Жаңа жобадағы ӘЛІПБИ

Латын графикасы негізіндегі қазақ әліпбиі – бар қазақ белсене талқылаған, бар қазақтың жаны ауырған, жанашырлықпен алаңдаған тақырып болды. Осы кезге дейін қоғам назарына ұсынылған әліпби жобаларының әрқайсысының бары мен жоғын «Қазақ әдебиеті» газеті түгендеп келген еді. Бұл жолы да тақырыптан сыртқары қала алмадық. Жазушылар одағындағы алқалы басқосуда қаламгерлер тарапынан айтылған «Бір дыбыс – бір таңба» принципіне көбірек жауап беретін бұл нұсқа жайлы әркімнің де айтар ойы бір арнаға келіп тоғысатындай…

…ПАЙДАСЫ ЗОР ҰЛТТЫҚ ЖОБА

Латын әліпбиіне көшуге қатысты мәселелер бұрын нан қозғалып келеді. Аталмыш алфавиттің он шақ ты нұсқасы жасалды. Оның бәрі бірнеше мәрте ко миссияға түсті, тексерілді. Меніңше, кешегі кеңес тік дәуірдің ықпалынан арылудың бір жолы – латын әліпбиі не көшу және түркілік тұтастыққа қарай бейімделу. Ең бастысы, латын әліпбиі дегеніміз – ағылшын әліп биі нің негізі. Біз бұған қанша жерден бармаймыз десек те, қазіргі жастарымыз ұялы телефон мен компьютерді қол данғанда латын алфавитімен жазуға машықтанып ба рады. Яғни бұл үдеріс халық арасында басталып та кет ті. Тек үкімет тарапынан ғана қолдау керек тәрізді. 1993 жылы «Қазақ тілі» қоғамы латын әліпбиіне көшу мә селесін көтерді. Ол кездегі басшымыз Әбдуәлі Қай дар баяндама жасап, тұжырымын хатқа түсіріп, мемлекет басшысына шықтық. «Ойланатын мәселе екен, ғалымдар жан­жақты зерттеп, жауабын берсін», – деді Елбасы. Бір­екі жылдай сонымен шұғыл данып, қайтадан жоғары жаққа шықтық. Содан кейін бұл мәселе көтеріле бастады. Әзірбайжандар ол кезде көшіп кеткен, өзбектер жаңадан көшкен еді. Кейін түркімендер қосылды. Алфавит ауыстыру – өте күрделі мәселе. Латынға көшудің идеясы жақсы бол ғанымен, қиындығы ойландырмай қоймайды. Бәл кім, осы әліпбидің өзін­ақ жүйелеп, өз тіліміздің заң дылығына сай қолдана берген дұрыс па деп қалдым. Латын әліпбиі – түркі дүниесінің басын қосатын фактордың бірі. Латын графикасы негізіндегі қа зақтың ұлттық әліпбиін түзу, қалыптастыру және қол данысқа енгізу – өскелең өмір мен өзгермелі уақыттың талабы. Ел Тәуелсіздігін жариялаған сәттен бас тап ауық­ауық көтеріліп келе жатқан бұл мәселе, мі не, бүгінде жан­жақты талқылану арқылы қалың жұрт шылықтың қолдауына ие болып, ең жоғары ресми дең гейде шешім қабылданды. Бұл қабылданған тарихи әрі прагматикалық шешімді – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығын бәріміз қолдаймыз. Латын графикалы жаңа қазақ ұлттық әліпбиі – елдің санасын жаңғыртатын, әлемдік кеңістіктегі ауқымды ақыл­ой қазынасына жол ашатын, ойлау жүйеміз бен төлтума рухани қасиеттерімізді айшықтайтын, қа зақтіліне реформа жасауға мүмкіндік беретін, тіл дік төл заңдылықтарымыз бен емле­ережелерімізді то лыққанды қамтамасыз ететін пайдасы зор ұлттық жоба.

