан екі шақырымнан асатын оқпананы сол 700 жауынгер өздері қазған ба, әлде оларға жергілікті қазақтар көмектескен бе? Біздің ойымызша, батырлар бес қаруын асынып келгенмен, жер қазатын қару әкелмеген. Өйткені олар о баста ор қазамыз деп жоспарламаған ғой. Оның үстіне, ор қазып титықтаған ерлердің жауға қарсы шығуы да қиындамай ма?! Сондықтан оқпананы қазуға сол араның халқы жаппай жұмылған шығар деп жорамалдаймын. Орбұлақ шайқасының жалпыхалықтық мәнін бұл жағдай арттыра түседі деп ойлаймын. Өйткені туған жерді қорғауға жауынгерлер ғана емес, қара халық та жаппай қатысқан. Осындай өнегелі оқиғаның куәсі мен дәлелі болған қасиетті жерде өмір сүріп жатқан халық батыр бабалардың ерлігі мен бірлігі ұрпағымызға мәңгі үлгі болып, осы төңіректен Орбұлақ ауданы құрылса деген арманмен өмір сүріп жатыр. Оны осы араның қазағы ғана емес, ұйғыры мен орысы да, кәрісі мен дүңгені де – бәрі күтуде. Жақсылықты күту де жақсы өнеге!

Бексұлтан НҰРЖЕКЕҰЛЫ,

жазушы, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері.

Орбұлақ: ұлт жеңісі, ұрпақ мақтаны

Өзбекстанға Қазығұрт ауданы арқылы өтетін халықаралық күре жолдың бойындағы жотадан бабалар рухы асқақтап қарсы алады. «Бабалар рухына тағзым» кешені, Ұлы Отан соғысына қатысушылар ескерткіші тұрғызылып, Жастар саябағы ашылғаны кешегінің оқиғасы десек, ендігі таңда осы маңда Салқам Жәңгір хан мен Жалаңтөс баһадүрдің айбынды бейнесі менмұндалап тұр. Үлкен кешен ішіндегі бір белгі мен екінші белгіні жалғайтын жолдың өне бойына Абайдың қара сөздері тасқа қашалған. Сәл төменірек түссеңіз, қазақ руханиятындағы беделді тұлғалар отырғызған ағаштар сап түзейді. Кемеңгер Әбіш Кекілбайұлы тіккен самырсын біздің көзге оттай басылды. Еңселі, айбынды. Кешегі таудай бабаларымыз бен бүгінгі биік даналарымыздың бірі беріп, екіншісі туын жықпаған дәстүр жалғастығы деп осындайда айтса керек. 1993 жылы, Орбұлақ шайқасының 350 жылдығын Панфилов аумағы ауданында күллі қазақ жұртшылығы бөркін аспанға атып тойлап жатқан тұста, дәл осы Әбіш абыз келелі баяндама жасап, тәуелсіздігін енді-енді сезініп жатқан жұрттың еңсесін тіктеген, тарихын түгендеген аталы сөз айтқан болатын. Енді міне, сол шайқастың қос қаһарманы тұғырға қонған мекенде де Әбіш ақсақалдың ағашы Орбұлақ батырларына тағзым жасағандай, өзге жұртқа «айбынымыз осылар ғой» деген сөзді үнсіз ұқтырып тұрғандай…

Рухани ұстын – ұлт өзегі
Шымкент шаһарына ат басын тіреген дүйім жұрт – арнайы делегация ең алдымен өңір басшысы тізгінін ұстаған келелі жиын­ға қатысып, аймақта атқарылып жат­қан іс-шаралар легімен танысты. Облыс басшысы Жансейіт Түймебаев: «Елбасымыз рухани жаңғырудағы ұлттық сананың рөліне баса назар ауда-рып, аса маңызды бірнеше мін­деттерді айқындап берді. Оның ең не­гізгісі – ұлттың терең тарихынан бас­тау алатын рухани ұстынды сақтап қалу. Та­­­рихтың белестерінен сүрінбей өткен құндылықтарымыз бен озық дәстүрімізді табысты жаңғырудың ал­ғышартына айналдыра білу», – дейді ға­лымдар, қаламгерлер, зиялы қауым өкілдері қатысқан басқосуда. Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағ-дарламасының бір жылдығына орай өткен бұл есеп беру жиында Елбасы бағдарламасын іске асыру бойынша Оңтүстік Қазақстан облысында арнайы өңірлік комиссия мен Сарапшылар кеңесі құрылғанын білдік. Және бағдарламада атап көрсетілген барлық міндеттер бойынша оңтүстік аумағындағы іс-шаралардың жай-жапсарымен таныстық. Елбасы бағдарламасын басшылыққа ала отырып, Ж.Түймебаев облыста бір жылдың ішінде атқарылған әлеуметтік-мәдени ауқымды іс-шараларға нақты деректер келтіріп өтті. Оның барлығын тәптіштеп көрсетіп отыруға га­зет көлемі көтермейтін болғандықтан, негізгі бар­ған шара­мыз – «Қазақстанның киелі жерлері» ар­найы жобасы жайлы айтқан әкім сөзіне арнайы тоқ­талып өткіміз келеді: «Облыстағы 104 қасиетті, киелі жер­дің тізімі «Қа­сиетті Қазақстан» ғылыми-зерттеу ор­талығына ұсы­нылып, 24 нысан Оңтүстік Қазақстан облысынан рес­публикалық тізімге енді. Қалған 80 тарихи-мәдени ес­керткіштеріміз жергілікті маңызы бар, қасиетті, кие­лі жерлердің тізіміне кірді. Оңтүстік Қазақстан облысындағы киелі орындарды дамыту мақсатында 2017 жылы жергілікті бюджеттен 314,6 млн теңге қаржы қаралып, толығымен игерілді», – дейді Жансейіт Қансейітұлы. Одан өзге, ЮНЕСКО-ның «Ұлы Жібек жолы ескерткіштері» ата-лымы бойынша әлемдік мәдени мұралар тізіміне енген ортағасырлық 8 ескерткіш туралы тұңғыш рет деректі фильм түсіріліпті. Сайрам ауданындағы «Хан­қорған» археологиялық қалашығына археологиялық қазба, реставрация және консервация жұмыстары жүргізіліп, ашық аспан астындағы музейі де ашылатын күн жақын.
Жиынға қатысқан өзге қонақтар да «ру­хани жаң­ғыру» төңірегінде сөз қозғап, ұсыныс-пікірлерін білдірді. Белгілі жазушы, драматург Мархабат Байғұт: «Әдебиетті жүйелі насихаттауға жаңаша мазмұн беруі­міз керек. Ұлттық кодты жаңғыртудың негізгі қайнар көзі, рухани жаңғырудың басты мәйегі – әдебиет. Оны естен шығаруға болмайды. Туған жердің қасиетті то­пырағының киесі секілді, әдебиеттің де киесін ту етіп ұстауымыз керек. Әлеуметтік желінің әлеуетті жақ­тары аз емес. Алайда әулекі, әсіреңкі жақтары әде­биетті желпілдетіп, жүдетіп-жадатып барады. Әуезовтің «Әдебиет – мәдениеттің атасы» деген қа­нат­ты сөзі бар. Мәдениетті болайық», – десе, қа­ламгер, публицист Нұртөре Жүсіп оңтүстікті туризм Меккесіне айналдырудың жай-жапсарына тоқталды: «Киелі Қазақстан» жобасы бойынша ең көп нысан осы Оңтүстік Қазақстан облысынан ілініп отыр. Әрине, әр облыстың дамығаны жақсы. Бірақ табиғаты, тарихы, қызмет көрсету сапасы да ерекше өңірлердің бірі – Оңтүстік Қазақстан. Жыл он екі ай қонақ үзілмейді. Сондықтан, туризмді дамытамыз десек, осы аймаққа айрықша көңіл бөлген дұрыс», – деген пікірін ортаға салды. Академик Дихан Қамзабекұлы: «Оңтүстік Қа­зақ­стан – бүкіл Қазақстанның моделі. Мұнда біздің бабаларымыздың сүйегі жатыр. Түркістандағы Қожа Ахмет Иассауи кесенесінде қазақ хандары жерленгенін дү­ниежүзі біледі. Оңтүстікте қасиетті Қазығұрт тұр. Мұ­ның бәрі – миф, фольклор емес, бүгінгі күннің шын­ды­ғы», – дейді.

Ұлт тарихындағы Орбұлақ шайқасы
Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімдігі, Мәдениет және спорт министрлігі, Шоқан Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты, Мұхтар Әуезов атын­дағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті мен «Жеті жарғы және Қожаберген жырау» халықаралық қоғамдық қайырымдылық қорының ұйымдастыруымен «Ұлт тарихындағы Орбұлақ шайқасы: ұлы жеңістің ақи­қаты және маңызы» атты халықаралық ғылыми-тео­риялық конференция ерекше екпінмен өтті. Кон­ференцияны ұйымдастырушы «Жеті жарғы жә­не Қожаберген жырау» халықаралық қоғамдық қайы­рымдылық қорының төрағасы, заң ғылымының док­торы, профессор, Қазақстанның Еңбек сіңірген қай­раткері Бекет Тұрғараев құттықтау сөзімен ашты. «Конференция Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласының жарияланғанына бір жыл толуына орай шақырылып отыр. «Рухани жаңғыру» идеясын бүкіл халық қолдап, оны жүзеге асыруға белсенді атсалысып келеді. Бүгінгі алқалы жиынның ұйымдастырылуы да, ата-бабаларға кешенді мемориалдық ескерткіш орнату да осының дәлелі болса керек. Жалпы өткен бір жылда қыруар жұ-мыстар атқарылды. Мұнымен тоқтап қалмайтынымыз анық», – деді Б.Тұрғараұлы құттықтау сөзінде.
ҚР Ғылым академиясының академигі, химия ғылы­мының докторы М.Жұрынов, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің жауапты хатшысы, заң ғылымының докторы, профессор Қуатжан Уәлиев, Ш.Уәлиханов атын­дағы Тарих және этнология институтының ди­рек­торы Зиябек Қабылдинов, И.Арабаев атындағы Қыр­ғыз мемлекеттік университетінің ректоры, та­рих ғылымының докторы, профессор Толобек Аб­ды­рах­манов, Қазақстан Елтаңбасының авторы, сәу­лет өнерінің профессоры, Қазақстанға Еңбек сіңір­ген қайраткер Жандарбек Мәлібеков, ҚР Парламенті Сенатының депутаты, «Ауыл» халықтық демократиялық-патриоттық партиясының төрағасы, экономика ғылымының кандидаты әли Бектаев жи­налған қауымды құттықтап, конференция жұмысына сәттілік тіледі.
Орбұлақ шайқасы туралы жіті зерттеп жүрген бел­гілі жазушы Бексұлтан Нұржекеұлы: «…Біздің бүгінгі жиынымыз «Рухани жаңғырудың» аясында өтіп жатыр. Жаңғыру деген өткенге оралу ғой. Осы отырған бәріміз Арыс деген бабаның ұрпақтарымыз. Қазақ ол кісінің шын аты Ан-Арыс дейді.
Ал Геродот Анахарсис дейді. Үлкен ауылды Ақ Арыс, орта ауылды Жан Арыс, кіші ауылды Бек Арыс дей­ді. Сол кісінің алты баласынан тараймыз. Екі баласы өмірден өткеннен кейін төрт баласының ұрпақтары тіршілік жасап жүрміз. Сол дәуірден жеткен бір ұлағатты сөз бар. «Алтау ала болса, ауыздағы кетеді, Төртеу түгел бол­са, төбедегі келеді». Мұның түбі – бірлік. Одан бер­гі Түрік қағанатының заманында «Түрік халқы үшін ащы терімді төктім. Қызыл қанымды төктім. Күн ұйқтамадым, түн ұйқтамадым», – дейді Күлтегін. Не үшін? Арыс ұрпағының бірлігін сақтау үшін. Шың­ғыс хан: «Біздің халықтың жауы, жердің үстінде жүр­геннен гөрі жердің астында жатқаны жақсы. Біздің төңірегімізде, бізге қауіп келтіретін ешқандай мемлекет болмауы керек. Біз сол үшін ел қорғауымыз керек», – дейді. Мақсаты не? Халықты, бірлігін сақтау. Одан беріде «Қасым ханның қасқа жолы» бар. Ол не қылған жол? «Ұл – әкесін, қыз – шешесін сыйлауы керек. Кіші – үлкенді сыйлауы керек. Қара – ханын, Ханы – хал­қын сыйлауы керек. Сонда біздің елде бірлік бо­лады», – дейді. Демек, мемлекет бірлігі отбасынан бас­талатынын меңзеп отыр. «Есім ханның ескі жолы» дей­ді. Ол неге ескі жол? Ол ата-бабаның әлімсақтан келе жатқан жолын сабақтастыру болып табылады. «Біз сапалы халық болуымыз керек.

