ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ҰЛАҒАТЫ

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы – көптің көкейіндегі түйткілді дөп басып тани білген әрі дер кезінде жарияланған құнды дүние. Елбасы: «Кеңістік – барлық нәрсенің, ал уақыт – бүіл оқиғаның өлшемі. Уақыт пен кеңістіктің көкжиегі тоғысқан кезде ұлт тарихы басталады. Бұл – афоризм емес. Шын мәнінде, немістердің, италиялықтардың немесе үнді халықтарының жылнамасына көз жүгіртсек, олардың мыңдаған жылды қамтитын төл тарихындағы ұлы жетістіктерінің дені осы елдер қазір мекен етіп жатқан аумақтарға қатыстылығы жөнінде сұрақ туындайтыны орынды. Әрине, ежелгі Рим деген қазіргі Италия емес, бірақ италиялықтар өздерінің тарихи тамырымен мақтана алады. Бұл – орынды мақтаныш» дейді.

Гректердің, италиялықтардың, немістердің өз өркениеті бар. Сол секілді түркі жұртының да өз мәдениеті бар. «Қазақта өркениет болмаған» деп айтуымызға болмайды. Қазақ мәдениетінің көші ықылым замандардан бастау алатынын ғылым баяғыда мойындап қойған. Ежелгі грек жаз баларында жазылып қалған не болмаса тасқа қашалып жазылған жазулардың өзі ұлт мәдениетінің бастауы қайда жатқандығының дәлелі.

Б.з.д. V ғасырда өмір сүрген тарихшы Геродот кшпелі скиф тайпаларының тұрмысын мадақтап жаз ды. Көшпелілердің табиғат аясындағы өмірін басқа да антикалық тарихшылар, философтар, орта ға сырлар ойшылдары сипаттады. Оларға табиғаттың төл баласы сияқты көшпелілер өмірі таза, қулық-сұмдықтар, отырықшы-қалалық өркениеттің жаман қа сиеттерінен ада болып көрінді. Бұл қазақ тарихы емес деп айта аламыз ба?

Елбасы мақаласын «Атқа міну мәдениетінен» бастауы тегін емес. Ботай мәдениетінен табылған қазбалар ең алғаш болып жылқыны қолға үйреткен қазақ екенін дәлелдеп тұр. 1981-1983 жылдар аралығында Солтүстік Қазақстан университетінің археологиялық экспедициясы, профессор Виктор Зайбергтің жетекшілігімен Ботай ескерткішіне зерттеу жұмыстарын жүргізген екен. Ауданы 15 гектар жерді алып жатқан қоныстан 158 үйдің орны қазылып аршылған. Кейбіреулерінде 30-ға тарта үй болған. Археологтарды ойпаттар қызықтырса керек. Ғалымдар ежелгі тұрғынжайлар құрылысын қайта тұрғызуға мүмкіндік алады. Ең әуелі дөңгелек және үшбұрышты қазан шұңқырды аршып алады. Сөйтіп, ғалымдар қазба жұмыстары арқылы табылған жылқылардың қаңқасы арқылы жылқының алғаш қолға үйретілгені туралы деректерді анықтайды. Атқа міну мәдениеті арқылы қазақта өркениеттің болғандығын дәлелдеп берді.

«Атқа міну мәдениеті салт атты жауынгердің ықшам киім үлгісін дүниеге әкелді. Ат үстінде жүргенде ыңғайлы болуы үшін бабаларымыз алғаш рет киімді үстіңгі және астыңғы деп екіге бөлді. Осылайша, кәдімгі шалбардың алғашқы нұсқасы пайда болды. Бұл салт атты адамдардың ат құлағында ойнауына, ұрыс кезінде еркін қимылдауына мүмкіндік берді. Дала тұрғындары теріден, киізден, кендір мен жүннен, кенептен шалбар тікті. Содан бері мыңдаған жыл өтсе де, киімнің осы түрі өзгере қоймады. Қазба жұмыстары кезінде табылған көне шалбарлардың қазіргі шалбардан еш айырмасы жоқ. Сонымен қатар бүгінгі етіктің барлық түрі көшпенділер атқа мінгенде киген жұмсақ өкшелі саптама етіктің «мұрагерлері» екені белгілі» дейді Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Ұлы даланың жеті қыры», – атты мақаласында.