Өмірзақ АЙТБАЙҰЛЫ, академик

ҰЛТ РУХЫНЫҢ АЙНАСЫ

Ұлттың абыройы мен беделін биіктетіп, бекітетін ір гелі ұғымдардың бірі – ұлттық әліпбиіміз. Әліпби – ұлт ойы мен санасының кескіні, рухани өміріміздің кө рі нісі.

Басымыздан талай кезеңдер өтті. Әртүрлі әліп билер ді көрдік… Соңғы бір жылдай мерзім ішінде латын графикасына негізделген ұлттық әліпби жөніндегі әңгіме өзінің мәрелі сызығына жеткені даусыз. Себебі, ал ғашқы додаға түскен, көкпарға іліккен, елдің әртүрлі әң гімесіне арқау болған нұсқалардан гөрі мына нұсқа ық шамдалып, жөнделіп, жобаға келген. Қазақтың сингармонизміне сәйкес, «бір дыбыс – бір таңба» дейтін ұғымға жауап беріп тұр.

Елбасының жалпыхалықтық талдауға салып, елдің пікірін ескере отырып, «қоғамдық пікірге ден қойыңыз дар» деген уәжі ақталды. «Келісіп пішкен тон келте болмас» дейді дана халқымыз. Талқылау на ғыз демократиялық еркін сипатта жүрді. Еркін пі кір ге мүмкіндік болды. Елдің есінде болар, латын гра фикасына негізделген ұлттық әліпбиімізге қатысты Жазу шылар одағындағы талқылауда қаламгерлер қауы мы дәл осы ұстанымға келген болатынбыз. «Бір ды быс – бір таңба» деген принципке сүйенген ұлттық әліп биге қанат бітті. Міне, қалың елдің көкірегінде жүрген, жүрегін қозғаған әліпби өмірге келді.

Әрине, бәрі бірден керемет болмасы анық. Әлі де уақыт өзінің бірді­екілі түзетуін жасай жатар. Ір геміздегі өзбектер де неше мәрте оралып соғып, өздерінің қазіргі ұлттық әліпбиін ретке келтіріп қалды.

Сонымен…

Елбасы қол қойып, бекітті. Енді әліпбиді тездетіп өмір ге енгізу керек. Тым созыңқырап жіберуге болмай ды. Ары­бері ырғай бермей, тездетіп айналымға тү сіру қажет. Ұлт ретінде тұтастығымыздың, рухани кеңіс тігіміздің ХХІ ғасырдағы алаңын қамтамасыз ете тін ұлттық әліпбиді бекітіп алуымыз керек. Көңілге қонбай жатқан тұстары болса, уақыт түзей жатар…

Әлі де жетілдіретін тұстары болса, тілшілер, мамандар бар, ойланар…

«Рухани жаңғыру» бағдарламасындағы Пре зидентіміз айтқан алты міндеттің ішіндегі маңыздысының бірі – ұлттық әліпби. Бұл – қазақ жұртының түркі әлемін дегі өз орнын, ойлау жүйесін сынға салатын қадам. Бұл әліпби қазақ жұртын үлкен өркениетке алып шығары шүбәсіз.

Ұлттық әліпби – ұлт ойы мен санасының, ұлт рухы мен мәдениетінің айнасы.

Нұрлан ОРАЗАЛИН Қазақстан Жазушылар одағының

Басқарма төрағасы ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері

 

РЕТТЕЛІП ҚАЛҒАНДАЙ…

Жуырда ғана Елбасы Н.Назарбаев қол қойған ла тын әліпбиінің жаңа нұсқасы бұрынғы ұсынылған нұс қаларға қарағанда едәуір реттеліп қалған сияқты. Бұрын апострофпен жазылатын әріптер көп болса, мұн да бес­алты әріп қана қалыпты. Қазақтың кейбір үні мүмкін апострофсыз жазуға келмейтін шығар, мүм кін осы нұсқа тиімді болар деп ойлаймын. Біз ар ман еткен нұсқаға жақыны осы болар деген ой да жоқ емес. Бір таңғалатын нәрсе: Азаттық радиосында жұ мыс істеп жүргенде біз тоғыз жыл апострофсыз­ақ, қа зақ әліпбиін латын қаріптерінен құрастырып еш қиын дықсыз жұмыс істеген едік. Біздің тілшілердің біз ді апострофтан құтылтпай қойғанына таңым бар?.. Ға лымдарымыздың таңдауы осылай болса, не деуге бо лады?..

