ЗАМАНАУИ ҚАЗАҚСТАН МӘДЕНИЕТІ

АСПАН АСТЫ АЛАҒАЙ ДА БҰЛАҒАЙ…

Режиссер Бекарыс Елубайдың алғашқы жеке жұмысы көрерменге жол тартты. Оның алдында Ерлан Нұрмұхамбетовпен бірігіп балаларға арналған «Аңшы бала» фильмін (2012 жылы жарыққа шыққан) түсірген болатын. Бүгінде режиссер «Бала ғашық» атты келесі фильмнің түсіру жұмыстарын қолға алған…

«Оазис» фильмінің көтерген жүгі ауыр, тақырыбы – жалпыадамзаттық ауқымдағы мәселе. Кинодағы басты қос кейіпкер бір­біріне кереғар, бір­біріне қайшылықты қос тұлға, бәлкім, біздің мейірімді һәм қатыгез, имани һәм имансыз бір ғана қоғам. Руслан – әкешеше мейірімінен жұрдай, тастанды бала. Өзін ғана емес, тұтас әлемді жойып жіберуден тайынбайды. Кие мен қасиет – Руслан үшін түк емес. Сол кие мен қасиетті бала кезден бойына сіңіріп өскен Мәмбетті де тастанды деуге болар. Жоқ, ол ата­ана мейірінен құралақан өскен бала емес. Тек, заманында оның бабасынан зұлмат саясат теріс айналған еді. Аумалытөкпелі уақытта қуғынсүргіннің долы құйыны оның әке­шешесін туған жерден алысқа үйіріп әкеткен болатын. Міне, өзінен және күллі әлемнен жеріген Руслан мен ата аманаты және түп тамырын іздеп келген Мәмбет шөл даладағы жалғыз көкорай шалғын – Әулиеағаш маңында тоқайласады. Ақ пен қара (мұны қос кейіпкердің тіпті киім киісінен де аңғарасыз), өлім мен өмір, иман мен құдайсыздық кезіккен сәтте, алағай да бұлағай өмірдің бары мен жоғын ағаш басына қонақтаған қарғаның көзімен бағамдап көргің келеді.
Қабыл Абылды өлтірген сәтте, жер бетінде ең алғаш адам қаны төгілген заманда да куәгер осы қарға емес пе еді? Заманалар ауысса да, бауыр бауырды оққа байлап бере салған, дәуірлер алмасса да адам адамға қол жұмсауын тоқтатпаған. Оның барлығына куә – аспан асты мен жер үсті, ғасыр жасаған қара қарға. Ұшы­қиыры белгісіз шөлде, арыпашып жеткен адамның, адамның ғана емес, сол маңдағы аң­құстың жанына сая, өзіне пана болатын – Әулиеағаш еді. Ол киені тастанды Руслан (бәлкім қоғам) мізбақпай отқа орай салады. Ал, тереңірек үңілсең, жан­жағын аңызақпен жалмап келе жатқан шөл – Руслан еді де, айналасына жайлы самалымен, көкорай шалғынымен сая болған «Оазис» – Мәмбет еді ғой… «Asau Art Films» қатысуымен Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ түсірген бұл фильм 1 ақпаннан кинотетарларда прокатқа шықты.

Қ.СЕРІКҚЫЗЫ

Previous ArticleNext Article

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Send this to a friend