Шын мәнінде ғалымдарды Ботай қонысынан табылған жылқы сүйектерінің қаңқасының көптігі таңқалдырған екен. Ғалымдар Ботай мәдениетін 27 жыл зерттеген. Оған әлем ғалымдарының көз тігуі де бекер емес. Қазақ өркениетінің бастауы саналатын бұл қазбалар әлі де нақты зерттеулерді қа жет ететіні белгілі.

Сондай-ақ мақалада орынды айтылған тақырыптардың бірі – Ұлы даланың ұлы есімдері. Көп ел өз елінің ұлы бабаларының есімдерін мақтан тұтады. «Мысалы, өткен дәуірлердегі Тутан-хамон, Конфуций, Ескендір Зұлқарнайын, Шекспир, Гете, Пушкин және Джордж Вашингтон сияқты дүниежүзіне белгілі тұлғалар бүгінде «өз мемлекеттерінің» баға жетпес символдық капиталы саналады әрі сол елдердің халықаралық аренада тиімді ілгерілеуіне септігін тигізіп отыр. Ұлы дала әл-Фараби, Күлтегін мен Бейбарыс, әз-Тәуке мен Абылай, Кенесары мен Абай және басқа да көптеген ұлы тұлғалар шоғырын дүниеге әкелді. Сондықтан біз біріншіден, атақты тарихи тұлғаларымыз бен олардың жетістіктерінің құрметіне ашық аспан астында ескерткіш-мүсіндер қойылатын «Ұлы даланың ұлы есімдері» атты оқу-ағарту энциклопедиялық саябағын ашуымыз керек» дегенді Елбасы тегін айтып отырған жоқ.

Көрші Қытай елінің Сиань қаласында сақталған терракот жауынгерлерінің бейнесі – әлем туристерін қызықтырған ғажайыптардың бірі. Жыл сайын мыңдаған адам тарихи мұражайды көруге асығады. Елбасы айтқан оқу-ағарту энциклопедиялық са бағы әлемнің жеті кереметінен кем болмауы тиіс. Ұлт мұраты жолында атқарылар шара те көп. Тарихи сабақтастық дегеніміз – осы. Келешек ұрпақ тарихты тани білуі тиіс.
Ұлт тарихын білмесек, ұғындыра алмасақ, аға ұрпаққа – сын. Қоғам қай кезде де дами береді. Даму үде-рісі мен бірге тарихта санаға сіңіп, рухани құндылықтарымыз байи түскені абзал. «Төл тарихын білетін, бағалайтын және мақтан ететін халықтың болашағы зор болады деп сенемін. Өткенін мақтан тұтып, бүгінін нақты бағалай білу және болашаққа оң көзқарас таныту – еліміздің та бысты болуының кепілі дегеніміз осы». Елбасы осылай ой түйіндейді. «Ұлы даламыздың жеті қыры» – «рухани жаңғырудың» заңды жалғасы. Тарихты түгендеуді бүгіннен бастайық. Елбасы мақаласының мәні зор. «Ұлы даланың жеті қырында» айтылған рухани дүниелерді жеткілікті дәрежеде пайымдай алсақ, нақты жұмыстарды атқара алсақ, ұтқанымыз. Ендігі мақсат – жоғары деңгейде орындауда. Ғалымдар мен зиялы қауым өкілдеріне жүктелген мін дет зор. Алда орындалар нақты шаралар, атқарылар іс көп.

Мұрат БАҚТИЯРҰЛЫ,

Сенатор, саяси ғылымдар докторы, профессор.

«ҚАЗАҚТЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АРЕНАДА БӘСІ БИІК»

Ерлан АРЫН, Әлеуметтікэкономикалық жобалар және сараптама ғылымизерттеу институтының директоры.