Бұл тек бір адамның ғана ойы емес, ұжымдық шешім болуы керек… Елімізде арнайы Тіл институты бар, сондағы мамандардың келісіп пішілген нұсқасы осы деп ойлаймын. Бұл нұсқаның авторын анықтауға талпынған жоқпын. Егер алқымнан алатындай асығыстық болмаса, әліпби мәселесінде әсіресе оның ла тын қарпіндегі нұсқасы туралы әлі де болса мұқият ой ланған жөн. Апострофсыз әліпби болса керемет бо лар еді! Егер еліміздің ғалымдары он ойланып, жүз толғанып, бұдан өзге жол жоқ дейтін болса ғана апострофты қолдануға болады. Егер шынымды айтсам, дәл қазір әліпби жайында әрі­сәрі күйде отырмын.

Смағұл ЕЛУБАЙ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері

 

ӘЛІПБИ – ҰЛТ БОЛАШАҒЫ

Көптен бері талқылап келе жатқан әліпби ауыстыру мәселесі шешімін тауып отыр. Осыған дейін екі рет ұсы нылып, талқыланған, алайда жұртшылықтың көңілінен шықпай, мамандардың көп сынына ұшыраған әліпбидің екі нұсқасы да қолданыстан шығарылып, енді, міне, жаңа – үшінші нұсқасы бекітілді.

Бірден айтатын мәселе, қосарлы дыбыспен берілген әліпбидің бірінші нұсқасы мен одан кейінгі апострофпен берілген екінші нұсқасында кемшіліктер көп болды. Тілдік, дыбыстық жүйеге сәйкес келмейтін, жаз ғанда да қиындық туғызатын сәттері көбірек кездескендіктен, мамандар ол жөнінде айтып, жазып, түр лі пікірлерін білдірді. Қазіргі әліпбиге өзгеріс ен гізіліп, үшінші нұсқасының бекітіліп жатқаны көп шілік мамандардың тарапынан ұсынылған бірқатар пікірлердің, сын­ескертпелердің ескерілгенін көр сетеді. Осы тұрғыдан келгенде, әліпбидің қабылданған жаңа нұсқасы алдыңғыларға қарағанда біршама жетілдірілген деп айтуға негіз бар. Алайда, бұл нұсқаны да мінсіз, кемшіліксіз деп айтуға әлі ертерек. Себебі, әліпбидің бұл ұсынылып отырған үшінші нұсқасы біздің тілдік жүйемізге қаншалықты сәйкес келетінін алдағы уақыт көрсетеді. Қазір осы әліпби қолданысқа енгізілгеннен кейін қолданыс барысында оның жетістіктері мен кемшіліктері айқындалады. Сондайақ, алдағы уақытта тіл мамандарының алдында қазақ тілінің латын әліпбиіне негізделген емле­ережелерін, орфографиялық сөздіктерін жасау міндеті тұр. Жаңа әліпбиіміздің кейбір кемшілік тұстары болатын болса емле­ережелер мен сөздіктерді жасау барысында олар тағы да көрініп жатады. Сонымен қатар, оның қазіргі ақпараттық технологияға қаншалықты икемділігі де қазіргі біздің осы ақпараттық жүйелерге енгізіліп, қолданылу барысында көрініс береді. Жалпы, әліпбидің қабылданған жаңа нұсқасы бойынша алдымызда көптеген жұмыстар күтіп тұр.

