РУХ ЖЫРЫ

«AÝA»: МӘДЕНИ ҚҰБЫЛЫС

Ақын Мақпал Жұмабайдың Алматыда «Ауа» атты концепт уалд ы шығарм ашыл ық кеші өткен еді. Талай жылдан бері жырларын сазды мақаммен өрнектеп, қазақ өнеріне эсте тикалық жаңа өріс ашып жүрген замандасымыз соңғы уақытта мүлдем бөлек, оқырман мен тыңдарманнан рухани дайындықты талап ететін биік өреге қанат қағып, бұрын-соңды қазақ сахнасында болмаған өзгеше бірнеше кеш өткізді. «Мақп ал шерден» басталған соқпақ «Ауаға» көтерілді. Екі кешт е ол тыңдарманды оқырманға, оқырманды тыңдарманға айналд ыруға болатынын дәлелдеді десек те болғандай. Мақпал Жұмабай әлемі өзінің жаңашылдығымен, сыршылдығымен әрі шынайылығымен баурайды. Оның кештерін көрсеңіз – сахналық безендіру, группадағы музыкалық топтың шын пейілді ізденісі, сөз бен әуен кеңістігіндегі өзгеше аура – үйлесім мен бір-бірінен ажырағысыз байланыс, тыңдарманын терең ойға жетелей отырып желпіндіретін, желпіндіре отырып терең ойға батыратын айрықша сәттің тұтқыны боласыз. Алдағы уақытта бұл туралы кеңінен толғаймыз. Рухани жаңғыру топтың емес, жекенің әлемінен басталады. Жеке топқа, топ қоғамға әсер етеді. Мақпал ашқан жаңа өріс – қазақ мәдениетінің жаңа баспалдағы болмақ. Осы орайда біз «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орын ба сары Мәулен Әшімбаевтың осы кеш туралы қысқа да тұщымды пікірін беру ді құп көрдік.

Редакциядан.

Жақында ақын, әнші қарындасымыз Мақпал Жұмабайдың жаңа сарындағы «AÝA» атты концептуал-ды шығармашылық кешін YouTube-тен тамашаладым.

Мақпалдың гитарамен салған сазды әндері мен мақамды жырларын естіп жүргенімізбен, қар ындасымыздың осындай деңгейдегі орындаушылығын білм еген едік. Сондықтан бұл концерт Мақпалдың жаңа қырын ашып берді.

Кеште алғашқы «Ауа» әнімен-ақ жүректің қылын шер тіп, көңілге түрлі ой салған орындаушы тыңдарман қауымды бірден өзіне елтіп алды. Шырқалған өзге әндердің де сөзі мен әуені заманауи екенін, ән арқылы қоғамдағы өзекті мәселелердің қозғалғанын атап өткен жөн.

Жасыратыны жоқ, қазір әнші көп. Кейде сол көп әншіден есті ән ести алмай, көңіліміздің құлазитыны да шындық. Кейбір сөзі мен әнінен мән кеткен орындаушылардан жалыққан кезде жанға шуақ шашатын, көңілді марқайтып, рухани ләззат сыйлайтын дүниелерді іздейтініміз де сөзсіз. Осы тұрғыдан келгенде, Мақпалдың концерті көңіл пернесін дөп басып, көкейге орамды ой тастап, керемет әсерге бөледі.

Өз басым концертті көріп отырып, қазақ өнерінің жаңа деңгейге көтерілгеніне, бүгінгі заман талаптарының ұлттық бояумен әдемі үйлесім тапқанына қуандым. Сондықтан бұл концертті қазақ өнері бағындырған жаңа биік деп есептеймін.

Тіпті бәсекеге қабілетті қоғамда қазақ өнері қандай болу керек деген сұраққа да Мақпалдың шығарма-шылығы арқылы жауап беруге әбден болады. Өйткені аталған кеш отандық ән өнеріндегі ерекше құбылыс болды.

«Концептуалды концерт» деп айдар тағылған кештің ұйымдастырушылық деңгейі де өте жоғары. Залдың өзі, оның акустикасы, өнерпаздардың өнері, сүйемелдеушілердің шеберлігі, әнді әрлеу сияқты дүниелер де көп нәрсені жаңаша бағамдауға, қайта тануға мүмкіндік берді.

Сондықтан ХХІ ғасырдағы қазақ өнерінің жаңа бір қырын ашып берген Мақпалдай талант иелерін қолдап, олардың өнерін дәріптеп, шығармашылығын шыңдауға жағдай жасауымыз керек. Сол себепті де осындай тың дүниелерді кеңінен насихаттауымыз қажет деп есептеймін.

Осы ретте адамға рухани демалыс сыйлап, ән әлемінде еркін қалықтауға мүмкіндік бергені үшін тың-дарман ретінде Мақпал Жұмабайға алғысымызды жеткізіп, шығармашылық табыс пен жаңа жеңістер тілейміз. Өнер айдынындағы қадамыңыз құтты болсын. Алда бұдан да биік белестерді бағындыра беруіңізге тілектеспіз!

 

Мәулен ӘШІМБАЕВ,

«Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары.

Previous ArticleNext Article

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Send this to a friend