Жеті атаға дейін ұрпақ біріне бірі үйленбейтіні со­дан қалған. Бұл туыстықтың белгісі». Бұл бұрыннан бар әдеп-ғұрыпты Тәукенің Жарғымен бекітуінің мә­ні сонда. Кешегі Алашорда арыстары мемлекеттік бір­лікті алға қойды. Бірақ жүзеге асыра алмады. Соны жү­зеге асыратын ұрпақ біз болып отырмыз. Сондықтан жаң­ғыру деген ата-бабамыздың тегіне келу деген сөз. Ал енді осы ұлы бірлікке үлгі болған Орбұлақ шайқасы қай­дан шықты? Бұрын білмеуші едік қой. Мұның үш түп дерегі бар. Басқалары соған негізделген. Олар­дың ішінде аңызы да бар. Аңыз деген тарих емес, ол тарихқа құрмет, соны дәріптеу. Ең бірінші дерек 1644 жылы ақпан айында Тобыл әскер басы Куракинге Ор­бұлақ шайқасын баяндаған орыстың екі елшісі Гавриил Ильин мен татар Кучембердиевтерден қалған. Екеуі 1643 жылы наурыз айының аяғында Батыр қоңтайшының Еділ бойындағы Қарайғыр деген жердегі ордасына жылдық жалақысын беруге барады. Қайдағы жалақы? Көрдіңіздер ме, орыс патшасы Ба­тыр қонтайшыға жалақы беріп жіберген. Демек бұл – ымыра. Олар: «Біз жеткенде қоңтайшы 50 мың әс­керімен Жәңгір хан мен Жалаңтөске қарсы аттанып кетіп­ті», – дейді. Соғыс әлі біткен жоқ. Бірақ елшілер оның кіммен соғысатынын біліп отыр. Демек бұл әріден дайындалған. Елу мың қолды елу күнде жинай алмайсың. Қалмақтар 1640 жылы бірігу құрылтайын өткізген. Сол әскер бірігу құрылтайының жемісі. Қоң­тайшы үш жылдан кейін қазақтан кек алу керек де­ген. Елшілер: «Біз төрт ай күттік. Олар Илья күнінде орал­ды», – дейді. Орыстардың күнтізбесі бойынша Илья күні шілденің жиырмасы болады. «Содан кейін біз оның қасында екі ай болдық. Сөйтіп Тобылға он бір айда зорға жеттік», – дейді.
Орбұлақ шайқасы болған жерді 1975 жылы көр­дім. Сол жерде туып-өскен адаммын. Бұл жер бұрын­нан Ордың бұлағы деп аталып келді. Неге Ордың бұ­ла­ғы? Ордың қасында үш-төрт бұлақ бар. Орбұлақ шай­қасының 350 жылдығы мерекесіне сол кездегі Премьер-министр Терещенко өзі барып, қазақша сөйлеп ашты ғой. Сол кездегі Үкімет қаулысында «Орбұлақ шайқасы» деп беріліпті. Содан бастап Орбұлақ шайқасы деген атқа ие болып, тарихи айналымға түскен…», – деген пікірін ортаға салды.
Жиында алғашқы болып сөз алған Оңтүстік Қа­зақ­стан облысы әкімі Жансейіт Түймебаев: «Бұл конференция Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: ру­хани жаңғыру» бағдарламасының бір жылдығы аясында Орбұлақ шайқасына 375 жыл толуына орай өткізіліп отыр. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев: «Та­рих­ты танып, зерделеу керек. Тарихты таразылау қажет. Сон­да тағдырыңды, бүгінгі тұрпатыңды танисың, ке­ле­шегіңді бағдарлайсың» деп шегелеп айтқан еді. Біз өткенімізге құрметпен қарап, болашағымызға сенім­мен көз тіккен халықпыз. Осындай тарихта ерекше іс қалдырған қазақ халқы үшін азаттық жолындағы тари­хи жеңістердің бірі – Орбұлақ шайқасы. Орбұлақ шайқасы – ұлттық тарихтың жауынгерлік даңқ шежі­ресінде ерлік пен қаһармандықтың өнегесі болып ай­шық­талып қалды. Бұл – қазақ жасақтарының ойрат бас­қыншыларына қарсы ымыралықпен тоқсауыл бер­ген шайқастарының бірі. Сондықтан шайқастың ел тарихындағы маңызы ерекше. Қазақ жауынгерлері ойраттардың әскерін Орбұлақ тұсында тоқтатып, оның бір бөлігін жойған. Бұл оқиға бірлік пен ынтымақ бар жерде алынбайтын қамалдың жоқ екендігін дәлелдеп отыр», – дейді.
Мәдениет және спорт министрлігінің жауапты хатшысы Қуатжан Уәлиев: «Қазақ даласының қай жері де киелі. Ата-бабаларымыз қарыстай жер үшін қасық қаны қалғанша шайқасқан. Солардың арманы болған тәуелсіздік жаңа мүмкіндіктерге кеңінен жол ашып берді. Алтайдан – Атырауға, Арқадан – Алатауға дейін ұшса құс қанаты, шапса тұлпардың тұяғы талатын сайын даласы, сағымды сахарасы қайта түлеп жатыр. Сондықтан өткен тарихты мұқият зерделеу арқылы кемел болашаққа көз тігіп отырған жері шұрайлы, тарихы шырайлы Шымкент жерінде мұндай басқосудың өтіп отырғаны заңды құбылыс деп бағалауымыз керек. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың осыдан бір жыл бұрын жарияланған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы еліміздің өміріне жаңаша серпін, тың мазмұн берді. Елбасы ХХ ғасырдағы батыстық жаңғыру үлгісінің бүгінгі заманауи болмысына сай келмеуінің сырын ашып көрсетті. Әлемнің басқа елдерінің тәжірибесін зерделей келе әр қоғамның өз тамыры, тарихының тереңінен бастау алатын рухани коды болады деген тұжырым жасады», – дей келе, Орбұлақ шайқасының мән-маңызына да арнайы тоқталып, «Мәдени мұра» бағдарламасын да тілге тиек етті.
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің профессоры, философия ғылымының докторы Амангелді Айталы: «Батыр бабаларымыздың ұрпағы – біз, қазақтар, бүгін кімбіз? Біздің болмысымыз қандай деген сұрақ туындайды. Сол батырлық қасиет сабақтасып, күні бүгінге дейін келді ме? Орбұлақ шайқасы бізді бүгін әртүрлі ойға жетелейді. Біріншіден, тарихи оқиғаның болғаны ешқандай күдік туғызбайды. Екіншіден, тарихи оқиға әртүрлі деректерде, мәтіндерде мойындалып, елдің тарихи жадында сақталған. Үшінші, оқиғаның тарихи негізінде ғылыми айналымға түсуі, әдеби шығармаларға арқау болуы, халық санасының арқауы болуы керек. Орбұлақ шайқасын саралағанда, Лев Гумилевтің теориясы еске түседі. Бұл теория бойынша ұлттың пайда болуы ұлт этногенез теориясы бірнеше кезеңнен өтеді. Бірінші кезеңді материалдық және рухани күш жинау кезеңі немесе императив дейді. Бұл кезең қазақ халқының хандыққа дейінгі кезеңі болса керек. Екінші кезең, осы пассионарлық кезең. Бұл – ұлттың тарихи сахнаға шығуы. Тағы да бір табыс, тағы да бір жеңіс, тағы да бір ғимарат деп, табыстан – табысқа, жеңістен – жеңіске жетеді. Бірақ ұлт осы бір пассионарлық құлшынысты әр уақытта ұстап тұра алмайды. Сондықтан үшінші кезең басталады. Оны сұйылу кезеңі дейді. Бұл тұста ұлт өткенін ұмыта бастайды. Ұлттың болашағын ойламайды. Оны білгісі келмейтін ұрпақ келеді. Олар өздері үшін ғана өмір сүріп, қарабастарының қамын ғана ойлайды. Тоғышарлық психология күш алып, бұрынғы ұлттық мұра шашырай береді. Төртінші кезең – футиризм. Бұл кезеңде ұлт тарихын ұмытады. Сондықтан бұрынғы арман бұлдырай бастайды. Бесінші кезеңде ұлт, тіл, дін, қоныс өзгере бастайды. Бұрынғы ұлы далада тұрған қазақ қалаға шоғырланады. Бірте-бірте басқа ұлтқа айнала бастайды. Енді осы бес кезеңді айтқанда бүгін біз қай кезеңдеміз деген сұрақ өзінен-өзі туады. Бұл – Гумилев теориясы. Сондықтан, өте қиын сұрақ. Қазақ халқының бойындағы мінез, қасиеттер Салқам Жәңгір заманындағыдай пассионарлық шабыт, өскелең биік рух бірте-бірте әлсіреген. Бұл – тек қазақ халқының ғана емес көптеген халықтардың басында бар жағдай. Ұлтқа дем беріп, рухтандырушы Салқам Жәңгір секілді, Әлихан Бөкейхан секілді пассионарлақ тұлғалар көрінбейді. Қазақ талай қасірет шегіп, талай рет тауы шағылды. Тәуелсіздік келді. Біз қазір тарихи жауапкершілік алдында тұрмыз. Бүгінгі қазақ – бұрынғы қазақ емес. Біреу өте бай, біреу бай. Біреу орта, біреу ортадан төмен, біреу кедей, біреу өте кедей. Солай күн көріп жатырмыз.
Ел шетіне жау келсе, Салқам Жәңгір секілді, Жалаңтөс секілді батырлар шыға ма қазақтың арасынан? Иншалла, шықсын. Бірақ миллиардтарын шетелде ұстайтын топтың ойы бөлек. АҚШ президенті Томас Джефферсон: «Коммерсанттың отаны жоқ» деп айтқан екен. Елдің басым көпшілігі даурықпай отбасын бағып, Үкіметке қол жаймай еңбек етіп жатыр. Міне, пат­риоттар – солар. Жерді, елді, тілді қорғайтын да осы­лар. Байлардың барлығы Бекет Тұрғараев секілді меценат емес қой. Ақшалы адамдар да ел шетіне жау келсе, олар да елді қорғай біледі. Сол сияқты қарапайым халықтың ішінен де сатқындар шығар. Өйткені ондайлар жоңғарлармен соғыс заманында да болған. Ең басты мақсат – мына жаһандану заманында халықтың рухын сақтап қалу. Сондықтан рухани жаңғыру дегеніміз – бүгінгі заманда елдің тұтастығы, елдің бірлігі. Қазақты елге, жерге бөлуге болмайды. Кейінгі ұрпақтан пассионарлық тұлғалар шығатынына сенімім мол. Неміс философы «Тарихта адамдар көр­мей­­тін бір жіптер болады. Ол жіп – сабақтастық. Ол – алтын жіп», – деген екен. Орбұлақ заманы мен бүгін­гі заманды жалғастыратын алтын жіп бар, ол – рух. Ол – біздің тарих. Сондықтан алтын жібіміз мықты болсын. Еліміздің рухы өсе берсін», – деп, баяндамасын аяқ­тады.
Ғалым, мемлекет және қоғам қайраткері Өмірзақ Озғанбаев өз сөзінде Орбұлақ шайқасының деректері мен зерттелу мәселесіне тоқталды. «…Қоңтайшының қазақтарға қарсы жорығы 1643 жылдың қысында басталып, 1644 жылдың жазының ортасына дейін созылады. Жоңғарлар Тянь-Шань қырғыздары мен Жетісу елінің қазақтарына қырғидай тиіп, қырғынға ұшыратады. Мыңдаған тұтқын Жоңғарияға жөнелтіледі. Жорықтың алғашқы кезеңіндегі жеңіске масайған қоңтайшы қазақ жеріне ентелеп, дендеп кіре бастайды. Дәл осы кезде Жәңгір хан жауды Орбұлақта қарсы алуға кіріседі. Ол жоңғар әскерінің саны, бағыт-бағдары мен жоспары жөнінде үнемі хабардар болып отырады. Мұны Жәңгірдің Хунделен тайшымен достығының нәтижесі деуімізге де болар. Жәңгір сұлтан барлау мәліметтерін ұтымды пайдаланып, жауға қарсы тұратын ыңғайлы, ұрымтал жерді де көрегендікпен талдайды. Жауды шырғалап, тар қысаңға кіргізеді. Әртүрлі амалдармен тосқауылдар қойып, олардың әлсіз тұстарын дәл табады. Бірнеше апта бойы тар жерге кептеліп, қамалған жаудың қалың қолын қазақ сарбаздары үздіксіз шабуылмен титықтатып, орасан зор шығынға ұшыратады. Жәңгір бастаған қазақ қолы Орбұлақтың қия беткейіндегі 600 қойтасты паналап, ор қазып алып, жауын улы жебемен қарсы алады. Сонымен қатар Сасықтекенің түтінін де пайдаланады. Улы жебемен жауын сеспей қатырса, сасықтеке деген гүлді суға қайнатып, оған шүберек малып кептіреді де, от тұтатып, жел жақтан улы түтін жібереді. Соғыс өнері хақында А.Левшин: «Ол ашық шайқастан қашып, аздаған адамдарының бір бөлігін екі таудың арасымен сайға орналастырды. Олар жерді терең етіп қазып, биік қорған дуалын жасады, ал жауынгерлердің екінші бөлігі таудың арғы жағында тығылып отырды. Жоңғарлар қорғанға таяп келіп, оған шабуыл жасады. Көп адамынан айырылған соң, оларды қоршап алуға алаңның тарлығы мүмкіндік бермеді. Сол кезде Жәңгір олардың ту сыртынан шабуылдады. Ойламаған жерден болған соққының әрі жауынгерлердің батылдығының арқасында, мылтықтарының өте сапалы болуынан Батыр қоңтайшыға қатты соққы берді», – деп жазған еді. 1643 жылғы Орбұлақ шайқасында қалың қолмен жеңіліс тауып, абыройдан айырылған Батыр қоңтайшы 1652 жылғы жорықта қалай болса да Жәңгір ханды өлтіріп, кек алмақшы болады. Сол үшін де ол арнайы мерген-садақшылардан адамдар даярлап, оларға ұрыстың қызған кезінде қазақ ханының жанына мүмкіндігінше жақын барып, өлтіруге тапсырма береді. Осылайша, ерлігімен, ақылымен, еліне деген шексіз адалдығымен артына өшпес із қалдырған, халқы үшін жауларымен алысып, арпалысып өткен қазақ ханы – Жәңгір хан нағыз ерлерше, хас батырлардай қан майданда шаһид болады.
Орбұлақ шайқасында қазақ хандығының әскери өне­рінің тарихында тұңғыш рет оқпана (окоп) қазып соғысу сын­ды әдіс-тәсіл қолданылды. Қазақ шежірелерінде жә­не халық аңыздарында соғыс Қосқолаң тауының ете­гінде Орбұлақ өзенінің бойында болған. Мұндағы со­ғыс өнері ежелгі Грекиядағы 300 спартандықтардың жау­ды жеңу техникасына сай келеді.

