РУХАНИЯТ ОНТОЛОГИЯСЫ

2017 ж. 12 сәуір – адамзат алғашқы рет (1961 ж.) ғарыш есігін ашқан күні, ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев мемлекеттік бағдарнамалық құзіреті бар «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын жариялады. Бұл күнді қазақ халқының өзінің арғы ата тектерінің рухани ғарышына қарай беттеудің бағыт-жоспарын қолға алған күні деуге болады. Бұл ғарыштың кеңістігі, мүмкін деген кеңістіктердің ішіндегі ең күрделісі адам санасында. Руханият сол кеңістіктегі адамның нағыз адам болуына бағыт беретін Темірқазығы. «Рухани жаңғыру», «руханият коды» деген ұғымдардың тәржімаларын бұған дейін оқырмандарға ұсынған болатынбыз. Ал бұл жұмыстың мақсаты, рухани-темірқазықтың сана кеңістігіндегі тіршілігін мұқият зерделеуге мүмкіндік беретін философиялық теория, – онтология тұрғысынан руханияттың құрылымын талдау.

ХХ ғ. әлем философтары мойындаған, сана болмысын терең ашқан «іргелі онтологияны» неміс философы М.Хайдеггер қалыптастырды. Ол:«нағыз нәрсе» деп сыртқы реалды дүниені емес, соның «бар екенін», «болып тұрғанын» куәландыра алатын болмыс – сана болмысы деді. Бұл болмыстың мүмкіндіктерін үш философиялық теория феноменология, герменевтика жән еэкзистенциализм арқылы түсінуге болады.

Феноменологияны Хайдеггердің ұстазы Э. Гуссерль негіздеген болатын. Ол: әрбір адам белгілі бір нәрсені көргенд  немесе бір мәселе туралы ойланғанда екі бастауға – білген біліміне және өз өмірінің тәжірибесіне – сүйенеді дейді. Осы екеуінің бірлігі оның «ақылының көкжиегі» болып табылады. Кімнің осындай ақыл көкжиегі кең болса, соның ойлау мазмұны да тиянақты, дәлелді болмақ.

Осы ақыл көкжиегі тұрғысынан ХIХ-ХХ ғғ. тоғысындағы орташа қазақты ХХ-ХХI ғғ. тоғысындағы орташа қазақпен салыстырар болсақ, онда олардың білімдерінің де, өмір тәжірибелерінің де айырмашылықтары жер мен көктей екені рас. 1897 ж. Қазақстан аймағындағы санақ бойынш а 8,1% тұрғын сауатты, яғни хат танитындар, яғни 92%-дайы сауатсыз еді. Ал 2009 ж. мемлекеттік санақ бойынша 15 жастан жоғары халықтың тек 4,9%-ы ғана бастауыш білімі болған болса, қалған 95 %-нан астамының ішін де жоғары білімдісі әрбір бесінші (19,8 %) адам, орта арнаулы білімдісі әрбір төртінші (25 %) адам, жалпы орта білімдісі әрбір үшінші (33,5 %) адам болды . Басқаша айтқанд а, ХIХ ғ. аяғындағы қазақтың барлығының дерлік санасы дәстүрлі болмыс ортасында қалыптасқан сана еді. Ал қазіргі кездегі қазақтың барлығы дерлік дүние туралы ойлағанда кемінде орта мектепте өтілген пәндердің мазмұны тұрғысында ойлайды. Ал соңғы жылдары ондай білімге әлемдік деректер жүйе-тораптарынан алынатын еркін деректер қосылуда. Яғни, қазіргі қазақтың сана болмысын «ғылымданған сана» десек қателеспейміз.

Сонан келгенде, ғылымданған сана мен руханияттылыққа табан тірейтін сана болмыстары бір бағытта дамиды деуге болмайды. Олардың айырмашылықтары кейбір маңызды жақтарынан қарама-қарсы пропорционалды деуге болады.

Қайта өрлеу мен Ағартушылық дәуірлерден басталған ғылыми ғұламалық пен рухани тереңдіктің арасын ұзақ зерделеген неміс ойшылы Гете өзінің атақты «Фауст» шығармасында ғалымның ашқан әрбір жаңалығы арқылы Ібіліс образына тән келетін, Мефистофельдің ерекше мақсаты жүзеге асатынын көрсетеді. Мефистофель адам қаншалықты сыртқы дүниенің құпиясына ғылыми тұрғыдан қызығып енетін болса, ол өзінің ішкі дүниесіндегі дін мен руханияттылықты соншалықты ұмыта бастайды. Ол жақсылық дегенді жамандық жасалғаннан соң түсінеді; қайырымдылықты зұлымдықтан тақілет көргенде көксейді; бақыттың дәмін қайғыдан соң сезінеді. Сондықтан білімді болу деген бірден руханияттылыққа әкеледі деу – қате түсінік. Гетенің осы бір философиялық тұжырымдамасының тарихи ақиқаттығын ХХ ғ. кезіндегі ғылыми техниканың негізінде болған екі дүниежүзілік соғыстар көрсетті. Ғылымды қатты дамытқан Батыс Еуропа елдері адамзатты қырып-жоятын қару-жарақ ойлап тапты.

КСРО кезінде ғылым білімге әбден тұрақтаған қазақ халқының екі-үш ұрпағы біз сөз етіп отырған батыстық дүниетанымға сәйкес санада қалыптасты. Оның үстіне сол кездегі большевиктік материализм мен жауынгер атеизм ұлттық сипаттағы руханияттылық деген түсінікті, біріншіден, діни дүниетанымға тән нәрсе деп, екіншіден, оны қазақ халқының өткен, яғни қайтып келмейтін феодалдық қоғамының сенім-нанымдарынан туындаған түсініктер деп құнсыздандырды. Сондықтан, біздің Батыс Еуропа елдеріне тән ғылым мен техниканың негіздерінде қалыптасқан дүниетаным ұлттық руханияттың бастау көздерінен адасып қалды.

– Қазіргі кездегі ғылым дамуына қуат беруші – өндіріс арқылы пайда табу. Сол үшін өндірісті шектен тыс дамыту нәтижесінде адамзат табиғат ресурстарын апатты жағдайларға киліктіруде. Сондықтан қоғамның осындай ешбір руханиятқа жатпайтын сипаттағы дамуын біз «адамзаттың мефистофелиадасы» деп атау керек дейміз. Яғни, қазіргі адамзаттың апатты бағытта даму жолы «келер ұрпақтың қайғылы жағдаяттарға киліктіретін сапары» деп түсінуіміз керек.Осы тұрғыдан біздің Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасының құндылығы айдан айқын ашылады. Оны қазіргі адамзат санасының кеңістігіндегі мефистофелиадалық тасқынның алдын алуға, руханияттылық тұрғыдан тосқауыл қоюға бағытталған, маңызды бір үлгісін көрсету қозғалысы деп білуіміз керек.

Герменевтика – іргелі онтологияның екінші құрамдас бөлігі. Бұл теорияның мәні ерте замандарда жазылған мәтіннің немесе бірінші айтылымы мақал-мәтелдей немесе өлең жолдарындай өзгерместен қайталанып келе жатқан ең көне сөздердің мән-мағынасын, солардың жазылған немесе айтылған кездердегі адамдардың тіршілік болмыстары тұрғысынан қалай түсінгенін түсіну болып табылады. Сонда сол кездегі адамдардың өмір кеңістігі мен түсініктерінің көкжиегін анықтауға болады.

Герменевтиканың ең дамыған кезеңі орта ғасырлар тұсында христиандық Таураттың, Інжілдің мәтіндерін талқылаумен байланысты дамыды. Антикалық Грекия философтарының шығармаларын латын, араб, батысеуропалық тілдерге аудару кездерінде олардың бастапқы нұсқасын түсіну қиын болған. Сол кездерде Батыс елдерінің көпшілігі әл-Фарабидің берген тәржімалары арқылы ғана түсінгендерін мойындайды. Егер кезінде батыстық ғалымдар Аристотельді бірінші ұстаз десе, әл-Фарабиді екінші ұстаз деп атаған болатын. Бұл атақ оның герменевтиканы терең меңгеріп, асқан тәржімашы болғаны үшін берілген еді. Әл-Фарабидің осы қызметі бүткіл Батыс Еуропа елдерінің Қайта өрл еу кезеңіндегі өте үлкен рухани қозғалысына нық платформа болды. Осындай платформа қазіргі кезде нағыз қазақи руханияттылықты халық фольклорынан, салт-дәстүрлердің, ырым-жоралғылардың, рәміз-рәсімдердің мән-мағыналарын қайта тәржімалап түсіну үшін ауадай керек болып отыр. Қазіргі қазақ халқына заманауи әл-Фараби керек.

Герменевтикалық қабілет барлық гуманитарлық ғылым үшін ескі тарихи деректерді солардың ішінде рухани жаңғыруға қатысты материалды қайта түсіну, соларды келешектің керегіне қалай қолдану жолдары мен әдістерін талдау үшін аса қажет. ХIХ ғ. ғылымдағы герменевтика теориясын В. Дильтей негіздеді.