– Ерлан Мұхтарұлы, сұхбатымызды сіз бас­қа­рып отырған «Рухани жаңғыру» орталығының жай-жапсарынан бастасақ дейміз. Елбасының бағ­дарламалық мақаласында көзделген жайттардың жү­зеге асуы мен қоғам өміріне дендеп енуі үшін «Ру­хани жаңғыру» институты қандай тың қадам жа­сап отыр?
– Біз сараптамалық, ғылыми-зерттеу инс­ти­туты ретінде жұмысымызды бастап кеттік. Одан бөлек, экономика тақырыбын қаузайтын аналитикалық бастамалар шығарып жатырмыз. Әуел бастан жұ­мысымызды рухани жаңғыру орталығы ретінде бас­тап, Елбасының бағдарламалық мақаласында көр­сетілген салалардың әрқайсысы бойынша атқарылар қадамдар жасап келеміз. Жарты жыл ішінде орталық сараптама кеңесінің жұмыстарын жасау ісі тапсырылды. Сондықтан тек қана ру­хани мәселе емес, экономикалық мәселелерді де шешуге тырыстық, әлі де тырысатын боламыз. Ономастикалық талдау жұмыстарын жүргіздік. Ру­хани жаңғыру бағдарламасы аймақтарда, об­лыстарда, мектептерде талданып, талқылана бастағалы бір жылдан аса уақыт өтті. Сол уақыт ара­лығында біршама нәтижелі жетістіктерге қол жеткіздік. Мәселен, «Жүз жаңа оқулықтың» он сегізінің тұсауы кесілді. Сол кітаптарға баға бердік. Келешекте мұндай оқулықтар қалай, қандай бағытта, қандай аталыммен жарық көруі керек – елеп-екшеп, таразыға салдық. Алда да атқарар жұмыс көп дегім келеді.
– Рухани жаңғыру бағдарламасы – Қазақстан халқының рухани толыққан, мәдени байыған, береке-бірлігі артқан ұлт болып қалыптасуы жо­лын­дағы бағдарламалық құжат. Ол Елбасының осы­ған дейінгі жобаларының заңды жалғасы іс­пет­ті дүние. Десек те, бұл бағдарламаның өзге бағдарламалардан басты ерекшелігі не деп ой­лайсыз?
– Өте жақсы сұрақ. Меніңше, «Рухани жаң­ғыру» бағдарламасы осыған дейін жасалған, жүзеге асқан бағдарламалардың заңды жалғасы іспетті. «Мәдени мұра», «Тарих толқынында» атты бағдарламалар көпшіліктің есінде болар. Бұл екі бағдарлама да, рухани, мәдени, тарихи санамызды толықтырып, үлкен серпін әкелген жобалар болды. Ал, «Рухани жаңғыру» бағдарла­ма­сының аясына бірнеше сала бірікті. Бұл бағдарламаның бірнеше жаңалықтары бар деп есептеймін. Бірінші, осы күні ағылшыншаға су­дай ағып тұрған ұрпақ қалыптасып келе жатқа­нын мойындау керек. Олардың қажеттілігін түсіну, оларға керек кітаптармен, оқулықтармен қам­тамасыз ету жағын жан-жақты ойластыру ке­рек. «Рухани жаңғыру» – тек байырғы текке ға­на оралу ғана емес, жаңалықтарды енгізу деп те білемін. Яғни, Қазақстан қоғамының бүгініне қа­жет құндылықтарды өмірімізге енгізу керек. Бұл «Рухани жаңғыру» бағдарламасының бірінші қыры.
Екіншіден, байырғыдан қалыптасқан құнды­лық­тар, дәстүрлер бар. Қазір бүкіл әлем өзгерген. Осыған байланысты жаңа әлеуметтік дәстүрлер қалыптастыра білген дұрыс. Жаңа әлеуметтік дәстүр дегеніміз не? Елбасымыз мақаласында бі­лім саласының жаңа кадрларын даярлауды тап­сырды. Сандық технология, үштұғырлы білім – жаңа заманға қажет дәстүр. Халқымыздың түп-тамыры мәдени құндылықтарымыз болса, оның жайқалған жапырағы – жаңа дәстүрлер дер едім. Сол жаңа дәстүрлер осы күні қоғам өмі­ріне дендеп еніп келеді. Басқасын айтпаған күннің өзінде, тәуелсіздік алған жылдардан бері қосылған жаңа мерекелерді мысалға алайықшы. Конституция күні, Бірінші Президент күні, Алғыс айту күні…
Мақалада модернизация сөзі көп кездеседі. Қо­ғамдық ой-сана тарихи-әлеуметтік құрылыс үшін керек. Елбасымыз «Қасиетті Қазақстан» деген мәселені көтеріп жатыр. Ұлттық код дей­міз, «Рухани жаңғыру» деген – ұлттық кодтың бірі. Мұны да ескерген жөн. «Жүз жаңа есім», «Жүз жаңа оқулық» сипатты ұғымдар Қазақстан қоғамы үшін айтулы жаңалықтар. Бұл жаңа ұғым айналасы бір жылдың ішінде қоғамымызға сіңісті болып кетті. Енді сол ұғымды дамыту мәселесін қолға алайық.
Біз ғаламдық өркениетті қалай түсінсек, тари­хи оқиғалар, тарихи тұлғалар, жер-су аттары, уникалды өркендену деген терминдерді толық түсі­нетін боламыз.
Осы бағдарлама арқылы бала санасын толық­тырамыз. Бағдарламада тарихқа қатысты тың дүниелер көп. Тарихты білу бір басқа, қандай та­ри­хи оқиғаларды терең талдап, тануымыз керек – мәселе осында. Бала болсын, үлкен болсын, тіпті оның мамандығына қарамай, білуіміз тиіс тарихи да­талар мен оқиғалар бар. Міне, осы оқиғаларды маржанды жіпке тізгендей жинақтай алсақ, бізде қоғамдық ой-сана қалыптасады.