Бірақ Жәңгір бас­таған қазақ қолының ерлігі спартан­дықтардан да асып түскен. Тарихта атақты Леонидтің 300 әскермен пар­сының 120 мың қолмен шайқасқаны жайлы дерек бар. Аталмыш шайқаста да Жәңгір хан­ның әдіс-тәсілі бойынша жауды тау ортасындағы сай­ға тығып ойсырату амалы пайдаланылған екен. Ен­ді қазіргі таңда бұл шайқастағы ерлік аңызға ай­налып, бүкіл әлемге әйгілі бо­лып отыр. Голливуд бұл жөнінде 3 циклді фильм де түсір­ген. Бұл да ұлы ерлікті насихаттауға қосылған үлес. Қазақ тарихындағы Орбұлақ шайқасының өзіндік орны да ерекше. 1993 жылы, яғни осыдан 25 жыл бұрын осы тақырып ел көлемінде еске алынып, Үкіметтің арнайы шешімімен Орбұлақ шайқасының 350 жылдығы аталып өткен болатын. Содан бері 25 жыл өтті, тәуелсіздіктің 25 жылынан да астық. Осы жылдар ішінде туып, есейіп, түлеген буынның өзі 25-26 жасқа келді. Олай бол­са, тәуелсіздік тағылымын ерлікпен жетілдіріп, ұр­пақ санасына сіңірудің мән-мағынасы төтенше те­рең. «Орбұлақ шайқасының» 375 жылдығын атап өту жайын­да Үкімет биыл да арнайы шешім қабылдады.
Дәл бүгінгі күні Орбұлақ шайқасының 375 жылдығы ар­қылы – конференциялар ұйымдастыру, кітаптар ш­ығару, жиналыстар өткізу, елдімекендер мен көшелерге аттар беру, ескерткіштер қою сынды әртүрлі шаралардың атқарылып жатқаны бізді қуантады. Осы бір тарихи оқиға мен ондағы ірі тұлғалар бейнесін мәңгілікке есте сақтау үшін Салқам Жәңгір мен Жалаңтөс баһадүрдің ескерткіштері мен «Талдықорған өңірінің тарихи-киелі орындарының» қатарына енетін Алматы облысындағы «Орбұлақ шайқасы» болған орынның ескерткішін де Елбасы бастаған «киелі жер» ұғымына байланысты «Қазақстанның қасиетті жерлері» тізіміне кіргізіп, арнайы қорғауға алу лазым. Сонда ғана ол елдіктің еңселі ескерткіштерінің бірі ретінде мәңгілікке қала береді», – дейді Өмірзақ Озғанбаев. Өзбекстан республикасы Самарқанд мемлекеттік университетінің профессоры, тарих ғылымының кандидаты Эркин Мусурманов «Самарқанд – Регистан әлемдік өркениеттің алтын қазынасы, Жалаңтөс баһадүрдің ерлік еңбегінің тарихи маңызы» атты баяндама оқып: «…Баяндамам шығыстық түркі ғажайып ғимараттарын салушы, Самарқанның басшысы Жалаңтөс баһадүрге арналған. Тарихта Самарқанд туралы аз айтылып жүрген жоқ. Соның негізгісін айтсам, Өзбекстанды әлемге танытатын Регистанды салдырған Жалаңтөс туралы материалдар бізде аз. Өзбекстан бейнесін көрсеткен кез келген фотосуретте Ре­гистан бар. Суреттер БҰҰ-ның штаб пәтерінде де ілулі тұр. Ал оны тұрғызған Жалаңтөс баһадүр тура­лы бізде жазыла да, айтыла да бермейді. Ол туралы ақпарат мүлдем аз десек те болады. Жалаңтөс баһадүр туралы бізде материалдар аз болғанымен қазақ бауырларымызда ол туралы ғылыми деректер көп екен. Және оны халыққа танытуда үлкен жұмыстар істелінгені көрініп тұр. Оған бүгінгі конференция да дәлел бола алады. Қазақстанда Жалаңтөс атында елді мекендер бар, Қызылорда облысында ескерткіші қойылған, Самарқандта, Семейде, Павлодарда оның атына көше беріліпті. «Жалаңтөс баһадүр – тарихи тұлға» атты жинақты қарап шықтым. Сол кітаптан Жалаңтөс туралы көптеген қызықты материалдарды көріп, біразымен таныстым. Самарқандқа барған соң осы кітаптағы деректер бойынша студенттерге бірнеше тақырыпта диплом жұмыстарын жазуға беремін», – дейді.

Бабалар рухына тағзым
Іс-шараға жиналған зиялы қауым өкілдері, Қазақстанның әр өңірінен келген арнайы делегация, жалпы тілекші қауым Салқам Жәңгір хан мен Жалаңтөс баһадүрдің ескерткішін салтанатты түрде ашты. Шара барысында сөз алған қоғам қайраткері Қуаныш Айтаханов: «Бүгін біз ерекше оқиғаның куәсі болып тұрмыз. Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласындағы міндеттерді орындау жолында игі­лікті істің көп атқарылғанын көзіміз көрді. Жаңғыру – жаңару деген сөз. Жаңғыру болған жерде рухани жаңара­мыз. Біз грек тарихын, рим тарихын, орыс тарихын көп оқыдық. Ірі көтерілістерін де жаттап өстік. Бірақ қазақ халқының тарихынан ешқандай ха­бар болмады. Тарих оқулықтарына да қазақ тарихы ен­гізілген жоқ. Бұл – тоталитарлық саясаттың жемісі еді. Тәуелсіздіктің арқасында өз тарихымызға терең үңі­ліп, ақтаңдақтардың бетін аштық. Рухани жаңғыру бағ­дарламасы – елге үлкен серпіліс әкелді. Еліміздің үлкен азаматының бірі, меценат, ғалым, тарихшы Бекет Тұрғараев осыған ерекше мән беріп жүр екен. Сол себептен, Бекетке рақмет айтқым келеді. Ары-бері өт­кен жұрттың бәрі екі қаһарманның ескерткішіне көз тоқтатпай өте алмайды. Күре жолдың бойында орын тепкен еңселі ескерткіш ел рухын асқақтатып, мәр­тебесін биіктете түседі. Бұл тарих – бәрімізге үлгі, бә­рімізге сабақ болуы тиіс», – деді.
Айта кету керек, Қазақстан Республикасының Мем­лекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықованың тапсырмасы бойынша Ұлы Жеңісті тойлау ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің бұйрығымен бекітілген «2016-2018 жылдары өткізілетін мерейтойлар мен атаулы күндердің тізіміне» енгізілген. Тарихи маңызы зор шайқастың бары мен жоғын түгендеу ісі осылай бас­талып та кетті…

Қарагөз Сімәділ.