Дильтейдің ойынша, эмпирикалық деректерге сүйенетін ғылымдар шексіз көп фактілерді келтіре беруі мүмкін. Бірақ олардың астарында жатқан тұтастықты, бірлікті, олардың өзінен емес, соларға қатысты адамның ішкі тәжірибесінен, оның солармен практикалық байланысынан, рухани қатынасынан табуға болады. Өйткені жанның белгілі бір күйі мен сипаты сана тіршілігіне үлкен ықпал етеді. Таным теориясы тұрғысынан осы жағдаятты дұрыс ескеруіміз керек. Эмпирикалық материалдарды талдау мен сипаттау кезіндегі адам жанының психологиялық күйін нақтылау қажет. Бұл таным теориясында маңызды рөл атқарады.Біреулердің басқаларға ықпал ете алуы, даналардың көпшіліктің ойындағысын анық білуі сияқты қабілеттердің барлығы солардың ішкі жана күйінің, психологиялық ерекшелігінің нәтижесі. Алайда, әртүрлі тарихи кезеңдердегі көпшілікке ортақ жан мен рухтың ерекшеліктеріне сол кездердегі әлеуметтік ортаның нормалары, ортақ түсініктері шешуші ықпал етеді. Сол кездегі даналық өз дәуіріне тән ортақ психологиялық күй мен сәйкес келгендігінен туындайды. Ал қазіргі
кезде ондай жағдайлардың көбі өзгерген. Сондықтан герменевтикалық талдау өткен кезеңдердегі жеке адамдар мен әлеуметтік ортадағы психологиялық, жандық және руханилық жағдайларды, қандай мифтер мен діндердің үстемдік еткенін; ал қазіргі кезде олардың көпшілігінің өзгергенін, қазіргі жеке пенделердің көп нәрсені өз дігінше оқып, өздігінше көңіл-күйде болатынын ескеруіміз керек дейді Дильтей.

Адам жанының әртүрлі күйі мен солардың ара байланыстарынан әртүрлі типтегі рухтар туралы ғылымды қалыптастыруға болады. Сонда бұрынғы адамдардың басынан кешкендерін, не түсінгендерін және соларды қалай, қандай сөздермен сипаттағандарын түсіне аламыз. Осыларды анықтау барысында жеке адамның өмірі мен қоғамдық өмірдің ара қатынастарын талдауға мүмкіндік ашылады. Егер белгілі бір типтегі пенденің дүниетанымын, өмір тәжірибесін және тіршілікте әрекет істеуінің басты ұстанымын біріктіре алсақ, онда ондай ойлау үдерісін философиялық ойлау деп бағалауға болады.

Осындай ойлардан әртүрлі ұрпақтардың кезіндегі өмір тәжірибесінің ортақ ой-тұжырымдары анықталады. Осындай ортақ тұжырымдарға сәйкес өмір сүрген ұрпақтардың өздеріне тән ортақ қарым-қатынастары, қуанышы мен сезімі, ойындары мен қалжыңдары болады. Соларға сәйкес өнері, әдебиеті, поэзиясы, діни сенімдері, өмір философиясы, өмір мұраты қалыптасады. Сол мұратқа жетудің шарттары есебінде әртүрлі салт-дәстүрлер, ырым-жоралғылар, рәміз-рәсімдер туындайды.

Адамдардың өз кезеңдеріндегі мақсат-мүдделеріне сәйкес олардың көрген түстерінің де мазмұн-мағынасы мен мифтік, діни сенімдерінің мәндері араларында ерекше түсініктермен байланыстар орнығады. Адамның тууы, науқастануы, есінен адасуы, әркімнің өмір соңында қайтыс болуы сияқты құбылыстар адамдардың жан күйіне ерекше әсер етеді. Науқастықтан арылу, қауіптерден сақтану үшін қасиетті жерлерге барып тәу ету, отбасында ырымдық рәсімдерді орындау кездеріндегі адамның жай күйі мен ойлау үдерісінің араларынан оның дүние сезімі, дүние туралы түсініктері қалыптасады. Сол ардан Құдай, имандылық, қастандық, сиқырлық деген сияқты түсініктер мен символдық нормалар және құндылықтар туындайды. Олардың адамның мінезқұлықтарына тигізетін ықпалдары өте терең. Өткен кезеңдердегі жағдаяттар туралы мәтіндерді талдағанда, осы айтылғандарды ескере алсақ, герменевтикалық талдаулар жүйелі және тиянақты жүзеге асады. Солардан психология, ұлттық рух дегендерді анықтауға болады, – дейді Дильтей.

Қазіргі кезде қазақ халқының рухани жаңғыру шаралары мен мүмкіндіктерін жүзеге асыру барысында қазақ халқының өткен ғасырлардағы салт-дәстүрлерін, ырым-жоралғыларын, рәміз-рәсімдерін ұлттық код есебінде қарастыру кезінде Дильтейдің келтірген герменевтикалық талдау туралы ойларын, қағидаларын, ұсыныстарын басшылыққа алу қажет. Сонда өткен дәуірлердегі рухани құндылықтардың нағыз қадірін түсінеміз. Соларды келешекке ұтымды бейімдей алсақ, онда рухани жаңғырудың маңызды бір мақсаттарына қол жеткізе аламыз.

Біздің ойымызша, герменевтиканы тереңдететін тағы бір ғылыми теория бар. Ол К.Г.Юнгтің ұжымдық және пенделік бейсаналық архетип теориясы. Ол адам санасы тек қана жалаң ұғымдардан, қисындық ойлардан ғана тұрмайтынын, оның астарында адамзаттың даму кезеңдерінен қалған терең бейсаналық қасиет-факторлар бар екенін анықтады.

Архетип құрылымы екі деңгейден тұрады: біріншісі жеке пенденің ерекшеліктеріне байланысты болатын бейсаналық. Ал екіншісі – ұжымдық ортақ бейсаналық. Ар хетиптік бейсаналық саналық құбылыстарға белгісіз, бөлек нәрсе емес. Керісінше, ол ойлардың бағытын алдын ала анықтайтын фактор. Архетип мазмұны метафоралық образ іспетті. Бірақ оны тап басып көрсету қиын. Ондай нәр-селерге әдетте, рационалды ғылымдар мән бергісі келмейді, – дейді Юнг. Ал шындығында ондай архетиптік фактор бұзылатын болса, онда адам жалпы ойлаудың негізін құрайтын қалыпты психикалық күйінен айырылып қалады, есі ауысады немесе невроздарға ұшырайды. Архетиптің әсерінен алаңсыз құтыламын деу, адамның өз ағзасынан құтылуы үшін өзін өлтіруіне тура келетіні сияқты жағдаят болар еді. Адамзат өркениеттіліктің жаңа деңгейлеріне жеткенде өзінің архетиптік күйзелістеріне ұшырайды. өйткені ғылыми түсініктерге берілген адам санасы бәрібір басқа біреулердің ойдан шығарылған бейсаналық нанымдарына беріліп кетеді. Содан адамдар арасында әртүрлі психоздық эпидемиялар тарайды. Қалыпты жағдайдағы сана архетип арқылы өзінің өткенімен тұрақты байланыста болады. Сол арқылы өзінің өміршеңдігін сақтайды. Егер өткенмен ондай байланыс болмаса адамның санасы өзінің мағыналық негіздерінен, қастерлі құндылықтарынан айрылады. Нәтижесінде, адам санасы жаңа жағдайларды байыпты түрде бағалау, соған өзінің сенімді негізі арқылы жақындау, араласу қабілеттерінен айрылады. Сананың сыртқы нәрселерге қатынасының мағыналық негізі жойылады. Сыртқы дүние бос, баянсыз, мәнсіз болып көрінеді.

Сонымен архетип кез келген адам санасының қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз ететін психикалық орган болып табылады. Сол органды дұрыс түсінбеу, оны өзгертуге тырысу адам санасының өзіне зақым келтіруі болып табылады. Егер адамзат рационалдық білімге ғана сеніп, өзінің дәстүрлі дүниетаны-мынан бас тартатын болса, онда ол оқтын-оқтын келетін сырттай тартымды көрінетін, бірақ негізінде мәні жоқ рационалдық апаттарына ұшырап отыратын болады. Сондықтан дәстүрліліктің заңдарын күшпен тоқтатып, оның орнына прогресшіл идеалдарды енгізбек болу жанға жат, мағынасыз абстракцияны өзіңе құндылық етіп ал деген талаппен тең. Өйткені ондай жаңалықтар адамдарға түсінікті қарапайымдылықтан, имандылықтан қашықта, тіпті оларға қарсы да болып келеді. Ондай прогресшілдік барлық адамды бір идеалдың үлгісіне күшпен енгізбек болса, онда адамға жасалатын зорлықтың шектен тыс болуы салдарынан болатын конвульсияға, яғни «жанның бір бөлігінің ақылдан бөлініп қалу жағдайына» ұшырайды дейді Юнг.