Шерубай ҚҰРМАНБАЙҰЛЫ, ф.ғ.д., профессор

Жаңа жобадағы әліпби

Латын графикасы негізіндегі қазақ әліпбиі – бар қазақ белсене талқылаған, бар қазақтың жаны ауырған, жанашырлықпен алаңдаған тақырып болды.
Осы кезге дейін қоғам назарына ұсынылған әліпби жобаларының әрқайсысының бары мен жоғын «Қазақ әдебиеті» газеті түгендеп келген еді. Бұл жолы да тақырыптан сыртқары қала алмадық.
Жазушылар одағындағы алқалы басқосуда қаламгерлер тарапынан айтылған «Бір дыбыс – бір таңба» принципіне көбірек жауап беретін бұл нұсқа жайлы әркімнің де айтар ойы бір арнаға келіп тоғысатындай…

Өмірзақ АЙТБАЙҰЛЫ,
академик

…Пайдасы зор ұлттық жоба
Латын әліпбиіне көшуге қатысты мәселелер бұ­рын­нан қозғалып келеді. Аталмыш алфавиттің он шақ­ты нұсқасы жасалды. Оның бәрі бірнеше мәрте ко­миссияға түсті, тексерілді. Меніңше, кешегі кеңес­тік дәуірдің ықпалынан арылудың бір жолы – латын әліп­биі­не көшу және түркілік тұтастыққа қарай бейімделу. Ең бастысы, латын әліпбиі дегеніміз – ағылшын әліп­биі­нің негізі. Біз бұған қанша жерден бармаймыз десек те, қазіргі жастарымыз ұялы телефон мен компьютерді қол­данғанда латын алфавитімен жазуға машықтанып ба­рады. Яғни бұл үдеріс халық арасында басталып та кет­ті. Тек үкімет тарапынан ғана қолдау керек тәрізді. 1993 жылы «Қазақ тілі» қоғамы латын әліпбиіне көшу мә­селесін көтерді. Ол кездегі басшымыз Әбдуәлі Қай­дар баяндама жасап, тұжырымын хатқа түсіріп, мемлекет басшысына шықтық. «Ойланатын мәселе екен, ғалымдар жан-жақты зерттеп, жауабын берсін», – деді Елбасы. Бір-екі жылдай сонымен шұғыл­данып, қайтадан жоғары жаққа шықтық. Содан кейін бұл мәселе көтеріле бастады. Әзірбайжандар ол кезде көшіп кеткен, өзбектер жаңадан көшкен еді. Кейін түркімендер қосылды. Алфавит ауыстыру – өте күрделі мәселе. Латынға көшудің идеясы жақсы бол­ғанымен, қиындығы ойландырмай қоймайды. Бәл­кім, осы әліпбидің өзін-ақ жүйелеп, өз тіліміздің заң­дылығына сай қолдана берген дұрыс па деп қал­дым. Латын әліпбиі – түркі дүниесінің басын қоса­тын фактордың бірі. Латын графикасы негізіндегі қа­зақтың ұлттық әліпбиін түзу, қалыптастыру және қол­данысқа енгізу – өскелең өмір мен өзгермелі уа­қыттың талабы. Ел Тәуелсіздігін жариялаған сәттен бас­тап ауық-ауық көтеріліп келе жатқан бұл мәселе, мі­не, бүгінде жан-жақты талқылану арқылы қалың жұрт­шылықтың қолдауына ие болып, ең жоғары ресми дең­гейде шешім қабылданды. Бұл қабылданған тарихи әрі прагматикалық шешімді – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығын бәріміз қолдаймыз. Латын графикалы жаңа қазақ ұлттық әліпбиі – елдің сана­сын жаңғыртатын, әлемдік кеңістіктегі ауқымды ақыл-ой қазынасына жол ашатын, ойлау жүйеміз бен төлтума рухани қасиеттерімізді айшықтайтын, қа­зақ тіліне реформа жасауға мүмкіндік беретін, тіл­дік төл заңдылықтарымыз бен емле-ережелерімізді то­лық­қанды қамтамасыз ететін пайдасы зор ұлттық жоба.