Алаштың ақ ордасы

Жуырда бір отырыста болдым. Жеңіс мерекесінің қарсаңы болатын. Әңгімеміз Ұлы Отан соғысы жайында өрбіді. Әрине, көзімізбен көрмесек те, көңілге түйгенімізді, аталардан естігенімізді, тарихта жазылғандар бойынша, бүгінгі жастардың сондай уақыт бола қалса, әп-сәтте бордай езіліп қалуы мүмкін-ау деген қорқыныш үрейдің бар екенін айтып жаттық. Тәуелсіздіктің арқасында ешбір қиыншылықтың жоқ екеніне де тәубе дестік. Жеткен жетістігіміздің шаш етектен екенін де сөз еттік. Арқа төсіндегі айшықты Астанамыздың күн санап көркейіп отырғанын мақтаныш сезімі кеудемізді керней отырып айттық. Аз уақыттың ішінде көркіне көз тояр келбетіне сүйсіндік. Бір кезде ортамыздағы бір азамат «Тәуелсіздік алып, шалқып отырғанымыз шамалы ғой. Одан да Германияның құрамында болғанда бүгінде немістермен бірге байыыыып отырар едік» дегені. Төбеден жай түскендей әсер етті. Құдай-ау, тәуелсіздіктің қадірін, мәртебесін, қасиетін бағаламайтын жан да болады екен-ау…

Жер бетінде қасіреттің қанын тоқтаусыз ішкен екі ел болса, соның бірі қазақ. Бір жұрт болса, ол да қазақ-ау шамасы. Тарихта аты аталғаннан ат үстінен түспеген, азулымен айқасып, қарулымен шайқасқан, ғасырлар бойы азап шеккен еліміз ертеңі үшін еңсе түсірмеді. Ұрпағы үшін ұрыстан қашпады. Ұлан ғайыр даланы аманаттау үшін арып ашып күн кешті. Сонау ХV ғасырда Жетісу өлкесінде құрылған қазақ хандығының да басынан қара бұлт үйірілуден жалықпады. Бірақ сол кездегі бабалардың ерлігі ел мәртебесін асқақ етіп, төрт күл дүниеге ҚАЗАҚ деген атты әйгілей түсті. Тари­хын танытып, тасқа қашады. Үлкен және кіші сұлтандар бірлесіп Қозыбасы тауының маңынан Шар қаласын салдырды. Қала Шу өзенінің жоғарғы жағында қазіргі Қырғызстан жерінде орналасқан болатын. Осылайша қазақ хандығы орта Азиядағы алғашқы ұлттық мемлекет болды. Сол себепті Шар қаласы қазақ хандығының алғашқы табан тіреп, толыққанды мемлекет болып қалыптасуына негіз болған бірінші мекен, яғни бас ордасы, қазіргі тілмен айтқанда астанасы еді.
Жаңа құрылып қалыптаса бастаған мемлекетке алғашқы уақытта іргесін тіктеп алу мақсатында қажет болған Шар қаласы уақытша мекен болып құпия сақталды. Әбден ірге бекітіп елдік құрылымға кө­терілген соң Керей мен Жәнібек хандар «Қазақ» мемлекетін құрып, Астанасын «Созақ» деп жариялады. Осыдан соң қазақ хандығы іргесін бе­кемдеп, біртұтас мемлекетке айнала бастады. Дегенмен әр қапталдан көз алартып, айылын жимаған азулы елдер әлсін-әлсін шабуылдармен ес жидырмай отырды. Тарихта қалған сол шайқастар тек еліміздің бірлігі мен тұтастығының арқасында ғана ойрандалып отырды. Орыстың отары болғанда да озбырлықтан ада болмады. Ана тілінен, ата дінінен, мәуелі мәдениетінен, әуезді әні мен әде­биетінен, дәстүрі мен салтынан айырылудың шақ алдында қалды. Алаш арыстары аттандап, қазақтың ұйқысын ашқанша, аждаһа оларды аранына алып ұрды. Одан соң Отан үшін тағы да оғландар оққа ұшты. Желтоқсанда да жалынды жастар жасындай жарқылдады. Қазақтың намысын, өршілдігін, бойында қайсарлықтың табы бар, қазақ деген рухты елдің қаны бар екенін аңғартты.
Осындай құрбандықтар, бәйгеге тігілген бастар­мен келді тәуелсіздік. Қан боп аққан жастармен келді. Ендеше сол азаттықтың құнын көк тиынға та­тытпау, арсыздықтың нышаны болса керек. Өйткені тарих қатпарларында талай ғасырды ақтаратын қазақ даласының ашылмаған сырлары көп. Біз білетін тарихта дархан даланың төсінде қырандай еркін қалықтап, тұлпардай тұяқ тоздырған, ұрпаққа алып даланы аманаттау үшін жағадан шапқан жаумен шайқасып, уақыт оздырған бабалардың ерлігі кезең-кезеңімен өсіп келе жатқан ұрпақтардың құлағына жетері анық. Сол аманат қып қалдырған даламыздың әр мекені жайындағы тарих деректері бүгінімізге, болашағымызға азық боларлықтай. Соның ішінде бас қаламыздың орны ерекше.
Біздің дәуіріміздің ХІ-ХІІІ ғасырларында Арқада қыпшақ тайпалары көшіп-қонып жүргендігі белгілі. Осылайша өткен ғасырда археологтар Ақмола жерінен көне қаланың орнын тапты. Қалашық өз заманында гүлденіп, Жібек жолы бойындағы сауда орталықтарының біріне айналғандығы белгілі болды. Бозақ деп аталатын бұл мекен сонау қыпшақ билеушілерінің елордасы болған дейді зерттеушілер. Демек Елбасымыздың Астана орнын Арқа төсіне таңдауы кездейсоқтық емес. Қойнауы тарихқа толы қазақ даласының тарихын болжап, болашақты түйген көрегендікпен таңдау осы мекенге түсіп отыр. Сонау 1996 жылы Ақмола қаласын астана жасай­мыз дегенде қоғамның басым бөлігі күмәнмен қара­ғандығы жасырын емес. Алматыдан тым ескі қаланы қайтадан қалыпқа келтіруді дүйім жұрт тіптен де көз алдына елестете алмағандығы да мәлім. Алайда 1998 жылы тәуелсіз Қазақстан жаңа әрі жас қала – Астананың атын бүкіл әлемге паш етті. Етек жеңін қамтып, енді ғана ес жиып келе жатқан егемен елдің бірегей ұлдары Қазақ елінің ертеңі үшін аянбай тер төгіп, барын шаша еңбек етті.

Халық аузында «Басы қатты болғанмен аяғы тәт­ті» деген сөздің тектен тек айтылмағаны осы тұс­та дәлелге ие болды. Жыл, ай, күн тіпті сағаттар сыр­ғып өткен сайын бас қала ажарына кіріп, көркіне кө­рік қоса бастады. Ешкімнің ойына кірмеген ғи­мараттар бой көтеріп, айбынды Астана жарық жұл­дыздай жарқырады. Астанамыз әр күні жылға тати­тын, әр жылы ғасырға тең қарқынмен дамудың даң­ғыл жолына түсті. Шет мемлекеттен келетіндер ған­а емес, қазақстандықтардың өзі тамашалап тауы­са алмайтын көркі көз тартар орындар бой кө­терді. Тамашалаушылар ертегі әлеміне кіргендей күй кешті.
«Тәуекел түбі жел қайық, өтерсің де кетерсің» де­ген­дей Елбасының батыл қадамы мен сарабдал саясатының арқасында абыройы асқақтаған бас қаламыздың дәрежесі бүгінгі таңда дүниежүзіндегі астаналармен тең десек артық айтпаймыз. Жаңа әрі озық үлгідегі тамаша тұрғын үй кешендері, ең­селі әкімшілік ғимараты, гүлзарлары мен су­бұр­қақтары, әсем монументтері, ескерткіштері бар Есіл жағасындағы еңселі қала бейне бір қауыз жарып келе жатқан өсімдік тәрізді. «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінде бой көтерген шағын қалашықты айтсаңызшы. Ол қауыз жарған өсім­діктің Сарыарқа төсіндегі жеке дара жап-жасыл жа­зи­расындай. Жыл сайын құлпырып, түрленіп тұратын Астананың сәулет ажарында ұдайы жаңа өр­нектердің пайда болып тұратындығы тағы бар. Әрдайым өзгеше бір тың бояулармен көркемделуде. Сол сияқты жас қалаға жапырағын жайып, бас қаланың басты символына айналған «Бәйтерек», ес­кіден сыр шертетін «Хан Шатыр», Ұлы Жібек жо­лын еске салатын «Керуен» сарайы Астананың сәнін келтірген інжу-маржан, Есілдің жағалауына әр берген гауһар моншақ іспетті. Ал мұндай көрікті қа­ла­ның дамыған мемлекеттер Германияның ас­танасы Берлиннен, Ұлыбританияның астанасы Лон­доннан, Американың астанасы Вашингтоннан, тіп­ті көрші жатқан Қытайдың астанасы Пекиннен, Ре­сейдің астанасы Мәскеуден қай жері кем? Ке­рісінше артықшылығын таппасаңыз, кемшілігін із­дей алмайсыз. Францияның астанасы Парижде тұр­ған «Эйфель» мұнарасының бас қаламыздағы Бәйтеректен асқан тарихы жоқ шығар, сірә. Сон­дық­тан да дүние жүзіне зиялылық нұрын төгетін Аста­на тоғыз жолдың торабындағы Еуразияның, әлем­нің сәулетті қаласына айналып отырған ға­жайып шаһар. Тәуелсіз еліміз ширек ғасырдың ішін­де-ақ әлемнің үздік елдерінің қатарына қосылса, Астанамыз 20 жылдың ішінде таңғаларлықтай көрсеткіш көрсетіп, әлемге Қазақстанның қандай мықты мемлекет екендігін дәлелдеді. Әлемде бір ғана қаласымен бір мемлекетті танытқан Қазақ­стандай ел жоқ.
Аққу қанат елордамыз ежелгі Есіл бойында қана­тын кеңге жайып, сәулетті де сәнді ордаға айналуы тектен тек емес. «Елу жылда ел жаңа» дегендей іргетасы қаланғанына елу жыл емес, жиырмаға енді аяқ басып отырған тәуелсіз еліміздің жүрегі са­на­латын бағаналы ордамыз әлем назарында. Жан-жағымыздағы бауырлас елдермен қатар, өзіміз қазіргі уақытта тереземізді теңестірген «мүйізі қарағайдай» ірі мемлекеттер де астанамызға көз тігуде. Мұндай қуатты мемлекеттерді назарға қарату жас Отанымыз үшін зор жетістік. Кішкентай қаладан алып арман қалаға айналған шаһарымызды әлем мойындамаса да, мойындаса да қазақ халқының тарихының жаңа парағы, рухани дүниесінің есігі ол – Астана.Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев айт­қандай ерке Есіл жағасында бой көтерген, ерекше сәулеттік ландшафты бар, бірегей мүсіндік нышандары сап түзеген, жоғары технологиялы болашаққа ұмтылған, өзгені сыйлап, өзінің жаңа астанасымен өз елін шексіз мақтан тұтатын көп ұлтты және көп дінді халқы бар әсем де мейірлі аста­­­­­­намыз, міне, осындай…

Бақтияр Қабасов

ҚАЗАҚ ТОПЫРАҒЫ – ТАСЫН ТҮРТСЕ ТАРИХЫ СЫР ШЕРТЕР КИЕЛІ МЕКЕН

Пойыздан сыртқа көз тастасаң болды иен дала. Қазақтың кеңпейілі іспеттес. Бірде терек-талы жарасым тапқан жасылды алқапқа кезіксең, бірде шегі жоқ құмды даланы кезесің. Қазақстанның батыс өңіріне аттанған бір топ журналистердің жүрек толқынысы рейстен шыққан пойыз даусымен үндесіп жатқандай. Асыққан көңіл екі күндік жолды, екі сағаттай етіп Маңғыстау облысы, Бейнеу ауылының теміржол вокзалынан түскенде, бірақ басылды. Қонақүйге орналастық. Енді уақыт өтсеші. Алдағы екі апталық сапарымызды ойша елестетіп, таңды көзбен атырдым.