Эзистенциализм сана ¨ болмысы туралы іргелі онт ологияның үшінші құрамдас бөлігі. Философияның бұл бағыты негізінен ХХ ғ. әлемдік экономикалық күйзелістер мен екі дүниежүзілік соғыс кезіндегі адамдардың қоғам тарапынан еріксіз қысымдар мен қырғындық жағдайларға ұшырауына қарсы қалыптасқан еді. Мұндай философияның бастапқы нұсқасын берген С. Кьеркогор болды. Ол өзі өмір сүрген ХIХ ғ. I жартысына дейінгі философия бағыттарын талдай келе, оның барлық бағыттары адамның ішкі дүниесіне назар аудармайды. Олар болмыс, материя, рух, құдай сияқты жалпы мәсе-лелермен ғана айналысады. Мысалы, адамның өзі туралы «Мен» деген мәселе жоқ. Адамның қоғамда өмір сүру жағдайының басқаларға ұқсауы немесе олардан ерекшеленуі, өзінің тағдыры үшін өзінің не істеуі керек, адамның сұлулық, имандылық, діндарлық сияқты мәселелерге қалай қызығатыны, соларға бейімделетіні туралы ойлар философиялық мәселе ретінде қаралуы керек. Адам тағдыры шектілік пен шексіздіктің, уақыт мен мәңгіліктің, еркіндік пен мәжбүрліліктің бірліктерінен тұрады. Осылар, бір жағынан адамның ішкі сезімінде туабіткен қасиет сияқты болса, екінші жағынан, оларды адамға оның өскен ортасы енгізеді, адамды соған тәрбиелейді. Адам осылардың арасынан өзіне қажеттісін саналы түрде қалыптастырады. Өмір жолында солардың мән-мағыналарына әртүрлі мән береді. Нәтижесінде, оның «Мен», «өзім» деген, өзгелерден ерекше келбеті қалыптасады. Осыларды талдау философияның маңызды мәселесі болуы керек, – дейді Кьеркегор.

Адамның өлімге қатынасы мен оның ар, ұят, ұждан сияқты имандылық жауапкершіліктерін оятатынын Хайдеггер мұқият талдап көрсетеді. Ол өзінің сана онтологиясына арналған басты жұмысында осыларға, әсіресе «ұяттылық» ұғымына бір тарауын (§ 54 — § 60) арнайды. Ұяттылықты адамның өз еркімен өзінің басты адами бір қасиеті есебінде қабылдауы сол адамның нағыз адам есебіндегі жігерлі шешімі. Сол арқылы адамның тұлғалық сипаты қалыптасады. Сол туралы ойын тоқтатқан адамды «ұяттылықтың қаны тартады», «өзіне шақырады». Тек соны адамның руханияттылық құлағы ести білуі керек. Бұл ¨ жігер еркіндігінің бір көрінісі. Адамның өмір мәнінің бір жағы ұятпен анықталса, оның екінші жағы адамның «өлім» мәселесіне байланысты ойларымен нақтыланады. Бұл ұғымдардың сана онтологиясының маңызын Хайдеггердің біз қарастырып отырған жұмысында 359 рет кездесетінен аңғаруға болады.

Осы қарастырылған мәселелер тұрғысынан қазақ халқының да рухани жаңғыру үдерісінде арғы-бергі тектеріміздің тұсында нағыз қазақи сана болмысындағы тәңірлік, жарастырушылық [заратуштралық], мұсылмандық сенімдер мен дүниетанымдардың үйлесімді бірлігінің астарларынан ұят, ар, намыс, өлім деген сияқты, адам тағдыры үшін аса маңызды және жауапты ұғымдарды жаңа жағдайларда, әсіресе келешектің руханиимани мұқтаждықтары тұрғысынан әлі талай зерделеу қазақстандық ғалымдар мен ойшылдардың аса қастерлі мұраты болуы керек.

Кьеркегор идеясын ХХ ғ. жалғастырушылардың алғашқысы К.Ясперс болды. Ол I Дүниежүзілік соғыс жағдаяттарының жеке адаммен байланысты жағын зерделеді. Адамның бұл өмірде өзінің жалғыздығын сезінгенде, өмір мен өлімнің арасы іргелес екенін түсінгенде, адам нағыз философиялық ойларға келеді. Сонда адам өзінің табиғатында жатқан мүмкіндіктерін түсінеді. Соның бірі – мәңгілік, ең жоғары болмыс (трансценденттік) туралы ойларға келуі. Адам болмысының бастауы тарихтың дәстүрлі бастауларына кетеді. Ағартушылық дәуірден басталған ғылым адамды сол өзінің бастауынан айырып, оның өзі туралы ойын мағынасыз, бос-қауашақтың сылдырына айналдырды. Оның үстіне ғылымның нәтижесінде дамыған сойқан соғыс құралдары адамның өмірін ештеңеге тұрмайтын құнсыз етті. Ал Француз революциясы саяси күрестердің нәтижесінде бір адамдар тобының екінші адамдар тобын қырғын қыспақтарға алудың үлгісін таратты. Сол мысал 1917 ж. Ресей империясында, соның ішінде Қазақстан жерінде де жүзеге асқан Октябрь социалистік большевиктік революцияның материалистік-атеистік мақсаттарын толық жүзеге асыру барысында көптеген ұлттардың өз руханияттын қадірлейтін беделді топтарын тікелей қырғынға ұшыратып, қариялардың жас ұрпақты руханиятқа тәрбиелеу мүмкіндігінен айырды. Жастардың санасына жаппай ғылымдандыру үдерісін енгізді. Қариялардың руханиятқа тән тәрбиелері мен ұлағатты сөздеріне қарсы болу, соларға қарсы белсенді іс-әрекет терді жүзеге асыру сияқты шараларды тұрақты түрде жүзеге асырды. Осының салдарынан қордаланған күрделі мәселелердің түйіндерін шешпесе болмайтын болған кезде Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы дүниеге келді.

Осы айтылғанмен қатар, қазіргі кезде ғылымның адамға керектің бәрін даяр етуі де, адамның санасын өте жеңілтек етеді. Адамды ештеңе туралы терең ойламай тын,тек күнделікті тіршілікке байланысты ғана жүріп-тұратын, өмірін сол өмірді қамтамасыз етуге ғана арнайтын көзқарасты нығайтуға объективті түрде ықпал етуде. Ғылыми деректерден басқаның бәрін, соның ішінде салт-дәстүрлерді де пайдасыз, тіпті надандық сенімнің жалған әрекеттері сияқты көрсетеді. Өзін солардың бәрінен еркінмін деп сезінетін, ешбір нәрсені қадір тұтпайтын, секектеген-сергелдең нигилисттік (бәрін бекершілік дейтін) – сана пәрменді түрде қалыптасу үстінде. Ал шындығында мұндай ештеңе туралы ойланбайтын сана адамның ең ертедегі адам болып қалыптасуына дейінгі кездегі, яғни нағыз жабайы адамдардың санасы сияқты екенін жастар аңғара бермейді.

Адамның өзін-өзі адам сияқты түсінуі үшін жалпы адамзаттың, ұлттың дәстүрлі бастауларына өзінің қатыстығын түсінуі керек. Тіпті санадағы бейсаналық көңіл күйдің өзі адам рухымен, адамдарға ортақ құндылықтарымен байланысты екенін сезіну арқылы тұрақтанады, нығаяды. Ал адам рухы өзінің мәңгілікке жататын мәселелермен терең байланысты екенін түсінуден қуат алады. Бұл оның ойына философиялық сипат береді. Адамның нағыз адами болмысы оның өзі туралы айқын ойларынан кең және терең негіздерімен байланысты. Сол сияқты адамзат тарихының нағыз мазмұны да тек жылнамаларда жазылған деректерден аса маңызды, өте құнды және терең. Сондықтан адам адамзат тарихының тереңіне мағыналық тұрғыдан қаншалықты үңіле алса, ол тарихтың келешегіне де соншалықты маңызды оймен көз жүгірте алады. Жалпы, философия дегеніміз – адамдардың осындай ойларға берілу кезеңі.

Тарихтың рухани астарына жету үшін біз тарихшылардың қойған хронологиялық шектеулерін жарып өтуім із керек. Өйткені рухани құбылыстар, әсіресе олардың адамға құнды астарлары ондай жылнамалық деректерде тіркелмейді. Ал тарихтан келешекке жарайтын тағылымдар оның руханият астарынан өсіп шығады, келешекке қажетті құндылықтардың дәндерін бере алады. Ғылым қаншалықты жетістіктерге жеткенімен, ол рухани құбылыс туралы жарытып ештеңе айта алмайды» дейді Ясперс. Гуссерль де: «ғылымның басты мақсаты – реалды дүниені сол күйінде, яғни позитивизмдік тұрғыдан талдау, сипаттау, заңдылықтарын ашу ғана». Сондықтан ғылым оларға ешқандай да қосымша ой, тұжырым келтірмейді. Басқаша айтқанда, позитивизм «ғылымды бассыз қалдырады» десе, Хайдеггер: ғылым ойланбайды» дейді.

Ойлану дегеніміз – бір мәселенің мәнін ашу. Ал ғылымда мән ашылмайды, мазмұн талданады. Ғылыми зерттеу мазмұны реалдық нақты күйі, жағдаяты. Сондай реалдың қатарына адамның психо-физиология-лық құбылыстары, жай-күйі де жатады. Әлеуметтік қарым-қатынастар да күнделікті қоғамдық реалды көріністері. Оларды әлеуметтік ғылымдар зерттейді, қалай болып жатқанын сипаттап береді. Ал егер осы зерттеулерді жүргізуші ғалым сол қарым-қатынастардың адами мағынасын, тағылымдық мәнісін ойластыра бастаса, онда солай ойлаудың нәтижелеріне жете алады. Бұл философиялық ойлау, зерттеу, талдау. Егер адам не туралы, неге, қандай мақсатта ойлана бастады десек, біз мәселенің мәнін, ол мәннің қаншалықты ақиқатқа жат атыны туралы мәселелерге ауысамыз. Сонда тарихи дәстүрлі деректерді, феноменологияда айтылғандай, ой мазмұнының көкжиегінің кеңдігі мен тереңдігіне енгіземіз. Ұлттық код сияқты күрделі мәселелерді, герменевитка көрсеткендей, мәтін есебінде алып, соларды құрушы-автордың, яғни халықтың ойлау үрдісіне барынша сәйкес, үндес ойлауға ұмтылу қажет. Экзистенциализм сипаттағандай, салт-дәстүрлерді, ырым-жоралғыларды, рәміз-рәсімдерді құрған ата-тектердің солар арқылы өмір мәнін тұрақтандырғанын, мән-мағыналы еткенін түсінуіміз керек.