«Қасиетті Қазақстан» ұғымына байланысты да айтар дүние көп. «Қасиетті Қазақстан» әр өңір­ге ғана тиесілі болып қалмауы керек. Иә, бізде әкім­шілік-территориялық бөлініс бар. Одан бө­лек, ол ұғымнан да ауқымды сөздер жетерлік. Мә­се­лен, Жетісу, Өр Алтай, Көкше, Сарыарқа, т.б. атауларды да айналымға кеңінен енгізсек. Оған қосымша, әрбір қазақстандық қай жерде дүниеге келгеніне қарамастан, Қазақстанның әр аймағындағы «Қасиетті Қазақстан» бағдарламасына енгізілген нысанды жатқа білуі керек. Осы ұғымдарды жүре­гімізге бірдей сіңіруіміз қажет. Сонда біз бір­тұтас ұлт боламыз. Осындай жаңа тәрбие, көз­қарас, ұғымдарды талдап, талқылау – бұл бағ­дарламаның ерекшелігі дер едім.
– «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Жүз жаңа есім», «Жүз жаңа оқулық», «Қасиетті Қа­зақстан», «Туған жер» жобалары жемісін беріп жат­қаны анық. Бұл жобалар ұлттық мәдени-рухани өмір­де қандай өзгерістер əкелуі мүмкін?
– Бізде республикалық және аймақтық сак­ральді ұғымдар бар. Республкиалық, аймақтық және әкімшілік ұлттық құндылықтарға тұтас Қазақстандық деп қарауды үйренгеніміз жөн. Сакральді ұғымдар тек нысандарға қарата қол­данылмайды. Ол адамдарға да қатысты ұғым. Мәселен, Абай – Семейдікі, Жамбыл – Жетісудікі, Солтанмахмұт – Солтүстіктікі деп қарау дұрыс емесі белгілі ғой. Олар баршамызға ортақ тұлға­лар. Керекуде отырған баланың Алматыдағы сакральді нысан жүрегіндегі мақтаныш сезімін оя­та білуі тиіс. Тұтас Қазақстанды былай қой­ған­да, шетелдерде де біршама қасиетті жерлер бар. Ташкентте – Төле би бабамыз, Сирияда – Бейбарыс сұлтан жатыр. Тұтас қазақты біріктіретін қандай қасиетті ұғымдар шетелдерде бар? Оны да жинақтау парыз. Осының бәрін ті­зім­ге салып, ұлттық құндылықтарымыз деп жи­нақтай білсек, нұр үстіне нұр болмай ма? «Жүз жаңа оқулық» болашақта мың оқулыққа айналар бағдарлама деп білемін. Бүгінгі Қазақстан әсіресе гуманитарлық білімге қатысты кітаптарға мұқтаж. Сол үшін бізге түпнұсқадан аударылған кітаптар өте қажет. Техникалық мамандықтар, медицина, ауылшаруашылығына қатысты оқулықтар да заманауи білім жүйесіндегі айналымға түсуі тиіс деп есептеймін.
– «Туған жер» бағдарламасы аясында өзіңіз де туған топыраққа тағзым етіп келгеніңізден х­а­бар­дармыз. Мұхтар Арын – халқымыз үшін қа­дірлі тұлғалар қатарында аталады. Елі-жұрты тұл­ғаға жасалған перзенттерінің құрметін қалай қа­былдады?