Маңғыстау облысы
362 әулиелі мекендегі алғашқы бас сұққан орнымыз Бекет ата жерасты мешіті мен қорымы. Бейнеу кентінің оңтүстік батыс жағынан 20 шақырым жерде орын тепкен мешіттің ішкі көрінісі киіз үй, ал төбесі күмбез тәріздес. Сәулет өнері мен салыну әдісі таңдай қақтырарлық. Кіреберіс бөлмесінде Бекет ата ұрпақтары жерленген. Ал өзінің мүрдесі Үстірттің Маңғыстау жақ ойысындағы Оғланды мешітінде жатыр. Мемлекет қорғауындағы киелі орында 60 адамға арналған намазхана, ал түнеухана жанында 160 адамдық асхана бар. Әулие қырық жас шамасында осы мешітті ауыл балаларын оқыту әрі жолаушылардың тынығып, зиярат жасауы үшін салдырған. Бекет ата тек діндарлығы ғана емес, ел есінде асқан батыр, ағартушы, сәулетші, сәуегей болып жатталды. Бір қауымның емес, бүкіл елдің қамын жеген әулие жайлы xалық аузында аңыз-әңгімелер көп. Адай руынан шығып, 1750-1813 жылдары өмір сүрген сәуегей алдымен атасы Жаналыдан, кейін ауыл молдасынан сауат ашып, 14 жасында Хиуадағы Шерғазы хан медресесінде оқиды. Білімін толыстырған соң туған жеріне келіп бар ғұмырын халықты ауызбірлікке, иманға үндеуге арнайды. «Мединеде — Мүхаммед, Түркістанда — Қожа Ахмет, Маңғыстауда — Пір Бекет» деген сөз ғасырдан ғасырға, ұрпақтан ұрпаққа берілуі де соның айғағы. Сондықтан да Пір ата ислам әлеміндегі танымал тарихи тұлға. Келесі беталған киелі жер Бейнеу кентінен 40 шақырымдағы оңтүстік бағыттағы Манашы сайының бойында орналасқан Көркембай мешіті. Мешіт қыш-кірпіштерден сыртқы бөлігі өңделмеген шой тастармен қапталып тұрғызылыпты. Мешіттердің 19 ғасырдағы ең ірісі және жауһары саналады. Үлкенді-кішілі 26 бөлмесін кезіктіруге болады, оның төбелері 18 шағын, 12 үлкен күмбезбен көмкерілген, ортасында үлкен намаз оқитын орын бар. Бөлмелер бір-біріне жалғасып жатыр. Михраб алдында отырған уағыз немес намаз оқыған адамның дауысы барлық бөлмеге анық жетеді. Оның себебі, дауысты еркін жеткізуге арналған қабырғаларда арнайы ойық ойылған. Мешіттің іргесінде үш құдық бар. Су тапшы жерде құдық қазуға ыңғайлы орынды та­бу­дың өзі мұң. Ал сондай жерге мешіт тұрғызу әркімнің қолынан келе бермейтін іс. Көркембай мешіті 1928 жылға дейін білім ордасы ретінде пайдаланылған. Большевиктердің қудалауымен ғибадат орны жабылады. 1991 жылы «Маңғыстаумұнайгаз» өндірістік бірлестігінің демеушілігімен қалпына келтіру жұмысы жүргізілді.
Маңғыстаудың ми қайнатар ыстығына тек маң-маң басқан түйелер ғана шыдайтындай. Әр тұстан кезіккен жануар бізге маңғаздана қарайды. Құмды, құрғақ жердің шаңын көкке көтеріп ызғыған «УАЗ» көлігіндегі біздер бұндай табиғатты алғаш көргеннен соң ба, етіміз үйренбей аққан терді қайта-қайта сүртіп әлектендік. Осы қарқынмен Сам құмы Тұрыш ауылынан оңтүстікке қарай 15 шақырым жердегі Барақ, оның ұлы Асау батырдың күмбезді кесенесіне келіп тоқтадық. Қос батырдың басына келіп-кетушілердің көптігіне байланысты мұнда Асау-Барақ ата мешіті салынған. Атағы алты Алашқа асқан батырлығымен танылған әйгілі Сырым Датұлының серігі Барақ Сатыпалдыұлы орыс отарлауына қарсы күресіп, қай кезде де ұлт-азаттық көтерілістің алдыңғы шебінен табылды. Батыр атағы 18 жасында торғауыт батыры Ала Көбікті жекпе-жекте жеңгеннен кейін шығады. XVIII ғасырдың 70-ші жылдарына дейін шөмішті-табын қолын бастап, Еділ мен Жайық арасында қалмақтармен соғысқан. Барақ Сатыпалдыұлының ұлы Асау мен немересі Дәуіт те ата жолын жалғап, қол бастаған батыр болды. Олар жайлы жыр-дастандар да жоқ емес. Барақ батырдың бейнесін халық жадында жатталуы үшін белгілі қоғам қайраткері, жазушы Смағұл Елубайдың сіңірген еңбегі ұшан-теңіз. Ал қарақалпақстандық қазақ ақыны Тілеумағамбек Аманжолұлының «Асау-Барақ» атты тарихи дастаны асыл ерлерімізге өлең-сөзбен қойылған ескерткіш іспеттес. Тек Кіші жүздің ғана емес, барлық қазақ жұрты үшін күрескен бабаларымызды келер ұрпақ ұмыт қалдырмауы тиіс. Әрмен қарай Тұрыш елді мекенінен солтүстік-батысқа қарай 20 шақырым жердегі Алтын Орда дәуіріне тиесілі, Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан Белдеулі керуен сарайының орнын араладық. Көне қаланы зерттеген тарихшы
П. Рычков 1762 жылғы еңбегінде жазады. Одан кейін тағы бірнеше зерттеу жүргізіледі. 1946 жылы ҚазКСР ғылым академиясын басқарған Т. Басенов бастаған экспедиция мүшелері көп мәліметтерді жинайды. «Дәл осы жерде Сам көне қала жұрты орналасқан» деген болжам бар. Қала орнынан күміс, мыс теңгелер, қыш ыдыстары табылды. Керуен сарай айналасында 6 құдық орналасқан. Қазба барысында 14 бөлме, порталдың құлаған құрылымдары және аула ашылды. Қала бірнеше рет қирауға ұшыраған. Керуен сарай көптеген ғасырлар бойы далада сирек кездесетін өңделген тақтатастар, күйдірілген кірпіштерді илеу орталығы болған.
Тұрыш ауылынан солтүстік-батысқа қарай 25 шақырым жерде сарматтардың архитектуралық жерлеу-ғұрыптық Ақпанның үйігі атты оба кездеседі. Ақпан ескерткіші б.з.д. V-IV ғасырларда әлеуметтік дәрежесі жоғары адамды жерлеу мен оның құрметіне арнайы салынған. Алғашқы биіктігі 7-9 метрден кем емес. Айналасына сол адамдарға арнап құрбандық шалса керек. Обадан бес адамның қаңқа сүйектері мен қола бұйым мен шала от шарпып қыздырған киімнің алтын ілмекті әшекейі табылды. Жебенің ұшы, қыш ыдыс сынықтары мен мал-жануар сүйектерінен бөлек 4 құрбандық шалу мен от жағу орны болғаны анықталды. Оба Кеңес дәуірінде тоналған. Жоғарыда табылған жәдігерлер солардан қалып қойса керек.
2007 жылы Елбасының қатысуымен ашылған Маңғыстаудың ең биік (биіктігі – 532 метр) шоқысындағы «Адай Ата-Отпан тау» тариxи этномәдени кешенімен таныстық. Таудың басынан көз жүгіртсең сай-сала, жазық даланы, төбе, жота, бұлақ, теңізбен қатар Ақтау қаласы анық көрінеді. Кешен – Ақсарай, «Маңғыстау және жеті жұрт» тақырыбындағы көрме залы, «Ана келбет», Төле би, Әйтеке би, Қазыбек би ескерткіші сынды нысандардан құрылған. Және де киелі Маңғыстауда мекен еткен 362 әулиенің рухына арналған 362 баспалдақ арқылы Адай ата кесенесіне көтерілесің. Кесененің биіктігі күмбез найзасының ұшына дейін 37 метр. Адай атаның екі қапталындағы екі баласы Құдайке мен Келімбердінің құрметіне арналып салынған. Жанында қазақтың болмысын сипаттайтын Көкбөрі ескерткіші менмұндалап тұр. Оның қасында Ұран оты орналасқан. Ерте заманда елге жау шапқанда кең-байтақ Маңғыстауды ру-ру болып жайлап жатқан халықтың басын жинау үшін Отпан таудың басында Ұран отын жаққан. Ал қазір жыл басы 14 наурыз – Амал күні садақа беріліп, наурыздың 13-нен 14-іне қараған түні от жағылады. Отпан тауда адай руынан тараған жырау Қалнияз Шопықұлының сүйегі жатыр. 1816-1902 жылы өмір сүрген ол Отпан тауда ең алғаш рет от жаққан Қосай атаның тікелей ұрпағы. Жыраудың «Ер Қармыс» жыры, «Жаскелеңмен айтысы», «Көтібар бөтен кісім бе?» деген толғаулары Маңғыстау, Атырау, Қарақалпақстан, Түрікменстан жеріндегі қазақтар арасына кеңінен тараған.
Жерасты мешіттерінің аса көркем үлгісі саналатын Шақпақ ата мешітіне де бас сұқтық.