Өкінішке орай, қазіргі гуманитарлық, әлеуметтік ғылымдардың өкілдері ата-тектеріміздің осы құнды- лықтарына онтологиялық тұрғыдан жақындаудың жолын тани алмай келеді. Себебі, мұндай жолмен жүру рационалды-қисынды ойлаудың дағдысына әлі енген жоқ. Мұндай тосырқау, Гуссерль айтқандай: «қазіргі ғалымдардың ағартушылық дәуірден басталған рационализмдік нанымның құлы екенінде десе, Хайдеггер: «құлдықтың ең үлкені өз ішіңдегі құлдың жетегінде кеткеніңді байқамау», – дейді. Қазіргі қазақстандық ғалымдар осы құлдықтан құтыла алмайынша, ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев көтерген «Рухани жаңғыру» бағдарламасындағы басты межелерге, сол ардың ішінде рухани мәні мен көріністерін, ұлттық кодты декодтау кілттерін әлі талай жылдар бойына таба алмауы мүмкін. Өйткені тосын шығармашылықпен ойлау қабілетіміздің қанаттарын балапан күнінен рацио-логиканың өткір балталар шауып тастаған. Нағыз философия ғана ондай балапан-қырғи ойларға қайта қанат бере алады. Соның ең алғашқы тоғын онтологияның потенциалдық қуатынан алып, соны халықтың рухани жаңғыру жолын жарық етуге тұтатуымыз керек.

С.И.ОСПАНОВ,

философия ғылымдарының докторы.

 

РУХАНИЯТ КОДЫ

Елбасының ерен еңбегі арқасында Қазақстан 2016 жылғы ішкі өнім көлемі бойынша ТМД елдерінде екінші, ал жан басына шаққанда бірінші орынға шықты. Сонымен қатар қазақ елін Мәңгілік ел қатарына қосу үшін де бұрын бастаған «Мәдени мұра», қазір жалғастырып жатқан «Рухани жаңғыру» бағдарламалары қазақ ұлтының рухын көтеруге арналған. Бұл келер ұрпақтарымыздың әлемнің озық елдері өкілдерімен өздерін тең сезінудің іргетасын тұрғызу болып табылады.
Президент жаңа белестерге бастағанда халық болып соны бірлесіп атқармасақ ол мақсат­мұрат күйінде қала бер мек. Егер елдің экономикасын көтеру ұлттың жігерлі адал азаматтарының еңбегімен жүзеге асса, он да ұлттың ру хын көтерудің іргетастарын қалау – қо ғамдық, әлеуметтік жә не гуманитарлық ғылым салалары ға лымдарының ізде ністерімен жүзеге аспақ. Рухани жаңғыру бағдарламасының ең бір маңызды бас тауы «ұлттық код» ұғымының мән­мағынасын ашып, со ларды қазіргі, әсіресе келешек ұрпақтардың санасын қалыптастырудың басты қуат­көзіне айналдыра алумен қамтамасыз етіледі. Біздің бұл жұмысымыз бағдарламаның «ру ханияттылық» деген ең маңызды ұғымының кодтық жүйе сінің шығу тегін, қисындық құрылымын және мазмұндық таралуын ашуға арналған. Қазақ тілінің шығу тегі туралы пікірлер әртүрлі. Шағын ма қалада оларды салыстырып жату орынсыз. Біз өзіміздің осы салада көп жылдар жүргізген зерттеулерімізден қалыптастырған концептуалды түсінігіміз тұрғысынан 1 та қырып мазмұнын тарқатпақпыз. Жалпы түркі­қа зақ тілдері, әлем елдерінің өзге де тілдері сияқты, ер те де моносилабтардан және семемалардан 2 тұрған. Тіл дердің күрделену арқылы жетілуі көбіне сол семемаға жалғанатын мағыналық буындар арқылы өзгереді. Әлем тіл дерінің көпшілігімен салыстырғанда сақ­ескітүркіқа зақ тілінің агглютинациялық және сингармонизмдік ар тықшылықтары бар 3. Осы айтылғандардың негізінде қа зіргі «руханияттылық» ұғы мының этимологиясы ұлтымыздың этногенезі – про тосақ, сақ, ескітүркілік (гун, скиф, т.б.) кезеңдерден өзгер мей келген, деп есептейміз. Шындығында қай тілдің қай кезде шыққанын қазіргі кезде ешкім дәлелдей алмайды. Және де тілсіз адам – адам деп есептелмейді. Өйткені тіл сана болмысының үйі (М.Хайдеггер). Сондықтан барлық тілдердің бастапқы шығу кезеңі бірдей деп қарауға болады. Тілдің жаңа түрі мен жүйесі бір күнде көктен түспейді де. Бірақ тарихта
талай ірілі­ұсақты этностардың басқа үлкен этностардың құрамында ұзақ уақыт бағыныңқы болуынан біртіндеп өздерінің бастапқы тілдерінен айрылғандары аз емес. Қазіргі қазақ халқының тарихи тағдырында өз тілін сақтап қалу мұраты бұйырғанына бүгінде әрбір қазақ шын көңілімен қуанады. «Руханияттылық» ұғымының қазақ тілі тарихындағы орнын анықтау үшін жалпы өз тіліміздің шығуы мен сақ талуы туралы келесідей уәждерге қысқаша тоқталуымыз керек. Біріншіден, ЕурАзия қосқұрлығында бүгіннен 10 000 жыл дай бұрын соңғы мұз дәуірінде адамдар Алтайда аман қал ған. Сол кезеңде алтайтекті ең бастапқы мағыналарды бе ретін ортақ тіл болған. Сол тілге ең жақын деп бұрынғы сақ, қазіргі кездегі қазақ 4 тілі жатады. Екіншіден, линг вис тика (тіл) ғылымы дәлелдегеніндей жапон, корей, қы тай, арап, ағылшын, тіпті америкалық үнділік және т.б. тілдеріндегі архисемемалық моносилабтар қазақ тілінің сондай сөздерімен сәйкес. Олар туралы соңғы кездерде көптеген жұмыстар жарық көруде 5. Үшіншіден, жазба өнері пай да болған елдердің – тасқа, папирусқа, қышқа, теріге, ағашқа және т.б. жазылған жазулары бар елдердің тілдері ескі деп, ал ондай жазулары болмаған елдердің тілдерінде кез десетін сөздер сол жазу өнері бар елдерден алынған де ген, біздің атауымыз бойынша графошовинизмдік (жа зылым үстемдігі) көзқарас қалыптасқан. Сонымен ас тар лас келетін, ХIХ­ХХ ғғ. тоғысында Батыс елдері ға лымдарының ішінде: көшпенді елдерде жазу өнері бол мағандықтан, оларда ешбір мәдениет болмаған деген культуртреггерлік “теория” орын алды. Қазіргі кезде қазақ ғалымдарының бірсыпырасы, ұлттық тіліміздің терең этимологиясына бармастан 6 графошовинизмдік ыңғайық палда жүр. Олар – арап, фарсы, қазақ тілдерінде сәйкес сөз дерді кездестірсе болды, соларды алғашқылардан қазақ тіліне енген деген ұйғарымға алдын ала сенеді. Олар тіп ті осы тілдердің барлығы ертедегі ортақ алтай тілінен шы ғатын моносилабтық негіздерге назар да салмайды. 7 Олар болған және бар деген пікірді қалжың сөздей көреді, оған сенбейді. Сонан келгенде өздері шындап ізденбейді. Ал біз өз ойымыздың бастау негіздерін жоғарыда кел тір дік.

Сонымен, «руханияттылық» ұғымының кодтық астар ларын – этимологиялық генезистерін көрнекі түрде көр сету үшін 1­суретте «руханияттылық» ұғымының семемалық жүйе бейнесін келтірдік. Енді соларды талдауға өтейік. Ру – ата­тектерінен кіндіктес, қандастығы бір адам дарды ғана емес, олардың тілінің, ақыл­ойла ры ның, діні мен ділдерінің, салт­дәстүрлерінің, ырым­жоралғыларының, рәміз­рәсімдерінің, тіршілік дағдыларының мағыналық бас тау­көздері біреу екенін көрсететін атау.

Сапар ОСПАНОВ, Философия ғылымының докторы

ӘР ХАЛЫҚТЫҢ ӨЗ ГЕНОФОНДЫ БАР

Қай кезде де қазақ өз тегін Шежіре арқылы біліп отырған. Ата-бабаларымыз жеті атасын білмегенді жетесіз деп бекер айтпаған болса керек. Текті білу жай ғана ұрпақ сабақтастығының көрінісі емес, ол үлкен ғылым екен. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жақында «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында ұлттық қасиетті сақтап, жаңа заманда ел болашағына үлес қосып жүрген азаматтарды қолдау ниетінде: «Ұлт мақтанышы біздің бұрынғы өткен батыр бабаларымыз, данагөй билеріміз бен жырауларымыз ғана болмауға тиіс. Мен бүгінгі замандастарымыздың жетістіктерінің тарихына да назар аударуды ұсынамын. Бұл идеяны «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасы арқылы іске асырған жөн», – деген еді. Дәл осындай деңгейде еңбек етіп, ұлттық ғылымға үлес қосып келе жатқан геномдық медицина ғылымының маманы Мақсат Жабағин «100 жаңа есім» жобасына енген жас. Генетик маманмен осы саласының болашағы төңірегінде әңгіме өрбіткен едік.