– Құдайға шүкір, қазір ел бар. Тұлғаның қаді­рін ұғатын халқы бар. «Ерім дейтін елі болмаса, елім дейтін ері қайдан шығар?» дей ме? Ерім дей­тін елі-жұрты бар әр азамат бақытты дер едім. Әкемнің еңбегін елеп-ескеріп, үлкен ауқымда конференция ұйымдастырып, алыс пен жақыннан зиялы қауым өкілдерін шақырып, халықаралық конференция өткізді. Бәріне мұрындық болған – Алматы облысының әкімшілігі және Сарқан ауданының азаматтары. Конференцияда мүйізі қарағайдай академиктер сөйледі. Мұхтар Арынның қоғамдық-сәяси өмірі мен қызметін талдап, баяндамалар жасады. Жетпіс адамнан құралған ұлттық оркестр үлкен концерт қойды. Әкем кезінде «Бес анық» деген кітап жазған. Қазақ болам десең, бес нәрсені міндетті түрде білуің керек дейтін. Ол: діл, дін, дәстүр, тарих және атамекен. Осы бес құндылықты көздің қарашығындай сақтап, бойтұмары еткен болашақ ұрпақ бабалар аманатынан адаспайды дейді. Иә, қазақ халқы өте күрделі кезеңдерді бастан кешті. Әкеміз – бізге әке ғана емес, ұлтқа тұлға болған азамат екенін бала кезден біліп өстік дегенмен де, осы конференция арқылы ұлты да тұлғасын алақанында әлпештей алатынына көңіліміз марқайғанын несіне жасырайық?
– Елдің қоғамдық-ағартушылық өмірінде сіздің де қалдырған ізіңіз айрықша. Бүгінгі күн биігінен қарағанда Қазақстанның рухани әлеміне қандай баға бересіз?
– Ондай дәрежеге жеткен жоқпын. Елдің рухан әлемін талдап бере алмаймын. Алайда, мені қуантатын, шүкіршілік еткізетін екі жайтты айтайын. Біріншісі, өте бай қазақ тілінің жағдайы. Қазақ тілі – дүниежүзіндегі тілдер қатарында өз орны бар, айрықша тілдер қатарында деп ауыз толтырып айта алатын деңгейдеміз. Әр елдің өз ерекшелігін білдіретін – тілі десек, қазақ тілі де қазақ дүниетанымынан терең хабар береді. Тек қана қазаққа тән, қазақтың рухын, ділін сипаттайтын сөздер бар. Шаңырақ, атамекен, бауырсақ сияқты, мәселен. Одан бөлек, қазақ жүріп өткен жолды, тарихи кезеңдерді көрсететін сөздер тізбегі бар. «Ақтабан шұбырынды», «Алқакөл сұлама» дегендей. Осындай сөздерді тауып, жинақтап, рет-ретімен қалпына келтіріп, түсіндірмесін жазып, арнайы сөздіктер шықса деп армандаймын. Жапон тіліндегі отыз пайыздан аса сөз күрішке байланысты айтылады екен. Күріш – жапонның экономикалық этнонимі десек қателеспейміз. Ал, қазақ тілінде, Құдай біледі, сөздің елу пайызы мал шаруашылығына қатысты болар: «құлыншағым», «ботақаным» деген еркелету сөздерінен бастап, әр салада жеке-жеке талдай беруге болар. Осындай бай тілдің көкжиегін одан әрі кеңейтіп, жаңа әрі заманауи сөздіктер қорын шығарсақ, ұлттық рухани әлемін байыта түсеріміз анық.
Екінші, қазақтың халықаралық аренада бәсі биік. Бұл – қазақ халқының үлкен бақыты дер едім.