Шақпақ ата мұсылманшылықты терең меңгерген, өзінің жерасты мешітінде шәкірт тәрбиелеп, бала оқытқан әулие адам. Шақпақ ата жерасты мешіті тау борлы жартаста салынған. Мешітке кірсеңіз даладағы қапырық ыстық немесе салқын аязды ұмытасыз. Мұнда температура бірқалыпты. Ауасы саф таза, тып-тыныш жайлы жер. Мешіт жайларының және бетше босағаның, сонымен қатар, жерлеуге арналған текшелердің қабырғалары түрлі уақыттың жазуларымен, жылқының, салт аттылардың, бұқалардың, ашылған алақандардың, өсімдік өрнектерінің пішіндік бейнелерімен толтырылыпты. Археологтардың айтуынша, мешіт IХ-Х ғ.ғ. салынған. Оған жау шапқыншылықтары кезінде шәкірттерімен бірге Шақпақ атаның есімі берілген. Өмірдің соңғы жылдары ол сопы болып, жерасты тұрағынан шықпаған. Ал сопының өмір сүрген жылдары бойынша зерттеушілердің пікірлері әрқилы: академик А.Г. Медоевтың айтуынша, Шақпақ ата IX ғасырда өмір сүрген. Бартольдтың пікірінше, сопы 1312-1342 жылдары (XIV ғ.) билік еткен Өзбек ханның тұсында өмір сүрген. Шақпақ ата Қожа Ахмет Яссауидің ізбасары, 362 әулиенің бірі болған деседі.
Х-ХV ғасырға тиесілі Кентті баба бейітінен соң IX-XII ғасырға тиесілі Сұлтан-Үпі жерасты мешітін араладық. «Сұлтан-үпі жерасты мешіті, қорымы және сайы» Түпқараған ауданы, Таушық ауылынан 30 шақырым солтүстік-батыс бағытта, Сарытас шығанағына таяу сай жиегінде орналасқан. Сұлтан-үпі сайы мен құдығы да назар аударарлықтай. Жардан 6 метр жерден ойып салынған Сұлтан-үпі құдығының таза, салқын және өте дәмді суы бар. Сұлтан-үпі сайы терең және әдемі. Сайдың түбімен жылғалар ағады. Сайдың баурайы мен түбінде бүлдірген, шатқал, мойыл және бабажапырақ, жібек құрты, баттауықтың қалың бұталарына толы. Жыралы жартастарымен, жиектеріндегі шатқалдарымен үйлесе, қайталанбас әсем көріністерді құрайды. Сай өзіндік кө­галдылығымен көптеген жануарлар мен құстарды тартады. Бұл жерде қарсақ-түлкі, ұзын инелі кірпі мекендейді, құстардың көптеген түрлері – қызғылт қара торғай, жасыл және алтын түстес щурка, суқарақұсы және т.б. ұя салады. Сайдың үстінен 3 шақырым қашықтықта теңіз жағалауының ғажайып панорамасын тамашалауға болады.

Атырау облысы
Маңғыстау облысынадағы сапарымыз да тамамдалып, Атырау облысына бет алдық. Көңілге түйгеніміз жетерлік. Сол кездегі ата-бабаларымыздың ерең еңбегіне бір жағы тамсанып, бір жағы таңданып үлгі алдық.
Атырау облысында бірінші болып «Хан ордалы Сарайшық» мұражай қорығына бас сұқтық. 4242 жәдігері бар мұражай қорығы 1999 жылдың 3 қыркүйегінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен ашылған. Кешеннің авторы сол кездегі Атырау облысының әкімі Иманғали Тасмағамбетов. ХІІ-ХVI ғ.ғ. Сарайшық қаласының орнын да көрдік. Өз кезінде Бату сарайы немесе Алтын Орданың кіші ордасы деп аталған. Жайық өзені айналып аққан қала Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан. Қасымxанның тұсында Сарайшық Қазақ xандығының астанасы етіп жарияланды. Ол кезде қаланың ұзындығы 10, ені 8 шақырымға дейін созылған. Алғаш қазба жұмысы 1937 жылы Ресей арxеологы К. Арзютовтың бастауымен жүргізілді. Кейіннен 1950 жылы арxеолог Әлкей Марғұлан, 1996 жылы Зейнолла Смашев зерттеді. Сол дәуірдегі алтын тиын, темірден жасалған бұйым, құмыра, құмған, шам, бесік, әртүрлі әшекейлер көптеп табылады. Келешекте ұзындығы мен ені 4 шақырымды құрайтын үлкен туристік база салынбақшы. Кіреберісінде Ер Тарғын мен Қамбар батырға ескерткіш орнатылып, қақ төріне Қасымxанға үлкен монумент бой көтермек.
«Еңку-еңку жер шалып» дәм-тұзы таусылғанша қарапайым xалқының қамын жеген қайсар ер Маxамбет Өтемісұлынан мазарына барып, руxына Құран бағыштадық. Құрақ Бектұрғанов атты қарияның айтуымен антрополог Ноэль Шаяxметов бейне мүсінін жасау үшін 1966 жылы бас сүйегі қазылып алынады. Ол 17 жыл бойы жертөледе жатып, 1983 жылы қайта жерленеді. Кесенесі 1995 жылы салынып, 2003 жылы арнайы жөндеуден өткізіледі. Сол жылы Маxамбеттің 200 жылдығы ЮНЕСКО көлемінде аталып өтті. Исатай Тайманұлы бастаған шаруалар көтерілісіне белсене қатысып, опасыздардың қолынан қапыда қаза тапқан Ұлы ақын ел есінен ешқашан өшпек емес.

Батыс Қазақстан облысы
Батыс Қазақстан облысына барған бойда XIII-XV ғасырға тән Жайық қалашығының орнын көрдік. Алайда көңіліміз су сепкендей бірден басылды. Неге десеңіз, мемлекет қорғауына алынған жерге қоқыс тасталыпты.
Қазақ жеріндегі орыс отарлауынан кейін отырықшы мәдениеттің бастауы саналатын Орал қаласындағы палеолит дәуірінен бастап қазіргі заманға дейінгі тарихтан сыр шертетін еліміздегі ең ежелгі мұражайдың бірін тамашалдық. Іргетасы 1832 жылы қаланған нысан Батыс Қазақстан облыстық тариxи-өлкетану мұражайы ретінде қызмет көрсетіп тұр. Онда 130 мыңнан астам жәдігер әр кезең бойыша 8 залға топтастырылған. Әсіресе, Жайық қалашығы мен Бөкей хандығының пайда болуы мен өркен жайған тұстарын тереңнен қамтыған. Мұражайда қазақ бейнелеу өнерінің негізін салушылардың бірі, жерлесіміз Әбілхан Қастеевтің «Төлеген мен Қыз Жібектің кездесуі» атты суреттің түпнұсқасы сақтаулы.

Ақтөбе облысы
Ақтөбе облысына аяғымыз тиер-тиместен облыс әкімінің орынбсары Ербол Нұрғалиевтің қабылдауында болдық. Жиында өңірде атқарылып жатқан игі істер айтылып, сапарымызға сәттілік тіленді. Содан кейін халақ арасында «Көтібар — алмас қылыш, ел тірегі» деп атанған Мұғалжар ауданындағы Көтібар Бәсенұлының кесенесіне бардық. Ол кісі ХVI-XVII ғасырларда орыс-казактарының бекіністеріне шабуыл жасап, Хиуа хандығымен және түрікмендермен күресте қол бастаған. Ерлігімен танылған батыр бейнесі М. Әуезовтың «Айман-Шолпан» пьессасында кездеседі. Келесі көрген нысан Темір ауданындағы Темір мешіті. ХХ ғасырдың басында Мажит Батхуллин деген татар байы салдырған мешіті сол қалпы сақтаулы. Онда атақты Насыр Аxмет Халфе діни қызмет атқарған. Қазір мешітке жергілікті тұрғындар өз қаражаттарына жөндеу жұмыстарын жүргізуде. Сол аудандағы ХIX ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында салынған Досжан хазірет мешітінің тек кейбір қабырғалары ғана қалған. Оны Кеңес үкіметі тұсында дүкен, ат қора ретінде пайдаланыпты. Мешітті діни ағартушы, ұстаз, қоғам қайраткері Досжан ишан Қашақұлы салдырады. Ол Құнанбаймен бірге қажылық сапарында Меккеде қонақүй салған. Мешіт ішінде жүз адам еркін тұрып намаз оқи алатын болған. Жанында 150 орынды балаларға білім беретін медресесі, қонақ сыйлайтын орны да болыпты. Ал Алға ауданындағы XV-XVI ғасырда өмір сүрген Есет батыр Көкіұлының мавзолей-кешеніне Құран бағыштап жатқандардың қарасы көп. Қазақ халқының жоңғар басқыншыларына қарсы күресінде көзге түскен ол Ресеймен қарым-
қатынас орнатуда да көп еңбек сіңірді. Сол үшін «тарxан» атағын алады. Әбілқайыр xанның сенімді серігі бола білді.
Алға ауданындағы XX ғасырдың басында бой көтерген Шәкен ишан мешітінің іргесі қалақ тастардан басталып, ұлу тастармен әдемі өрілген. Суыққа лайықталып, қабырғасы қалың қаланған. Әр жылдары астық қоймасы, соғыс кезінде қашқан кісілерді қамау орны да болды. Шәймерден Әбжанұлы бай, ауқатты отбасында дүниеге келді. Бұхара, Хорезм қалаларында 7 жыл білім алды. Осы мешіт-медресені Қазандық жобамен татар шеберіне салдырып, халықтың діни сауатын ашады. Қобда ауданындағы Қобыланды батырға арналып 2007 жылы салынған дулыға пішіндес кесененің биіктігі – 17,5, ені – 12 метр. Төбесінен қарағандағы мавзолей қалқан, дулыға, садақ пішіндес архитектуралық кескінді бейнелейді. Қобыланды батырдың қайрақ тасының ұзындығы – 3 метр, ені – 60 см. Күні бүгінге дейін сақталған қобыланды қылышы осында қайралған. «Қобыланды батыр» жырының 29 нұсқасы бар. Батыр жырындағы Қособа, Жиренкөл, Ешкіқырған, Тасбұлақ тауы, Тұшман бұлағы әлі де солай аталады. XX ғасырдың елуінші жылдары ғалым Әлкей Марғұлан бейіт басына келеді. Ал алпысыншы жылдың аяғында Ноэль Шаяхметов қазба жұмысын жүргізіп, Герасимов әдісімен бас сүйегіне қарап кескінін жасауды жоспарлайды. Мемориалдық кешен Қобыланды батырдың сүйегі қайта жерленген мавзолейден, Даңқ залынан және белгі тастардан тұрады.
Қобда ауданында орын тепкен XIV ғасырдың соңы мен XV ғасырдың басында салынған Абат-Байтақ кесенесі 2007 жылы қайта жаңғыртылып, республикалық дәрежедегі қорғауға алынған сәулет өнерін сақтап қалу мақсатында 30 миллион теңге қаражат бөлінген. Кесене атақты ойшыл Асан қайғы жыраудың ұлы Абат батырға арналып тұрғызылған. Кесене үстінде 11 қырлы тұғырға орнатылған шошақ күмбез бар, ал негізгі тұрқы төрт бұрышты. Сыртқы тұрқының ауданы – 9,52 х 9,8 м. Кесененің бастапқы биіктігі 16 метр, сақталған биіктігі 14,5 метр. Өңделмеген кірпіштен қаланып, ішкі жағы балшықпен сыланып, сыртқы жағы күйдірілген кірпішпен қапталған.