– Бүгінде Қазақстанның медицина саласында ге номдық зерттеулерге көңіл бөліне бастады. Генетик ретінде осы бағытта атқарылып жатқан шаралар туралы айтып өтсеңіз. – Қазақстан толық геномдық зерттеулер заманына жа қында кірді деуге болады. Бірақ оның алдында да отан дық зерттеушілер генетика және молекулалық биология саласында көптеген маңызды ғылыми зерттеулер жүр гізгенін естен шығармау қажет. Елімізде осы б а ғыттардың іргетасын қалап жатқан бірнеше орталық бар. Олар – академик Айтхожин Мұрат Әбенұлы құрған Мо лекулалық биология және биохимия институты, ака демик Берсімбаев Рахметқажы Ескендірұлы құрған Ге нетика және Цитология институты, көп жылдар бойы академик Раманқұлов Ерлан Мірхайдарұлы бас қарып отырған Ұлттық Биотехнология орталығы жә не жаңадан құрылған Назарбаев Университетінің про фессор Жұмаділов Жақсыбай Шаймарданұлы бас таған National Laboratory Astana – Өмір туралы ғы лымдар орталығы. Мысалы, біздің орталықта геном дық зерттеулерді ілгері дамыту үшін арнайы құрыл ған лабораториялар бар. Олар – Геномдық және дер бес медицина лабораториясы, Биоинформатика жә не системді биология есептеу лабораториясы. Осы лабораториялардың инфақұрылымы негізінде қа зақстандық алғашқы геномдары мен экзомдары оқыл ды. Барлық жұмыстар басынан аяғына дейін Акильжанова Айнұр және Каиров Ұлықбек басқарған отандық жас мамандардың қатысуымен өтті. Бұл – үлкен шара, бұл – үлкен тәжірибе. Үлгілерді шетелге жіберіп зерт теу емес, керісінше, өзімізде отандық ғылыми бағыт ты қалыптастырудың жолы. Қазақстандық геном әр түрлілігі және ерекшеліктері жөніндегі ақпарат елі мізде жүргізіліп жатқан медициналық зерттеулерге үле сін қосып жатыр. Мәселен, лабораториямызда обыр және жүрек ауруының генетикасы зерттелуде. Жинақталып жатқан мағлұмат халықтың денсаулығын жақсартуға өз пайдасын тигізеді деп сенеміз. Геномдық зерттеулерді жүргізу үшін қажетті ин фа құрылым бүгін Қазақстанның медициналық уни верситеттерінде де жасалып отыр. Заманға сай жас мамандар даярланып жатыр. Көбісі Болашақ бағдарламасы арқылы біліктілігін арттырған. Тәжірибе алмасу үшін жыл сайын халықаралық конференциялар өткізіліп келеді. Солардың бірі – біздің орталықта екі жылда бір рет өтетін Дербес медицина және Ғаламдық Денсаулық конференциясы: Семей және Шымкентте жыл сайын өтетін генетик және дәрігер мамандардың бас қосатын конференциялары. Білім және ғылым министрлігі және Денсаулық сақтау министрлігі геномдық зерттеулердің маңыздылығын түсіне отырып, бірқатар үлкен ғылыми жобаларды қаржыландыруды ойластыруда. Бұл бағыттағы зерттеулер өте қымбат екендігін атап айту жөн және көп зерттеулердің бағыты негізгі ғылымдарға жатады. Коммерциялық нә тиже шығу үшін төзім мен уақыт керек. Дегенмен, онсыз болмайды. Өйткені халқымыздың генофонды мемлекеттің стратегиялық ресурсы болып табылады. Сонымен қатар генетика және геномдық селекция, гендік инженерия және биотехнология сияқты салалар да ауыл шаруашылығы және өндірісте қолданысқа енгізіліп жатыр. – Этногенез тарихын зерттеп жүр екенсіз. Қарапайым халыққа түсінікті болуы үшін өз салаңыздың қыр-сырын айта кетсеңіз. – Этногенезді әр түрлі ғылым салалары зерттейді: ант ропология, археология, генетика, лингвистика, та рих және этнология. Біз этногенездің сұрақтарына ге нетика тарапынан жауап іздеп жүрміз. Әр адамның бойында әкесінен және шешесінен мұра болып берілген генетикалық ақпарат бар. Әкелеріміз бен шешлеріміз өз кезегінде генетикалық ақ парат ты өз ата­анасынан бойға сіңірген, ал олар өз ата­аналарынан. Генетикалық ақпарат ДНК молекуласында сақтаулы және ол біздің биологиялық тұрғыдан қандай болатынымызды айқындайды. Бір жасу шадағы бүкіл ДНК жиынтығын геном дейміз. Ол бойымыздағы генетикалық барлық ақпаратты қамтиды. Бұл тек адамға ғана емес, тірі ағзалардың бә ріне тән құбылыс. Әр ағзаның геном ақпараты әр түрлі. Мысалы, адам геномы 3 млрд. символдан тұра тын мәтін деп қарастыруға болады. Бұл мәтінде тек 4 әріп кездеседі. Олар А (аденин), Т (темин), Г (гуа нин), Ц (цитозин) нуклеотидтері. Кез келген екі адамның арасында мәтіннің 99,9% ұқсас, тек 0,01% айырмашылық бар. Біз осы айырмашылықты адамдардың арасында және халықтардың арасында зерттейміз. Халықтың бойындағы геном әр түрлілігін генофонд дейміз. Мысалы, қазақ халқының генофонды қай дан және қандай жолдармен қалыптасты деген сұрақ қа жауап іздейміз. Жауап іздеу барысында қазақтың бойындағы мәтінге ұқсас басқа халықтар бойын дағы мәтіндерін табамыз. Ол ұқсастық қалай пай да болды деген сұраққа жауап іздейміз. Жауап іздеу барысында тарихшылар және басқа пәнаралық мамандармен жақын байланыста талқылау өткіземіз. Геном мәтінін әдеби шығарма жиынтығы ретінде қарас тырсақ, адам геномы 46 томнан тұрады деуге болады. Ол 23 жұп хромосома. Біз қазір соның бірін – Y­хромосоманы зерттеп жүрміз. Оның өзінің ерекше лігі бар. Біріншіден, ол тұқым қуалауда әкеден тек ұл балаға беріледі. Екіншіден, жаңа ағза геномы 50% әкесінің және 50% шешесінің мәтіндерінің араласуынан қалыптасса, тек бір ғана Y­хромосома араласпай, бойында жиналған ақпаратты жоғалтпай, келесі ұрпаққа толығымен біртұтас жиынтық ақпарат ретінде береді. Сондықтан Y­хромосоманың тарихы негізінде біз әкеміз жақтан аталарымыздың тарихын біле аламыз. Біздің халқымыз үшін бұл жағдай өте қызықты. Өйткені, бізде Шежіре бар. Шежіре мен ге нетиканы сәйкестіре отырып, біз халқымыздың демографиялық тарихын зерттей аламыз. – Алғашында экономика мамандығын, кейін «Болашақ» бағдарламасымен мүлде басқа саланы таңдауыңызға не себеп болды? – Мектепте оқып жүргенде өзіме тарих пәні қатты ұнайтын. Сондықтан жоғарғы сыныптарда тарих немесе саясаттану мамандығына түсетін ойым бол ған. Бірақ Елбасымыздың сол жылдары халыққа жолдауында «әуелі экономика, содан кейін саясат» деген қағиданы ескере отырып, мен экономика мамандығына оқуға түсуге бел байладым. Нәтижесінде, Е.А. Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің экономика факультетіне грантқа түс тім. Оқу барысында халықаралық инвестициялар инновациялардың төңірегінде айналып жатқандығын түсіне отырып, мамандығымды жаратылыстану бағытына ауыстыруды жөн көрдім. Негізгі ойым, «елімізге жаңа инвестицияларды ғылыми зерттеулер негізіндегі инн овациялар арқылы тарту» болатын. Дарынды балаларға арналған Қарағанды облыстық «Дарын» мектеп түлегі болғандықтан шығар, бізге берілген жанжақты білім мамандығымды ауыстыруға өз көмегін тигізді. Осылайша мен оқуымды М.В.Ломоносов атын дағы Мәскеу мемлекеттік университетінің биоло гия факультеті, генетика кафедрасында жаңадан бас та дым. Ең қызығы, оқып жүрген кезімде мен мек теп қабырғасында ойымды және көңілімді толғатып жүрген «халқымыздың шығу тегі» сұрағына қай та оралдым. Бірақ енді оның жауаптарын генетика тарапынан іздестіру үстіндемін. Қазір соған бай ланысты диссертациялық зерттеуімді тәмамдап жа тырмын. Сондықтан бұл жолдың негізгі себебі – тағ дыр деп түсінемін. – «Қазақстан болашағы» қоғамдық қозғалысының же текшісі ретінде еліміздің келешегін қалай елестетер едіңіз? Өз салаңызда қандай жаңалықтар күтесіз? – «Қазақстан болашағы» – әлеуметтік желіде 2009 жылы орын алған қозғалыс деуге де болады. Ол аз уақыттың ішінде желіде ірі топтардың біріне ай налды. Ол кезде әлеуметтік желілер енді ғана қар қынды дамып жатқан кезі еді. Негізінен, ол тек студенттердің басын қосатын. Бұл топ әлеуметтік және тарихи сұрақтарды талқылайтын, саяси модельдеуді жүргізетін платформаға айналды. 2011 жылдан бастап «Ырыс алды – ынтымақ» мақсатымен қозғалыс қатысушылары тек интернет шеңберінде ғана емес, көзбе­көз бас қосулар өткізіп және әлеуметтік кішігірім шараларға қатысатын. Студенттік уақыт зымырап өтті. Дегенмен сол кездегі қозғалыс мүшелері, өзім та нитын қыз­жігіттер, бүгінде әр салада еліміздің дамуы на өз үлестерін қосып жатқанын білемін. Сол қоз ғалыстың бас­аяғында жүріп, еліміздің келешегін елес тететінбіз. Болашақ бүгін біздің қолымызда екенін білеміз. Тарих сахнасында ежелден келе жатқан ор нымызды ұмытпай, болмысымызды жоғалтпай, халық тың әл­ауқаты мықты, ғылыми прогресс және бейбітшілік ұстанымдарына негізделген Мәңгілік Ел боламыз деп сенемін. Өз саламнан XXI ғасырда көптеген маңызды жаңалықтар күтемін. Қысқаша үш бағытты айта өтейін: біріншіден, геномдық медицинаның қарқынды дамуы, яғни дербес медицина және гендік терапияның кеңінен қолданысқа өтуі халқымыздың денсаулығын және өмір ұзақтығын жақсартады. Екіншіден, синтетикалық био логияда, соның ішінде ксенобиологияда кере мет жаңалықтар күтіп тұр. Жақында ғана бір ғылы ми мақалада табиғатта кездеспейтін нуклеин қышқылдарынан адам баласы алғаш құрастырған генетикалық мәтін тірі ағзаның бойына енгізілгені туралы жаңалық шыққан. Үшіншіден, палеогенетика және биоинформатика негізінде біз барлық тірі ағ залардың ежелгі тарихының реконструкциясын жа сап, табиғаттағы орнымызды және ол үшін жауапкершілігімізді түсінетін боламыз.