– Әңгімеңізге рахмет!

Әңгімелескен
Қарагөз Сімәділ

Баспаналы болуға мүмкіндік мол!

«Үйі жоқтың -күйі жоқ» деген ащы шындықты жан-тәнімен сезініп жүргендер көптеп саналады. Әсіресе, айлығы шайлығынан аспайтын қарапайым отбасылардың баспаналы болуы қиынның қиыны. Өйткені,  адам баласының  тіршілігі үшін  аса қажетті әрі  ең қымбат  материалдық құндылық саналатын баспананың құны шарықтап-ақ тұр. Бүгінде  жас отбасылар ғана емес орта жастағылардың басым бөлігі  жанұя бюджетінің қомақты мөлшерін   жалдамалы баспанаға  төлеуге мәжбүр, онда да қаражаты жетсе.  Баспанасыздықтың  кесірінен  «шағын мемлекет» саналатын отбасыларының шаңырағы шайқалып та жатыр. Банктердің ұсынатын ипотекалық  несие мөлшері де жалақысы мардымсыз жандардың қолын байлап келеді.

 Әйтсе де, тығырықтан шығудың    жолын   жуырда  Елбасы өзінің «Бес әлеуметтік  бастамасында» айқындап берді. Халық үмітін үкілеген үндеуде қамтылған  бастаманың  бесеуі де елдің тұрмыс-тіршілігін жақсартуға, деңгейін көтеруге бағытталған. Үндеуде жұмыс істейтін әрбір адам несиеге пәтер сатып алып, оны отбасылық бюджетінің мүмкіндіктері аясында төлей алатындай болуы үшін арзан ресурстар ұсынатын тетіктер қарастырылды. Несие өсімінің мөлшерлемесі қазіргідей 14-16 пайыз емес, жылына 7 пайыздан аспайтын болады.  Сондай-ақ, бұған дейін банктер бастапқы жарнаға баспана құнының 30, тіпті 50 пайызын  құюды талап етсе, жаңа бағдарлама бойынша  алғашқы жарна 20 пайыздан аспайтыны айтылды. Несие алушының ай сайынғы төлемін барынша  азайту үшін оның мерзімі  25 жылға дейін ұзартылды. Елбасы  ұсынған «7 – 20 – 25» бағдарламасы осы мүмкіндіктерді қамтып, қарапайым халықтың баспаналы болуына кең жол ашып отыр.

Олай болса, аса маңызды «Бес әлеуметтік бастама» аясында Талғар ауданында «7 – 20 – 25» бағдарламасы бойынша қанша тұрғын үй бой көтермек? Осы сауалға жауап іздеп «Талғар ауданы құрылыс бөлімі» ММ-нің басшысы Асқар ШАМАЕВТЫ әңгімеге тартқан едік.