Түйін:

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы жарық көргелі бері елімізде көптеген игі істер жүзеге асты, аса да бермек. Өткенімізді танып, болашаққа нық қадам бастық. Әсіресе «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы арқылы көне қалалардың орны, тарихи жәдігерлер, көрікті мекендеріміз әлемге әйгіленуде. Осы жобаның аясында Алматы облыстық ішкі саясат басқармасының ұйытқы болуымен Жетісу өлкесінің киелі және көрікті мекендерінің түгелге жуығына әртүрлі экскурция, блог-тур өткізілді. Ендігі кезде Республиканың барлық аймағы мен алыс-жақын шетелдерді де аралау жоспарда тұр. Осыған дейін журналистер мен блогерлер Жамбыл, Түркістан, Қызылорда облыстарына барды. Қытай Халық Республикасына халықаралық «Мұқали» экспедициясы жасалды.

Мәулен ӘНЕРБАЙ

ШЕЖІРЕМДІ ҰРЛАПТЫ, ЗУЛАПТЫ КҮН

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында «Қасиетті Қазақстан» жо- басы аясында 100 тарихи ескерткіштердің тізімі жасалуы керектігі жөнінде арнайы тапсырма берілген болатын. Осы бағдарлама аясында 100 тарихи нысан анықталып, оған Есік Қорғандары да енгені көп- шіліктің есінде. Ендеше, осы Есік қорғандары несімен ерекше, мемлекет қорғауындағы бұл тарихи­мәдени нысанның бүгінгі жай-­жапсары қандай?

Қазақстан ескерткіштер мен тарихи жерлерден кен де емес, олардың көпшілігі дүниежүзіне мәшһүр тарихи­-мәдени, архитектуралық нысан. Осы ерекшеліктеріне сай жер­шарының түкпір-­түкпірлерінен қазақ даласын мекендеген ежелгі өркениеттер дәстүрін тамашалауға жыл сайын мыңдаған туристер ағылады. Шетелдік және мемлекетішілік туристердің қызығушылығын оятар осындай қастерлі жерлердің бірі – «Есік» қорғаны дер едік, бұл қорғанның құрамына сексеннен аса сақ қорғаны кіреді.

Есік қорғаны – скиф-­сақ кезеңінің ең үлкен археологиялық ескерткіштерінің және XX ғасырдың ең маңызды археологиялық жаңалықтарының бірі болып саналады.

Сақ қорғаны Алматы облысының Есік қаласында қазылған. 1969 жылы К.А. Акишев басқарған қазақ археологтары Алматыдан шығысқа қарай 50 шақырым жерде үлкен қорғанды қазу жұмыстарын бастайды. Қорған астында, шырша бөренелерімен қоршалған қабірде, ағаш еденнің үстінде алтын тілімдері мен қапталған киімде сақ жауынгерінің (Алтын жауынгер) қалдықтары табылған. Зерттеушілердің пікірінше, қорғанда жерленген жас жігіт сақ тиграхауда билеушілеріне жатады. Қазақстандық археологтарының болжамдары бойынша, ол Ұлы Құшандар Империясының билік еткен әулетінің өкілі. Антрополгтардың зерттеуі бойынша, Есік қорғанын да жерленген жігіттің жасы 17­18­-де. Ол алтын қаңылтыр белгілерімен безендірілген сауытты, бел беуді, алтынмен кестелеп тігілген мерекелі киім киген. Бас киімдің үстінде шамамен 150 әшекей бар. Олардың үстінде көпшілігі тау барыстарының, тау текелерінің, арқарлардың, аттардың, құстардың штам талған бейнелері кездеседі. Жауынгер шекпен мен шалбар киген, қызыл түсті теріден жасалған қысқа шекпен бүтіндей алтын пішінді қаңылтыр белгілерімен, ал оның жиектері, астыңғы жағы мен жағасы жолбарыс бастарының бейнелері бар ірі төртбұрыштарымен кестеленген. Шекпен шамамен төрт мың алтын заттармен безендірілген. Күн тәңірін білдіретін қанатты аттардың бейнелерімен безендірілген өткір ұштығы бар биік бас киім, ұзын семсер мен қысқа қанжар – Алтын адамның негізгі ерекшеліктерінің біріне айналады.

Жауынгермен бірге қабірде балшықтан жасалған, қымыз құйылған құмыралар, ет кесектері бар ағаш та бақтары, күміс пен қоладан жасалған асыл құмыралар табылған.

Тянь-­Шань шыршасының жүз жылдық бұталарынан мұқият кесілген жерлеу камерасында археологтар төрт мыңнан астам алтын бұйымдарын тапты, олар: киімнің, бас киімнің және аяқ киімнің әшекейлері, сақиналар, мүсіндер, қаңылтыр белгілер. Еден үстінде ағаштан, балшықтан, қола мен күмістен жасалған құмыралар тұрған. Жерленген жауынгердің салтанатты сауытын безендірген заттардың орналасуы, темір семсер мен қанжардың қалдықтары жасаған жұмыстарының арқасында зерттеушілерге сақ жауынгерінің кейпін қайта құруға мүмкіндік берді.

Қорғанда табылған жауынгер бүкіл әлемге «Алтын адам» деген атаумен белгілі болып, Қазақстанның өзіндік нышанына айналды.

«Алтын адам» көшірмелері Қазақстанның түрлі қалаларындағы көптеген мұражайларында қойылған.

Аты аңызға айналған жауынгер табылған қорғанның өзі қырықтан аса қорғаннан тұратын үлкен қор-ғанның оңтүстік шетінде орналасқан.

Осы территория «Есік» мұражай қорығының қорғалынатын басты нысаны. Мұражай қызметі – Қазақстанның тарихи­-мәдени мұрасын сақтау және насихаттауға арналған.

Есік­-қорық мұражайына келушілер, жылдан-жылға қарасы көбейіп келе жатқан оқушыларға, жас- тарға, жасөспірімдерге өз тарапымыздан өткен тарихтың қымбат қазынасы, өткен дәуірдің асылы мен жауһарын таныстырады. Есік обаларын аралата жүріп ғасырлардан жеткен үнге құлақ қояды. Осы даланы мекендеген байырғы бабаларының немен күнелткенін, қандай биік мақсаттарға жеткенін, кім болып, нендей істер атқарғанын құлақтарына құюға тырысады.

Бұл мұражай 1970 жылы сақ ханзадасы жерленген қорған табылған аумақта, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылдың 30 қаңтарындағы №43 Қаулысына сәйкес, ел Президенті Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен іске асқан «Мәдени мұра» Стратегиялық ұлттық жобасы аясында құрылды.

Ұлы Жібек жолы бойында орналасқан «Есік» мемлекеттік тарихи­-мәдени қорық-­мұражайы — елі- міздің мәдени туризмін дамытуда стратегиялық маңызды объектілердің бірі. Бүгінгі таңда аталмыш қорғау аймағына «Есік І» қорымдарына жататын 80-нен астам қорғандар, «Рахат» және «Өрікті» сынды ежелгі сақ қала ­жұрттары кіреді.

Мұражайдың негізгі қызметі – тарихи­-мәдени мұра нысандарын қорғау және сақтау мақсатында ғылыми-­зерттеу, мәдени-­біліми және туристік қызметтерді ұйымдастыру, Қазақстанның тарихи және рухани ескерткіштерін зерттеп, сақтау, оны жалпы халыққа насихаттау.

Қазіргі уақытта қорық-­мұражайдың қорғау аумағын қоршау, мұражай жанында орналасқан бірнеше обаларды музейлендіру, кезінде сақтардың резиденциясы болған Рахат және Өрікті қала жұрттарында қазба жұмыстарын жүргізу, оны консервациялау мен музейлендіру арқылы жаңа туристік жолдар салу, «сақ ауылы» жобасын жүзеге асыру мүмкіндіктері қарастырылуда. 2011 жылдан бастап қорық-мұра-жай Стратегиялық ұлттық «Мәдени мұра» жобасы аясында «Жетісу сақтарының мәдениеті және Есік обасы», «Жетісу сақтарының мифологиясы мен идеологиясы» тақырыбында ғылыми-­қолданбалы зерттеу жұмыстарын, «Музей «ЕСІКТІ» ашады», «Алтын адамның» ашылу және зерттелу тарихы (аңызы мен ақиқаты)», «Өткенге салауат, жастарға – аманат» әлеуметтік-­мәдени жобаларын да іске асырып келеді. Сонымен қатар, жыл сайын тақырыптық дәрістер, семинарлар, экспедициялар мен басқа да музейлік шараларды тұрақты түрде өткізіп келеді. «Есік» Мемлекеттік тарихи-­мәдени қорық­мұражайында «Сақтардың тарихы мен мәдениеті», «Алтын адам», «Қазақстан археологиясы» және «Алтын адамның құпиясы» атты 4 экспозициялық зал мен «Алтын адамды» алғаш ашушылардың бірі — археолог Бекмұханбет Нұрмұханбетовтың мемориалдық бөлмесі бар. Сонымен қатар, ашық аспан астындағы жәдігерлер болып табылатын 80-­нен астам сақ қорғандары мен «Рахат» және «Өрікті» ежелгі сақ қала­жұрттарына да экскурсия жүргізіледі.

«Есік» қорық-­мұражайы 2012 жылы ғылыми субъекті ретінде аккредиттеліп, 2011 жылдан бастап лицензия археологиялық қазба жұмыстарын жүргізіп келеді. Қорық­-мұражай отандық және шет елдік көптеген ғылыми­-мәдени ұйымдармен байланыс орнатқан.

Біздің мұражай тарапынан атқарылып жатқан іс­шара өте көп. Соның бірі – «Есік обасы және Жетісу сақтарының мәдениеті» атты ғылыми-қолданбалы жоба жүзеге асырыла бастады. Жобаның негізгі мақсаты – Есік аумағындағы сақ заманының археологиялық ескерткіштерін зерттеу. Бұл жұмыстарға Ә.Марғұлан атындағы Археология институтының ғалымдарын да тарттық.

1950 жылдарынан бері күллі әлемнің назарын өзіне аударған, көшпелі бабаларымыздың өркениетінің жәдігерлері «Есік» қорғанынан табылды. Осы өңірдегі сақ қорғандарын Жетісу археологиялық экспедициясы арнайы түрде зерттегені белгілі. Ал 1970 жылы көрнекті ғалым, қазақ археологиясында игі ізін қалдырған Кемал Ақышев бастаған археолог тардың зерттеулері нәтижесінде еліміздің ұлттық

брендіне айналған «Алтын адам» обасы табылды. Сол себепті «Есік» мемлекеттік тарихи-­мәдени қорық мұражайын құрудағы басты мақсаттардың бірі осы өңірде орналасқан. Атап айтқанда, 80­-ге жуық археологиялық ескерткіштерді қорғау, зерттеу және насихаттау кезек күттірмес мәселе болып отыр. Бекмұханбет Нұрмұханбетұлы осы жерде Америка ғалымдарымен бірлесіп, зерттеу жүргізген. Қазба жұмыстары барысында 15 жебе мен аттың ауыздығы табылған.

Ғалымдардың болжауынша, ертеректе бұл аймақ та 600­-дей қорған болған екен. Қазір қалғаны 150­-дей ғана. 422 гектардан асатын Есік қорық-мұра жайының қорғау аймағына 2 қалашық пен 80-­нен аса сақ қорғаны кіреді.