– Әңгімеңізге рахмет! Әңгімелескен Н.БАТЫР

РУХАНИЯТ КОДЫ

Елбасының ерен еңбегі арқасында Қазақстан 2016 жылғы ішкі өнім көлемі бойынша ТМД елдерінде екінші, ал жан басына шаққанда бірінші орынға шықты. Сонымен қатар қазақ елін Мәңгілік ел қатарына қосу үшін де бұрын бастаған «Мәдени мұра», қазір жалғастырып жатқан «Рухани жаңғыру» бағдарламалары қазақ ұлтының рухын көтеруге арналған. Бұл келер ұрпақтарымыздың әлемнің озық елдері өкілдерімен өздерін тең сезінудің іргетасын тұрғызу болып табылады.

Президент жаңа белестерге бастағанда халық болып соны бірлесіп атқармасақ ол мақсат-мұрат күйінде қала бер­мек. Егер елдің экономикасын көтеру ұлттың жі­герлі адал азаматтарының еңбегімен жүзеге асса, он­да ұлттың ру­хын көтерудің іргетастарын қалау – қо­ғамдық, әлеуметтік жә­не гуманитарлық ғылым салалары ға­лым­дарының ізде­ністерімен жүзеге аспақ.
Рухани жаңғыру бағдарламасының ең бір маңызды бас­тауы «ұлттық код» ұғымының мән-мағынасын ашып, со­ларды қазіргі, әсіресе келешек ұрпақтардың санасын қа­лыптастырудың басты қуат-көзіне айналдыра алумен қам­тамасыз етіледі. Біздің бұл жұмысымыз бағдарламаның «ру­ханияттылық» деген ең маңызды ұғымының кодтық жүйе­сінің шығу тегін, қисындық құрылымын және маз­мұндық таралуын ашуға арналған.
Қазақ тілінің шығу тегі туралы пікірлер әртүрлі. Шағын ма­қалада оларды салыстырып жату орынсыз. Біз өзіміздің осы салада көп жылдар жүргізген зерттеулерімізден қа­лыптастырған концептуалды түсінігіміз тұрғысынан 1 та­қырып мазмұнын тарқатпақпыз. Жалпы түркі-қа­зақ тілдері, әлем елдерінің өзге де тілдері сияқты, ер­те­де моносилабтардан және семемалардан 2 тұрған. Тіл­дердің күрделену арқылы жетілуі көбіне сол семемаға жал­ғанатын мағыналық буындар арқылы өзгереді. Әлем тіл­дерінің көпшілігімен салыстырғанда сақ-ескітүркі-қа­зақ тілінің агглютинациялық және сингармонизмдік ар­тықшылықтары бар 3. Осы айтылғандардың негізінде қа­зіргі «руханияттылық» ұғы­мының этимологиясы ұлтымыздың этногенезі – про­тосақ, сақ, ескітүркілік (гун, скиф, т.б.) кезеңдерден өзгер­мей келген, деп есептейміз.
Шындығында қай тілдің қай кезде шыққанын қазіргі кезде ешкім дәлелдей алмайды. Және де тілсіз адам-адам деп есептелмейді. Өйткені тіл сана болмысының үйі (М.Хайдеггер). Сондықтан барлық тілдердің бастапқы шығу кезеңі бірдей деп қарауға болады. Тілдің жаңа түрі мен жүйесі бір күнде көктен түспейді де. Бірақ тарихта талай ірілі-ұсақты этностардың басқа үлкен этностардың құрамында ұзақ уақыт бағыныңқы болуынан біртіндеп өздерінің бастапқы тілдерінен айрылғандары аз емес. Қазіргі қазақ халқының тарихи тағдырында өз тілін сақтап қалу мұраты бұйырғанына бүгінде әрбір қазақ шын көңілімен қуанады.
«Руханияттылық» ұғымының қазақ тілі тарихындағы орнын анықтау үшін жалпы өз тіліміздің шығуы мен сақ­талуы туралы келесідей уәждерге қысқаша тоқталуы­мыз керек. Біріншіден, ЕурАзия қосқұрлығында бүгіннен 10 000 жыл­дай бұрын соңғы мұз дәуірінде адамдар Алтайда аман қал­ған. Сол кезеңде алтайтекті ең бастапқы мағыналарды бе­ретін ортақ тіл болған. Сол тілге ең жақын деп бұрынғы сақ, қазіргі кездегі қазақ 4 тілі жатады. Екіншіден, линг­вис­тика (тіл) ғылымы дәлелдегеніндей жапон, корей, қы­тай, арап, ағылшын, тіпті америкалық үнділік және т.б. тілдеріндегі архисемемалық моносилабтар қазақ тілінің сондай сөздерімен сәйкес. Олар туралы соңғы кездерде көптеген жұмыстар жарық көруде 5. Үшіншіден, жазба өнері пай­да болған елдердің тасқа, папирусқа, қышқа, теріге, ағаш­қа және т.б. жазылған жазулары бар елдердің тілдері ескі деп, ал ондай жазулары болмаған елдердің тілдерінде кез­­­десетін сөздер сол жазу өнері бар елдерден алынған де­­­ген, біздің атауымыз бойынша графошовинизмдік (жа­­­зылым үстемдігі) көзқарас қалыптасқан. Сонымен ас­тар­­лас келетін, ХIХ-ХХ ғғ. тоғысында Батыс елдері ға­лымдарының ішінде: көшпенді елдерде жазу өнері бол­мағандықтан, оларда ешбір мәдениет болмаған деген культуртреггерлік “теория” орын алды. Қазіргі кезде қазақ ғалымдарының бірсыпырасы, ұлттық тіліміздің терең этимологиясына бармастан 6 графошовинизмдік ыңғай-ық­палда жүр. Олар – арап, фарсы, қазақ тілдерінде сәйкес сөз­дерді кездестірсе болды, соларды алғашқылардан қа­зақ тіліне енген деген ұйғарымға алдын ала сенеді. Олар тіп­ті осы тілдердің барлығы ертедегі ортақ алтай тілінен шы­ғатын моносилабтық негіздерге назар да салмайды. 7 Олар болған және бар деген пікірді қалжың сөздей көреді, оған сенбейді. Сонан келгенде өздері шындап ізденбейді.
Ал біз өз ойымыздың бастау негіздерін жоғарыда кел­тір­дік.
Сонымен, «руханияттылық» ұғымының кодтық астар­­ларын – этимологиялық генезистерін көрнекі түрде көр­сету үшін 1-суретте «руханияттылық» ұғымының се­мемалық жүйе бейнесін келтірдік. Енді соларды талдауға өтейік.
Ру – ата-тектерінен кіндіктес, қандастығы бір адам­дарды ғана емес, олардың тілінің, ақыл-ойла­ры­ның, діні мен ділдерінің, салт-дәстүрлерінің, ырым-жоралғыларының, рәміз-рәсімдерінің, тіршілік дағдыларының мағыналық бас­тау-көздері біреу екенін көрсететін атау.
Рух – рудың ататектерден балатектерге оралып-же­тіп, олардың адами тектерін шыңдап, қанаттандырып, на­мыс­тандырып, жетелеп отыратын, тәндік емес мән(дік)іс қуаты.
Рухани ұғымын бір деңгей атауы деп жазғанымызбен оның алтай-ескітүркі тілінен бастау алатын ең ерте ар­хаикалық, яғни тәңірлік дүниетаныммен және архетиптік дү­ниесезімнен туындаған күрделі семантикалық (ма­ғыналық) негізі бар. Ол негіз белгілі бір сөздердің тұрақты тіркесінен туындаған, яғни контаминацияға (бір сөзге) ай­­налған, сол ескі дәуірлердің өзінде туындаған жаңа сөз болып табылады. Енді соны дұрыс түсіну үшін оның өзі­­не дейін дербес моносилабтық сөздер болған нағыз ар­­хаикалық түбір формаларына жіктеу қажет.
