РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ

Ұлытау етегіндегі рухани жаңғыру

2017 жылы 169 жоба және құны 2,3 млрд теңгені құраған акциялар іске асырылды. Бұл сомадан 1,8 млрд теңгені бизнес салымы құрады. Жобалық кеңсенің бағамдауы бойынша олардың арасында анағұрлым маңызды болғандары: ғұлама қоғам қайраткерінің 350 жылдығына арналған «Қаз дауысты Қазыбек би жолымен: Бабаларға тағзым» атты халықаралық автокеруен; «Шеберлер қалашығы – Город мастеров» шеберлер арт-фестивалі. Сонымен қатар Қарқаралыда жас туристер станциясы ашылды. Оқу жылының басында Теміртау қаласының 10 мыңнан астам оқушысы өз-өздеріне болашаққа хат жазды.

2018 жылы 4,7 млрд. теңгеге 238 жобаны іс­ке асыру жоспарланды. Олар бағдарламаның төрт бағыты бойынша таратылған: «Тәрбие және бі­лім», «Атамекен», «Рухани қазына», «Ақпарат тол­қыны». Жоспар бойынша Қарағандыда бала­лар туризмін дамыту орталығын ашу,Балқаш қа­ла­сында мүгедектерге көліктік көмек қызметін құру бірінші кезекте тұрды. Облыстың танымал спорт­шыларының қатысуымен «Туған жер» спорттық керуенін ұйымдастыру, археологиялық картаны ба­сып шығару, «Қарағандының театралды му­зыкалық түндері» халықаралық фестивалін өткізу күн ­тәртібінде болды.

– «Рухани жаңғыру» бағдарламасы – Елба­сы­ның бас­тамасымен қабылданған ұлттық деңгейдегі ау­қымды жоба. Ол салалардың барлығын қам­туы­мен ерекшеленеді. Бұл жоба қоғамның идео­логиялық платформасы іспеттес, – деді Гүлнар Құр­­банбаева аймақтық коммуникациялар қыз­­метінде өткен брифинг барысында. – «Ру­хани жаңғыру» бағдарламасының жалпы рес­пуб­­ликалық реестріне енген жобалардың саны бойын­ша Қарағанды облысы ең үлкен пул ұсынып отыр. 2017-2022 жылдары жүзеге асырылады деп жос­парланып отырған жалпы сомасы 12,3 млрд теңгені құрайтын 430 жоба, қосымша жоба және шара­лар құрылған».

Бағдарлама шеңберінде Қарағанды облысында Азаматтық бастамалар күні ұйымдастырылды, ол өңіріміздің кез келген тұрғынына өмірдің сол немесе басқа да саласын қалай жақсартуға бо­латыны туралы нақты ұсыныстармен келуге мүм­кіндік береді. Бұл акция қарағандылықтардың үл­кен қызығушылығына ие болғанын айта кет­кен жөн. Оған қоса, тағы бір қызықты жоба әзір­леніп жатыр. Ол– «Игі істер корпорациясы мо­биль­ді қосымшасы». оның көмегімен кез келген адам қалауы бойынша телефоннан нақты қайырым­дылық жобаларына ақша жібере алады.
Ұлытаудағы сакралды нысандарға кірме жол­дар салу жұмысы жүріп жатыр. Туристік инф­ра­құрылымын жақсарту үшін құны 718 млн теңге болатын «Сапар-орталық» салу жоспарланған, ол турис­терге өңір туралы, жолбағыттар, орналасу орын­дары және т.б. туралы барлық қажетті ақпа­ратты алуға мүмкіндік береді. Сонымен бірге, же­ке инвестициялар есебінен Ұлытауда Этноаул са­лынатын болады. Бұл жобаның құны – 150 млн тең­ге.

Өткен жылы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде облыста «Жез киік» халықаралық эт­нос­­тық музыка фестивалі өтті. оған Қы­тай­дан, Мексикадан, Перуден, Түркиядан, Тәжікстаннан, Польшадан, Франциядан, Шот­ландиядан және Жапониядан келетін топ­тар қа­тысты.

Облыста таяу күндері еліміздегі алғашқы «Ұлы дала мұрагерлері форумы» өтті. оған 4 мың­­нан аса оқушы қатысты. Биылғы оқу жы­лы бойы Қарағанды, Атырау, Талдықорған НЗМ мұғалімдері Жезқазған – Ұлытау өңірінің қара­пайым орта мектептеріне өз тәжірибелерін бер­ді. Келесі оқу жылында Жезқазған өңірінің мек­тептері НЗМ бағдарламасы бойынша өз бетінше жұ­мыс істейтін болады.

2018 жылы шілде айының 11-15 күндері ара­­­­лығында Қарағанды облысының Ұлытау ау­данында І халықаралық «Жезкиік» музыка фес­тивалі өтті. Фестиваль күндері қонақтарға әр елдің тарихы мен мәдениетімен танысуға зор мүмкіндік туды. І халықаралық «Жезкиік» му­зыка фестивалінде Мексика, Перу, Польша, Ре­сей, Түркия, Тәжікстан, Франция, Шотландия, Жапония, Қазақстан елдерінің өкілдері бас қосты. Қазақстанның мәдениет және спорт ми­нистрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев, Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов бастаған көптеген танымал тұлғалар фестивальдің құрметті қонағы болды. Фестивальге 92 музыка шебері қатысты. Әр топ өз елінің ұлттық аспаптарында халық әуен­дерін ойнап, елінің тарихы мен мәдениетінің түп тамырын паш етті.

Ерлан Қошанов өңір тұрғындары Президенттің «Ту­ған жер» бастамасын да нық сеніммен қа­­былдағанын айтты. «Барлық іс-шаралар мен жобалар, осынау барлық цифр мен көр­сеткіш сыртында меценаттарымыздың, жер­лес­теріміздің үлкен жұмысы тұр. Азаматтардың әрбір балалар алаңы, әрбір нысан сыртында тірі адам тұрғанын білуі керек. Ол адамдар туралы айту керек. Біздің облысымызда сондай жомарт жандардың өте көп екені мені қуантады», – дейді Ербол Қошанов.

Айзат ЖОЛДАСҚЫЗЫ,
Қарағанды облысы.

Previous ArticleNext Article

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Send this to a friend