Нұрлан Оразалин,
Қазақстан Жазушылар одағының Басқарма төрағасы,
ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері

Ұлт рухының айнасы
Ұлттың абыройы мен беделін биіктетіп, бекітетін ір­гелі ұғымдардың бірі – ұлттық әліпбиіміз. Әліпби – ұлт ойы мен санасының кескіні, рухани өміріміздің кө­рі­нісі.
Басымыздан талай кезеңдер өтті. Әртүрлі әліп­би­лер­ді көрдік… Соңғы бір жылдай мерзім ішінде латын графикасына негізделген ұлттық әліпби жөніндегі әң­гіме өзінің мәрелі сызығына жеткені даусыз. Себебі, ал­ғашқы додаға түскен, көкпарға іліккен, елдің әртүрлі әң­гімесіне арқау болған нұсқалардан гөрі мына нұсқа ық­шамдалып, жөнделіп, жобаға келген. Қазақтың син­гармонизміне сәйкес, «бір дыбыс – бір таңба» дейтін ұғымға жауап беріп тұр.
Елбасының жалпыхалықтық талдауға салып, ел­дің пікірін ескере отырып, «қоғамдық пікірге ден қойыңыз­дар» деген уәжі ақталды. «Келісіп пішкен тон келте болмас» дейді дана халқымыз. Талқылау на­ғыз демократиялық еркін сипатта жүрді. Еркін пі­кір­ге мүмкіндік болды. Елдің есінде болар, латын гра­фикасына негізделген ұлттық әліпбиімізге қатысты Жазу­шылар одағындағы талқылауда қаламгерлер қауы­мы дәл осы ұстанымға келген болатынбыз. «Бір ды­быс – бір таңба» деген принципке сүйенген ұлттық әліп­биге қанат бітті. Міне, қалың елдің көкірегінде жүрген, жүрегін қозғаған әліпби өмірге келді.
Әрине, бәрі бірден керемет болмасы анық. Әлі де уақыт өзінің бірді-екілі түзетуін жасай жатар. Ір­ге­міздегі өзбектер де неше мәрте оралып соғып, өздері­нің қазіргі ұлттық әліпбиін ретке келтіріп қалды.
Сонымен…
Елбасы қол қойып, бекітті. Енді әліпбиді тездетіп өмір­ге енгізу керек. Тым созыңқырап жіберуге бол­май­ды. Ары-бері ырғай бермей, тездетіп айналымға тү­сіру қажет. Ұлт ретінде тұтастығымыздың, рухани кеңіс­тігіміздің ХХІ ғасырдағы алаңын қамтамасыз ете­тін ұлттық әліпбиді бекітіп алуымыз керек. Көңілге қонбай жатқан тұстары болса, уақыт түзей жатар…
Әлі де жетілдіретін тұстары болса, тілшілер, маман­дар бар, ойланар…
«Рухани жаңғыру» бағдарламасындағы Пре­зи­дентіміз айтқан алты міндеттің ішіндегі маңыздысының бірі – ұлттық әліпби. Бұл – қазақ жұртының түркі әле­мін­дегі өз орнын, ойлау жүйесін сынға салатын қадам. Бұл әліпби қазақ жұртын үлкен өркениетке алып шы­ғары шүбәсіз.
Ұлттық әліпби – ұлт ойы мен санасының, ұлт рухы мен мәдениетінің айнасы.