«А» моносилабы ескі түркі тілінде дуративтік (шақсыз) әрекетті білдіретін етістік. Ол өзге сөздерге тұрақты түрде ілесіп айтылуынан аффикстерге [префикске (сөз алдында) және суффикске (сөз соңында) айналған дербес сөз. «А» етістігінің мағынасы “белгілі бір әрекеттің істелуі” екенін көрсетеді. Бірақ ол әрекеттің уақыт тұрғысынан қашан бас­талғаны да аяқталғаны да белгісіз. Ол әрекеттің шағын білдіру үшін қосымша етістік сөздер керек. Мысалы, «бар» бұйрық райлы етістік. Егер оған «а» суффикс түрінде қосылса «бар+а» деген архаикалық сөз түбірі болады. Енді соны «бара жатқанда ал» деген қосымша етістік сөз­дермен айтсақ, онда ол келер шақтың созылмалы әре­кеті болады. Ал егер сол сөзді «бара жатқанда алдым» де­ген құрылымда келтірсек, онда әрекеттің өткен шақта бол­ғаны анықталады. «А» етістігінің қазіргі қазақ тілі грам­матикасындағы осындай толымсыз (атавизмдік) фор­мада болуы оның ең архаикалық моносилабтар қа­тарына жататынын дәлелдейді. Сонда «рух+а» деген сөз­дің ертедегі мағынасы: «рух әрқашанда, әртүрлі іс-әре­кеттерде бар» дегенді білдіреді.
Енді «н» моносилабына келейік. Оның архаикалық дер­бес нұсқасы толыққанды «ін» атауын береді. Оның бас­қа сөздермен бірге пысықтауыш, анықтауыш ретіндегі ны­сан-мағыналары “бірдеңенің ішінде”, “бар”, “тұ­рақ­ты нәрсе” дегендерді білдіреді. Оның «а» сөзімен «ан» нұсқасында бірге айтылуы “бірдеңенің немесе бір­деңелердің бір жерде, бір ыдыс немесе бір ін ішінде болуы» деген мағынаны көрсетеді. «Ан»-ның екінші бір қол­да­нымы ол көпше жалғаулығы нұсқасында болуы. Мы­салы, «отан» «оттар» яғни “көп отбасыларының, отау­­­­лардың бір­лігі, одағы”, дегенді; «тұран» «тұратындар» – яғни “бір жер­ді мекендейтін тұрғындардың елі, мекені”, дегенді білдіретін сөздердің бастапқы қысқа формалары.
Келесі «и» моносилабына келетін болсақ «и» – «ие», «иесі» деген мағынада қолданылған. «И» мен «е» дыбыс­тары­ның фонологиялық ықпалдастығының нәтижесінде олар диффузиялық (сіңісулік) деформацияға (өзгеріске) ұшы­раған.
Сонымен қазіргі қазақ тіліндегі «рухани» деген ұғым­ның байырғы алтай-сақ-ескітүркі тілдері кезінен келе жат­қан архетиптік тіл формациясындағы мағынасы: бір ру Адам-атадан келе жатқан рухына сәйкес келетін, рудың барлық ұрпақтары мен мүшелерінің санасына рухтық дүниетаным түрінде енген; сондықтан оған рудың әрбір мү­шесі ие болуы керек немесе сол рух рудың барлық мүшесіне иелік етеді, дегендерді білдіреді.
Қазіргі философиялық-психологиялық ғылымдардағы «архетип» немесе «діл» деген түсініктердің сапалық сипатын «рухани» деген сөздің мағынасымен беруге болады, – деп санаймыз. К.Г. Юнгтің зерттеп дәлелдеген қорытындысы бойынша, әрбір адамда архетиптік негіз бар. Егер адам сол архетиптік бастауынан айрылып қалатын болса, онда ол есінен ауысады екен. Қалыпты адамда оның ділдік архетипі де қалыпты жағдайда болады. Сонан болар, ата тектерімізден келе жатқан рухына сенетін текті қаз(с/с)ақ дастархан жинаған кезде қайыратын батасының ішінде (көбіне соңында): «ішкен-жегенім(із) әрауақтарға тие берсін!» деген дұғалық сөзді қосып айтады. Бұл бата-дұғаның мағынасы «біздің бойымызда “рух әрқашанда” бар, жегеніміз соған да тисін» дегенге саяды. Осындай дұғаны айтатын және соған сенетін қазіргі қазақтың да рухани, яғни архетиптік-тектік-ділдік дүниесі берік болмақ.
Руханият ұғымын біздің кейбір авторларымыз графошовинистік рухта (яғни батыстық културтреггерлік рухта), «мәдениет» деген сөзге мағыналық емес, үндестік тұр­ғыдан сәйкестендіріп, бұл сөзді арап тілінен қазақ ті­ліне енген деп ұйғаруға бейім. Ал біз, жоғарыда кел­тірілген талдау-дәлелдеулер негізінде, «руханият» сөзін де протосақ-сақ-прототүркі-қазақ тілінің өз бастауларынан шыққан, сондықтан қазірде де, заңды түрдегі қазақ тілінің төл сөзі деп қолдануымыз керек, деп түйіндейміз.
Олай болса, енді осы күрделі сөздің «ят» жалғау­лығы­ның мағынасына тоқталайық. Жұртшылық білетіндей «я» дыбыс-әріпі түркі-қазақ тілдеріне тән емес. Ол «и» не­месе «е» дыбыстарының орыс тілі фонетикасына сәйкес алынған, кириллица әліпбиімен жазылатын аллофоны (ұқсас дыбысталуы). «Ят» – «ит» немесе «ет» деген моно­силабтық сөздің бастапқы мағынасы «ет (жаса)» деген бұйрық райлы етістік.
Сонда «руханият» сөзі “руханилыққа тән әрекеттерді жа­са, ұйымдастыр, атқар” деген мағынаны береді. Енді осы жерде «руханият»-ты «мәдениет» деген сөзбен ұқсастыруға келетін үлкен контекст (қоғамдық, тарихи кең жағ­даяттармен байланыстыратын мағына) бар. Ол әрбір ел­дегі өз ұлтына тән рухты жалпы қоғамдық құндылық, мем­лекеттік іс деп қарап, саяси-құқықтық негізде ұйым­дастыра алған жағдайда ол елдің бірлігі берік болмақ. Ел мен елдің арасындағы соғыс кездерінде «жан беріп, жан алушыларға» ұйымшылдық, мақсаттық қуат беретін нәр­селер – әр жақтың өздерінің руханияттылықтарынан келетін сенімдері, ділдік күштері. Әрбір елдің, соның ішінде Қазақстанның да Мәңгілік ел бола алу кепілдігі қазақ ұлтының руханиятын нағыз мәдениет есебінде қалыптастырудан тәуелді. Осыны өте жақсы түсінген Елбасы, Қазақстанның беріктігі тек экономикасында ғана емес, сонымен бірге руханияттылығында екендігін айқын ашып, мемлекеттің міндетті мақсаты есебінде белгілеп отыр.
Осы айтылғандардың негізінде, біздіңше, ең ертедегі Ор­талық Азиядағы арғытектерміздің «ру», «рух» деген түсінік-сөздерінен ескі түркі тіліндегі «руханият» ұғы­мы, біздің сақ атанған ата-тектеріміздің, шамамен, бү­гін­­гіден 4-5 мың жыл бұрын, жеке рулық-тайпалық ұйым­дасудан мемлекеттік ұйымдасуға дейін көтерілген кезеңде қалыптасқан деп санаймыз. Соның нәтижесінде қазіргіден кемінде үш мың жыл бұрын Алтайдан Батыс Еу­ропаға дейін, солтүстіктен Үнді мұхитына дейінгі ара­лықты біріктірген сақ империясы құрылған.
Енді 1 суреттегі келесі деңгейлердегі сөздердің дербес се­мемаларын талдауды жалғастырайық. Біздіңше, «ру» тү­бірінен басталған сөздің күрделенуі ұлтымыздың қас/сақ(қайсақ)-қазақ атауларымен біздің дәуірімізге жақындаған дәуірлерде пайда болған. Бұлай тілдің суф­фикстер арқылы күрделенуі жалпы адамзаттың даму тари­хына тән нәрсе. Бұл сананың абстрактылы ойлауға кө­терілуінің көрінісі.
Руханиятты дегенде ұлттың рухани құндылықтарын бойына сіңірген жеке адамның тұлғалану үдерісі көрсе­тіледі. Бұл бастапқы рулық ортақ рухтың жеке пенде ру­­хына айналып ерекшелену үдерісіне жатады. Осы ке­зеңде рулық, тайпалық, мемлекеттік басқару істеріне сәй­кес келетін қасиет-харизмасы (грек. Charisma – құдай­дың сыйы, мейірімділігі) бар патшалар, абыздар, билер, батырлар, ел ағалары және т.с.с. айқын болған. Әрине солармен қатар әр адам өзінің ата-тегінің, руының аруақтарына сыйыну, соларға тән болуы оның адам, қазақ болып тәрбиеленуінің негізі болған.

