ЖАҢАЛЫҚТАР

ЖАЛЫНДЫ ЖАСТЫҚ – ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев биылғы жылды «Жастар жылы» деп ресми жариялағаны белгілі. Осыған орай, Астанада «Тәуелсіздіктің ұрпақтары» атауымен Жастар жылының ресми ашылу салтанаты өтті. Форумға Мемлекет басшысы, өкімет м­үшелері, Парламент депутаттары, жергілікті атқарушы органдар басшылары, Президент жанындағы Жастар саясаты кеңесінің м­шелері, «100 жаңа есім» байқауының жеңімпаздары, «Болашақ» бағдарламасының т­үлектері, жас ғалымдар қатысты.

Мемлекет басшысы жиынға қатысушыларды Жастар жылының ашылуымен құттықтап, бұл шараның келешек ұрпақ үшін маңызы зор екенін атап өтті. Форумда Елбасы: «Жастар – еліміздің қазіргі әлемдегі бәсекеге қабілеттілігінің негізгі факторы. Қазақстанның болашағы сіздерге – сіздердің білімдеріңізге, күш-жігерлеріңіз бен патриоттық сезіміңізге байланысты. Қазір қолға алынған жұмыстың бәрі сіздердің бақытты өмірлеріңіз, сондайақ өз әлеуеттеріңіз бен мүмкіндіктеріңізді толық жүзеге асыра алу үшін атқарылып жатыр», – деді.

Қазақстан Президенті ірі қалалардағы жас отбасылардың тұрғын үй проблемаларының өзектілігін атап өтіп, бұл мәселені шешу үшін тұрақты кіріс болу керегіне, сондай-ақ, адамның жақсы тұрмысының негізгі көзі – жұмыс екеніне айрықша тоқталды. Өз сөзінде Мемлекет басшысы: «Өткен жылы Қазақстанда орта мектепті 125 мыңнан астам жас түлек бітіріп шықты. Келешекте еңбек нарығына шығатын жастардың саны арта түспек. Қазіргі уақытта елімізде 300 мыңға жуық адам немесе жастардың 9% оқуға және еңбекке тартылмаған. Бұл санатқа жататын жастардың санын азайтуға септігін тигізетін тиімді шаралар қабылдау қажет», — деді.

Елбасы техникалық және кәсіби білім беру жүйесін сапалы дамытудың негізгі басымдықтарына арнайы тоқталды.

«100/200» қағидаты негізінде «Жас маман» бағдарламасын әзірлеу қажет. Үш жыл ішінде бұл жоба еліміздің барлық өңірі бойынша 200 мыңға жуық жас азаматты қамтитын болады. Осы жоба аясында жаңғыртылған 200 оқу орнының базасында сұранысқа ие 100 индустриялық және қызмет көрсету мамандықтары бойынша кадрлар даярлау іске асырылады», — деді Қазақстан Президенті.

Соңында Мемлекет басшысы Үкімет пен жергілікті атқарушы органдарға арнайы Жол картасын әзірлеуді тапсырды. Бұл жас қазақстандықтарды қолжетімді әрі сапалы білім, жұмыс, тұрғын үй және отбасын құру жөніндегі маңызды қажеттіліктермен қамтамасыз етуді көздейтін нақты шаралар болмақ.

Шара барысында қоғамның әр саласында табысты еңбек етіп жүрген жастар сөз алып, өз ойларымен бөлісті. «Тәуелсіздіктің ұрпақтары» Елбасыға өз ұсыныс-тілектерін білдірді.

23 жастағы Расул Абдуллаев – 21 мейрамхананың иесі. «Бұл жыл – тек жастарға ғана емес, барлық қазақстандыққа берілген мүмкіндік» дейді. Жас кәсіпкер болашақта маркетингті дамытуды ұсынды. Ешкі сүт өндірісімен айналысып отырған 27 жасар Тамила Розметова «Ауыл – ел бесігі» бағдарлама-сының шалғайдағы жастарға жасалған жарқын жоба екенін айтып өтті. Тамила Астанада алма ағашта-рын отырғызуға дайын екенін жеткізді. Ол алманың кездейсоқ ауа райына төзімді төрт сортын әзірлеп қойыпты. Келешекте елорда да алма ағаштары жайқалып, жеміс бере бастаса, бұл – Тамиланың тамаша еңбегінің жемісі болмақ.

Гүл БЕКЗАТ

Previous ArticleNext Article

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Send this to a friend