Смағұл ЕЛУБАЙ,
ҚР Еңбек сіңірген қайраткері

Реттеліп қалғандай…
Жуырда ғана Елбасы Н.Назарбаев қол қойған ла­тын әліпбиінің жаңа нұсқасы бұрынғы ұсынылған нұс­қаларға қарағанда едәуір реттеліп қалған сияқты. Бұрын апострофпен жазылатын әріптер көп болса, мұн­да бес-алты әріп қана қалыпты. Қазақтың кейбір үні мүмкін апострофсыз жазуға келмейтін шығар, мүм­кін осы нұсқа тиімді болар деп ойлаймын. Біз ар­ман еткен нұсқаға жақыны осы болар деген ой да жоқ емес. Бір таңғалатын нәрсе: Азаттық радиосында жұ­мыс істеп жүргенде біз тоғыз жыл апострофсыз-ақ, қа­зақ әліпбиін латын қаріптерінен құрастырып еш қиын­дықсыз жұмыс істеген едік. Біздің тілшілердің біз­ді апострофтан құтылтпай қойғанына таңым бар?.. Ға­лымдарымыздың таңдауы осылай болса, не деуге бо­лады?..
Бұл тек бір адамның ғана ойы емес, ұжымдық ше­шім болуы керек… Елімізде арнайы Тіл институты бар, сондағы мамандардың келісіп пішілген нұсқасы осы деп ойлаймын. Бұл нұсқаның авторын анықтауға талпынған жоқпын. Егер алқымнан алатындай асы­ғыстық болмаса, әліпби мәселесінде әсіресе оның ла­тын қарпіндегі нұсқасы туралы әлі де болса мұқият ой­ланған жөн. Апострофсыз әліпби болса керемет бо­лар еді! Егер еліміздің ғалымдары он ойланып, жүз толғанып, бұдан өзге жол жоқ дейтін болса ғана апос­трофты қолдануға болады. Егер шынымды айтсам, дәл қазір әліпби жайында әрі-сәрі күйде отырмын.

Шерубай ҚҰРМАНБАЙҰЛЫ,
ф.ғ.д., профессор

Әліпби – ұлт болашағы
Көптен бері талқылап келе жатқан әліпби ауыстыру мәселесі шешімін тауып отыр. Осыған дейін екі рет ұсы­нылып, талқыланған, алайда жұртшылықтың көңі­лінен шықпай, мамандардың көп сынына ұшыраған әліпбидің екі нұсқасы да қолданыстан шығарылып, енді, міне, жаңа – үшінші нұсқасы бекітілді.
Бірден айтатын мәселе, қосарлы дыбыспен беріл­ген әліпбидің бірінші нұсқасы мен одан кейінгі апост­рофпен берілген екінші нұсқасында кемшіліктер көп болды. Тілдік, дыбыстық жүйеге сәйкес келмейтін, жаз­ғанда да қиындық туғызатын сәттері көбірек кез­дескендіктен, мамандар ол жөнінде айтып, жазып, түр­лі пікірлерін білдірді. Қазіргі әліпбиге өзгеріс ен­гізіліп, үшінші нұсқасының бекітіліп жатқаны көп­шілік мамандардың тарапынан ұсынылған бір­қатар пікірлердің, сын-ескертпелердің ескерілгенін көр­сетеді. Осы тұрғыдан келгенде, әліпбидің қабыл­данған жаңа нұсқасы алдыңғыларға қарағанда біршама жетілдірілген деп айтуға негіз бар. Алайда, бұл нұсқаны да мінсіз, кемшіліксіз деп айтуға әлі ертерек. Себебі, әліпбидің бұл ұсынылып отырған үшінші нұсқасы біздің тілдік жүйемізге қаншалықты сәйкес келетінін алдағы уақыт көрсетеді. Қазір осы әліпби қолданысқа енгізілгеннен кейін қолданыс барысында оның жетістіктері мен кемшіліктері айқындалады. Сондай-ақ, алдағы уақытта тіл мамандарының алдында қазақ тілінің латын әліпбиіне негізделген емле-ережелерін, орфографиялық сөздіктерін жасау міндеті тұр. Жаңа әліпбиіміздің кейбір кемшілік тұстары болатын болса емле-ережелер мен сөздіктерді жасау барысында олар тағы да көрініп жатады. Сонымен қатар, оның қазіргі ақпараттық технологияға қаншалықты икемділігі де қазіргі біздің осы ақпараттық жүйелерге енгізіліп, қолданылу барысында көрініс береді. Жалпы, әліп­бидің қабылданған жаңа нұсқасы бойынша алдымызда көптеген жұмыстар күтіп тұр.

Рухани жаңғыру