8 Мысалы, сол кездерде құрылған империяның бір шеті «Сақастан» деген атпен VIII-IХ ғғ. дейін келген. Оны араптар кейіннен Систан/Сеистан деп атаған. Сол Систан аймағын 1887 ж. ағылшындар Пәкістан және Ауғанстан деген екі мемлекетке бөлген. Үндістан Президенті әрі тамаша тарихшысы Дж. Неру өзінің еңбектерінде Батыс Үндістан тұрғындары сақтардың тұқымдары [neru-dzhavaharlal_otkritie-indii.fb2 ‒ 123 б.] деп көрсеткен. Гаутама Будданың тектік аты Шахиямуни (түркіше айтылымы Сақ-ие-муни), шешесі (Ұ)Май. Арменияның ең ертедегі мемлекеттік атауының бірі ‒ «Айастан» (арм. Հայաստան, Hayastan) [https://ru.wikipedia.org/wiki/Армения]. Шамасы, біз сөз етіп отырған Ұлы Сақастанның бір кездегі аты немесе соның құрамындағы армян халқы тұрған бір бөлігі Айастан деп аталуы мүмкін, деп санаймыз.
Бір сөзбен айтқанда «руханиятты» түсінігі адамның рухты-субъект (бойы-мен-ойындағы рухына сәйкес іс-әрекеттері үшін жауап беретін тұлға) болуын көрсететін ұғым. Бұл оның ұлттық тектілікке сәйкес ойлау, сөйлеу, жауапты болуын қалыптастырады. Әлеуметтік ортаға тән салт-дәстүрлерде, ырым-жоралғыларда, әсіресе рәміз-рәсім­дерде ұлттың өзіне тән рухани қуатының қоғамдық руха­нияттық ұйымдасуының пенде деңгейіндегі нәтижесі, оның қаншалықты руханиятты екендігінің көрінісі. Сол тұрғыдан оның азаматтығы, тұлғалығы бағаланады.
Руханияттылық деп, руханиятты адам сөзінің, мінез-құл­қының, істерінің өзгелерге тигізе алатын әсерінің нә­тижесін айта аламыз.
Егер келтірілген ұғымдарды «ру/х/ани/ят/ты/лық» де­ген синкреттік жазу үлгісінде алсақ, онда нағыз рух­тың ал­мастай жауһар (субстанциялық) табиғатынан «мән – ма­ғына – мазмұн – қуат – әсер – нәтиже» де­ген, гауһардың қырларындай ұғымдардың сәулелері ерек­шеленеді, ашылады. Сонда қазіргі текті-қазақ жүрегінің түбінде мұңға батқан, тоты-қазақтың санасына қонып-дарымаған: «тектілік», «арлылық», «намыстылық», «ұятты­лық», «ұлағаттық» деген сияқты бабалардың руха­ни діл-қазынасының әлемінен біздердің сана күм­без­дерімізге қазақи шұғыла тарайды. Осы ұғымдар көр­сете­тін ұлттық қасиеттер айқындалады.
Соңғы, сығымдалып образдық оймен айтылған түсініктің мазмұнын қисындық тұрғыда айқындау үшін келесі 2-суреттегі руханияттылықтың философиялық талдаулармен ашылатын күрделі мән-мағыналарына тоқталайық.
Бұл суреттегі құрылымды әдіснамалық үлгі есебінде қарауға болады. Оның философиялық теорияға жақын деңгейі ‒ сыртқы атаулар:
1. «Архетиптік-ділдік рух әлемі» тарихи өткен кезеңді де, қазіргі нағыз руханияттылықтың әлеуметтік жүйелену негізін де көрсетеді. Бұл деңгейдегі жұмыс ғылыми зерт­теу­лерді, ең алдымен социологиялық, этнологиялық тал­дауларды қажет етеді.
2. «Руханият негіздерін құру» мемлекеттік дең­гейдегі жұмыс. Қазақстанда бұл іс Президент жетек­ші­лігімен басталды. Бұл топтағы жұмыстар саяси-құ­қық­тық ұйымдастырулар мен басқарулар арқылы жү­зеге асырылады. Бұл істерде, бір жағынан, бұрынғы мем­лекеттік атқару органдарына жаңа сипаттағы мін­дет­тер жүктелсе, екінші жағынан, мемлекеттің жаңаша ұйым­дастыру, басқару және атқару органдарын да құру қа­жет болар. Мұның бәрі бұл мақаладан тыс қаралатын мә­селелер.
3. «Руханиятты тұлға» рухани жаңғыру бағдарлама­сы­ның бүткіл ел болып атқарылатын жұмыстың жеке пен­де деңгейіндегі кумулятивтік (шоғырландырылған) нә­тижесінің көрсеткіші бола алады. Оның «субъектілік» сипаты оның өз бойына жинақтаған руханияттылық қадір-қасиеті арқылы әлеуметтік ортадағы іс әрекеттерінен көрінеді. Өзгелер оған қарап өздерінің практикалық іс-әрекеттері мен мінез-құлықтарын қалыптастыруға ты­рысатын болады. Адамның субъектілігі өз ісінің нәти­жесіне деген жауапкершілігімен бағаланады. Ол өзінің мұндай ісін заңдық нормаларды сақтау үшін емес, өзгелер мені мақтаса екен деп емес, тек өзінің руханияттылыққа сәйкес қалыптасқан сенімі бойынша атқарады. Сонан өзінің өмірінің мәнін табады.
4. «Руханияттылық қамдары» руханияттылықтың мем­­лекеттік, әлеуметтік, топтық және пенделік дең­гей­лер­дегі ұйымдастырушылық, атқарушылық және т.б. іс-әрекеттерді келешек ұрпақтар үшін, Қазақстанның Мәң­гілік ел болуы үшін атқару.
Сонымен «Руханияттылықты философиялық талдау қисынының» төрт қыры руханияттылықтың «өткені бүгінгі қоғамдық көрінісі пенделік қабылдануы мен атқарылуы келешектің қамы» тұрғыларынан қаралғанда тақырыптық мәселенің толық жүйелілігінің көкжиектері көрінеді. Олардың әрбір сәттерін, қырларын, тамырларын, себеп-салдарларын талдау бүткіл әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдардың пәні мен нысаны десек қателеспейміз.
Руханияттылықтың өткенін, бүгіні және келешегін қосатын басты бір әлеуметтік құндылықтар тобына ұлттық салт-дәстүрлер, ырым-жоралғылар, рәсім-рәміздер жатады. Бұлардың қайсысын қай кезде атқару көпшілікке түсінікті болғанымен, олардың астарларында жатқан нақтылы мазмұн мен мағынаны толық және дәлме-дәл түсіну аса күрделі мәселе. Сондықтан олардың бірлігі мен мән-мағынасын 3-суретте «Ұлттық код» деген атаумен келтіруді орынды көрдік.
Ұлттық кодтың қай кезде де тікелей және айқын таңба белгісі рәміздерде. Сол тұрғыдан бір ел екінші елді ресми түрде таниды. Біздіңше, біздің елдің елтаңбасы да, байрағы да, әнұраны да өте мағыналы, тартымды, көркем. Олардың әрбірін ерекше талдауға болады. Сол рәміздерді ресми рәсімдіктен бастап бейресми кездердегі де құндылығын сақтау, соған жастарды тәрбиелеу үлкен мәселе. Бұл жоғарыдағы 2-суреттегі Мәңгілік ел құру мақсаттарымен терең байланыстырып қарауды қажет етеді.
Салт-дәстүрге де байланысты қысқаша айтсақ, дәстүр ең ертеден, бүткіл қазақпын деген жанның орындайтыны. Ал сол дәстүрді орындаудың аймақтық, тұрмыстық деңгейлердегі орындалуы салт мәселелеріне жатады. Бұлармен салыстырғанда ырым мәселелері өте күрделі. Ол байырғы тәңірлік сенімдерден бастап, қазіргі қазақи ырымдарға жатпайтын ырымдардың рефлективтік деңгейде орындалуы. Ол – мифтік, діни, емдік, сенімдік, үміттілік, күдіктілік сияқты жағдайлармен, психологиялық көңіл-күйлермен байланысты. Сол сәттерде белгілі бір жо­ралғылар орындалады. Салт дәстүрлерді атқарудың да жоралғылық шарттары болады. Бұлардың барлығын бұл жерде мазмұндық тұрғыдан тәржімалау тұрмақ, атап өтудің өзі өте күрделі мәселе.
Осы айтылғандардың барлығының бірлігі «ұлттық код» ұғымының жүйесін береді. Дәстүрлер мен ырымдарды әр­түрлі салттық ерекшеліктер мен жоралғылық ат­қарулар тұрғыларынан зерттеу қазіргі этносоциология, этнопедагогика, этнопсихология, этногендерология сияқ­ты ғылымдардың еншісі мен міндеттеріне жатады.
Сонымен біздің тақырып бойынша бір мақала көле­мінде айтпақ ойларымыз осындай еді. Төменде руха­нияттылыққа байланысты өте қысқа да нұсқа анық­тамаларымызды келтірмекпіз. Олар өзгелердің ойларын қозғауға себепші болуы мүмкін деп үміттенеміз.

Сапар ОСПАНОВ,

Философия ғылымдарының докторы.