— Елбасы алға қойған бағамды бағдарламаны жүзеге асыру тұрғын-үй құрылысына да тың серпін берері анық. Бүгінде  «7 – 20 – 25» бағдарламасы бойынша Талғар қаласындағы жаңа мөлтек ауданында  60 пәтерлі несиеге берілетін тұрғын үйдің құрылысы жүріп жатыр.  Көпқабатты тұрғын үй құрылысы бойынша біздің мекеме «СКБ-Констракшнс» ЖШС -мен 2017 жылдың қыркүйек айында келісім шартқа отырған болатын.  Жобаның жалпы соммасы – 486,4 млн.тенге. 2017 жылы аталған жоба бойынша 150,0 млн.тенге қаражат  игерілді. Жобаның аяқталу мерзімі 2018 жылдың қыркүйек айының соңына жоспарлануда. Сонымен қатар, алдағы уақытта тағы да  Талғар қаласында 60 пәтерлі несиелік тұрғын үй бой көтермек.  Бас жобалаушы «Арлан Жоба» ЖШС-гі болып табылады. Келісім шарттың жалпы соммасы – 10 449,5 мың.теңгені құрады. Тұрғын үйдің жалпы көлеме – 3 699,1 шаршы метр. Қазіргі таңда, жобалау жұмыстары толығымен аяқталып, сараптама қорытындысын алуға жұмыстар жүргізілуде.

-«Талғар ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ-сінің мәліметіне сүйенсек, аудан бойынша тұрғын үйге мұқтаж 2636 азамат кезекте тұр. Олардың басым бөлігі   халықтың әлеуметтік жағынан аз қамтылған тобы ( 1124 адам) және  мемлекеттік қызметкерлер мен бюджеттік сала қызметкерлері (1043 адам). Ал тиімді бағдарлама аясында қолданысқа беріледі деп жоспарланып отырған екі үй тұрғын үй қажеттілігін толықтай қамти алмасы анық. Басқа қандай мүмкіндіктер қарастырылуда?

-«Талғар ауданы құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі тарапынан халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту мақсатында бұдан басқа да 5 көп қабатты тұрғын үй салу жоспарда бар. Тұрғын үйлердің жобалық сметалық құжаттарының жылпы соммасы 59 527,8 мың тенгеге  даярлануда. Халық білуі үшін олардың әрқайсысы туралы толықтай мәлімет беріп өтейін:

  1. «Алматы облысы, Талғар ауданы, Талғар қаласындағы 50 пәтерлі жалгерлік тұрғын үйдің құрылысы (қайта есептеу)» жобасы. Бас жобалаушы «AS Инжиниринг» ЖШС-гі. Келісім шарттың жалпы соммасы – 6 559,8 мың теңге. Тұрғын үйдің жалпы көлеме – 3119,7 шаршы метрді құрайды,жобаланып жатқан жердің көлемі 1,3 га. Қазіргі таңда, жоба толығымен даярланып, сараптама қорытындысын алуға жұмыстар жүргізілуде; 2.  Талғар қаласындағы 60 пәтерлі жалгерлік тұрғын үйдің құрылыс жобасын  «Арлан Жоба» ЖШС-гі дайындады. Келісім шарттың жалпы соммасы – 11 494,5 мың.теңге. Тұрғын үйдің жалпы көлеме – 3 699,1 шаршы метрді құрайды әрі жобаланып жатқан жер көлемі – 1,3 га.  Қазіргі таңда, жобалау жұмыстары толығымен аяқталып, сараптама қорытындысын алуға жұмыстар жүргізілуде; 3.   Талғар қаласындағы 60 пәтерлі жалгерлік тұрғын үйдің құрылысы жобасының бас жобалаушы «Геодезия сервис» ЖШС-гі. Келісім шарттың жалпы соммасы – 11 088,0 мың.теңге. Тұрғын үйдің жалпы көлеме – 3040,6 шаршы метрді құрайды. Қазіргі таңда, жобалау жұмыстары толығымен аяқталып, сараптама қорытындысын алуға жұмыстар жүргізілуде; 4. Талғар қаласындағы 5 қабатты 50 пәтерлі жалгерлік тұрғын үйдің құрылыс  жобалаушы «AS Инжиниринг» ЖШС-гі. Келісім шарттың жалпы соммасы – 9 520,0 мың.теңге. Тұрғын үйдің жалпы көлеме – 4045,5 шаршы метрді құрайды  әрі жобаланып жатқан жердің көлемі 0,83 га. Аталған тұрғын үйдің сараптама қорытындысын алу ағымдағы жылдың мамыр айының соңына жоспарланып отыр; 5.  Талғар қаласындағы 5 қабатты 60 пәтерлі жалгерлік тұрғын үйдің құрылысының бас жобалаушы «AS Инжиниринг» ЖШС-гі. Келісім шарттың жалпы соммасы – 10 416,0  мың.теңге. Тұрғын үйдің жалпы көлеме – 4545,5 шаршы метрді құрайды.