Рухани жаңғыру

Шежіремді ұрлапты, зулапты күн

Алтын адам
Алтын адам,
Алтын адам…
Адам жоқ!
Алтын қалған жарқыраған.
Білмейміз саудагер ме, қол басы ма?
Сараң ба, алтын үшін қалтыраған?
Сары алтынның белгілі нарқы маған,
Қайда, бірақ алтыннан артық адам?!
Кім болды екен алтынмен аптайтындай,
Алтын жиған шонжар ма, жатпай-тұрмай
Кім де болсаң,
Ей, пенде!
Күн кештің ғой,
Ажал келсе алтының сақтайтындай,
Алтын табыт ішінде жатпайтындай…
Шежіремді ұрлапты…
Зулапты күн.
Ғасырлардан бір ызың тыңдап тұрмын.
Алтын адам шынымен қазақ болса,
Білген екен құнының қымбаттығын!

Мұқағали Мақатаев

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағ­дарламалық мақаласында «Қасиетті Қазақстан» жо­басы аясында 100 тарихи ескерткіштердің тізімі жа­салуы керектігі жөнінде арнайы тапсырма беріл­ген болатын. Осы бағдарлама аясында 100 тарихи ны­сан анықталып, оған Есік Қорғандары да енгені көп­шіліктің есінде. Ендеше, осы Есік қорғандары не­сімен ерекше, мемлекет қорғауындағы бұл тари­хи-мәдени нысанның бүгінгі жай-жапсары қандай?
Қазақстан ескерткіштер мен тарихи жерлерден кен­де емес, олардың көпшілігі дүниежүзіне мәш­һүр тарихи-мәдени, архитектуралық нысан. Осы ерекшеліктеріне сай жер-шарының түкпір-түк­пір­лерінен қазақ даласын мекендеген ежелгі өр­кениеттер дәстүрін тамашалауға жыл сайын мың­даған туристер ағылады. Шет елдік және мем­лекетішілік туристердің қызығушылығын оятар осын­дай қастерлі жерлердің бірі – «Есік» қорғаны дер едік, бұл қорғанның құрамына сексеннен аса сақ қорғаны кіреді.
Есік қорғаны – скиф-сақ кезеңінің ең үлкен ар­хеологиялық ескерткіштерінің және XX ғасырдың ең маңызды археологиялық жаңалықтарының бірі болып саналады.
Сақ қорғаны Алматы облысының Есік қаласында қа­зылған. 1969 жылы К.А. Акишев басқарған қа­зақ археологтары Алматыдан шығысқа қарай 50 ша­қырым жерде үлкен қорғанды қазу жұмыстарын бас­тайды. Қорған астында, шырша бөренелерімен қор­шалған қабірде, ағаш еденнің үстінде алтын тілім­дері­мен қапталған киімде сақ жауынгерінің (Алтын жауын­гер) қалдықтары табылған. Зерттеушілердің пі­кірінше, қорғанда жерленген жас жігіт сақ тиг­рахауда билеушілеріне жатады. Қазақстандық археологтарының болжамдары бойынша, ол Ұлы Құшандар Империясының билік еткен әулетінің өкілі. Антрополгтардың зерттеуі бойынша, Есік қор­ғанын­да жерленген жігіттің жасы 17-18-де. Ол алтын қаңылтыр белгілерімен безендірілген сауытты, бел­беуді, алтынмен кестелеп тігілген мерекелі киім ки­ген. Бас киімдің үстінде шамамен 150 әшекей бар. Олардың үстінде көпшілігі тау барыстарының, тау­текелерінің, арқарлардың, аттардың, құстардың штам­талған бейнелері кездеседі. Жауынгер шекпен мен шалбар киген, қызыл түсті теріден жасалған қыс­қа шекпен бүтіндей алтын пішінді қаңылтыр бел­гілерімен, ал оның жиектері, астыңғы жағы мен жа­ғасы жолбарыс бастарының бейнелері бар ірі төр­тбұрыштарымен кестеленген. Шекпен шамамен төрт мың алтын заттармен безендірілген. Күн тәңі­рін білдіретін қанатты аттардың бейнелерімен бе­зен­дірілген өткір ұштығы бар биік бас киім, ұзын сем­сер мен қысқа қанжар – Алтын адамның негізгі ерекшеліктерінің біріне айналады.
Жауынгермен бірге қабірде балшықтан жасалған, қы­мыз құйылған құмыралар, ет кесектері бар ағаш та­бақ­тары, күміс пен қоладан жасалған асыл құмы­ралар табылған.
Тянь-Шань шыршасының жүзжылдық бұта­ла­рынан мұқият кесілген жерлеу камерасында ар­хеологтар төрт мыңнан астам алтын бұйымдарын тап­ты, олар: киімнің, бас киімнің және аяқ киімнің әше­кейлері, сақиналар, мүсіндер, қаңылтыр бел­гілер. Еден үстінде ағаштан, балшықтан, қола мен күміс­тен жасалған құмыралар тұрған. Жерленген жауын­гердің салтанатты сауытын безендірген зат­тардың орналасуы, темір семсер мен қанжардың қал­дықтары жасаған жұмыстарының арқасында зерт­теушілерге сақ жауынгерінің кейпін қайта құру­ға мүмкіндік берді.
Қорғанда табылған жауынгер бүкіл әлемге «Ал­тын адам» деген атаумен белгілі болып, Қазақ­стан­ның өзіндік нышанына айналды.
«Алтын адам» көшірмелері Қазақстанның түр­лі қалаларындағы көптеген мұражайларында қойыл­ған.
Аты аңызға айналған жауынгер табылған қор­ған­ның өзі қырықтан аса қорғаннан тұратын үлкен қор­ғанның оңтүстік шетінде орналасқан.
Осы территория «Есік» мұражай қорығының қор­ғалынатын басты нысаны. Мұражай қызметі – Қа­зақстанның тарихи-мәдени мұрасын сақтау және на­сихаттауға арналған.
Есік-қорық мұражайына келушілер, жылдан-жыл­ға қарасы көбейіп келе жатқан оқушыларға, жас­тарға, жасөспірімдерге өз тарапымыздан өткен тарихтың қымбат қазынасы, өткен дәуірдің асылы мен жауһарын таныстырады. Есік обаларын аралата жүріп ғасырлардан жеткен үнге құлақ қояды. Осы даланы мекендеген байырғы бабаларының немен кү­нелткенін, қандай биік мақсаттарға жеткенін, кім болып, нендей істер атқарғанын құлақтарына құю­ға тырысады.
Бұл мұражай 1970 жылы сақ ханзадасы жер­лен­ген қорған табылған аумақта, Қазақстан Респуб­лика­сы Үкіметінің 2010 жылдың 30 қаңтарындағы №43 Қаулысына сәйкес, ел Президенті Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен іске асқан «Мәдени мұра» Стратегия­лық ұлттық жобасы аясында құрылды.
Ұлы Жібек жолы бойында орналасқан «Есік» мем­лекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы — елі­міздің мәдени туризмін дамытуда стратегиялық маңыз­ды объектілердің бірі. Бүгінгі таңда аталмыш қор­ғау аймағына «Есік І» қорымдарына жататын 80-нен астам қорғандар, «Рахат» және «Өрікті» сынды ежел­гі сақ қала-жұрттары кіреді.
Мұражайдың негізгі қызметі – тарихи-мәдени мұра нысандарын қорғау және сақтау мақсатында ғы­лыми-зерттеу, мәдени-біліми және туристік қыз­меттерді ұйымдастыру, Қазақстанның тарихи жә­не рухани ескерткіштерін зерттеп, сақтау, оны жалпы халыққа насихаттау.

Қазіргі уақытта қо­рық-мұражайдың қорғау аумағын қоршау, мұра­жай жанында орналасқан бірнеше обаларды му­­зейлендіру, кезінде сақтардың резиденциясы бол­ған Рахат және Өрікті қала жұрттарында қаз­ба жұмыстарын жүргізу, оны консервациялау мен музейлендіру арқылы жаңа туристік жолдар салу, «сақ ауылы» жобасын жүзеге асыру мүм­кін­­діктері қарастырылуда. 2011 жылдан бастап қо­рық-мұражай Стратегиялық ұлттық «Мәдени мұ­ра» жобасы аясында «Жетісу сақтарының мә­де­ниеті және Есік обасы», «Жетісу сақтарының ми­­фологиясы мен идеологиясы» тақырыбында ғы­лыми-қолданбалы зерттеу жұмыстарын, «Музей «ЕСІКТІ» ашады», «Алтын адамның» ашылу және зерттелу тарихы (аңызы мен ақиқаты)», «Өткенге са­лауат, жастарға – аманат» әлеуметтік-мәдени жо­баларын да іске асырып келеді. Сонымен қатар, жыл сайын тақырыптық дәрістер, семинарлар, экс­педициялар мен басқа да музейлік шараларды тұрақ­ты түрде өткізіп келеді. «Есік» Мемлекеттік тари­хи-мәдени қорық-мұражайында «Сақтардың тарихы мен мәдениеті», «Алтын адам», «Қазақстан археологиясы» және «Алтын адамның құпиясы» ат­ты 4 экспозициялық зал мен «Алтын адамды» алғаш ашушылардың бірі — археолог Бекмұханбет Нұрмұханбетовтың мемориалдық бөлмесі бар. Сонымен қатар, ашық аспан астындағы жәдігерлер болып табылатын 80-нен астам сақ қорғандары мен «Рахат» және «Өрікті» ежелгі сақ қала-жұрттарына да экскурсия жүргізіледі.
«Есік» қорық-мұражайы 2012 жылы ғылыми субъек­ті ретінде аккредиттеліп, 2011 жылдан бас­тап лицензия археологиялық қазба жұмыстарын жүр­гізіп келеді. Қорық-мұражай отандық және шет­­елдік көптеген ғылыми-мәдени ұйымдармен бай­ланыс орнатқан.
Біздің мұражай тарапынан атқарылып жатқан іс-шара өте көп. Соның бірі – «Есік обасы және Жетісу сақтарының мәдениеті» атты ғылыми-қол­данбалы жоба жүзеге асырыла бастады. Жобаның негізгі мақсаты – Есік аумағындағы сақ заманының археологиялық ескерткіштерін зерттеу. Бұл жұ­мыс­тарға Ә.Марғұлан атындағы Археология инс­титутының ғалымдарын да тарттық.
1950 жылдарынан бері күллі әлемнің назарын өзіне аударған, көшпелі бабаларымыздың өр­кениетінің жәдігерлері «Есік» қорғанынан табылды. Осы өңірдегі сақ қорғандарын Жетісу археологиялық экспедициясы арнайы түрде зерттегені белгілі. Ал 1970 жылы көрнекті ғалым, қазақ археологиясында игі ізін қалдырған Кемал Ақышев бастаған архео­лог­тардың зерттеулері нәтижесінде еліміздің ұлттық брен­діне айналған «Алтын адам» обасы табылды. Сол себепті «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық мұражайын құрудағы басты мақсаттардың бірі осы өңірде орналасқан. Атап айтқанда, 80-ге жуық археологиялық ескерткіштерді қорғау, зерттеу және насихаттау кезек күттірмес мәселе болып отыр. Бекмұханбет Нұрмұханбетұлы осы жерде Америка ғалымдарымен бірлесіп, зерттеу жүргізген. Қазба жұмыстары барысында 15 жебе мен аттың ауыздығы табылған.
Ғалымдардың болжауынша, ертеректе бұл аймақ­та 600-дей қорған болған екен. Қазір қалғаны 150-дей ғана. 422 гектардан асатын Есік қорық-мұра­жайының қорғау аймағына 2 қалашық пен 80-нен аса сақ қорғаны кіреді.

Рухани жаңғыру