РУХ ЖЫРЫ

16 ЖЕЛТОҚСАН – ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІ

Тәуелсіздік – ең қастерлі сый. Аспан мен жердің арасында еркіндік қыранын қалықтатқанға не жетсін?! Азаттықты жырлағанда ақын ғана к өңіл пернесін д өп баса алады.

ТӘУЕЛСІЗДІК

Еркіндігім.

Қасиеттім.

Қастерлім.

Өзің барда өзегімде жоқ шер мұң!

Кеше сенің келбетіңді арман ғып,

Боданына бұғауландық басқа елдің.

Бабалардың басын тігіп бәйгеге,

Аналардың жанарына жас бердің!

Уа, Еркіндік,

қош келдің!

 

Өзегімді ө ртке ораған қоғамда, өз үйіме өзім ө гей болам ба?!

Алшаң басып жүре алмаса алты алаш

Азаттығым! Қадірің де жоқ онда! …

Саған жету қиын болса қаншалық,

Сақтап тұру қиынырақ одан да! А

лла берген азаттықтың әр сәті-

Аманат қой

Маған,

Саған,

Оған да!

 

Саясатқа сермей алмай семсерді,

Езгі күнге тері қылдым еңсемді!

Желтоқсанда жалын атып жастығым,

Құрсау болған темір қоғам теңселді!

Есте даңқы қыршындардың қалды ма,

Сексен алты ерлігім бе-ей, ең соңғы!?

Уа, еркіндік,

Құның немен өлшеңді!?

 

Уа, еркіндік!

Құның немен ө лшенді?!

Сені кө ксеп Боздақтарым өлсе өлді!

Сенсің менің ең ғажайып өлеңім,

Ең шуақты, Ең шырайлы, Ең шерлі!

Әр таңыңды сүйіншілеп тұрайын-

Құдай берген ғұмырымда ө лшеулі!

Қалқаман САРИН

 

ЖЕЛТОҚСАН АЛАҢЫНДАҒЫ ЖЫР

Ұжданымды ұлтан етпек табанға,

Қарғыс айтып қан соқталы зауалға.

Айналып жүр қазақтың кең аспанын,

Ұлы ерліктің сыймас жыры қағазға.

 

Ей, намыстың найзағайдай ұлдары,

Қызыл тілін қылыш еткен қыздары!

Қанды тарих қалшиып тұр мәңгіге,

Жанарында – Желтоқсанның ызғары.

 

Не кө рдің сен қара жұлдыз, қара аспан,

Қан жұттың ба сен де қайсар қазақтан.

Өрімдей қыз өлмес ерлік жыры боп,

Саған қарай рухы ұшып баратқан.

 

Жер бетінде жеңіс алған белестер –

Есіл бабам ерлік қылған егестер…

Желтоқсанда қайта шауып басына,

Буырқанған бабам қаны емес пе ол!

 

Оу, мені кім дейсің?!

Қарсы алдымда хас жауымның қаңқасы,

Қос қолымда Қобыландының балтасы.

Азығыма ақ анамның малтасы,

Азуымда найза таудың жаңқасы.

Қонысыма кө з қызартқан қалмақтың,

Қанжығама басын берді қаншасы.

Тұлпарының тұяғымен сызылған,

Қазақтың бай даласының картасы.

 

Ей, ұлы Алаң, лаңды Алаң!

Өзен шайып, өте алмайтын қанды Алаң.

Қара жерден ш өлі қанған сенсің-ау,

Қан мен жасқа әлі шө лі қанбаған.

Сұрап алып сұрқы кеткен айдан нұр,

Азаттыққа арпалысқан майдан бұл.

Құрмет саған, Желтоқсандық боздақтар,

Өшпейтін жыр бұл – алаңға ойған жыр!

 

Солмайтын гүл, бұл алаңға қойған гүл,

Солмайтын гүл ойсыздарды ойландыр.

Орысшалап қала қызы қарқылдап,

Бір-біріне қар лақтырып ойнап жүр…

 

Кім бар енді тағдырына үңілер,

Босамаған болат жүрек, сірі қол.

Жалғыз өзі жаттап жүр ме ішінен,

Тас түрменің жазып болып жырын ол?

Қатал уақыт заулап бара жатыр-ау,

Әділетті әлі іздеп жүр тірілер.

 

О, желтоқсан аждаһамен алысқан,

Соған жаны жігеріңді жанытсаң.

Қайраттардың рухын айт алдымен,

Жер бетінде қай қазаққа жолықсаң.

 

Жасыл шарда қазақ деген атыммен,

Қанаттасып ұшып барам ғасырмен.

Желтоқсанда жауап бергем жаһанға,

Бодандыққа бағынбайтын басыммен!

Ұларбек НҰРҒАЛЫМҰЛЫ

ТӘУЕЛСІЗДІК, ТӘТТІ ҮМІТІМ ЕДІҢ СЕН…

 

Бостандығым! Тосқан күнім азалдан,

Жиырма жыл – аспан кірсіз, ажарлы ән.

Сен келгенде серпілгенмін қайғыдан,

Сен келгенде сары мұңнан тазарғам.

 

Ессіздерде есем кетті қаншама,

Кездерде тті шындық іздеп шаршаған.

Тәуелсіздік тәтті үмітім едің ғой,

Талай таңдар таңдайымда тамсаған.

 

Беу, Азаттық! Болсаң бізге баянды,

Аранына кетпей тұрып аярдың.

Бодан болып кө з ілгенмін кеше мен,

Бүгін таңда бостан болып ояндым.

 

Базарында мұң мен шаттық бір жүрген,

Дүрмек күннің алдамшысын кім білген?..

Желтоқсанда мұз шайнаған к өкемнен,

Тамған қанға сіп шыққан гүлмін мен.

 

Жебесімін кө бе бұзар түркінің,

Егесімін күллі түркі жұртының.

Назарына түспесе де дұшпанның,

Жанарыма тұнған шықты іркідім.

 

Буырқанса, күнді тұтып, ай жапқан,

Намысының найзағайын ойнатқан.

Ұлы кө штің үзілмеген арқауы,

Қарға бойлы Қазтуғаннан – Қайратқа.

 

Дастаным бар балбал тасқа қашаған,

Аспаным бар ала бұлттан босаған.

Асылына ие болған Алаштың,

Айналайын менің алтын босағам.

Әлия ДӘУЛЕТБАЕВА

 

ТӘУЕЛСІЗДІК АЛАРДА

Кие бітер хан болсам тақта маған,

Бара-бара жан қалмас жақтамаған

Күнәм қалса тарихты кері аударып,

Салт бойынша зімді ақтап алам.

 

Бастан шіріп балық та тас болады,

Шірікті жеп қоғам да мас болады.

Ұйым, жиын патшаның тонын киіп,

Шаштараздың алғаны бас болады.

Қан жалғасса билікте, ми кетеді,

Зәрін ішсең мезгілдің билетеді –

Арың, барың, тіл, ділің қош айтысып,

Ғаламдасу рухыңды күйретеді.

 

Тәуелсіздік!

Ұқпасам нарқыңды анық –

Қабылдармын қашсам да «артын бағып»,

Бергеніңнің қадірін кеш ұқтырмай,

Тек меңгерер ми берсін Алтын балық!

Аманғазы КӘРІПЖАН

Previous ArticleNext Article

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Send this to a friend