Сонымен қатар, жоғарыдағы аталған тұрғын үйлерді аббатандыру және инженерлік – коммуникациялық жүйелерін жүргізу жұмыстары бойынша жобалық-сметалық құжаттары 144 320,7 мың.тенгеге даярлануда.

Өзіміз көріп отырғандай жалға берілетін бес  көпқабатты үйлерде ұзын саны 280 пәтер болмақ. Олардың  құрылысы 2019 жылы басталады деп жоспарлануда.

-Асқар Асқарұлы, өзіңіз айтып өткен  үйлер түгелдей Талғар қаласында салынады екен. Ал аудан аумағында көпқабатты үйлер құрылысы жүзеге асырыла ма?

-Иә, Бесағаш ауылында 1512 пәтерді қамтитын «Алма Тау» көпқабатты  тұрғын үй кешені бой түземек.  Ауқымды құрылыс нысанының инженерлік-коммуникациялық жүйелерін   жобалау жұмыстарына байланысты «Талғар ауданы құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі «Жоба дизайн» ЖШС-мен келісім шартқа отырып, жобалау жұмыстары жүргізілуде. Келісім шарттың жалпы соммасы – 55 920,0 мың. теңге.  Аталған жобаның мемлекеттік сараптамасы толығымен алынып, ағымдағы жылы құрылыс жұмыстарына 50,0 млн.тенге қаражат бөлінді. Сонымен қатар,Панфилов ауылдық округінде   7115 пәтерлі «Көк Алатау» тұрғын үй кешені салынбақ. Оның  аббаттандырылуы және  инженерлік-коммуникациялық жүйелерін жүргізу жобасы бойынша «Талғар ауданы құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі «Град Центр» ЖШС-мен келісім шартқа отырып, жобалау жұмыстары жүргізілуде. Келісім шарттың жалпы соммасы – 63 003,0 мың.теңге.  Аталған жобаның мемлекеттік сараптамасын алу ағымдағы жылдың сәуір айына жоспарланып отыр.  Ел игілігіне бағытталған ауқымды екі құрылыс нысаны «бес әлеуметтік бастама» аясында «7 – 20 – 25» бағдарламасы бойынша беріледі  деп күтілуде. «Өз үйім – өлең төсегім» демекші,  баспаналы болуды армандап жүрген мыңдаған отбасылары үшін бұл керемет мүмкіндік болады деп ойлаймын.

Сонымен қатар, «Нұрлы жер» бағдарламасы шеңберінде 2016 жылдан бастап, «Нұра ауылдық округіндегі жеке тұрғын үй құрылысы үшін инженерлік-коммуникациялық желілерді дамыту және жайластыру» жобасы іске асырылуда. Жобаның жалпы құны – 2 426,007 млн. тенге. Бас мәрдігер «Асатай» ЖШС-гі болып табылады.  Аталған жоба бойынша Нұра ауылдық округіндегі жеке тұрғын үй құрылысы үшін инженерлік-коммуникациялық желілерді дамыту және жайластыруға 39,059 — шақырым су құбыры жүйесі, 12,9 — шақырым 0,4 кВ әуе электр жүйесі, 1,105 — шақырым 10 кВәуе электр жүйесі және 50,8 — шақырым жол құрылысын салу және 88,471 шақырым арық желілерінің ұзындығы жобаланған.    Жобаның аяқталу мерзімі ағымдағы жылдың тамыз айына жоспарлануда.

Мемлекеттік бағдарлама аясында берілетін баспанаға қол жеткізгісі келген тұрғындар ең алдымен ХҚКО арқылы Талғар ауданының тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімінде кезек тіркеуінде тұруы шарт. Осыны естен шығармаған абзал.

-Сұхбат бергеніңізге рахмет!

 

Райхан АЗИМОВА