ЖОЛДАУҒА ҚОЛДАУ

ЖАҢА ТАЛАПТАҒЫ БІЛІМ мен ТӘРБИЕ

Кәсіби стандарттардың талаптарын ескеріп, білім берудің жаңа бағдарламаларын әзірлеу қажет немесе қазіргі бағдарламаларды жаңарту керек. Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар мен жұмыссыздар экономикалық өсімнің резерві саналады. Мен өзін-өзі жұмыспен қамтығандар мәселесін қарастыру жөнінде бірнеше рет талап қойғанмын. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бұл іске жауапсыздық танытып, атүсті қарап отырды. Адамдарды нәтижелі жұмысқа тарту үшін көбірек мүмкіндік беріп, олардың жеке кәсібін бастауына немесе жаңа мамандық алып, жұмысқа орналасуына жағдай жасау керек. «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының бизнесті үйрету жөніндегі жұмыстары қолдауға тұрарлық. Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында оның құралдарын нығайта отырып, халықтың осы санаттарын кеңінен тарту қажет. Өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды тіркеу үдерісін мейлінше жеңілдетіп, оларға мемлекет алдындағы міндеттерін адал атқару тиімді болатындай жағдай туғызу қажет. Қазақстандықтардың жаңа жұмыс орнын салыстырмалы түрде тезірек иеленуге, соның ішінде еліміздің басқа да елді мекендерінен жұмыс табуға мүмкіндігі болуға тиіс.

Қазақстан Республикасының
Президенті Н. НАЗАРБАЕВТЫҢ
Қазақстан халқына Жолдауынан

 

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев тың Қазақстан халқына арнаған «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы даму дың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауы еліміздің даму басымдықтарын анықтап берген құжат. Жолдауда адами капиталды тиімді пайдалану мен оның мүмкіндіктері мен қарым-қайратына кең өріс ашу, биз нес қауымдастықтың еркін қимылын қам тамасыз ету, әлеуметтік қамсыздандыру үрдісін да мыту, тиім ді мемлекеттік басқаруды жетілдіру, жем қорлық кө ріністеріне тоқтау салу сияқты өзекті мә селелерге ба сымдық берілген. Бұл жолдауда Ел Президенті қазақ тілін дамыту мәселесіне де арнайы тоқталып өткен. Мемлекет басшысы: «Егер біз қазақ тілі ғұмырлы болсын десек, оны жөнсіз терминологиямен қиындатпай, қазіргі заманға лайықтауымыз қажет. Алайда, соңғы жылдары әлемде қалыптасқан 7 мың термин қазақ тіліне аударылған. Мұндай «жаңалықтар» кейде күлкіңді келтіреді. Мысалы, «ғаламтор» (Интернет), «қолтырауын» (кро кодил), «күйсандық» (фортепиано) және тағы сол сияқтылар толып жатыр. Осындай аудармаларды не гіздеу тәсілдерін қайта қарастырып, терминология тұрғысынан қазақ тілін халықаралық деңгейге жақындату ке рек», – деп бүгінгі терминнің өзекті мәселелеріне ба са назар аударып отыр. Елбасымыз әсіресе, білім берудің жаңа сапасына ай рықша тоқталып, әр жастағы азаматтарды қамтитын, білім беретін отандық озық жүйе құруды жеделде ту қажетін, білім беру бағдарламаларының негізгі ба сымдығы өзгерістерге үнемі бейім болу және жаңа білімді меңгеру қабілетін дамыту болуы тиіс еке нін
атап айтқан. Мектептегі білім беру мәселесіне, оқушы лардың бос уақытын мәнді етіп өткізуде орын алып отырған кемшіліктерді дөп басып көрсеткен. «Ұлт тың әлеуетін арттыру үшін мәдениетіміз бен идео логиямызды одан әрі дамытуымыз керек. «Рухани жаңғырудың» мән-маңызы да нақ осында. Өзі нің тарихын, тілін, мәдениетін білетін, сондай-ақ заманына лайық, шет тілдерін меңгерген, озық әрі жаһандық көзқарасы бар қазақстандық біздің қоғамы мыздың идеалына айналуға тиіс», – дейді биылғы жол дауда Н.Назарбаев. Әл-Фараби: «Адамға ең бі рін ші ке ре гі – тәрбие беру. Тәрбиесіз берілген бі лім – адам заттың қас жауы, ол келешекте оның өмі ріне опат әкеледі» – деген екен. Ата-аналар мен мұ ғалім дер дің тәрбиесімен қатар, арнайы үйірмелер мен оқу шылар сарайларында берілетін тәлім-тәрбие де жас жеткіншектер үшін аса қажет. «Адами капитал сапасын жақсарту» бөлімінде «Ең алдымен, білім беру жүйесінің рөлі өзгеруге тиіс. Біз дің міндетіміз – білім беруді экономикалық өсудің жаңа моделінің орталық буынына айналдыру. Оқыту бағ дарламаларын сыни ойлау қабілетін және өз бетімен іздену дағдыларын дамытуға бағыттау қажет. Со нымен бірге, IT-білімді, қаржылық сауаттылықты қа лып тастыруға, ұлтжандылықты дамытуға баса көңіл бөлу керек. Қала мен ауыл мектептері арасындағы білім беру сапасының алшақтығын азайту қажет», – деген Мемлекет басшысы үштілді білім беру туралы айтып, оның ішінде ана тіліміздің рөліне тоқталады. Қа зақ тілінің басымдығы сақталып, оны дамытуға зор көңіл бөлінетіндігі көңілдегі күдікті сейілтері айқын. Жаңаша ойлау туралы білімді ұсыну мен өңдеу – инновациялық қоғам үшін аса маңызды екені анық. Сондықтан Елбасының биылғы Жолдауы бұған дейін жасалған 5 жалпыхалықтық реформасы мен дамыған елдердің қатарына жету бағытындағы «100 нақ ты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асырудың айқын тетіктері екенін астарсыз-ақ түсінуге болады. Ел Президентінің алға қойылған басым-бағыттар дың бірі – бұл әрбір Қазақстандық үшін тұрғын үй кеңістігін кеңейту, сонымен қатар қазіргі заманғы тех нологияларды құрылыс саласында да, тұтастай өнеркәсіпте де пайдалану. Мәні – анық, бағыты – айқын тапсырмалар берілді. Енді ол сәтті жүзеге асса, Қ зақстан үлкен серпіліс жолына түседі.

Жақсылық САТЫЛҒАНОВ,
экономика ғылымының кандидаты,
ҚазҰАУ профессоры, ҚР Ұлттық машина жасау және
көлік ғылым Академиясының академигі.

Previous ArticleNext Article

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Send this to a friend